2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабы 3-тармағының үшінші бөлігіне, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1022 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 801 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12656 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 17 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасын сақтаудағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары жаңа редакцияда жазылсын;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Өнім шығарумен және жасаумен, пайдалы қазбаларды игерумен, өндірумен және қайта өңдеумен, құрлыспен және өндірістік қызметтің басқа түрлерімен айналысатын ұйымдарға қатысты Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын тексеру парағы жаңа редакцияда жазылсын;
3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Өндірістік емес саладағы (денсаулық сақтау, білім беру, мәдинет, әлеуметтік қамсыздандыру, сауда, тұру және тамақтану бойынша қызметтер) ұйымдарға қатысты Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын тексеру парағы жаңа редакцияда жазылсын;
4) осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Жұмыскерлері еңбек қызметін офистік орынжайларда жүзеге асыратын өндірістік емес саладағы ұйымдарға қатысты Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын тексеру парағы жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті заңнамада белгіленген мерзімде:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;
3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Б. Әлтаевқа жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
М. Әбілқасымова |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі |
Т. Сүлейменов |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитеті
2018 жылғы_______________
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтаудағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтаудағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларын және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларына сәйкес бақылау субъектілеріне бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу кезінде бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін әзірленді.
2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бақылау субъектілері – қызметіне бақылау жүзеге асырылатын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, оның ішінде мемлекеттік органдар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;
2) болмашы бұзушылықтар – еңбек заңнамасының еңбек қатынастарына, кепілдіктер мен өтемақы төлемдерін жүзеге асыруға қатысты жұмыс беруші қабылдаған актілердің заңдылығы бөлігіндегі бұзушылықтары, сондай-ақ халықты жұмыспен қамту және шетелдік жұмыс күшін тарту туралы заңнамаларды бұзу;
3) елеулі бұзушылықтар – осы тармақтың 4) және 2) тармақшаларына сәйкес өрескел және болмашы бұзушылықтарға жатпайтын еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша бұзушылықтары;
4) өрескел бұзушылықтар – еңбек заңнамасын бұзу осы Өлшемшарттың қосымшасына сәйкес тәуекел дәрежесін бағалаудың субъектілік өлшемшарттарында көрсетілген;
5) тәуекел – жұмыскердің өміріне немесе денсаулығына, оның еңбек міндеттерін атқару кезінде заңды мүдделеріне жұмыс берушінің қызметі нәтижесінде, оның ішінде жазатайым оқиғалардың нәтижесінде зиян келтіру ықтималдығы;
6) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке бақылау субъектісіне тікелей байланыссыз бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
7) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісі қызметінің нәтижесіне байланысты бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
8) тәуекелдерді бағалау жүйесі – бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды белгілеу мақсатында бақылау органы жүргізетін іс-шаралар кешені;
9) тексеру парағы – бақылау субъектілерінің қызметіне қойылатын шарттарды қамтитын талаптар тізбесін, оларды сақтамау адамның өмірі мен денсаулығына, жеке тұлғалардың заңды мүдделеріне қауіп төндіреді.
3. Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттар арқылы қалыптастырылады.
2-тарау. Объективті өлшемшарттар
4. Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдердің жоғары деңгейіне адамның өмірі мен денсаулығына, жеке тұлғалардың заңды мүдделеріне қауіп төндіру мүмкіндігі жоғары мынадай:
тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу;
электрмен қамтамасыз ету, газ, бу жіберу және ауаны баптау;
өңдеу өнеркәсібі;
құрылыс;
тасымалдау және сақтау;
сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылау;
ақпарат және байланыс;
ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы сияқты экономикалық қызмет түрінде қызметін жүзеге асыратын бақылау субъектілері жатқызылады.
Көрсетілген экономикалық қызмет түрлерінде қызметтерін жүзеге асыратын бақылау субъектілеріне қатысты профилактикалық бақылау жүргізудің кезеңділігі:
жұмыскерлердің саны 250 адамнан асатын бақылау субъектілерін профилактикалық бақылау – жылына бір рет;
жұмыскерлердің саны 100-ден астам, бірақ 250-ден көп емес жұмыскерлері бар бақылау субъектілерін профилактикалық бақылау – 3 жылда бір рет;
жұмыскерлердің саны 100 адамнан аспайтын бақылау субъектілерін профилактикалық бақылау – 5 жылда бір рет.
5. Осы Өлшемшарттардың 4-тармағына енгізілмеген бақылау субъектілері объективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылмаған және оларға қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілмейді.
3-тарау. Субъективті өлшемшарттар
6. Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне қатысты бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу мақсатында осы Өлшемшарттарға қосымшасаға сәйкес тәуекел дәрежесін бағлаудың субъективті өлшемшарттары қолданылады.
Тәуекелдердің дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:
1) алдыңғы тексерулердің және субъектіге бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері. Бұл ретте, бұзушылықтар дәрежесі (өрескел, елеулі, болмашы) тексеру парақтарында көрсетілген Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарын бұзған жағдайда белгіленеді;
2) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар;
3) расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны;
4) уәкілетті органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері;
5) бақылау субъектісі ұсынатын, оның ішінде мемлекеттік органдар, мекемелер және салалық ұйымдар жүргізетін автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы берілетін есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері.
7. Қолда бар ақпарат көздерінің негізінде субъективті өлшемшарттар қалыптастырылады, оларға мынадай: өрескел, елеулі, болмашы бұзушылық дәрежелері беріледі.
8. Бақылау субъектісін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежелерінің көрсеткіштерін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.
Бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне 100 тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты бақылау субъектісіне барумен профилактикалық тексеру жүргізіледі.
Егер өрескел бұзушылықтар анықталмаса, онда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін айқындау үшін елеулі және болмашы бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткіш есептеледі.
Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:
SР3 = (SР2 х 100/SР1) х 0,7
мұндағы:
SР3 – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
SР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;
SР2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны.
9. Болмашы бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:
SРН = (SР2 х 100/SР1) х 0,3
мұндағы:
SРН – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;
SР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;
SР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны.
10. Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (SР) 0-ден бастап 100-ге дейінгі шкала бойынша есептеледі және елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу жолымен мынадай формула бойынша айқындалады:
SР = SР3 + SРН
мұндағы:
SР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;
SР3 – елеулі бұзушылықтар көрсеткіші;
SРН – болмашы бұзушылықтар көрсеткіші.
11. Барлық ықтимал тәуекелдерге талдау жүргізілгеннен кейін, бақылау субъектісі тәуекелдің екі дәрежесі бойынша (тәуекелдің жоғары және жоғары дәрежесіне жатпайтын) бөлінеді.
12. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштеріне байланысты бақылау субъектісі:
1) 0-ден бастап 60-ты қоса алғандағы тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде – бақылау субъектісіне бару арқылы болатын профилактикалық бақылаудан босатылады;
2) 61-ден бастап 100-ді қоса алғандағы тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде – бақылау субъектісіне бару арқылы болатын профилактикалық бақылаудан босатылмайды.
13. Бақылау субъектісінде жұмыс берушінің қызметі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес келетінін растайтын сенім сертификатының болуы Өлшемшарттардың 4-тармағында көзделген кезеңділікті ескере отырып бару арқылы бақылау субъектісін оған қатысты профилактикалық бақылау жүргізуден басату үшін жеңілдетілген индикатор болып табылады.
14. Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау Кодекстің 141-бабының 3-тармағына сәйкес қалыптастырылатын бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізімдері негізінде жүргізіледі.
15. Көрсетілген өлшемшарттарды айқындау үшін есептік кезең бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жоспарланған жартыжылдықтың алдындағы жарты жылдық болып табылады.
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтаудағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына қосымша |
Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары
Р/с № | Еңбек заңнамасын сақтаудағы тәуекелдер өлшемшарттары | Бұзушылық дәрежесі |
Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар | ||
1 | Ауыр немесе адам өлімімен аяқталған еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаның болуы | Өрескел |
2 | Зардап шеккен адамдардың өндірістік жарақаттарының ауырлық дәрежесіне қарамастан, бір мезгілде екі және одан да көп жұмыскерлер ұшыраған еңбек қызметіне байланысты топтық жазатайым оқиғаның болуы | Өрескел |
Алдыңғы тексерулердің және субъектіге бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері | ||
1 | Ауыр және адам өлімімен аяқталған еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді жүргізу сонымен қатар, зардап шеккен адамдардың өндірістік жарақаттарының ауырлық дәрежесіне қарамастан, бір мезгілде екі және одан да көп жұмыскерлер ұшыраған топтық жазатайым оқиғалар | Өрескел |
2 | Жұмыскерлерге демалыс кестесіне сәйкес демалыс беру, сондай-ақ оның берілу толықтығы | Өрескел |
3 | Жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимдерін сақтау | Өрескел |
4 | Жалақыны және өзге де төлемдерді толық әрі уақтылы төлеуді қамтамасыз ету, оның ішінде жұмыскердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу | Өрескел |
5 | Жұмыскерлерді жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз ету | Өрескел |
6 | Еңбекке уақытша қабілетсіздік парағының сондай-ақ, еңбекке уақытша қабілетсіздік парағын төлеуді растайтын құжат болуы | Елеулі |
7 | Жыл сайынғы төленетін еңбек демалысының (жыл сайынғы еңбек демалысы) пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемдері | Елеулі |
8 | Өндірістік объектілерді және қосалқы бөлімшелерді жұмыс берушінің аттестаттаудан өткізгенін растайтын аттестаттау нәтижесі туралы есептің болуы | Елеулі |
9 | Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша қызметтің немесе маманның болуы | Елеулі |
10 | Еңбек қауіпсіздігі жағдайларын жасау, сондай-ақ жұмыскерлерді еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарына сәйкес жабдықталған жұмыс орнымен, жабдықтармен, құралдармен, техникалық құжаттамамен және еңбек міндеттерін орындауға қажетті құралдармен қамтамасыз ету | Елеулі |
11 | Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды, нұсқаулық беруді және білімдерін тексеруді жүргізуге арналған құжаттаманың болуы | Елеулі |
12 | Жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті әлеуметтік сақтандыру, жұмыскерлерді міндетті әлеуметтік сақтандыру шарттарының болуы | Елеулі |
13 | Жұмыс берушінің жұмыспен қамту және жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге, кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектерді кәсіптік оңалту саласындағы міндеттерді сақтауы | Елеулі |
14 | Еңбек саласындағы құқықтар мен бостандықтарды іске асырудағы тең мүмкідіктерді қамтамасыз ету (өтініш түскен жағдайда тексеріледі) | Елеулі |
15 | Тәртіптік жаза қолдану тәртібін сақтау | Елеулі |
16 | Ұжымдық шарттың, әлеуметтік әріптестік келісімдердің талаптарын орындау | Елеулі |
17 | Жұмыскерлерге қатысты еңбек шартының болуы | Елеулі |
18 | Балалардың еңбегін пайдалануға қойылған тыйымды сақтау | Елеулі |
19 | Еңбекке ақы төлеу және еңбек жағдайына қатысты еңбек саласындағы кемсітушілік | Елеулі |
20 | Жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі келісу комиссияларын құру туралы жұмыс беруші актісінің болуы | Елеулі |
21 | Жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысын, ең төменгі айлық жалақы беру, күнделікті жұмыс ұзақтығы (жұмыс ауысымы) және ерекше жұмыс режимімен және еңбек жағдайларымен, жұмысынан айрылумен, жұмыскердің еңбек міндеттерін немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де міндеттерді орындаумен байланысты шығындарын өтеумен байланысты өтемақы төлемдері, сондай-ақ жұмыскерлерді немесе еңбек қатынастарында тұрмайтын өзге де адамдарды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша төлемдер бөлігіндегі кепілдіктерді жүзеге асыру | Елеулі |
22 | Жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды, сондай-ақ еңбек қызметімен байланысты өзге де құжаттарды беру | Елеулі |
23 | Мүгедектер, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және ата-анасынан айырылған немесе кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының белгіленген квотасын орындау, сондай-ақ уәкілетті органға жұмыс берушінің таратылуына байланысты жұмыскерлердің алдағы жұмыстан босатылуы туралы ақпаратты беруі, уәкілетті органға бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді уақтылы беру, жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы уақтылы хабарлау | Болмашы |
24 | Жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз тартуы немесе халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган берген өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтамалары немесе еңбекші көшіп келушіге ішкі істер органдары беретін рұқсаттары жоқ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың еңбегін пайдалануы, сонымен қатар жұмыс берушiнiң шетелдiк жұмыскердi жергiлiктi атқарушы органның шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсатында көрсетiлген лауазымға (кәсiпке немесе мамандыққа) сәйкес келмейтiн лауазымға (кәсiпке немесе мамандыққа) тартуы | Болмашы |
25 | Жұмыс беруші жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, ауыстыру, төлеу, шектету, жүргізілген ұсталымдар, демалыстар беру, қосымша төлемдерін белгілеу және кепілдіктер бөлігінде тиісті тұрде қабылдаған актілердің сәйкес келуі | Болмашы |
Уәкілетті органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері | ||
1 | Жұмыскерді еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауы кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті әлеуметтік сақтандыру шартының жасалмауы туралы мәліметтердің болуы | Өрескел |
Бақылау субъектісі ұсынатын, оның ішінде мемлекеттік органдар, мекемелер және салалық ұйымдар жүргізетін автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы берілетін есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері | ||
1 | Кәсіпорындар ұсынатын өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан өткізу нәтижелерін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің республиканың зиянды, ауыр және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары бар кәсіпорындары бойынша мәліметтерімен салыстыру кезіндегі сәйкессіздіктердің анықталуы | Елеулі |
2 | Басшылар мен қауіпсіздік және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау бойынша білімдерін тексерудің қанағаттанарлықсыз нәтижесі | Өрескел |
3 |
Өндірістік объектілерді еңбек жағдайларына байланысты аттестаттау бойынша есептерден мынадай көрсеткіштерге сәйкессіздікті анықтау: | Өрескел |
Расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны | ||
1 | Тексеру нәтижелерімен расталған жалақы төленбеу (үш немесе одан көп ай) мәселесі бойынша бір жыл ішінде жеке тұлғалардың жүгінуі туралы бірнеше фактілер (екі және одан да көп) не бiр ұжымдық өтiнiш | Өрескел |
Өнім шығарумен және жасаумен, пайдалы қазбаларды игерумен, өндірумен және қайта өңдеумен, құрылыспен және өндірістік қызметтің басқа да түрлерімен айналысатын ұйымдарға қатысты Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын тексеру парағы
Бақылау субъектісіне бару арқылы тексеруді/профилактикалық
бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Бақылау субъектісіне бару арқылы тексеру/профилактикалық бақылау
тағайындау туралы акт
_______________________________________________________________________
(№, күні)
Бақылау субъектісінің атауы
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес сәйкестендіру нөмірі
Орналасқан мекенжайы __________________________________________________
_______________________________________________________________________
Р/с № | Талаптардың тізбесі | Талап етіледі | Талап етілмейді | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1 | Ауыр және адам өлімімен аяқталған еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді жүргізу, сонымен бірге зардап шеккен адамдардың өндірістік жарақаттарының ауырлық дәрежесіне қарамастан, бір мезгілде екі және одан да көп жұмыскерлер ұшыраған топтық жазатайым оқиғалар | ||||
2 | Жұмыскерлерге демалыс кестесіне сәйкес демалыс беру, сондай-ақ оның берілу толықтығы | ||||
3 | Жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимдерін сақтау | ||||
4 | Жалақыны және өзге де төлемдерді толық әрі уақтылы төлеуді қамтамасыз ету, оның ішінде жұмыскердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу | ||||
5 | Жұмыскерлерді жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз ету | ||||
6 | Еңбекке уақытша қабілетсіздік парағының сондай-ақ, еңбекке уақытша қабілетсіздік парағын төлеуді растайтын құжат болуы | ||||
7 | Жыл сайынғы төленетін еңбек демалысының (жыл сайынғы еңбек демалысы) пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемдері | ||||
8 | Еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерді және қосалқы бөлімшелерді жұмыс берушінің аттестаттаудан өткізгенін растайтын аттестаттау нәтижесі туралы есептің болуы | ||||
9 | Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша қызметтің немесе маманның болуы | ||||
10 | Еңбек қауіпсіздігі жағдайларын жасау, сондай-ақ жұмыскерлерді еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарына сәйкес жабдықталған жұмыс орнымен, жабдықтармен, құралдармен, техникалық құжаттамамен және еңбек міндеттерін орындауға қажетті құралдармен қамтамасыз ету | ||||
11 | Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды, нұсқаулық беруді және білімдерін тексеруді жүргізуге арналған құжаттаманың болуы | ||||
12 | Жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті әлеуметтік сақтандыру, жұмыскерлерді міндетті әлеуметтік сақтандыру шарттарының болуы | ||||
13 | Жұмыс берушінің жұмыспен қамту және жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге, кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектерді кәсіптік оңалту саласындағы міндеттерді сақтауы | ||||
14 | Еңбек саласындағы құқықтар мен бостандықтарды іске асырудағы тең мүмкідіктерді қамтамасыз ету (өтініштер түскен жағдайда тексеріледі) | ||||
15 | Тәртіптік жаза қолдану тәртібін сақтау | ||||
16 | Ұжымдық шарттың, әлеуметтік әріптестік келісімдерінің талаптарын орындау | ||||
17 | Жұмыскерлерге қатысты еңбек шартының болуы | ||||
18 | Балалардың еңбегін пайдалануға қойылған тыйымды сақтау | ||||
19 | Еңбекке ақы төлеу және еңбек жағдайына қатысты еңбек саласындағы кемсітушілік | ||||
20 | Жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі келісу комиссияларын құру туралы жұмыс беруші актісінің болуы | ||||
21 | Жыл сайынғы ақы төленетін негізі еңбек демалысын, ең төменгі айлық жалақы, күнделікті жұмыстың ұзақтығы (ауысымдық жұмыс) ұсыну бойынша кепілдіктерді жүзеге асыру, арнайы жұмыс режимі мен еңбек жағдайлары, жұмысынан айрылу, жұмыскердің еңбек өтіліне байланысты шығындардың немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де шығындарын өтеуіне байланысты өтемақы төлемдері сондай-ақ жұмыскерлердің немесе еңбек қатынастарында болмайтын басқа тұлғалардың біліктілігін арттыру, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша төлемдер | ||||
22 | Жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды, сондай-ақ еңбек қызметімен байланысты өзге де құжаттарды беру | ||||
23 | Мүгедектер, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және ата-анасынан айырылған немесе кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының белгіленген квотасын орындау, сондай-ақ уәкілетті органға жұмыс берушінің таратылуына байланысты жұмыскерлердің алдағы жұмыстан босатылуы туралы ақпаратты беруі, уәкілетті органға бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді уақтылы беру, жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы уақтылы хабарлау | ||||
24 | Жергілікті атқарушы органның шетелдік жұмыс күшін, шетелдік жұмыскерді қызметке (кәсіпке немесе мамандыққа) тартуға рұқсатының болуы, сондай-ақ жұмыс беруші – ауыстыру, төлеу, шектету, жүргізілген ұстанымдар, жеке тұлға үй шаруашылығындағы жұмыстарды орындау (қызмет көрсетуге) еңбекші иммигранттарды тартуы немесе бір жұмыс берушіге – жеке тұлғаға бір уақытта бесеуден аспайтын еңбекші иммигрантпен үй шаруашылығындағы жұмыстарды орындау (қызмет көрсету) бойынша еңбек шарттарын жасасуға ішкі істер органдары беретін тиісті рұқсаттардың болуы | ||||
25 | Жұмыс беруші жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, демалыстар беру, қосымша төлемдер, өтемақы төлемдері мен кепілдіктер, беру, төлеу, тоқтата тұру, ұстап қалу, ұстап қалу бөлігінде еңбек қатынастарына қатысты қабылдаған актілердің болуы |
Лауазымды адам (адамдар) ___________________________ ___________________
(лауазымы, қолы)
_______________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Бақылау субъектісінің басшысы

Өндірістік емес саладағы (денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, әлеуметтік қамсыздандыру, сауда, тұру және тамақтану бойынша қызметтер) ұйымдарға қатысты Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын тексеру парағы
Бақылау субъектісіне бару арқылы тексеруді/профилактикалық бақылауды
тағайындаған мемлекеттік орган

Лауазымды адам (адамдар) ___________________________ ______________
(лауазымы, қолы)
__________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Бақылау субъектісінің басшысы
__________________________________________________________________
(лауазымы, қолы)
__________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Жұмыскерлері еңбек қызметін кеңсе үй-жайларында жүзеге асыратын өндірістік емес саладағы ұйымдарға қатысты Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын тексеру парағы
Бақылау субъектісіне бару арқылы тексеруді/профилактикалық бақылауды
тағайындаған мемлекеттік орган
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Бақылау субъектісіне бару арқылы тексеру/профилактикалық бақылау
тағайындау туралы акт
_______________________________________________________________________
(№, күні)
Бақылау субъектісінің атауы
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес сәйкестендіру нөмірі
_______________________________________________________________________
Орналасқан мекенжайы __________________________________________________
_______________________________________________________________________
Р/с № | Талаптардың тізбесі | Талап етіледі | Талап етілмейді | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1 | Ауыр және адам өлімімен аяқталған еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді жүргізу сонымен қатар, зардап шеккен адамдардың өндірістік жарақаттарының ауырлық дәрежесіне қарамастан, бір мезгілде екі және одан да көп жұмыскерлер ұшыраған топтық жазатайым оқиғалар | ||||
2 | Жұмыскерлерге демалыс кестесіне сәйкес демалыс беру, сондай-ақ оның берілу толықтығы | ||||
3 | Жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимдерін сақтау | ||||
4 | Жалақыны және өзге де төлемдерді толық әрі уақтылы төлеуді қамтамасыз ету, оның ішінде жұмыскердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу | ||||
5 | Еңбекке уақытша қабілетсіздік парағының сондай-ақ, еңбекке уақытша қабілетсіздік парағын төлеуді растайтын құжат болуы | ||||
6 | Жыл сайынғы төленетін еңбек демалысының (жыл сайынғы еңбек демалысы) пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемдері | ||||
7 | Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша қызметтің немесе маманның болуы | ||||
8 | Еңбек қауіпсіздігі жағдайларын жасау, сондай-ақ жұмыскерлерді еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарына сәйкес жабдықталған жұмыс орнымен, жабдықтармен, құралдармен, техникалық құжаттамамен және еңбек міндеттерін орындауға қажетті құралдармен қамтамасыз ету | ||||
9 | Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды, нұсқаулық беруді және білімдерін тексеруді жүргізуге арналған құжаттаманың болуы | ||||
10 | Жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті әлеуметтік сақтандыру, жұмыскерлерді міндетті әлеуметтік сақтандыру шарттарының болуы | ||||
11 | Жұмыс берушінің жұмыспен қамту және жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге, кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектерді кәсіптік оңалту саласындағы міндеттерді сақтауы | ||||
12 | Еңбек саласындағы құқықтар мен бостандықтарды іске асырудағы тең мүмкідіктерді қамтамасыз ету (өтініштер түскен жағдайда тексеріледі) | ||||
13 | Тәртіптік жаза қолдану тәртібін сақтау | ||||
14 | Ұжымдық шарттың, әлеуметтік әріптестік келісімдерінің талаптарын орындау | ||||
15 | Жұмыскерлерге қатысты еңбек шартының болуы | ||||
16 | Балалардың еңбегін пайдалануға қойылған тыйымды сақтау | ||||
17 | Еңбекке ақы төлеу және еңбек жағдайына қатысты еңбек саласындағы кемсітушілік | ||||
18 | Жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі келісу комиссияларын құру туралы жұмыс беруші актісінің болуы | ||||
19 | Жыл сайынғы ақы төленетін негізі еңбек демалысын, ең төменгі айлық жалақы, күнделікті жұмыстың ұзақтығы (ауысымдық жұмыс) ұсыну бойынша кепілдіктерді жүзеге асыру, арнайы жұмыс режимі мен еңбек жағдайлары, жұмысынан айрылу, жұмыскердің еңбек өтіліне байланысты шығындардың немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де шығындарын өтеуіне байланысты өтемақы төлемдері сондай-ақ жұмыскерлердің немесе еңбек қатынастарында болмайтын басқа тұлғалардың біліктілігін арттыру, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша төлемдер | ||||
20 | Жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды, сондай-ақ еңбек қызметімен байланысты өзге де құжаттарды беру | ||||
21 | Мүгедектер, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және ата-анасынан айырылған немесе кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының белгіленген квотасын орындау, сондай-ақ уәкілетті органға жұмыс берушінің таратылуына байланысты жұмыскерлердің алдағы жұмыстан босатылуы туралы ақпаратты беруі, уәкілетті органға бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді уақтылы беру, жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы уақтылы хабарлау | ||||
22 | Жергілікті атқарушы органның шетелдік жұмыс күшін, шетелдік жұмыскерді қызметке (кәсіпке немесе мамандыққа) тартуға рұқсатының болуы, сондай-ақ жұмыс беруші – ауыстыру, төлеу, шектету, жүргізілген ұстанымдар, жеке тұлға үй шаруашылығындағы жұмыстарды орындау (қызмет көрсетуге) еңбекші иммигранттарды тартуы немесе бір жұмыс берушіге – жеке тұлғаға бір уақытта бесеуден аспайтын еңбекші иммигрантпен үй шаруашылығындағы жұмыстарды орындау (қызмет көрсету) бойынша еңбек шарттарын жасасуға ішкі істер органдары беретін тиісті рұқсаттардың болуы | ||||
23 | Жұмыс беруші жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, демалыстар беру, қосымша төлемдер, өтемақы төлемдері мен кепілдіктер, беру, төлеу, тоқтата тұру, ұстап қалу, ұстап қалу бөлігінде еңбек қатынастарына қатысты қабылдаған актілердің болуы |