"Күзет қызметімен айналысу кұқығына лицензия беру" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 236 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 726 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 8 қарашада № 17710 болып тіркелді. Күші жойылды- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 28 наурыздағы № 261 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 28.03.2020 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Күзет қызметімен айналысу кұқығына лицензия беру" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 236 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11143 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 9 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Күзет қызметімен айналысу кұқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет – "Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).";

      3-тармақтың екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру "электрондық үкіметтің" www.еgov.kz веб-порталы немесе www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) порталға құжаттарды тапсырған сәттен бастап:

      лицензия берген кезде – 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей;

      лицензияны қайта ресімдеген кезде – 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей;

      лицензияның телнұсқасын берген кезде – 2 (екі) жұмыс күні;

      2) құжаттар пакетін тапсыру үшін рұқсат берілетін ең ұзақ уақыт – 15 (он бес) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынғаны анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту туралы жауап береді.";

      6-тармақтың төртінші бөлімі алып тасталсын;

      7-тармақтың алтыншы бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Порталға мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін электрондық сұрау салу кезінде төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушының жұмыс уақыты аяқталған соң, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) лицензия алу үшін:

      мәліметтер нысанымен толтырылған көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      көрсетілетін қызметті алушы жарғысының электрондық көшірмесі;

      көрсетілетін қызметті алушы басшысының еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      сұрау салуға тіркелетін психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардың медициналық анықтамаларының электрондық көшірмелері;

      ЭҮТШ арқылы жүргізілетін төлемді қоспағанда лицензиялық алымның төленгендігі туралы түбіртектің электрондық көшірмесі;

      2) лицензия бар қызмет түрінің шеңберінде лицензияны қайта ресімдеу үшін мынадай құжаттар қажет:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦК-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      лицензияны қайта ресімдеу үшін ЭҮТШ арқылы жүргізілетін төлемді қоспағанда лицензиялық алымның төленгендігі туралы түбіртектің электрондық көшірмесі;

      3) лицензия жоғалған, бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушы порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтерді алу мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана көрсетілетін қызметті берушіге лицензияның телнұсқасын алу үшін жүгінеді және мынадай құжаттарды ұсынады:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      лицензия телнұсқасы үшін ЭҮТШ арқылы жүргізілетін төлемді қоспағанда лицензиялық алымның төленгендігі туралы түбіртектің электрондық көшірмесі.

      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын жеке басын растайтын, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы, лицензия туралы, соттылығының болмауы туралы, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмағандығы туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті алушының қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Порталға құжаттарды тапсырғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну үшін сұрау салудың қабылданғандығы туралы таңба пайда болады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі
Қ. Қасымов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      ____________________ Д. Абаев

      2018 жылғы "___" __________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады