Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 9 қазандағы № 553 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 22 қарашада № 17765 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 197 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 12.05.2020 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5 бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Н.Ж. Оспанова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау үшін және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң Эталондық бақылау банкiне енгізу үшін жолдауды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін ресми жариялау үшін мерзімді баспа басылымдарына жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 9 қазандағы
№ 553 бұйрығына қосымша

Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-тармақшасына сәйкес әзірленді және орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) оқуға қабылдау тәртібін белгілейді.

      2. Білім беру ұйымдарына жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі, жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар, сондай-ақ білім туралы құжатымен (куәлік, аттестат) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғалар қабылданады.

      3. Білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде Заңның 26-бабының 8-тармағымен анықталған тұлғаларды қабылдауға квота көзделеді.

2-тарау. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі

      4. Білім беру ұйымдарында тұлғалардың оқуға өтініштерін қабылдау, түсу емтихандарын өткізу мерзімінде және білім алушылар құрамына қабылдау үшін білім беру ұйымдарының басшыларының бұйрығымен күнтізбелік жылғы 1 маусымнан кешіктірмей қабылдау комиссиясы құрылады (бұдан әрі - Комиссия), ол комиссия басшысын қоса алғанда ол тақ саннан тұрады. Комиссия құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жұмыс берушілердің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді.

      Комиссияның шешімі егерде отырыста оның құрамының үштен екі бөлігі қатысқан жағдайда заңды болып табылады. Комиссияның шешімі емтиханға қатысушылардың санынан көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда Комиссия басшысының шешімі негізгі шешім болып табылады. Хатшы Комиссияның мүшесі болып табылмайды.

      5. Білім беру ұйымдарының Комиссияларының өңірлерге барып тұлғаларды оқуға қабылдау жұмысын ұйымдастыру мәселелері тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша шешіледі.

      6. Білім беру ұйымдарында оқуға тұлғалардың өтініштерін қабылдау оқудың күндізгі нысанына күнтізбелік жылғы 20 маусым мен 25 тамыз аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына күнтізбелік жылғы 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады. Оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары күнтізбелік жылғы 1 және 27 тамыз аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына күнтізбелік жылғы 1 тамыз бен 25 қыркүйек аралығында өткізіледі.

      7. Оқуға түсушілер білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау туралы өтінішіне білімі туралы құжаттың төлнұсқасын, флюрография суретін қоса бере отырып, "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 6697 нөмірімен тіркелген) № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы ("Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бектілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 10589 нөмірімен тіркелген) I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысын), 3x4 көлеміндегі 4 фотосуретін қоса береді.

      Оқуға түсетін құжатты оқуға түсушінің жеке өзі немесе оның заңды өкілдері ұсынады.

      Оқуға түсушілерден түскен өтініштер білім беру ұйымының тіркеу журналдарына оқытудың нысандары бойынша тіркеледі.

      Білім беру ұйымдарына қабылдау квотасы қарастырылған оқуға түсушілер сол санатты растайтын құжаттарды ұсынады.

      8. Білім беру ұйымына ерекше білім беру қажеттілігі бар тұлғаларды қабылдау таңдалған мамандық бойынша оқуға қарсы көрсетілімдерінің жоқтығы туралы педагогокалық-медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысын ескере отырып, заңды өкілдердің біреуінің өтінішінің негізінде жүзеге асырылады.

      9. Оқуға түсушілер үшін түсу емтихандары:

      1) жалпы орта білімі бар оқуға түсушілер үшін үш пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән) өткізіледі;

      2) мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар оқуға түсушілер үшін мамандық бейіні бойынша пәннен өткізіледі;

      Түсу емтихандарын тапсыру нысанын білім беру ұйымдары белгілейді.

      Орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтарының бейіні бойынша жалпы білім беру пәндерінің тізбесі Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес белгіленеді.

      10. Педагогикалық мамандықтар, арнаулы немесе шығармашылық дайындықты қажет ететін мамандықтар бойынша білім беру ұйымдарына оқуға түсетін тұлғалар білім беру ұйымдары өткізетін арнаулы немесе шығармашылық емтихандар тапсырады.

      Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан өткізу нысаны Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес белгіленеді.

      11. Білім беру ұйымдарына түсу емтихандары түсушілердің өтінішіне сәйкес қазақ немесе орыс тілдерінде өткізіледі.

      12. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның кестесін (емтиханды өткізу түрі, күні, уақыты мен орны, консультациялар) Комиссия төрағасымен бекітіледі және оқуға түсушілердің назарына құжат қабылдау басталғанға дейін кешіктірілмей жеткізіледі.

      13. Оқуға түсушіні арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан өткізілетін аудиторияға кіргізу жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде рұқсат етіледі.

      14. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан басталғанға дейін оқуға түсушілерге емтихан материалдары беріледі және титулдық парақтарды ресімдеу тәртібі түсіндіріледі, сондай-ақ арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның басталу және аяқталу уақыты, нәтижелерді жариялаудың уақыты мен орны және апелляцияға өтініштер беру рәсімі көрсетіледі.

      15. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның өткізу қорытындылары – бағалау ведомостарымен ресімделеді.

      Арнаулы емтихан "өтті" немесе "өтпеді" деген нысанда бағаланады.

      16. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның нәтижелері емтихан өткізілетін күні жарияланады.

      17. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның нәтижелері бойынша оқуға түсушіге білім беру ұйымына ұсыну үшін бағалау ведомостінен үзінді беріледі.

      18. Түсу емтихандарын өткізу кезінде:

      1) тестілеу нысанында әрбір пән бойынша тестілеу тапсырмаларының (сұрақтарының) саны – 25; әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 балмен бағаланады; үш пән бойынша тестілеуге – 2 сағат 15 минут, ал екі пән бойынша – 1 сағат 30 минут беріледі; дұрыс жауаптар коды тестілеу аяқталғаннан кейін дереу ілінеді; тестілеу нәтижелері ол өткізілген күні хабарланады;

      2) пәндер бойынша емтихандар нысанында түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған "3", "4", "5" бағаларын Комиссия мынадай шәкіл бойынша: "3" – 8 балға, "4" – 17 балға, "5" – 25 балға алмастырады.

      19. Білім беру ұйымында бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және түсу емтихандар нәтижелерін бағалау кезіндегі даулы мәселелерді шешу, оқуға түсушілердің құқығын қорғау мақсатында білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен апелляциялық комиссия (бұдан әрі - апелляциялық комиссия) құрылады, ол төрағасын қосқанда апелляциялық комиссия мүшелерінің тақ санынан тұрады. Хатшы апелляциялық комиссияның мүшесі болып табылмайды.

      20. Түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген тұлға апелляцияға шағым беруіне болады.

      Апелляцияға өтініш апелляциялық комиссияға түсу емтихандарының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін беріледі және апелляциялық комиссиямен өтініш оны берушісінің қатысуымен бір жұмыс күні ішінде өтініш берген күннен бастап қаралады.

      21. Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа қатысушылардың көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және барлық қатысушы апелляциялық комиссия мүшелерінің қолдары қойылған хаттамамен ресімделеді.

      22. Түсу емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

      23. Білім беру ұйымдарына оқу үшін тұлғаларды қабылдау олардың өтініштері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.

      24. Конкурс түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған балдар (бағалар) негізінде өткізіледі.

      25. Білім беру ұйымдарына қабылдау:

      1) оқудың күндізгі нысанына күнтізбелік жылғы 25 тамыз бен 31 тамыз аралығында;

      2) оқудың кешкі және сырттай нысанына күнтізбелік жылғы 15 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады.

      26. Білім беру ұйымдарына Комиссияның ашық отырыстарында мамандықтар, оқыту тілі бойынша жүргізіледі.

      27. Комиссиялар қабылдау нәтижесі туралы ақпаратты оқудың күндізгі нысаны бойынша күнтізбелік жылғы 31 тамызға дейін, сырттай және кешкі оқу нысаны бойынша күнтізбелік жылғы 30 қыркүйекке дейін ақпараттық стендтерге немесе білім беру ұйымының интернет ресурстарына жариялау арқылы оқуға түсушілердің назарына жеткізеді.

  Орта білімнен кейінгі білімнің
  білім беру бағдарламаларын іске
асыратын білім беру
ұйымдарына оқуға қабылдаудың
үлгі қағидаларына
1-қосымша

Орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтарының бейіні бойынша жалпы білім беру пәндерінің тізбесі

Орта білімнен кейінгі білім беру мамандығының коды

Мамандықтың атауы

Жалпы орта білім негізінде бейінді пән атауы

0100000 – Білім беру

0103000

Дене тәрбиесі және спорт

1 шығармашылық емтихан

0104000

Кәсіптік білім беру (салалар бойынша)

Математика

0105000

Бастауыш білім беру*

Математика

0108000

Музыкалық білім беру

1 шығармашылық емтихан

0110000

Білім ұйымдарындағы лаборант

Биология

0200000 – Құқық

0201000

Құқықтану

Дүниежүзі тарихы

0202000

Құқық қорғау қызметі

Дүниежүзі тарихы

0203000

Патенттеу

Дүниежүзі тарихы

0300000 – Медицина, фармацевтика

0301000

Емдеу ісі

Биология

0302000

Медбикелік іс

Биология

0303000

Гигиена және эпидемиология

Биология

0304000

Стоматология

Биология

0305000

Зертханалық диагностика

Биология

0306000

Фармация

Химия

0307000

Ортопедиялық стоматология

Биология

0308000

Медициналық оптика

Биология

0500000 – Қызмет көрсету, экономика және басқару

0501000

Әлеуметтік жұмыс

Дүниежүзі тарихы

0507000

Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсетуді ұйымдастыру

Математика

0512000

Аудармашы ісі (түрлері бойынша)

Шетел тілі

0513000

Маркетинг (салалар бойынша)

Математика

0514000

Бағалау

Математика

0515000

Менеджмент (қолданылу салалары және аясы бойынша)

Математика

0516000

Қаржы (салалар бойынша)

Математика

0517013

Статистика

Математика

0518000

Есеп және аудит (салалар бойынша)

Математика

0519000

Экономика (салалар бойынша)

Математика

1300000 – Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технология Электрондық техника

1305000

Ақпараттық жүйелер (қолданылу саласы бойынша)

Математика

1500000 – Ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология

1513000

Ветеринария

Биология

      Ескертпе*: бейіндік пәннің атауын білім беру ұйымы берілетін мамандық бойынша біліктілігіне байланысты айқындайды.

  Орта білімнен кейінгі білімнің
білім беру бағдарламаларын іске
асыратын білім беру
ұйымдарына оқуға қабылдаудың
үлгі қағидаларына
2-қосымша

Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандарды өткізу нысаны

ҚР кәсіптік білім мамандық тарының коды

Мамандықтың атауы

Орта (жалпы орта) білім базасында

0100000 – Білім беру

0103000

Дене тәрбиесі және спорт

Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу. Мамандандыру бойыншанормативтерді тапсыру

0104000

Кәсіптік білім беру (салалар бойынша)

Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу.

0105000

Бастауыш білім беру

Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу.

0108000

Музыкалық білім беру

Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу. Музыкалық шығарманы орындау

0110000

Білім ұйымдарындағы лаборант

Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайды шешу.

0300000 – Медицина, фармацевтика *

0302000

Медбикелік іс

Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін психометриялық тест/эссе

      * басқа медициналық мамандықтар бойынша арнаулы емтихан тапсыру қажет етілмейді

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады