Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 14.04.2021 № 40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингісін жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 11 сәуірдегі № 149 бұйрығына (2018 жылғы 20 сәуірде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16787 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 27 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингісін жүргізу жөніндегі әдістемеде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) мен "Экономикалық зерттеулер институты" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Институт) арасында жасалған шарт негізінде Қазақстан Республикасының өңірлерінде рейтинг жүргізу бойынша зерттеу жүргізіледі, ол мынадай 2 кезеңді қамтиды:
1) Қазақстан Республикасы өңірлеріндегі рейтинг әдіснамасының имплементациясы, бұл ретте:
осы Әдістемеге 1-қосымшада көрсетілген облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар респонденттерінің іріктемесіне сәйкес өңірлерде кәсіпкерлерге пікіртерім жүргізу арқылы далалық зерттеу жүргізу;
Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 590 Жарлығымен бекітілген Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің нәтижелері бойынша арнайы сыйлық беру қағидаларына сәйкес осы Әдістемеде пайдаланылатын статистикалық деректерді жинақтау жүргізіледі.
2) пікіртерімдік және статистикалық деректердің нәтижелері бойынша облыстарды, Астана, Алматы және Шымкент қалаларын және жеке аудандар мен облыстың маңызы бар қалаларды бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша саралау (рейтингіні дайындау) рейтингісі бойынша қорытынды шығарылады.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Рейтинг екі деңгейге бөлінеді:
облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларын салыстыру;
аудандар мен облыстық маңызы бар қалаларды (облыстардың әкімшілік орталықтарын қоса алғанда) салыстыру.";
10-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес облыстар және Астана, Алматы және Шымкент қалалары, аудандар мен облыстық маңызы бар қалаларға арналған статистикалық көрсеткіштерді таратып жазу бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сұрау салулар жіберу арқылы алынған статистикалық деректер ақпарат көздері болып табылады.";
12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар үшін пайдаланылатын статистикалық деректер:
1) ШОК-тан түсетін салық аударымдары көлемінің базалық 2015 жылға қарағандағы өсу индексі;
2) есепті кезеңдегі жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілері санының өткен жылмен салыстырғандағы пайыздық өсу қарқыны;
3) 100 жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілеріне келетін тексерулер саны;
4) 100 ШОК-қа келетін ШОК-тың мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқаруға, қоғамдық бірлестіктерге, ұйымдарға, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілерге талап-арыздары бойынша жеңіп шыққан сот істерінің саны.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалалары үшін қорытынды рейтингілік балды есептеу облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларының статистикалық деректерінің және облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары, аудандар, облыстық маңызы бар қалалардың пікіртерім деректерінің негізінде қалыптастырылады.
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар үшін қорытынды рейтингілік балды есептеу аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың статистикалық деректері және аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың пікіртерім деректерінің негізінде қалыптастырылады.".
Осы Әдістемеге 1-қосымшада тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар респонденттерінің іріктемесі";
Осы Әдістемеге 3-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы |
Е. Дәленов |
Облыстар және Астана, Алматы және Шымкент қалаларына арналған статистикалық көрсеткіштерді таратып жазу
№ | Облыстар және Астана, Алматы және Шымкент қалаларына арналған статистикалық көрсеткіштер | Дереккөздер | Ескертпе |
1. | шағын және орта кәсіпкерлік (бұдан әрі – ШОК) субъектілерінен түсетін салық аударымдары көлемінің базалық жылға (2015) қарағандағы өсу индексі | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – ҚР Қаржымині МКК) | |
2. | есепті жылдағы шағын, орта кәсіпорындардың негізгі капиталға салатын инвестицияларының өткен жылмен салыстырғандағы пайыздық өсу қарқыны | ҚР ҰЭМ Статистика комитеті (бұдан әрі – ҚР ҰЭМ СК) | |
3. | есепті кезеңдегі шикізаттық емес сектор кәсіпорындарының негізгі капиталға салатын сыртқы инвестицияларының өткен жылмен салыстырғандағы пайыздық өсу қарқыны | ҚР ҰЭМ СК | |
4. | ШОК субъектілерін қолдауға жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражат көлемінің өсу қарқыны | Жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – ЖАО) | Бұл көрсеткіште ШОК-ты жергілікті бюджет есебінен қолдаудың жергілікті бағдарламалары шеңберінде кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау қарастырылады. |
5. | есепті кезеңдегі жұмыс істеп тұрған ШОК-та жұмыспен қамтылғандар санының өткен жылмен салыстырғандағы пайыздық өсу қарқыны | ҚР ҰЭМ СК | |
6. | есепті кезеңдегі ШОК субъектілерінің өнім шығару көлемінің нақты мәнінің өткен жылмен салыстырғандағы пайыздық өсу қарқыны | ҚР ҰЭМ СК | |
7. | есепті кезеңдегі жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілері санының өткен жылмен салыстырғандағы пайыздық өсу қарқыны | ҚР ҰЭМ СК | |
8. | заңды тұлғалар үшін мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер үлесінің өсу қарқыны | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы | Бұл көрсеткіште ЖАО заңды тұлғаларға ұсынатын қызметтері қарастырылады. |
9. | жұмыс істеп тұрған 1000 ШОК субъектісіне келетін тексерулер санының өсу қарқыны | Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы (бұдан әрі – ҚР БП) | Бұл көрсеткіште ШОК субъектілеріне қатысты тексерулер тағайындау туралы ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – ҚР БП ҚСжАЕК) тіркелген актілер қарастырылады |
10. | ШОК-тың мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқаруға, қоғамдық бірлестіктерге, ұйымдарға, лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік қызметшілерге талап-арыздары бойынша 1000 ШОК-қа келетін жеңіп шыққан сот істері санының өсу қарқыны | Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты (бұдан әрі – ҚР ЖС) |
Бұл көрсеткіш шеңберінде келесі істер қаралады: |
11. | ШОК өндірісі көлеміне келетін республикалық бюджеттің есебінен ШОК-ты мемлекеттік қолдау көлемінің өсу қарқыны | "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "Даму" КДҚ АҚ), ЖАО | Бұл көрсеткіште Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасы) шеңберіндегі мемлекеттік қолдау, "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының (бұдан әрі – БЖК-2020), "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының жалпы сипаттағы трансферттері, сондай-ақ инфрақұрылымдық жобаларды қолдау және республикалық бюджет есебінен "Kazakh Export" және "Kazakh Invest" акционерлік қоғамдары арқылы ШОК субъектілері алатын мемлекеттік қолдау қарастырылады. |
12. | 1000 ШОК-қа келетін мемлекеттік көмек алған жобалар санының (гранттар, кепілдіктер, кредиттер, субсидиялар, инфрақұрылым шығындары) өсу қарқыны | "Даму" КДҚ АҚ, ЖАО | БЖК-2020, АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 арналған бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қолдау алған кәсіпкерлер саны, сондай-ақ инфрақұрылымдық жобаларды қолдау және республикалық бюджет есебінен "Kazakh Export" және "Kazakh Invest" акционерлік қоғамдары арқылы ШОК субъектілері алатын мемлекеттік қолдау қарастырылады. |
13. | техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының (педагогикалық білім беруді қоспағанда) түлектері санының өсу қарқыны | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, ЖАО |
Аудандарға мен облыстық маңызы бар қалаларға арналған статистикалық көрсеткіштерді таратып жазу
№ | Аудандар мен облыстық маңызы бар қалаларға арналған статистикалық деректер | Дереккөздер | Ескертпе |
1. | ШОК субъектілерінен түсетін салық аударымдары көлемінің базалық жылға (2015) қарағандағы өсу индексі | ҚР Қаржымині МКК | |
2. | есепті кезеңдегі ШОК-тың жұмыс істеп тұрған субъектілер санының өткен жылмен салыстырғандағы пайыздық өсу қарқыны | ҚР ҰЭМ СК | |
3. | 100 жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектісіне келетін тексерулер саны | ҚР БП | Бұл көрсеткіште кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тексерулер тағайындау туралы ҚР БП ҚСжАЕК-де тіркелген актілер қаралады |
4. | ШОК-тың мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқаруға, қоғамдық бірлестіктерге, ұйымдарға, лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік қызметшілерге талап-арыздары бойынша 100 ШОК-қа келетін жеңіп шыққан сот істерінің саны | ҚР ЖС |
Бұл көрсеткіш шеңберінде келесі істер қаралады: |