БҰЙЫРАМЫН:
1 ."Республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесінің сыныптауышын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 25 мамырдағы № 215 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 5702 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесінің сыныптауышында:
"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк мекемелер көрсететiн қызметтер" деген бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
"
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк мекемелер көрсететiн қызметтер | |||||||||
РБ |
10 |
3 |
212 |
256 |
100 | 014 |
1) Жеке және заңды тұлғалар табиғи кешендері туристік және рекреациялық мақсаттарда пайдалануы кезінде оларға ақылы қызметтер көрсету, оның iшiнде: |
1) табиғи кешендердi сақтау және дамытуға; | "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы-ның 2006 жылғы 7 шiлдедегi Заңының 38-бабы, "Орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 22 бұйрығы (Қазақстан Республикасы-ның Әділет министрлігінде 2016 жылы 3 наурызда № 13378 болып тіркелді). |
РБ |
10 |
3 |
212 |
256 |
100 | 015 |
Шектеулi шаруашылық қызметiнен, оның iшiнде: | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ РБ | 10 10 | 5 3 | 694 212 | 007 256 | 100 100 | 016 016 | Рәміздерді (эмблема мен туды) пайдаланғаны үшiн төленетiн ақы | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ РБ | 10 10 | 5 3 | 694 212 | 007 256 | 100 100 | 017 017 | Баспа, кәдесый және басқа да көбейтiлген өнiм өндiруден алынған табыстар | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ РБ | 10 10 | 5 3 | 694 212 | 007 256 | 100 100 | 018 018 | Жеке және заңды тұлғалардың ерiктi жарналары мен қайырымалдықтары | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ | 10 | 3 | 212 | 256 | 100 | 018-1 | Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға және мемлекеттік табиғи-қорықтық қор объектілеріне залал келтірген жеке және заңды тұлғалардан түсетін түсімдер | Сол сияқты |
". |
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Ә. Смайылов |