Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің әкімшілік ғимараттарын сатып алу, құрылысын жобалау және салу кезінде Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің әкімшілік және арнайы үй-жайлары үшін алаңдардың заттай нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2018 жылғы 16 қазандағы № 11-1-4/461 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 30 қазанда № 17642 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері әкімшілік ғимараттарын сатып алу, жобалау және салу кезінде Қазақстан Республикасының шетелдік мекеменің әкімшілік және арнайы үй-жайлары үшін алаңдардың заттай нормалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Құқықтық сараптама басқармасына ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Сыртқы істер министрі Қ. Әбдірахманов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      __________________Ә. Смайылов

      2018 жылғы "__" ___________

  Қазақстан Республикасы
  Сыртқы істер министрінің
  2018 жылғы 16 қазандағы
  11-1-4/461 бұйрығына
  қосымша

Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің әкімшілік ғимараттарын сатып алу, құрылысын жобалау және салу кезінде Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің әкімшілік және арнайы үй-жайлары үшін алаңдардың заттай нормалары

Үй-жайлардың атауы

Өлшем бірлігі

Үй-жайлардың ауданы
артық емес

1

2

3

4

1.

Қызметтік кабинеттер:



1)

Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісінің, халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты (Өкілетті) Өкілдің кабинеті (1 қызметкерге арналған)

шаршы метр

54

 
2)

Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісінің, халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты (Өкілетті) Өкілдің демалу бөлмесі (1 қызметкерге арналған)

шаршы метр

15

 
3)

Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісінің, халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты (Өкілетті) Өкілдің қабылдау бөлмесі (1 қызметкерге арналған)

шаршы метр

12

4)

Сенімді өкілдің, халықаралық ұйым жанындағы тұрақты өкілдің орынбасарының, Бас консулдың, кеңесші-уәкілдің кабинеті
(1 қызметкерге арналған)

шаршы метр

25

5)

Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі кеңесшісінің кабинеті (1 қызметкерге арналған)

шаршы метр

20

6)

Осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген лауазымдарды қоспағанда, (1 қызметкерге/жұмысшыға арналған) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері қызметкерлерінің кабинеті

шаршы метр

7,5

1

2

3

4

2.

Жалпы пайдаланылатын үй-жайлар (конференц-залдары, отырыс өткізу залдары, шетелдік тараппен салтанатты кездесулерге арналған бөлмелер, рекреациялық бөлмелер)

шаршы метр

Қызметтік кабинеттердің жалпы ауданынан 50%

3.

Арнайы мақсаттағы бөлмелер (кассалар, мұрағаттар, көшіру-көбейту техникасы бөлмелері, техникалық жабдықтарға арналған бөлмелер)

шаршы метр

Қызметтік кабинеттердің жалпы ауданынан 50%

4.

Техникалық үй-жайлар (желдету камералары, серверлік, электрқалқандар, жылу пункттері, су өлшеу торабы, қоймалар)

шаршы метр

Қызметтік кабинеттердің жалпы ауданынан 50%

5.

Қосалқы бөлмелер (гардеробтар, дәліздер, балкондар, баспалдақтар, дәретханалар, жеке гигиенаға арналған бөлмелер және тағы басқалар)

шаршы метр

Қызметтік кабинеттердің жалпы ауданынан 35%

6.

Келушілерді қабылдайтын консулдық пункт

шаршы метр

150

7.

Бақылау-өткізу пункттері

шаршы метр

100

8.

Паркинг (1 машина орыны)

шаршы метр

18

      Ескерту:

      1. Егер ғимараттардың үй-жайларының жоспарлану ерекшелігі осы аудандарды қысқартуға мүмкіндік бермейтін жағдайда, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері әкімшілік ғимараттарды сатып алу, жобалау және салу кезінде Қазақстан Республикасының шетелдік және ерекше үй-жайларына арналған алаңдардың заттай нормаларын асыруға жол беріледі, алайда ғимараттардың жалпы ауданы ғимараттарды сатып алу кезеңіндегі Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің персоналының саны және үй-жайлардың бекітілген нормалары бойынша есептелген ауданнан аспауы қажет.

      2. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің үй-жайлары шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерін, консулдық мекемелерін және халықаралық ұйым жанындағы шет мемлекеттің өкілдіктерін қабылдаушы мемлекеттің аумағына орналастыруға қойылатын талаптарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасындағы халықаралық шарттардың, екіжақты келісімдердің және өзге де актілердің талаптарына сәйкес қайта қаралады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады