РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз.
"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдарымен тасымалдауға жол берілетін қауіпті жүктердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 460 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11779 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) БҰҰ нөмірі – заттың немесе бұйымның төрт сандық сәйкестендіру нөмірі;";
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) 1, 6 және 7-сыныпты қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған арнайы рұқсат – 1, 6 және 7-сыныпты қауiптi жүктерді тасымалдауға құқық беретін уәкілетті орган берген қағаз тасығыштағы рұқсат беру құжаты немесе электрондық құжат.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Автомобиль көлігімен қауiптi жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру тәртібі";
7, 8, 9, 10, 11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша 1, 6 және 7-сыныпты қауiптi жүктерді тасымалдау осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 1, 6 және 7-сыныпты қауiптi жүктерді тасымалдауға арналған арнайы рұқсат негiзiнде, арнайы бейімделген автомобильмен немесе осы мақсаттар үшін арнайы қайта жабдықталған басқа да автокөлік құралдарымен жүзеге асырылады.
8. Жүк жөнелтуші (жүк алушы) мен тасымалдаушы арасында "Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 546 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12463 болып тіркелген) (бұдан әрі – Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидалары) қауiптi жүк тасымалын жүзеге асыруға арналған шарт жасалады.
Қауiптi жүктердi тасымалдауға арналған шарт өзiндiк ерекшелiктерiне байланысты, сондай-ақ мынадай:
1) автокөлiк құралдарын арнайы өңдеу жөнiндегi iс-шаралар туралы;
2) iлесiп жүрудi ұйымдастыру (қажет болған жағдайда) туралы;
3) жүргiзушiлердi жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету тәртiбi туралы;
4) қауiп және қауiптi жүктi бейтараптандыру туралы ақпарат жүйесiнiң элементтерiмен қамтамасыз ету тәртiбi туралы;
5) 7-сыныпты қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде – жүк жөнелтушіні (жүк алушыны) және тасымалдаушыны жүктің нақты атауы мен мөлшерін, сондай-ақ осы жүкті жөнелту уақыты (болжамды жеткізу мерзімі) және алғаны туралы өзара хабарландыру тәртібі туралы мәлiметтердi қамтуы тиіс.
9. Жүк қабылдаушы жүктер алынбаған немесе оның жеткіліксіздігі анықталған, атауы сәйкес келмеген жағдайда жүк жөнелтушіні жедел ден қою шараларын қабылдау үшін қауіпті жүкті тасымалдауға рұқсат берген уәкілетті органды күнтізбелік үш күн ішінде хабардар етеді.
10. Қауiптi жүктi тасымалдау шартын жасасу тауар-көлiк жүкқұжатын жасаумен расталады.
Қауiптi жүктi тасымалдау кезiнде тасымалдаушының төрт данада жасалатын және Заңға сәйкес жүк жөнелтушi мен тасымалдаушы қол қоятын тауар-көлiк жүкқұжаты болуы тиiс.
11. Тауар-көлiк жүкқұжатының нысаны және оны қолдану тәртiбi Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларына сәйкес анықталады.
12. Жүк жөнелтушi тасымалдаушыға қауiптi жүктердi тасымалдауға жасалған шартпен бiрге мыналарды:
1) әрбір автокөлік құралына арналған "Қауіпті жүк" айырым белгісі;
2) қауiптi жүктiң әрбiр түрiне жүргiзушiге арналған нұсқаулықты ұсынады.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 16 тамыздағы № 770 шешімімен бекітілген Кеден одағының "Пиротехникалық бұйымдардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің Пиротехникалық бұйымдары бар қауіпті жүктердің сыныптамасына сәйкес 1.4-ішкі сыныбы бар пиротехникалық бұйымдарды тасымалдау кезінде тасымалдауға рұқсатты ресімдеу талап етілмейді.";
15-тармақ алып тасталсын;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. 1, 6 және 7-сыныпты қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат беру тәртібі";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Арнайы рұқсат бір немесе бірнеше бірдей тасымалдауға, сондай-ақ белгіленген маршрут арқылы тасымалданатын қауіпті жүктер тобына 1 жылдық мерзімге беріледі.
1, 6 және 7-сыныпты қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған арнайы рұқсаттар қағаз немесе электрондық түрде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дайындалады.
Қағаз тасығыштағы рұқсат бланкілері қатаң есептегі бланкілер болып табылады және қолдан жасаудан арнайы қорғалуымен баспаханалық тәсілмен дайындалады.
Тасымалдаушы немесе оның өкілі арнайы рұқсатты алу үшін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша:
1) отандық тасымалдаушы – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация), портал арқылы;
2) шетелдік тасымалдаушы – аумақтық бөлімшеге өтініш береді.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Өтінішке:
1) қауіпті жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралын тіркеу туралы куәліктің, сондай-ақ егер ол тасымалдаушының меншігі болып табылмаса, осындай көлік құралын иелену құқығын заңды негіздерде растайтын құжаттың көшірмесі;
2) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 1, 6 және 7-сыныпты қауіпті жүктерді тасымалдау маршрутының бланкісі;
3) қауіпті жүктерді тасымалдайтын көлік құралы жүргізушісінің дайындығы туралы куәліктің (қауіпті жүктерді автокөлік құралдарымен тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік) көшірмесі;
4) тасымалдауға арналған қауіпті жүкке арналған қауіпсіздік туралы ақпараттандыру жүйесінің авариялық карточкасы;
5) тасымалдаушының өкілі уәкілетті органға өтініш берген жағдайда өкілдің өкілеттігін растайтын құжаттар қоса беріледі.";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Аумақтық бөлімше өтініш келіп түскен күні оны осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыруға өтініштерді тіркеу және арнайы рұқсаттарды беру журналына тіркейді.";
21-тармақ алып тасталсын;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Арнайы рұқсатты беру немесе беруден бас тарту туралы шешімді аумақтық бөлімше арнайы рұқсатты алуға өтінішті тіркеген күнінен бастап 2 жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Қабылданған шешім туралы мәліметтер тасымалдаушыға немесе оның өкіліне жазбаша немесе электрондық түрде аумақтық бөлімшеде, Мемлекеттік корпорацияда, порталдағы пайдаланушы кабинетінде беріледі.";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Арнайы рұқсатты беруден мынадай негіздер:
1) тасымалдаушы немесе оның өкілі арнайы рұқсатты алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) тасымалдаушының және (немесе) арнайы рұқсатты беру үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қауiптi жүктердi халықаралық жолдарда тасымалдау туралы Еуропалық келiсiмде (ҚЖХЖТ) және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) тасымалдаушыға қатысты оның қызметіне немесе арнайы рұқсатты алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы бойынша бас тартады.";
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Қауіпті жүктерді тасымалдайтын автокөлік құралдарына қойылатын талаптар";
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Қауіпті жүктерді тасымалдайтын автокөлік құралдары мынадай талаптарға сәйкес келеді:
1) қауіпті жүктерді тасымалдайтын көлік құралдарының конструкциясына, жабдығына және техникалық жай-күйіне қойылатын жасап шығарушы зауыттың құрылымдық-техникалық сипаттамаларына және Қазақстан Республикасының стандарттау жөнiндегi нормативтік құжаттарына;
2) тіркеу құжаттарының деректеріне;
3) Қауіпті жүктерді халықаралық жолдарда тасымалдау туралы Еуропалық келісімінде (ҚЖХЖТ) белгіленген нақты қауiптi заттар мен бұйымдарды қауiпсiз тасымалдау шарттарына;
4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 359 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15695 болып тіркелген) "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына;
5) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының жол жүрісі қағидаларына (бұдан әрi – Жол қозғалысы қағидалары);
6) жүргiзушiлердiң еңбек және демалыс режимiн тiркейтiн бақылау құрылғыларымен (тахографтармен) жабдықталуына;
7) Жол жүрісі қағидаларына және Қауіпті жүктерді халықаралық жолдарда тасымалдау туралы Еуропалық келісімге (ҚЖХЖТ) сәйкес тану белгiлерiмен жабдықталуына;
8) Қазақстан Республикасының стандарттау жөнiндегi қолданыстағы нормативтiк құжаттарына сәйкес жарамды құралмен және жабдықпен жинақталуына;
9) қажет болған жағдайларда тасымалданатын қауiптi затты бейтараптандыратын құралдармен және жүргiзушi мен iлесiп жүрушi қызметкердiң жеке қорғану құралдарымен жасақталуына;
10) бақылаусыз төгілу, қауіпті жүк шығарынды болған жағдайда халықты хабардар етудің жергілікті жүйесімен жабдықталуына.
1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүктерді тасымалдайтын автокөлік құралдары қозғалыс жылдамдығы, маршрутының сақталуы туралы деректерді нақты уақыт режимінде үздіксіз беру құрылғыларымен қосымша жабдықталады.";
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-тарау. Автокөлік құралдарымен қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын жүргiзушiлерге қойылатын талаптар";
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Автокөлiк құралымен қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын жүргiзушiлер мынадай талаптарға сәйкес келеді:
1) тиісті санаттағы жүргізуші куәлiгiнiң болуы;
2) осы санаттағы көлік құралының жүргiзушiсi ретiнде кемiнде үш жыл үздiксiз жұмыс өтiлiнiң болуы;
3) Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес жол парағына белгi қоя отырып, кәсіби жүргiзушiлер үшін жалпы медициналық куәландырудан және рейс алдында және рейстен кейін медициналық тексеруден өтуі;
4) Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізушіге Қазақстан Республикасының аумағы арқылы қауіпті жүкті тасымалдауға рұқсат беру туралы куәліктің болуы.";
6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"6-тарау. Қауіпті жүктерді тасымалдайтын көлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өту тәртiбi";
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Жүргiзушi қауiптi жүк тасымалының белгіленген маршрутын және тұрақ орындарын қатаң сақтайды.
Қауiптi жүгі бар автокөлік құралын жүргізу кезінде жүргiзушiге:
1) автокөлiк құралын орнынан кенеттен қозғауға;
2) кенеттен тежеуге;
3) қозғалтқыш пен iлiнiсуi ажыратылған күйде қозғалуға;
4) қозғалыс кезінде автокөлік құралында темекі шегуге (тоқтаған кезде автокөліктің тұрған орнынан кемiнде 50 метр жерде темекi шегуге рұқсат етiледi);
5) отты ашық пайдалануға (ерекше жағдайларда тамақ дайындаған кезде автокөлiктің тұрған орнынан кемiнде 200 метр қашықтықта от жағуға рұқсат етiледi);
6) автокөлiк құралын қадағалаусыз қалдыруға болмайды.";
7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"7-тарау. Көлік құралын халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы куәлікті беру тәртібі";
Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларына 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларына 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларына 3-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларына 6-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларына 7-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі |
Ж. Қасымбек |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрлігі
2018 жылғы "___"____________
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
2018 жылғы "___"____________
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
2018 жылғы "___"_____________
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 9 қазандағы № 700 бұйрығына 1-қосымша |
|
Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларына 1-қосымша |
|
нысан |
1, 6 және 7-сыныпты қауiптi жүктерді тасымалдауға арналған арнайы рұқсат №
Тасымалдаушының атауы
Тасымалдаушының орналасқан жері және телефоны
Тасымалданатын қауіпті жүктің класы, БҰҰ нөмірі, атауы және сипаттамасы
Көлік құралының түрі, маркасы
Автомобильдің мемлекеттік тіркеу белгісі
Тіркеменің (жартылай тіркеменің) мемлекеттік тіркеу белгісі
Арнайы рұқсаттың қолданылу мерзімі
_____________бастап________________дейін
_____________ жүруге жарамды
Тасымалдау маршруты
Жүк жөнелтушінің мекенжайы және телефоны
Жүк алушының мекенжайы және телефоны
Тасымалдау маршрутының аралық пункттерінің мекенжайы және авариялық
қызметтің телефондары
Тұрақтар және отын құю орны
Уәкілетті органның лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және берілген күні
Арнайы рұқсатты қолданудың ерекше шарттары
Қадағалау бақылау органдарының лауазымды адамдарының белгілері
Шектеулер
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму 2-қосымша |
|
Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларына 2-қосымша |
|
нысан |
Тіркеу нөмірі және күні
(Аумақтық бөлімше ресімдейді)
_____________________________
(аумақтық бөлімшенің атауы)
Өтініш
________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы немесе жеке кәсіпкердің және жеке адамның тегі, аты,
әкесінің аты (ол болған жағдайда), төлқұжат деректері) қауіпті жүкті
тасымалдауға арнайы рұқсатты ресімдеуді (қайта ресімдеуді) сұрайды
________________________________________________________________________
(тасымалдаушы тасымалдауды жүзеге асыратын қауіпті жүктің классы, БҰҰ
нөмірі, атауы және сипаттамасын көрсету)
Тасымалдау ______________ көлік құралымен жүзеге асырылады
________________________________________________________________________
(көлік құралының түрін, маркасын, автомобильдің, тіркеменің және ашық
тіркеменің мемлекеттік тіркеу нөмірлерін көрсету)
________________________________________________________________________
(тасымалдау маршрутын, қауіпті жүкті тасымалдау күнін және мерзімін,
тиеу және түсіру орнын көрсету)
Қосымша хабарлаймын:
________________________________________________________________________
(қауіпті жүкті жөнелтушінің және жүк алушының атауы, нақты пошталық
мекенжайы, телефон нөмірі, факс немесе электрондық поштаның мекенжайы)
Қажетті құжаттар өтінішке қоса беріледі. Ұсынылған құжаттардың
тұпнұсқалылығын және дұрыстығын растаймын.
Арнайы рұқсаттың қолдану мерзімін ______________ бастап ____________________
дейін ____________ жол жүруге белгілеуді сұраймын.
Лауазымы Қолы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 9 қазандағы № 700 бұйрығына 3-қосымша |
|
Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларына 3-қосымша |
|
нысан |
Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыруға өтініштерді тіркеу және арнайы рұқсаттарды беру журналы
Өтінішті қабылдаған күні және тіркеу нөмірі | Тасымалдаушы ұйымының атауы, оның мекенжайы және телефоны | Арнайы рұқсатты беруден бас тарту себебі, күні, нөмірі | Көлік құралының түрі, автомобильдің, тіркеменің және жартылай тіркеменің мемлекеттік тіркеу нөмірлері | Тасымалдауға белгіленген қауіпті жүктің класы, БҰҰ нөмірі, атауы және сипаттамасы | Тасымалдау маршруты | Арнайы рұқсаттың қолдану мерзімі, жүріс саны | Арнайы рұқсатты беру нөмірі және күні | Арнайы рұқсатты берген адамның қолы | Алған күні, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымның атауы және арнайы рұқсатты алған адамның қолы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 9 қазандағы № 700 бұйрығына 4-қосымша |
|
Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларына 6-қосымша |
|
нысан |
1, 6 және 7-сыныпты қауiптi жүктерді тасымалдау маршрутының бланкiсi Қауiптi жүк туралы мәлiметтер
Жүктің атауы | "ҚЖ" тану белгiсi |
Қауiптi жүктің сыныбы | |
Қауiптiлiк №, БҰҰ нөмірі |
Бiр көлiк құралындағы жүктiң жалпы салмағы _______ тонна.
____________________________________
Қозғалыстың ерекше шарттары
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
1. Аралықтардағы қозғалыс жылдамдығы____________________________________
2. Пана (барлық маршрутта, жекелеген учаскелерде)___________________________
3. Бiрге жүру (барлық маршрутта, жекелеген учаскелерде)______________________
4. Түндегi қозғалыс (рұқсат етiлген, тыйым салынған)__________________________
________________________________________________________________________
Қозғалыс маршруты
________________________________________________________________________
(елдi мекендердiң, көшелердiң және автомобиль жолдарының атауы)
1. Жүк жөнелтушiнiң мекенжайы және телефоны
________________________________________________________________________
2. Пункттердiң мекенжайлары және жүк алушының телефондары
________________________________________________________________________
3. Олар арқылы көлiк құралдары өтетiн авариялық қызмет пункттерiнiң мекенжайлары
және телефондары
________________________________________________________________________
4. Қажет болған жағдайда қауіпті жүктi тапсыруға болатын аралық
пункттердiң мекенжайлары
________________________________________________________________________
5. Тұрақ орындары
________________________________________________________________________
6. Отын құятын орындар
________________________________________________________________________
7. Тасымалдаушы мен автокөлiк құралының деректерi
________________________________________________________________________
(атауы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), мекенжайы және мемлекеттік
нөмiрi)
______________________________
_____________________ тасымалдаушы
(қолы ) 20_ жылғы "___" __________
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 9 қазандағы № 700 бұйрығына 5-қосымша |
|
Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларына 7-қосымша |
|
нысан |
Тіркеу нөмірі және күні
(Аумақтық бөлімше ресімдейді)
_____________________________________
(аумақтық бөлімшенің атауы)
Өтініш
________________________________________________________________________
(тасымалдаушының атауы, халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды
жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігінің нөмірі)
________________________________________________________________________
(тасымалдаушы тасымалдауды жүзеге асыратын қауіпті жүктің сыныбы,
БҰҰ нөмірі, атауы және сипаттамасын көрсету) кейбір қауіпті жүктерді
тасымалдауға көлік құралдарын жіберу туралы куәлікті ресімдеуді сұрайды.
Тасымалдау _____________________________________________________________
____________________________________көлік құралымен жүзеге асырылады.
(көлік құралының түрін, маркасын, автомобильдің, тіркеменің және
жартылай тіркеменің мемлекеттік тіркеу нөмірлері, міндетті техникалық
қарап тексеруден өту күні, автокөлік құралына рұқсат беру
карточкасының нөмірі)
Қосымша хабарлаймын:
________________________________________________________________________
(қауіпті жүкті жөнелтушінің және жүк алушының атауы, нақты
пошталық мекенжайы, телефон нөмірі, факс немесе электрондық
поштасының мекенжайы)
Лауазымы Қолы