"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында сотталғандарды ұстаудың ішкі тәртіптемесі мен тәртібінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 319 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 30 қазандағы № 85/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 30 қазанда № 17639 болып тіркелді

      2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 83-бабы екінші бөлігіне және "Қазақстан Республикасының құқықтық актілері туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында сотталғандарды ұстаудың ішкі тәртіптмесі мен тәртібінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 319 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9842 болып тіркелген, 2014 жылғы 27 қарашада "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында сотталғандарды ұстаудың ішкі тәртіптемесі мен тәртібінің қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Сотталған әскери қызметшілерді әскери полиция органдарының гауптвахтасына қабылдау мен орналастыру";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Сотталған әскери қызметшілерді жеке тінту, саусақтарының таңбасын алу, суретке түсіру және жеке заттарын тексеріп қарау";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Сотталған әскери қызметшілерден сақтау мен пайдалануға тыйым салынған құжаттар, бұйымдарды, заттар, құндылықтар, ақшалар мен азық-түліктерді алу";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Сотталған әскери қызметшілерді материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Сотталған әскери қызметшілердің азық-түлік пен алғашқы қажеттілік заттарын сатып алуы";

      7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Сотталған әскери қызметшілердің сәлем-сауқаттарды, жөнелтулер мен бандерольдерді алуы және жөнелтуі, сондай-ақ ақшалай аудармаларды алуы";

      51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "51. Жөнелтілулер мынадай жағдайларда қабылданбайды және келушіге қайтарылады:

      1) адресат иесі гауптвахтадан босатылғанда;

      2) сотталған әскери қызметші қайтыс болғанда;

      3) жөнелтілуді жеткізген адам өзінің жеке басын куәландыратын құжатты ұсынбағанда;

      4) жөнелтілулердің салмағы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 65 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14370 болып тіркелген) Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларында қарастырылған нормаға сәйкес болмауы;

      5) жөнелтілулерді қабылдау арызы дұрыс ресімделмегенде;

      6) сотталған әскери қызметшінің өзіне арналған жөнелтілуді қабылдаудан жазбаша бас тартуы болғанда".;

      8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-тарау. Сотталған әскери қызметшілердің жеделхаттар мен хаттарды, сондай-ақ шағымдарды, арыздар мен ұсыныстарды алуы және жөнелтуі";

      9-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-тарау. Сотталған әскери қызметшілердің телефонмен сөйлесулері";

      10-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-тарау. Сотталған әскери қызметшілердің гауптвахта сыртына шығуы";

      11-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-тарау. Сотталған әскери қызметшілердің дiни рәсімдерді жасауы";

      12-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-тарау. Сотталған әскери қызметшілерді мекемені абаттандыру және өмір сүру жағдайларын жақсарту бойынша жұмыстарға тарту";

      13-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-тарау. Сотталған әскери қызметшілердің газеттерге және журналдарға жазылуы";

      14-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-тарау. Сотталған әскери қызметшілерді медициналық-санитарлық қамтамасыз ету";

      15-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-тарау. Күн сайын серуенге шығару";

      16-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "16-тарау. Сотталған әскери қызметшінің адвокатпен, туыстарымен және өзге де адамдармен кездесуі";

      17-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "17-тарау. Сотталған әскери қызметшілердің тергеу әрекеттері мен сот отырыстарына қатысуын қамтамасыз ету";

      18-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "18-тарау. Сотталған әскери қызметшілерді көтермелеу мен жазалауды қолдану";

      19-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "19-тарау. Сотталған әскери қызметшілерді гауптвахта бастығының жеке қабылдауы";

      20-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "20-тарау. Қайтыс болған сотталған әскери қызметшінің мәйітін беру";

      21-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "21-тарау. Сотталған әскери қызметшілерді босату".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери полиция департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады