"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу тізімдерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 39 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 6 қазандағы № ҚР ДСМ-23 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 30 қазанда № 17633 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-324/2020 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 24.12.2020 № ҚР ДСМ-324/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 83-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу тізімдерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16355 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкі жүйесінде 2018 жылғы 14 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу тізімдерін қалыптастыру қағидаларында:

      2-тармақтың 3) және 7) тармақшалары алып тасталсын;

      3-тармақ алып тасталсын;

      6, 7, 8 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Отандық өндірушілердің дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдары бірыңғай дистрибьютормен жасалған дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттарының негізінде тізімге қосылады.

      Отандық өндірушілердің дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдары олар бойынша дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарты жасалмаған "Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі - Орталық) оң қорытындысынан кейін енгізіледі.

      7. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды Тізімге қосу (алу) үшін өтініш беруші осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес еркін нысанда өтінішті Орталыққа ұсынады.

      8. Орталық келіп түскен өтініштерді Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярға қосылған және қолда бар ұзақ мерзімді шарттардағы дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды қоспағанда дәлелді клиникалық және фармакоэкономикалық тиімділігінің болуына, соның ішінде фармацевтикалық нарықта қазіргі кезде қолданыстағы аналогтармен салыстыру негізінде талдау жүргізу үшін қарайды.

      "11. Орталықтың қорытындысы құжаттар мен мәліметтердің электрондық нұсқаларына рұқсат беріле отырып, Тізімге дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды қосуды (алуды, қосудан бас тартуды) ғылыми-негізделген мақұлдау үшін уәкілетті органның Формулярлық комиссиясының (бұдан әрі – Формулярлық комиссия) қарауына күнтізбелік 60 күннің ішінде жіберіледі. Формулярлық комиссияның хаттамалық шешімінің негізінде мәлімделген дәрілік заттар Тізімге қосылады (қосылмайды).";

      12 және 13-тармақтар алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
Е. Біртанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады