Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1022 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 801 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12656 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабы 5-тармаққа, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.12.2022 № 492 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 12.12.2022 № 123 (01.01.2023 қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының және Қазақстан Республикасы халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының сақталуын тексеру парағы бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.12.2022 № 492 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 12.12.2022 № 123 (01.01.2023 қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бірлескен бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдарының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.

      3. "Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 545 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 маусымдағы № 491 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11744 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 17 тамызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.

      5. Осы бірлескен бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
________________ Т.Дүйсенова

Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика
министрі
_______________ Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және арнайы есепке алу

      жөніндегі комитетінің төрағасы

      __________________ С. Айтпаева

      2015 жылғы 28 желтоқсан



  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1022 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 801 бірлескен бұйрығына
1-қосымша

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтаудағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

      Ескерту. Өлшемшарттары жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 02.05.2023 № 142 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.05.2023 № 54 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтаудағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, "Тексеру парағының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) бекітілген Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларына сәйкес бақылау субъектісіне барумен профилактикалық бақылау жүргізу кезінде бақылау субъектілерін іріктеу үшін әзірленді.

      2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бақылау субъектілері – қызметіне бақылау жүзеге асырылатын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, оның ішінде мемлекеттік органдар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;

      2) балл – тәуекелді есептеудің сандық өлшемі;

      3) болмашы бұзушылықтар – еңбек заңнамасының еңбек қатынастарына, кепілдіктер мен өтемақы төлемдерін жүзеге асыруға қатысты жұмыс беруші қабылдаған актілердің заңдылығы бөлігіндегі бұзушылықтары, сондай-ақ халықты жұмыспен қамту және шетелдік жұмыс күшін тарту туралы заңнамаларды бұзу;

      4) деректерді қалыпқа келтіру – әртүрлі шәкілдерде өлшенген мәндерді шартты түрде жалпы шәкілге келтіруді көздейтін статистикалық рәсім;

      5) елеулі бұзушылықтар – осы тармақтың 3) және 6) тармақшаларына сәйкес өрескел және болмашы бұзушылықтарға жатпайтын еңбек заңнамасының және еңбекті қорғау бойынша бұзушылықтары;

      6) өрескел бұзушылықтар – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу осы Өлшемшарттарға 1-қосымшаға сәйкес тәуекел дәрежесін бағалаудың субъектілік өлшемшарттарында көрсетілген;

      7) тәуекел – адамның өмірін немесе денсаулығын бақылау субъектісінің қызметі нәтижесінде оның салдарының ауырлық дәрежесін ескере отырып, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;

      8) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке бақылау субъектісіне тікелей байланыссыз бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      9) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісінің қызметі нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      10) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – тиісті қызмет салаларында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік еркіндігін шектеудің ең төменгі ықтимал дәрежесі мақсатында бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды кейіннен жүзеге асыру үшін бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу арқылы қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын азайтуға бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау субъектісі үшін тәуекел деңгейін өзгертуге бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау және (немесе) осындай бақылау субъектісін бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылаудан босату процесі;

      11) тексеру парағы-сақталмауы адамның өмірі мен денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіретін бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын талаптардың тізбесі;

      12) іріктеме жиынтық (іріктеме) – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының және Қазақстан Республикасының жұмыспен қамту туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау саласында бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын бағаланатын субъектілердің (объектілердің) тізбесі

2-тарау. Реттеуші бақылау субъектілерінің (объектілерінің) және профилактикалық бақылау жүргізу кезінде тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру тәртібі

      3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) талаптарға сәйкестігіне тексеруді жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді басқару мақсаттары үшін бақылау субъектілерін (объектілерін) талаптарға сәйкестігіне тексеру және профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары бірнеше кезеңмен жүзеге асырылатын объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау (Шешімдерді мультиөлшемшартты талдау) арқылы қалыптастырылады.

      Бірінші кезеңде еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері (аумақтық бөлімшелер) объективті өлшемшарттар бойынша бақылау субъектілерін (объектілерін) мынадай тәуекел дәрежелерінің біріне жатқызады:

      1) жоғары тәуекел;

      2) орташа тәуекел;

      3) төмен тәуекел.

      Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдің жоғары және орташа дәрежелеріне жатқызылған бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметі салалары үшін бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

      Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметі салалары үшін жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

      Екінші кезеңде аумақтық бөлімшелер объективті өлшемшарттар бойынша бақылау субъектілерін (объектілерін) мынадай тәуекел дәрежелерінің біріне жатқызады:

      1) жоғары тәуекел;

      2) орташа тәуекел;

      3) төмен тәуекел.

      Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісі (объектісі) мыналарға:

      1) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 71-ден 100-ді қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің жоғары дәрежесіне;

      2) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 31-ден 70-ті қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің орташа дәрежесіне;

      3) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 30-ты қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 05.09.2024 № 359 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 10.09.2024 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      4. Ықтимал тәуекел мен проблеманың маңыздылығына, бұзушылықтың біржолғы немесе жүйелі сипатына, әрбір ақпарат көзі бойынша бұрын қабылданған шешімдерді талдауға байланысты бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын талаптар өрескел, елеулі және болмашы бұзушылық дәрежелеріне сәйкес келеді.

      Бұзушылық дәрежесі (өрескел, елеулі, болмашы) субъективті өлшемшарттар бойынша өрескел, елеулі, болмашы бұзушылықтардың белгіленген айқындауларына сәйкес беріледі.

      5. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау арқылы қалыптастырылады.

      6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың еселігін бақылау органдары жоғары және орташа тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты жылына екі реттен жиі емес айқындайды.

      7. Бақылау субъектісіне барумен профилактикалық бақылау профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізімдері негізінде бақылау субъектісіне барумен жүргізіледі.

      8. Көрсетілген өлшемшарттарды айқындау үшін есеп кезеңі бақылау субъектісіне бара отырып, профилактикалық бақылау жүргізу жылының алдындағы жыл болып табылады.

1-параграф. Объективті өлшемшарттар

      9. Осы Өлшемшарттардың 10, 11 және 12-тармақтарына сәйкес жүргізілген ықтимал тәуекелдерге талдау жүргізілгеннен кейін бақылау субъектілері (объектілері) объективті өлшемшарттар (жоғары, орташа және төмен) бойынша тәуекелдің үш дәрежесі бойынша бөлінеді.

      10. Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдердің жоғары деңгейіне адамның өмірі мен денсаулығына, жеке тұлғалардың заңды мүдделеріне қауіп төндіру мүмкіндігі жоғары мынадай:

      тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу;

      электрмен қамтамасыз ету, газ, бу жіберу және ауаны баптау;

      өңдеу өнеркәсібі;

      құрылыс;

      тасымалдау және сақтау;

      сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлу;

      ақпарат және байланыс;

      ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы сияқты экономикалық қызмет түрінде қызметін жүзеге асыратын бақылау субъектілері жатқызылады.

      Сонымен қатар объективті өлшемшарттар бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Шетелдік жұмыс күші" автоматтандырылған ақпараттың жүйесінің есептілік деректеріне сәйкес 30-дан астам шетелдік жұмыс күшін тартатын бақылау субъектілері тәуекелдердің жоғары деңгейіне жатады.

      11. Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдің орташа дәрежесіне денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, cпорт, әлеуметтік қамсыздандыру, сауда, тұру және тамақтану жөніндегі қызмет көрсетуді жүзеге асыратын бақылау субъектілері жатады.

      12. Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдің төмен дәрежесіне жұмыскерлері еңбек қызметін офистік үй-жайларда жүзеге асыратын өндірістік емес саланың бақылау субъектілері жатады.

2-параграф. Субъективті өлшемшарттар

      13. Субъективті өлшемшарттарды айқындау мынадай кезеңдерді қолдана отырып жүзеге асырылады:

      1) деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау;

      2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау.

      14. Бақылау субъектілерін (объектілерін) анықтау үшін деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау қажет.

      15. Тәуекел дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:

      1) бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері;

      2) бақылау субъектілеріне (объектілеріне) барумен алдыңғы тексерулер мен профилактикалық бақылаудың нәтижелері.

      16. Қолда бар ақпарат көздерінің негізінде аумақтық бөлімшелер талдауға және бағалауға жататын субъективті өлшемшарттар бойынша деректерді қалыптастырады.

      Субъективті өлшемшарттарды талдау және бағалау ең жоғары әлеуетті тәуекелі бар бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізуді және профилактикалық бақылауды шоғырландыруға мүмкіндік береді.

      Бұл ретте талдау және бағалау кезінде нақты бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап қою мерзімі өткен деректер қолданылмайды.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 05.09.2024 № 359 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 10.09.2024 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      17. Алдыңғы жүргізілген бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексерудің қорытындылары бойынша берілген бұзушылықтарды толық көлемде жойған бақылау субъектілеріне қатысты оларды мемлекеттік бақылаудың кезекті кезеңіне кестелер мен тізімдерді қалыптастыру кезінде енгізуге жол берілмейді.

      18. Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығын және осы Өлшемшарттардың 3-тарауында айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу тәртібіне сәйкес субъективті өлшемшарттар көрсеткішінің маңыздылығын негізге ала отырып, субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 100-ге дейінгі осы Өлшемшарттарға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептеледі.

3-параграф. Тәуекелдерді басқару

      19. Бақылау субъектілері (объектілері) ақпараттық жүйені қолдана отырып, бақылау субъектілері қызметінің тиісті салаларындағы жоғары тәуекел дәрежесінен орташа тәуекел дәрежесіне немесе орташа тәуекел дәрежесінен төмен тәуекел дәрежесіне мынадай жағдайларда:

      1) егер мұндай субъектілер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен үшінші тұлғалар алдында азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарттарын жасасcа;

      2) егер Қазақстан Республикасының заңдарында және реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан немесе талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізуден босату жағдайлары айқындалған болса;

      3) егер субъектілер өзін-өзі реттейтін ұйым қызметінің нәтижелерін тану туралы келісім жасалған, "Өзін-өзі реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері болып табылса ауыстырылады.

      20. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылаудан босату мақсатында жеңілдететін индикаторлар ескеріледі.

      Жеңілдететін индикаторға Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес берілетін бақылау субъектісінде жұмыс берушінің қызметі Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес келетінін растайтын сенім сертификатының болуы жатады.

4-параграф. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес ерекшелік пен құпиялылық ескеріле отырып, ақпараттық жүйелерді пайдаланатын тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру ерекшеліктері

      21. Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің нақты дәрежелеріне жатқызатын және бақылау іс-шараларын жүргізу кестелерін немесе тізімдерін қалыптастыратын ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік статистикаға, ведомстволық статистикалық байқаудың қорытындыларына, сондай-ақ ақпараттық құралдарға негізделеді.

      Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесі болмаған кезде оларға қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексеру жүзеге асырылатын бақылау субъектілері (объектілері) санының ең төмен шегі мемлекеттік бақылаудың белгілі бір саласындағы осындай бақылау субъектілерінің жалпы санының бес пайызынан аспауға тиіс.

3-тарау. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін есептеу тәртібі

      22. Осы Өлшемшарттардың 3-тармағына сәйкес бақылау субъектісін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.

      Аумақтық бөлімше осы Өлшемшарттардың 15-тармағына сәйкес көздерден субъективті өлшемшарттар бойынша ақпарат жинайды және деректер базасын қалыптастырады.

      Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (R) есептеу алдыңғы тексерулер мен бақылау (SP) субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша осы Өлшемшарттардың (SC) 18-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттарға сәйкес бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін қорытындылау жолымен, деректер мәндерін 0-ден 100 баллға дейінгі диапозонға қалыпқа келтіре отырып, автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады.

      Rарал = SP + SC, мұнда

      Rарал – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші,

      SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші,

      SC – осы Өлшемшарттардың 18-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші.

      Есептеу мемлекеттік бақылау әрбір саласының бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының әрбір бақылау субъектісі (объектісі) бойынша жүргізіледі. Бұл ретте мемлекеттік бақылау бір саласының бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын, бағаланатын бақылау субъектілерінің (объектілерінің) тізбесі деректерді кейіннен қалыпқа келтіру үшін іріктеу жиынтығын (іріктемені) құрайды.

      Ескерту. 22-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 05.09.2024 № 359 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 10.09.2024 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      23. Алдыңғы тексерулер мен бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша алынған деректер бойынша 0-ден 100-ге дейінгі баллмен бағаланатын бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші қалыптастырылады.

      Осы Өлшемшарттардың 15-тармағында көрсетілген ақпарат көздерінің кез келгені бойынша бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне 100 балл тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты талаптарға сәйкестігіне тексеру немесе бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.

      Өрескел бұзушылықтар анықталмаған кезде бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткішпен есептеледі.

      Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады.

      Аталған көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7, мұнда

      SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SР2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны.

      Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады.

      Аталған көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3, мұнда

      SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны.

      Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:

      SР = SРз + SРн, мұнда

      SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші;

      SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.

      Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.

      24. Осы Өлшемшарттардың 18-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу 0-ден 100 балға дейінгі шәкіл бойынша жүргізіледі және мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:



      хi – субъективті өлшемшарт көрсеткіші,

      wi – субъективті өлшемшарт көрсеткішінің үлес салмағы xi

      n – көрсеткіштер саны.

      Осы Өлшемшарттардың 18-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеуге қосылады.

      25. R көрсеткіші бойынша субъектілер (объектілер) бойынша есептелген мәндер 0-ден 100 балға дейінгі диапазонға қалыпқа келтіріледі. Деректерді қалыпқа келтіру әрбір іріктемелі жиынтық (іріктеме) бойынша мынадай формула әдісін пайдалана отырып жүзеге асырылады:



      R – бақылау жеке субъектісінің (объектісінің) субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (қорытынды),

      Rmax – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең жоғарғы ықтимал мән (шәкілдің жоғарғы шекарасы),

      Rmin – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең төменгі ықтимал мән (шәкілдің төменгі шекарасы),

      Rарал – осы Өлшемшарттардың 22-тармағына сәйкес есептелген субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші.

  Қазақстан Республикасының
еңбек заңнамасын сақтаудағы
тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
1-қосымша

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуына қойылатын талаптардың бұзылу дәрежесі

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 05.09.2024 № 359 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 10.09.2024 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

Р/с №

Еңбек заңнамасын сақтаудағы тәуекелдер өлшемшарттары

Бұзушылық дәрежесі

1

Ауыр немесе адам өлімімен аяқталған еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаның болуы

Өрескел

2

Зардап шеккен адамдардың өндірістік жарақаттарының ауырлық дәрежесіне қарамастан, бір мезгілде екі және одан да көп жұмыскерлер ұшыраған еңбек қызметіне байланысты топтық жазатайым оқиғаның болуы

Өрескел

3

Ауыр және адам өлімімен аяқталған еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді жүргізу сонымен қатар, зардап шеккен адамдардың өндірістік жарақаттарының ауырлық дәрежесіне қарамастан, бір мезгілде екі және одан да көп жұмыскерлер ұшыраған топтық жазатайым оқиғалар

Өрескел

4

Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы аумақтық бөлімшеге хабарлау

Өрескел

5

Жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысын: жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысын; оқу демалысын; жүктілікке және баланың (балалардың) тууына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс; бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс беру

Өрескел

6

Жұмыскердің жекелеген санаттары үшін жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығын, жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығын сақтау

Өрескел

7

Жұмыскерлерге демалу және тамақтану үшін үзіліс беру

Өрескел

8

Ауысымішілік және арнайы үзілістер беру

Өрескел

9

Жалақыны және өзге де төлемдерді толық әрі уақтылы төлеуді қамтамасыз ету, оның ішінде жұмыскердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу

Өрескел

10

Жұмыскерлерді жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз ету

Өрескел

11

Еңбекке уақытша жарамсыздық парағының сондай-ақ, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын төлеуді растайтын құжаттың болуы

Елеулі

12

Жыл сайынғы төленетін еңбек демалысының (жыл сайынғы еңбек демалысы) пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемдері

Елеулі

13

Өндірістік объектілерді және қосалқы бөлімшелерді жұмыс берушінің аттестаттаудан өткізгенін растайтын аттестаттау нәтижесі туралы есептің болуы

Елеулі

14

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша қызметтің немесе маманның болуы

Өрескел

15

Еңбек қауіпсіздігі жағдайларын жасау, сондай-ақ жұмыскерлерді еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарына сәйкес жабдықталған жұмыс орнымен, жабдықтармен, құралдармен, техникалық құжаттамамен және еңбек міндеттерін орындауға қажетті құралдармен қамтамасыз ету

Елеулі

16

Жұмыс орындарында жұмыскерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті техникалық паспорты (сертификаты), ескерту белгілері мен қоршаулары немесе қорғау құрылғылары бар жабдықтың осы түрі үшін белгіленген қауіпсіздік нормаларына сәйкес келетін жұмыс жабдығының болуы

Өрескел

17

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды, нұсқаулық беруді және білімдерін тексеруді жүргізуге арналған құжаттаманың болуы

Елеулі

18

Жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті әлеуметтік сақтандыру, жұмыскерлерді міндетті әлеуметтік сақтандыру шарттарының болуы.
Жұмыс беруші қызметті персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарт шеңберінде жіберуші тарап ретінде жүзеге асырған жағдайда, ол өзі жасасатын персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарттарға сәйкес кәсіптік тәуекел сыныбы қабылдаушы тараптың кәсіптік тәуекел сыныбынан немесе қабылдаушы тараптың ең жоғары кәсіптік тәуекел сыныбынан төмен емес экономикалық қызмет түріне жатқызылуға тиіс.

Елеулі

19

Жұмыс берушінің оңалтудың жеке бағдарламасында көзделген, жұмыс берушінің кінәсінен алынған еңбек жарақатынан, кәсіптік аурудан мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту және кәсіптік оңалту саласындағы міндеттерді сақтауы

Елеулі

20

Жұмыскерден жазбаша түрде түсіндіруді, жұмыскерді жұмыс берушінің қол қою арқылы тәртіптік жаза қолдану туралы актісімен таныстыруды талап етуді көздейтін тәртіптік жазаларды қолдану тәртібін сақтау

Елеулі

21

Ұжымдық шарттың, әлеуметтік әріптестік келісімдердің талаптарын орындау

Елеулі

22

Жұмыскерлерге қатысты еңбек шартының болуы

Өрескел

23

Балалардың еңбегін пайдалануға қойылған тыйымды сақтау

Елеулі

24

Еңбекақы төлеу және еңбек жағдайлары бөлігінде, оның ішінде персонал беру жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған шарт жасасу кезінде жіберуші тараптың қызметкерлеріне қатысты еңбек саласындағы кемсітушілік

Өрескел

25

Жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі келісу комиссиясын құру туралы жұмыс берушінің актісінің болуы, сондай-ақ келісу комиссиясының жеке еңбек дауын белгіленген мерзімдерде қарауы

Елеулі

26

Айлық жалақының ең төменгі мөлшерін жүзеге асыру бойынша кепілдіктерді сақтау

Елеулі

27

Ерекше жұмыс режимі мен еңбек жағдайларына, жұмысынан айырылуына, жұмыскердің еңбек, мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін атқаруына байланысты шығындарды өтеуіне байланысты өтемақы төлемдерін жүзеге асыру

Елеулі

28

Жұмыскерлерді немесе еңбек қатынастарында тұрмайтын өзге де адамдарды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға байланысты өтемақы төлемдерін жүзеге асыру

Елеулі

29

Жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды беру (еңбек кітапшасы, еңбек шарты, Жұмыс берушінің актілерінен үзінді көшірмелер, жұмыскерлерге жалақы беру ведомосінен үзінді көшірмелер, қызметтік тізім, дуальды оқыту туралы шарт)

Болмашы

30

Мамандық (біліктілік, лауазым), жұмыс уақыты және жалақы мөлшері көрсетілген анықтама жүгінген сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде қызметкердің (оның ішінде бұрынғы қызметкердің) талабы бойынша қызметкердің біліктілігі және оның жұмысқа қатынасы туралы мәліметтерді қамтитын мінездеме-ұсыным беру

Болмашы

31

Жұмыс беруші-заңды тұлға таратылған, банкроттыққа ұшыраған, жұмыс беруші-жеке тұлға қызметі тоқтатылған кезде қызметкер алдында берешек болған кезде тиісті түрде ресімделген жалақы және өзге де төлемдер бойынша пайда болған берешектің мөлшері туралы анықтама беру

Болмашы

32

Мүгедектігі бар адамдар, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін белгіленген жұмыс орындарының квотасын орындау

Болмашы

33

Жұмыс беруші-жеке тұлға қызметінің тоқтатылуына не жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына, санының немесе штатының қысқаруына, жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндірістер мен орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуіне байланысты қызметкерлердің алдағы босатылуы туралы халықты жұмыспен қамту орталығына ақпарат ұсыну

Болмашы

34

Жұмыспен қамту орталығына еңбек жағдайлары мен ақы төлеуді көрсете отырып, олар пайда болған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бос жұмыс орындарының болуы туралы мәліметтерді жолдау

Болмашы

35

Халықты жұмыспен қамту орталығына жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы уақтылы хабарлау

Болмашы

36

Жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз тартуы немесе халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган берген өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтамалары немесе еңбекші көшіп келушіге ішкі істер органдары беретін рұқсаттары жоқ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың еңбегін пайдалануы, сонымен қатар жұмыс берушiнiң шетелдiк жұмыскердi жергiлiктi атқарушы органның шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсатында көрсетiлген лауазымға (кәсiпке немесе мамандыққа) сәйкес келмейтiн лауазымға (кәсiпке немесе мамандыққа) тартуы.
Жұмыс беруші рұқсаттар бойынша тартатын шетелдік жұмыс күшінің саны еңбек қызметін персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарт шеңберінде жүзеге асыратын жіберуші тараптың жұмыскерлері ескеріле отырып, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын қазақстандық кадрлар санының пайыздық арақатынасына сәйкес келуге тиіс.

Өрескел

37

Жұмыс беруші жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, ауыстыру, төлеу, шектету, жүргізілген ұсталымдар, демалыстар беру, қосымша төлемдерін белгілеу және кепілдіктер бөлігінде тиісті түрде қабылдаған актілердің сәйкес келуі

Болмашы

38

Жұмыс берушінің қызметкермен еңбек шартын жасасу және тоқтату, қызметкер мен жұмыс берушінің деректемелері бөлігінде мәліметтерді қамтитын оған енгізілетін өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты, белгілі бір мамандық, кәсіп, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысты (еңбек функциясын), жұмыстың орындалатын орнын, еңбек шартының мерзімін, жұмыстың басталу күнін, еңбек шартының жасалған күні мен реттік нөмірін еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізу

Елеулі

39

Өндірістік кәсіпорындарда еңбекті қорғауды басқару жүйесін енгізу және оның жұмыс істеуіне бақылау жүргізу

Өрескел

40

Мәжбүрлі еңбекті пайдалануға тыйымды сақтау

Өрескел

41

Өндірістік объектілерді еңбек жағдайларына байланысты аттестаттау бойынша есептерден мынадай көрсеткіштерге сәйкессіздікті анықтау:
1) өндірістік орта факторларының зияндығы мен қауіптілігі; 2) жеке қорғаныс құралдарын беру нормасына сәйкес қамтамасыз ету;
3) жарақаттану қауіпсіздігі;
4) еңбек процесінің ауырлығы;
5) еңбек процесінің шиеленісі;

Өрескел

  Қазақстан Республикасының
еңбек заңнамасын сақтаудағы
тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
2-қосымша

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары бойынша тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесі

Р/с №

Субъективті өлшемшарттар көрсеткіші

Субъективті өлшемшарт көрсеткіші бойынша ақпарат көзі

Маңыздылығы бойынша үлес салмағы, балл (барлығы 100 баллға дейін болуға тиіс), wi

Шарттар / мәндер, xi

1-шарты / мәні

2-шарты / мәні

1

2

3

4

5

6

Бару арқылы профилактикалық бақылау үшін

1.

Жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті әлеуметтік сақтандыру, жұмыскерлерді міндетті әлеуметтік сақтандыру шарттарының болуы.
Жұмыс беруші қызметті персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарт шеңберінде жіберуші тарап ретінде жүзеге асырған жағдайда, ол өзі жасасатын персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарттарға сәйкес кәсіптік тәуекел сыныбы қабылдаушы тараптың кәсіптік тәуекел сыныбынан немесе қабылдаушы тараптың ең жоғары кәсіптік тәуекел сыныбынан төмен емес экономикалық қызмет түріне жатқызылуға тиіс.

Бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері

50

Болуы

Болмауы

0%

100%

2.

Жұмыс берушінің қызметкермен еңбек шартын жасасу және тоқтату, қызметкер мен жұмыс берушінің деректемелері бөлігінде мәліметтерді қамтитын оған енгізілетін өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты, белгілі бір мамандық, кәсіп, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысты (еңбек функциясын), жұмыстың орындалатын орнын, еңбек шартының мерзімін, жұмыстың басталу күнін, еңбек шартының жасалған күні мен реттік нөмірін еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізу

Бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері

50

Болуы

Болмауы

0%

100%

      Шаблонды толтыру бойынша нұсқаулық:

      1) субъективті өлшемшарттардың көрсеткіштері мемлекеттік бақылаудың әрбір саласындағы бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті топтары үшін айқындалады.

      2) 2-бағанда субъективті өлшемшарт көрсеткіші көрсетіледі.

      3) 3-бағанда ақпараттың басым көздері көрсетіледі.

      4) 4-бағанда балдардағы субъективті өлшемшарт көрсеткішінің маңыздылығы бойынша үлес салмағы көрсетіледі. Осы баған бойынша барлық жолдардың қосындысы 100 баллға дейін болуға тиіс.

      5) 5-бағанда субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін есептеуде субъективті өлшемшарт көрсеткішін есепке алу шарттары және әрбір шартқа сәйкес келетін субъективті өлшемшарттар көрсеткіштерінің сандық мәндері көрсетіледі. Сандық мәндер тәуекелдің жоғарылауына байланысты 0-ден 100-ге дейінгі пайызбен көрсетіледі. Субъективті өлшемшарттар көрсеткіштерінің жол берілетін мәндері Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен регламенттелуге тиіс.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1022 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 801 бірлескен бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.12.2022 № 492 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 12.12.2022 № 123 (01.01.2023 қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 05.09.2024 № 359 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 10.09.2024 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрықтарымен.

      Жеке тұлғаларға, заңды тұлғаларға, оның ішінде мемлекеттік органдарға, заңды

      тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне қатысты

      _________________________________________________________________

      Бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы

      Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының және Қазақстан Республикасының

      халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының сақталуын тексеру парағы

      ___________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісі) бару арқылы тексеруді/профилактикалық

      бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган _____________________________

      ___________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне бару арқылы тексеру/профилактикалық бақылау тағайындау

      туралы акт __________________________________________________________

      ____________________________________________________________ №, күні

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы _______________________________

      ____________________________________________________________________

      (Бақылау субъектісінің жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес сәйкестендіру

      нөмірі_______________________________________________________________

      Орналасқан мекенжайы________________________________________________


Р/с №

Талаптардың тізбесі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

 
1

Арнайы тергеуге жататын жағдайларды қоспағанда, жазатайым оқиғаларға тергеп-тексеру жүргізу



 
2

Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы аумақтық бөлімшеге хабарлау



 
3

Жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысын: жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысын; оқу демалысын; жүктілікке және баланың (балалардың) тууына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс; бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс беру



 
4

Жұмыскерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығын, жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығын сақтау



 
5

Жұмыскерлерге демалу және тамақтану үшін үзіліс беру



 
6

Ауысымішілік және арнайы үзілістер беру



 
7

Жалақыны және өзге де төлемдерді толық әрі уақтылы төлеуді қамтамасыз ету, оның ішінде жұмыскердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу



 
8

Жұмыскерлері еңбек қызметін офистік үй жайларда жүзеге асыратын өндірістік емес саладағы ұйымдарды қоспағанда, жұмыскерлерді жеке және ұжымдық қорғау құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз ету



 
9

Еңбекке уақытша жарамсыздық парағының, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағының төленгенін растайтын құжаттың болуы



 
10

Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының (жыл сайынғы еңбек демалысының) пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемдері



 
11

Жұмыскерлері еңбек қызметін офистік үй жайларда жүзеге асыратын өндірістік емес сала ұйымдарын қоспағанда, жұмыс берушінің өндірістік объектілерді және қосалқы бөлімшелерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан өткізгенін растайтын аттестаттау нәтижелері туралы есептің болуы



 
12

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша қызметтің немесе маманның болуы



 
13

Жұмыскерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес жабдықталған жұмыс орнымен, Еңбек міндеттерін орындау үшін қажетті жабдықтармен, құралдармен, техникалық құжаттамамен қамтамасыз ету



 
14

Жұмыс орындарында жұмыскерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті техникалық паспорты (сертификаты), ескерту белгілері мен қоршаулары немесе қорғау құрылғылары бар жабдықтың осы түрі үшін белгіленген қауіпсіздік нормаларына сәйкес келетін жұмыс жабдығының болуы



 
15

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды, нұсқаулық беруді және білімдерін тексеруді жүргізуге арналған құжаттаманың болуы



 
16

Жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті әлеуметтік сақтандыру, жұмыскерлерді міндетті әлеуметтік сақтандыру шарттарының болуы.
Жұмыс беруші қызметті персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарт шеңберінде жіберуші тарап ретінде жүзеге асырған жағдайда, ол өзі жасасатын персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарттарға сәйкес кәсіптік тәуекел сыныбы қабылдаушы тараптың кәсіптік тәуекел сыныбынан немесе қабылдаушы тараптың ең жоғары кәсіптік тәуекел сыныбынан төмен емес экономикалық қызмет түріне жатқызылуға тиіс



 
17

Жұмыс берушінің оңалтудың жеке бағдарламасында көзделген, жұмыс берушінің кінәсінен алынған еңбек жарақатынан, кәсіптік аурудан мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту және кәсіптік оңалту саласындағы міндеттерді сақтауы



18

Жұмыскерден жазбаша түрде түсіндіруді, жұмыскерді жұмыс берушінің қол қою арқылы тәртіптік жаза қолдану туралы актісімен таныстыруды талап етуді көздейтін тәртіптік жазаларды қолдану тәртібін сақтау



 
19

Ұжымдық шарттың, әлеуметтік әріптестік келісімдерінің талаптарын орындау



20

Жұмыскерлерге қатысты еңбек шартының болуы



21

Балалардың еңбегін пайдалануға қойылған тыйымды сақтау



 
22

Жұмыскерлерге тең еңбек үшін тең ақы төлеуді, сондай-ақ қандай да бір кемсітусіз, оның ішінде персоналды ұсыну бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасасу кезінде жіберуші Тараптың қызметкерлеріне қатысты тең өндірістік-тұрмыстық жағдайларды қамтамасыз ету



 
23

Жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі келісу комиссиясын құру туралы жұмыс берушінің актісінің болуы, сондай-ақ келісу комиссиясының жеке еңбек дауын белгіленген мерзімдерде қарауы



 
24

Айлық жалақының ең төменгі мөлшерін жүзеге асыру бойынша кепілдіктерді сақтау



25

Ерекше жұмыс режимі мен еңбек жағдайларына, жұмысынан айырылуына, жұмыскердің еңбек, мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін атқаруына байланысты шығындарды өтеуіне байланысты өтемақы төлемдерін жүзеге асыру



26

Жұмыскерлерді немесе еңбек қатынастарында тұрмайтын өзге де адамдарды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға байланысты өтемақы төлемдерін жүзеге асыру



 
27

Жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды беру (еңбек кітапшасы, еңбек шарты, Жұмыс берушінің актілерінен үзінді көшірмелер, жұмыскерлерге жалақы беру ведомосінен үзінді көшірмелер, қызметтік тізім, дуальды оқыту туралы шарт)



 
28

Мамандық (біліктілік, лауазым), жұмыс уақыты және жалақы мөлшері көрсетілген анықтама жүгінген сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде қызметкердің (оның ішінде бұрынғы жұмыскердің) талабы бойынша қызметкердің біліктілігі және оның жұмысқа қатынасы туралы мәліметтерді қамтитын мінездеме-ұсыным беру



 
29

Жұмыс беруші-заңды тұлға таратылған, банкроттыққа ұшыраған, жұмыс беруші-жеке тұлға қызметі тоқтатылған кезде қызметкер алдында берешек болған кезде тиісті түрде ресімделген жалақы және өзге де төлемдер бойынша пайда болған берешектің мөлшері туралы анықтама беру



 
30

Мүгедектігі бар адамдар, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін белгіленген жұмыс орындарының квотасын орындау



 
31

Жұмыс беруші-жеке тұлға қызметінің тоқтатылуына не жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына, санының немесе штатының қысқаруына, жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндірістер мен орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуіне байланысты қызметкерлердің алдағы босатылуы туралы халықты жұмыспен қамту орталығына ақпарат ұсыну



 
32

Жұмыспен қамту орталығына еңбек жағдайлары мен ақы төлеуді көрсете отырып олар пайда болған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бос жұмыс орындарының болуы туралы мәліметтерді жолдау



 
33

Халықты жұмыспен қамту орталығына жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы уақтылы хабарлау



 
34

Жұмыс берушінің жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз шетелдік жұмыс күшін тартуы немесе халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган берген өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтамасы немесе ішкі істер органдары беретін еңбекші көшіп келушіге рұқсаты жоқ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың еңбегін пайдалануы, сондай-ақ жұмыс берушінің шетелдік жұмыскерді лауазымға (кәсіпке немесе мамандыққа)тартуы лауазымына (кәсібіне немесе мамандығына)сәйкес келмейтін, жергілікті атқарушы органның шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатында көрсетілген.
Рұқсаттар бойынша жұмыс беруші тартатын шетелдік жұмыс күшінің саны жіберуші Тараптың персоналды ұсыну жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған шарт шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыратын қызметкерлерін ескере отырып, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын қазақстандық кадрлар санына пайыздық арақатынасқа сәйкес келуге тиіс.



 
35

Жұмыс беруші жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, демалыстар беру, қосымша төлемдер, өтемақы төлемдері мен кепілдіктер, беру, төлеу, тоқтата тұру, ұстап қалу, ұстап қалу бөлігінде еңбек қатынастарына қатысты қабылдаған актілердің болуы



 
36

Жұмыс берушінің қызметкермен еңбек шартын жасасу және тоқтату, қызметкер мен жұмыс берушінің деректемелері бөлігінде мәліметтерді қамтитын оған енгізілетін өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты, белгілі бір мамандық, кәсіп, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысты (еңбек функциясын), жұмыстың орындалатын орнын, еңбек шартының мерзімін, жұмыстың басталу күнін, еңбек шартының жасалған күні мен реттік нөмірін еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізу



 
37

Өндірістік емес саладағы ұйымдарды (денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, әлеуметтік қамсыздандыру, сауда, тұру және тамақтану жөніндегі қызметтер), оның ішінде жұмыскерлері офистік үй жайларда еңбек қызметін жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, еңбекті қорғауды басқару жүйесін енгізу және оның жұмыс істеуіне бақылауды жүзеге асыру



 
38

Жұмыскерлері еңбек қызметін офистік үй жайларында жүзеге асыратын өндірістік емес саладағы ұйымдарды қоспағанда, мәжбүрлі еңбекті пайдалануға тыйым салуды сақтау



      Лауазымды адам (адамдар) _____________________________________________

      (лауазымы, қолы)

      _____________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Бақылау субъектісінің басшысы __________________ ____________

      (лауазымы, қолы)

      ___________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
  Денсаулық сақтау және
  әлеуметтік даму министрінің
  2015 жылғы 25 желтоқсандағы
  № 1022 және
  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық экономика министрінің
  2015 жылғы 28 желтоқсандағы
  № 801 бірлескен бұйрығына
  3-қосымша

Өндірістік емес саладағы (денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, әлеуметтік қамсыздандыру, сауда, тұру және тамақтану бойынша қызметтер) ұйымдарға қатысты Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын тексеру парағы

      Ескерту. 3-қосымша алып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.12.2022 № 492 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 12.12.2022 № 123 (01.01.2023 қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1022 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 801 бірлескен бұйрығына
4-қосымша

Жұмыскерлері еңбек қызметін кеңсе үй-жайларында жүзеге асыратын өндірістік емес саладағы ұйымдарға қатысты Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын тексеру парағы

      Ескерту. 4-қосымша алып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.12.2022 № 492 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 12.12.2022 № 123 (01.01.2023 қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады