Сақтандыру ұйымдары таратылған, Қазақстан Республикасының бейрезиденттер-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, сақтандыру омбудсманы, дерекқор қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым қызметі мәжбүрлеп тоқтатылған жағдайда, сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының, сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның интернет-ресурсында ақпаратты орналастыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 259 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 қарашада № 17825 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
Қаулы 01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 101 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 101 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру ұйымдары таратылған, Қазақстан Республикасының бейрезиденттер-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, сақтандыру омбудсманы, дерекқор қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым қызметі мәжбүрлеп тоқтатылған жағдайда, сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының, сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның интернет-ресурсында ақпаратты орналастыру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 101 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаменті (Көшербаева А.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Ұлттық Банк Төрағасы Д. Ақышев

  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық Банкі Басқармасының
  2018 жылғы 29 қазандағы
  № 259 қаулысымен бекітілген

Сақтандыру ұйымдары таратылған, Қазақстан Республикасының бейрезиденттер-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, сақтандыру омбудсманы, дерекқор қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым қызметі мәжбүрлеп тоқтатылған жағдайда, сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының, сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның интернет-ресурсында ақпаратты орналастыру қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 101 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осы Сақтандыру ұйымдары таратылған, Қазақстан Республикасының бейрезиденттер-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, сақтандыру омбудсманы, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым қызметі мәжбүрлеп тоқтатылған жағдайда сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның интернет-ресурсында ақпаратты орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және сақтандыру ұйымдары таратылған, Қазақстан Республикасының бейрезиденттер-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, сақтандыру омбудсманы, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым (бұдан әрі – сақтандыру нарығының қатысушылары) қызметі мәжбүрлеп тоқтатылған жағдайда, сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның интернет-ресурсында ақпаратты орналастыру тәртібін белгілейді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 101 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Сақтандыру нарығы қатысушыларының өз қызметі туралы ақпаратты сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) және сақтандыру шартын жасасуға және (немесе) сақтандыру шарты бойынша сақтандыру оқиғасын реттеуге ниет білдірген адамдардың назарына жедел жеткізу интернет-ресурсты пайдаланудың мақсаты болып табылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 101 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Сақтандыру нарығының қатысушылары интернет-ресурста ақпаратты орналастыру кезінде:

      1) сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) және сақтандыру шартын жасасуға және (немесе) сақтандыру шарты бойынша сақтандыру оқиғасын реттеуге ниет білдірген адамдардың, көзделмеген техникалық іркіліс жағдайларын қоспағанда, шектеусіз, ақпаратпен танысу және (немесе) өзге де тиімді пайдалану мақсатында сақтандыру нарығы қатысушысының интернет-ресурсында тәулік бойы онлайн-қолжетімділігін;

      2) сақтандыру нарығы қатысушының интернет-ресурсында объективті, толық және дәйекті ақпарат беруді;

      3) ақпаратты жоюдан, түрлендіруден және оған қолжетімділікті бұғаттаудан, сондай-ақ осындай ақпаратқа қатысты заңсыз іс-қимылдардан қорғау мақсатында ақпараттық қауіпсіздікті;

      4) электрондық форматта орналастырылған құжатты сақтау және сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) және сақтандыру шартын жасасуға және (немесе) сақтандыру шарты бойынша сақтандыру оқиғасын реттеуге ниет білдірген адамдардың техникалық құралдарында одан мәтіннің еркін түрдегі үзіндісінің көшірмесін жасау мүмкіндігін;

      5) интернет-ресурстың басты бетінен бастап гиперсілтемелер (оған сілтеме жасалған ақпаратты көрсете отырып) бойынша бірте-бірте өту арқылы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 101 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Сақтандыру нарығының қатысушылары интернет-ресурста орналастыратын ақпараттың тізбесі Қағидаларға қосымшаға сәйкес айқындалған.

      5. Сақтандыру нарығы қатысушыларының интернет-ресурсында ақпарат қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ қажет болғанда басқа тілдерде орналастырылады.

      6. Сақтандыру нарығы қатысушысының интернет-ресурсында орындалатын барлық іс-әрекеттерді жауапты лауазымды тұлға немесе сақтандыру нарығы қатысушысының ішкі құжаттарына сәйкес тағайындалған тұлға жүзеге асырады.

      Сақтандыру нарығының қатысушысы олардың орындалуының нақты уақытын көрсете отырып, бағдарламалық қамтамасыз етудің және технологиялық құралдардың көмегімен орындалған, жауапты лауазымды тұлғаның немесе сақтандыру нарығы қатысушысының ішкі құжаттарына сәйкес тағайындалған тұлғаның барлық іс-әрекетін есепке алуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін операцияларды электрондық есепке алу журналын жүргізеді.

  Сақтандыру ұйымдары,
Қазақстан Республикасының
бейрезиденттер-сақтандыру
(қайта сақтандыру)
ұйымдарының филиалдары,
сақтандыру омбудсманы,
дерекқор қалыптастыру және
жүргізу жөніндегі ұйым
таратылған жағдайда,
қызметі мәжбүрлеп
тоқтатылатын сақтандыру
ұйымының, сақтандыру
брокерінің,
Қазақстан Республикасының
бейрезидент-сақтандыру
(қайта сақтандыру)
ұйымы филиалының,
Қазақстан Республикасының
бейрезидент-сақтандыру брокері
филиалының, сақтанушыларға
(сақтандырылушыларға, пайда
алушыларға) сақтандыру
төлемдерін жүзеге асыруға
кепілдік беретін ұйымның
интернет-ресурсында ақпарат
орналастыру қағидаларына
қосымша

Сақтандыру нарығына қатысушылар интернет-ресурста орналастыратын ақпараттың тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 31.08.2023 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Ақпараттың атауы

Ақпаратты орналастыру (жаңарту) кезеңділігі

Ақпаратты орналастыру мерзімі

Ақпараттың мазмұны

Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының интернет-ресурсында орналастырылатын ақпарат

1.

Осы ұйымның, оның ішінде филиалдары мен өкілдіктерінің толық атауы, мекенжайы (тұрған жері), телефон нөмірлері, жұмыс режимі

Жаңартылуына қарай

Заңды тұлға мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) және (немесе) филиал және (немесе) өкілдік есептік тіркелген, қайта тіркеуді талап ететін құрылтай құжаттарына енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар тіркелген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде

Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, олардың филиалдарының және (немесе) өкілдіктерінің (бар болса) толық атауы, орналасқан жері, қаланың (облыстың, ауданның) кодтарын көрсете отырып, байланыс телефондарының, факстарының (бар болса) нөмірлері, жұмыс режимі

2.

Акционерлер туралы мәліметтер

Акционерлер құрамының өзгеруіне қарай

Бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан үзінді-көшірме алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде

Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізіліміне сәйкес акционерлер туралы мәліметтер: жеке тұлға үшін – оған тиесілі бағалы қағаздар санының эмитенттің бағалы қағаздарының (орналастырылған және (немесе) дауыс беретін) санына пайызбен арақатынасын көрсете отырып, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса); заңды тұлға үшін – оған тиесілі бағалы қағаздар санының эмитенттің бағалы қағаздарының (орналастырылған және (немесе) дауыс беретін) санына пайызбен арақатынасын көрсете отырып, заңды тұлғаның толық атауы және орналасқан жері

3.

Басшы қызметкерлер туралы мәліметтер

Басшы қызметкерлер құрамының өзгеруіне қарай

Олар басқа қызметке тағайындалған (сайланған, тиісті функциялар берілген) немесе ауыстырылған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде

Басшы қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), атқаратын лауазымы және басқа қызметке тағайындалған (сайланған, тиісті функциялар берілген) немесе ауыстырылған күні

4.

Мемлекеттік тіркеу нөмірі және бизнес-сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтер

Жаңартылуына қарай

Заңды тұлға мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) және (немесе) филиал және (немесе) өкілдік есептік тіркелген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде

Сақтандыру ұйымын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы және (немесе) сақтандыру ұйымының филиалын және (немесе) өкілдігін (бар болса) есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамалар (*pdf форматтағы құжаттар)

5.

Лицензияның нөмірі, берілген күні туралы мәліметтер

Лицензияны алуға (қайта ресімдеуге) қарай

Лицензия берілген (қайта ресімделген) күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде

Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы (*pdf форматтағы құжаттар)

6.

Жүзеге асырылатын қызмет түрлері туралы мәліметтер

Жаңартылуына қарай

Қызметті жүзеге асырған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде

Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы жүзеге асыратын сақтандыру өнімдері мен қосымша рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі

7.

Аудиторлық ұйым растаған, алдыңғы есептік 3 (үш) жылға жылдық қаржылық есептілік

Жыл сайын

Бір мезгілде Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында жариялай отырып, есепті жылдан кейінгі жылғы 31 тамыздан кешіктірмей

Аудиторлық ұйым растаған жылдық қаржылық есептілік (бухгалтерлік баланс, пайда мен шығын туралы есеп, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп, капиталдағы өзгерістер туралы есеп және түсіндірме жазба) (*pdf форматтағы құжаттар)

8.

Аудиторлық ұйым растаған, алдыңғы есептік 3 (үш) жылға жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілік (бар болса)

Жыл сайын

Бір мезгілде Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында жариялай отырып, есепті жылдан кейінгі жылғы 31 тамыздан кешіктірмей

Аудиторлық ұйым растаған, еншілес ұйым (ұйымдар) болған кезде жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілік (бухгалтерлік баланс, пайда мен шығын туралы есеп, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп, капиталдағы өзгерістер туралы есеп және түсіндірме жазба) (*pdf форматтағы құжаттар)

9.

Алдыңғы есептік 3 (үш) жылдағы қызмет қорытындылары туралы есептер (бар болса)

Жыл сайын

Бір мезгілде мерзімді баспа басылымдарында жариялай отырып, есепті жылдан кейінгі жылғы 31 тамыздан кешіктірмей

Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін және аяқталған қаржы жылының қорытындылары бойынша оның қызметіндегі маңызды оқиғаларды сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің талдауын қамтитын есеп (*pdf форматтағы құжат)

10.

Қауымдастықтарға (одақтарға), оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының бірлестіктеріне қатысу туралы мәліметтер (бар болса)

Кіруіне қарай

Кірген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде

Қауымдастық (одақ) нысанында құрылған бірлестіктің толық атауы, орналасқан жері және оған кірген күні

11.

Сақтандыру ұйымына рейтингтік агенттіктер берген рейтингтер (берген жағдайда)

Рейтингтің берілуіне, жаңартылуына қарай

Рейтингтік агенттік рейтинг беру туралы рейтингтік агенттіктің сайтында жариялаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде

Рейтингтік агенттіктердің толық атауы, берілген рейтингтер және рейтинг берілген күн не рейтингтік агенттік мониторингінің қорытындылары бойынша рейтингті қайта қарау күні

12.

Құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) пулдары туралы мәліметтер (сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қызметінде жетекші болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы үшін)

Сақтандыру пулының құрылуына, өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне қарай

Сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының бірлескен қызметі туралы шартқа қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде

Сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы қатысушыларының бірлескен қызметі туралы шарттың нөмірі мен жасалған күнін, қолданылу мерзімін; сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы қатысушыларының толық атауын; сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы қызметінде жетекші болып табылатын сақтандыру брокерінің толық атауын қамтитын мәліметтер; сақтандыру сыныптары (түрлері) және сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы қызметінің мәні болып табылатын сақтандыру тәуекелдерінің тізбесі

13.

Олар бойынша олардың алдыңғы редакцияларын, енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды көру мүмкіндігімен сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу мүмкіндігі көзделетін, ерікті нысандағы сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қағидалары

Жаңартылуына қарай

Бекітілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде

Сақтандыру ұйымының директорлар кеңесі және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті басқару органы бекіткен, бекітілген нөмірі мен күні көрсетілген сақтандырудың белгілі бір түрі бойынша сақтандыру қағидалары және олардың бұрынғы редакциялары (*pdf форматтағы құжаттар)

14.

Сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру тарифтерінің (сақтандыру сыйлықақыларының, жарналарының) мөлшері туралы ақпарат

Әзірленуіне (жаңартылуына) қарай

Қаржы өнімі бекітілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4204 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы № 85 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру тарифтерін бағалау әдістері мен есептеу қағидаттарына қойылатын талаптар туралы нұсқаулыққа сәйкес есептелген сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру тарифтерінің (сақтандыру сыйлықақыларының, жарналарының) мөлшері туралы ақпарат

15.

Сақтандыру ұйымы бекіткен сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру агенттерінің комиссиялық сыйақысының ең төмен және ең жоғары мөлшері туралы ақпарат

Жаңартылуына қарай

Бекітілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде

Көлік құралдарының көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін айқындау кезінде тозу мөлшерін анықтауға мүмкіндік беретін веб-парақша ("жалпы сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары үшін)

16.

Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шеңберінде көлік құралына келтірілген зиян мөлшерін қалпына келтіру жөндеуінің құнын айқындау кезінде амортизациялық тозу мөлшерін айқындауға мүмкіндік беретін веб-парақша

Жаңартылуына қарай

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13460 болып тіркелген "Мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және көлік құралына келтірілген зиян мөлшерін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 14 қаулысына өзгерістер және (немесе толықтырулар)енгізілген күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей

Көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін анықтау кезінде тозу мөлшерін анықтауға мүмкіндік беретін веб-парақша

Сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының интернет-ресурсында орналастырылатын ақпарат

1.

Осы ұйымның, оның ішінде филиалдары мен өкілдіктерінің толық атауы, мекенжайы (орналасқан орны), телефон нөмірлері, жұмыс режимі

Жаңартылуына қарай

Заңды тұлға мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) және (немесе) филиал және (немесе) өкілдік есептік тіркелген, қайта тіркеу талап етілетін құрылтай құжаттарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар тіркелген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде

Сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері-филиалы, сақтандыру брокерінің филиалдары мен өкілдіктерінің (бар болса) толық атауы, орналасқан жері, қаланың (облыстың, ауданның) кодын көрсете отырып байланыс телефондарының, факстарының (бар болса) нөмірлері

2.

Акционерлер (қатысушылар) туралы мәліметтер

Акционерлер (қатысушылар) құрамының өзгеруіне қарай

Бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шотынан үзінді-көшірме немесе серіктестікке қатысушылардың тізілімінен үзінді-көшірме алған күннен бастап не заңды тұлға мемлекеттік тіркелген және (немесе) филиал және (немесе) өкілдік есептік тіркелген, қайта тіркеу талап етілетін құрылтай құжаттарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар тіркелген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде

Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізіліміне не жарғысына немесе серіктестікке қатысушылардың тізіліміне сәйкес акционерлер (қатысушылар) туралы мәліметтер: жеке тұлға үшін – оған тиесілі бағалы қағаздар санының эмитенттің бағалы қағаздарының (орналастырылған және (немесе) дауыс беретін) санына пайызбен арақатынасын көрсете отырып, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса); заңды тұлға үшін – оған тиесілі бағалы қағаздар санының эмитенттің бағалы қағаздарының (орналастырылған және (немесе) дауыс беретін) санына пайызбен арақатынасын көрсете отырып, заңды тұлғаның толық атауы және орналасқан жері

3.

Басшы қызметкерлер туралы мәліметтер

Басшы қызметкерлер құрамының өзгеруіне қарай

Олар басқа лауазымға тағайындалған (сайланған, тиісті функциялар берілген) немесе ауыстырылған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде

Басшы қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), атқаратын лауазымы және басқа лауазымға тағайындалған (сайланған, тиісті функциялар берілген) немесе ауыстырылған күні

4.

Мемлекеттік тіркеу нөмірі және бизнес-сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтер

Жаңартылуына қарай

Заңды тұлға мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) және (немесе) филиал және (немесе) өкілдік есептік тіркелген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде

Сақтандыру брокерін, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы және (немесе) сақтандыру брокерінің филиалын және (немесе) өкілдігін (бар болса) есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамалар (*pdf форматтағы құжаттар)

5.

Лицензияның нөмірі, берілген күні туралы мәліметтер

Лицензияны алуға (қайта ресімдеуге) қарай

Лицензия берілген (қайта ресімделген) күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде

Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы (*pdf форматтағы құжат)

6.

Жүзеге асырылатын қызмет түрлері туралы мәліметтер

Жаңартылуына қарай

Қызметті жүзеге асырған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде

Брокерлік қызмет түрлері: өз атынан және сақтанушының тапсырмасы бойынша сақтандыру шарттарын жасау бойынша делдалдық қызмет; өз атынан және қайта сақтанушының (цеденттің) тапсырмасы бойынша қайта сақтандыру шарттарын жасау бойынша делдалдық қызмет; Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы жүзеге асыратын қосымша рұқсат етілген қызмет түрлері

7.

Аудиторлық ұйым растаған, алдыңғы есептік 3 (үш) жылға жылдық қаржылық есептілік

Жыл сайын

Бір мезгілде Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында жариялай отырып, есепті жылдан кейінгі жылғы 31 тамыздан кешіктірмей

Аудиторлық ұйым растаған, жылдық қаржылық есептілік (бухгалтерлік баланс, пайда мен шығын туралы есеп, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп, капиталға өзгерістер туралы есеп және түсіндірме жазба) (*pdf форматтағы құжаттар)

8.

Аудиторлық ұйым растаған, алдыңғы есептік 3 (үш) жылға жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілік (бар болса)

Жыл сайын

Бір мезгілде Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында жариялай отырып, есепті жылдан кейінгі жылғы 31 тамыздан кешіктірмей

Еншілес ұйым (ұйымдар) болған кезде аудиторлық ұйым растаған, жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілік (бухгалтерлік баланс, пайда мен шығын туралы есеп, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп, капиталға өзгерістер туралы есеп және түсіндірме жазба) (*pdf форматтағы құжаттар)

9.

Алдыңғы есептік 3 (үш) жылдағы қызмет қорытындылары туралы есептер (бар болса)

Жыл сайын

Бір мезгілде мерзімді баспа басылымдарында жариялай отырып, есепті жылдан кейінгі жылғы 31 тамыздан кешіктірмей

Сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының қызметін және оның аяқталған қаржы жылының қорытындылары бойынша маңызды оқиғаларын сипаттайтын негізгі көрсеткіштерге талдауды қамтитын есеп (*pdf форматтағы құжат)

10.

Қауымдастықтарға (одақтарға), оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының бірлестіктеріне қатысу туралы мәліметтер (бар болса)

Кіруіне қарай

Кірген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде

Қауымдастық (одақ) нысанында құрылған бірлестіктің толық атауы, орналасқан жері және оған кірген күні

11.

Шарттың нөмірі мен жасалған күнін, сақтандырушының атауын, сақтандыру объектісін және шартты жасасу мәні болып табылатын тәуекелдер тізбесін, оның қолданылу кезеңін және шарт бойынша сақтандыру сомасын қоса алғанда, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының үшінші тұлғалар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың қолданыстағы шарты туралы мәліметтер

Сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының үшінші тұлғалар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын жасауға, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қарай

Шартқа қол қойған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде

Сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының үшінші тұлғалар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының нөмірі мен жасалған күнін; сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының толық атауын; сақтандыру объектісін және тәуекелдер тізбесін; сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарын жасауға байланысты тәуекелдерге қатысты сақтандыру сомасын; сақтандыру шартының қолданылу мерзімін қамтитын мәліметтер

Сақтандыру ұйымдары таратылған, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметі мәжбүрлеп тоқтатылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның интернет-ресурсында орналастыратын ақпарат

1.

Ұйымның толық атауы, мекенжайы (орналасқан жері), телефон нөмірлері, жұмыс режимі

Жаңартылуына қарай

Заңды тұлға мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде

Сақтандыру ұйымдары таратылған, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметі мәжбүрлеп тоқтатылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның толық атауы, орналасқан жері, қаланың коды көрсетілген байланыс телефондарының, факстарының нөмірлері (бар болса), жұмыс режимі

2.

Акционерлер туралы мәліметтер

Акционерлердің құрамындағы өзгерістерге қарай

Бағалы қағаздарды ұстаушылардың дербес шотынан үзінді-көшірмені алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде

Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізіліміне сәйкес акционерлер туралы мәліметтер (заңды тұлғаға тиесілі бағалы қағаздар санының эмитенттің (орналастырылған және (немесе) дауыс беретін) бағалы қағаздар санына пайызбен арақатынасы көрсетілген оның толық атауы және орналасқан жері)

3.

Басшы қызметкерлер туралы мәліметтер

Басшы қызметкерлер құрамындағы өзгерістерге қарай

Олар басқа лауазымға тағайындалған (сайланған, тиісті функциялар берілген) немесе ауыстырылған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде

Басшы қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), атқаратын лауазымы және басқа лауазымға тағайындалған (сайланған, тиісті функциялар берілген) немесе ауыстырылған күні

4.

Мемлекеттік тіркеу нөмірі және бизнес-сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтер

Жаңартылуына қарай

Заңды тұлға мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде

Сақтандыру ұйымдары таратылған, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметі мәжбүрлеп тоқтатылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы анықтама (*pdf форматтағы құжат)

5.

Жүзеге асырылатын қызмет түрлері туралы мәліметтер

Жаңартылуына қарай

Қызметті жүзеге асырған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кепілдік берілетін сақтандыру түрлерінің және (немесе) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын қызметтің өзге түрлерінің тізбесі

6.

Аудиторлық ұйым растаған, алдыңғы есепті 3 (үш) жыл ішіндегі жылдық қаржылық есептілік

Жыл сайын

Бір мезгілде Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында жариялай отырып, есепті жылдан кейінгі жылғы 31 тамыздан кешіктірмей

Аудиторлық ұйым растаған жылдық қаржылық есептілік (бухгалтерлік баланс, пайда мен шығын туралы есеп, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп, капиталға өзгерістер туралы есеп және түсіндірме жазба) (*pdf форматтағы құжаттар);

7.

Алдыңғы есепті 3 (үш) жыл ішіндегі қызмет қорытындылары туралы есептер (бар болса)

Жыл сайын

Бір мезгілде мерзімді баспа басылымдарында жариялай отырып, есепті жылдан кейінгі жылғы 31 тамыздан кешіктірмей

Сақтандыру ұйымдары таратылған, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметі мәжбүрлеп тоқтатылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның қызметін және оның аяқталған қаржы жылының қорытындылары бойынша маңызды оқиғаларын сипаттайтын негізгі көрсеткіштерге талдауды қамтитын есеп (*pdf форматтағы құжат)

8.

Қауымдастықтарға (одақтарға), оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының бірлестігіне қатысу туралы мәліметтер (бар болса)

Кіруіне қарай

Бірлестікке кірген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде

Қауымдастық (одақ) нысанында құрылған бірлестіктің толық атауы, орналасқан жері және оған кірген күні

9.

Қатысушы - сақтандыру ұйымдары туралы мәліметтер

Жаңартылуына қарай

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысу шартына қол қойған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысу шартының негізінде сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушылар болып табылатын сақтандыру ұйымдарының толық атауын; Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысу шартын жасасу күні мен нөмірін қамтитын мәліметтер

Сақтандыру омбудсманының интернет-ресурсында орналастырылатын ақпарат

1.

Сақтандыру омбудсманы офисінің, оның ішінде оның филиалдары мен өкілдіктерінің толық атауы, мекенжайы (орналасқан жері), телефон нөмірлері, жұмыс режимі

Жаңартылуына қарай

Заңды тұлға мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) және (немесе) филиал және (немесе) өкілдік есептік тіркелген, құрылтай құжаттарға қайта тіркеуді талап ететін енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар тіркелген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде

Сақтандыру омбудсманының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), сақтандыру омбудсманы офисінің, оның филиалдарының және (немесе) өкілдіктерінің (бар болса) орналасқан жері, қаланың (облыстың, ауданның) коды көрсетілген телефондарының, факстарының нөмірлері (бар болса), жұмыс режимі

2.

Сақтандыру омбудсманын сайлау туралы мәліметтер

Сайлануына (қайта сайлануына, өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатуына) қарай

Сайланған (қайта сайланған, өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатқан) күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде

Уәкілетті органның сақтандыру омбудсманын сайлау (қайта сайлау, өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату) туралы шешім қабылдау күні және сақтандыру омбудсманы өкілеттіктерінің мерзімі

3.

Сақтандыру омбудсманының өкілдер кеңесінің құрамына кіретін сақтандыру ұйымдарының тізбесі

Өкілдер кеңесі құрамындағы өзгерістерге қарай

Өкілдер кеңесінің құрамы құрылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде

Сақтандыру омбудсманының өкілдер кеңесінің құрамына кіретін сақтандыру ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының толық атауы

4.

Жүзеге асырылатын қызмет түрлері туралы мәліметтер

Жаңартылуына қарай

Сайланған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде

Міндетті және ерікті сақтандыру мәселелері бойынша сақтандыру ұйымдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары арасында; сақтандыру шарттары бойынша сақтанушылар (сақтандырылушылар, пайда алушылар) және сақтандыру ұйымдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары арасында туындайтын келіспеушіліктерді реттеу жөніндегі қызмет туралы мәліметтер

5.

Сақтандыру омбудсманының қызметін, оның ішінде дауларды шешу жөніндегі өтініштерді қарау және шешімдер қабылдау тәртібі мен мерзімдерін регламенттейтін ішкі қағидалар, сондай-ақ сақтандыру нарығына қатысушылармен жасалған меморандумдар

Жаңартылуына қарай

Бекітілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде

Сақтандыру омбудсманының қызметін регламенттейтін ішкі қағидалар және сақтандыру нарығына қатысушылармен жасалған меморандумдар (*pdf форматтағы құжаттар)

6.

Қауымдастықтарға (одақтарға), оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) брокерлері филиалдарының бірлестігіне қатысу туралы мәліметтер (бар болса)

Кіруіне қарай

Кірген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде

Қауымдастық (одақ) нысанында құрылған бірлестіктің толық атауы, орналасқан жері және оған кірген күні

7.

Алдыңғы есепті 3 (үш) жыл ішіндегі қызмет қорытындылары туралы есептер (бар болса)

Жыл сайын

Бір мезгілде мерзімді баспа басылымдарында жариялай отырып, есепті жылдан кейінгі жылғы 31 тамыздан кешіктірмей

Сақтандыру омбудсманының қызметін сипаттайтын негізгі көрсеткіштерді және аяқталған қаржы жылының қорытындылары бойынша оның қызметіндегі маңызды оқиғаларды талдауды қамтитын есеп (*pdf форматтағы құжат)

8.

Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шеңберінде көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін қалпына келтіріп жөндеудің құнын айқындау кезінде амортизациялық тозу мөлшерін айқындауға мүмкіндік беретін веб-парақша

Жаңартылуына қарай

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13460 болып тіркелген "Мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және көлік құралына келтірілген зиян мөлшерін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 14 қаулысына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей

Көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін айқындау кезінде тозу мөлшерін анықтауға мүмкіндік беретін веб-парақша

Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның интернет-ресурсында орналастырылатын ақпарат

1.

Ұйымның толық атауы, мекенжайы, (орналасқан жері), телефон нөмірлері, жұмыс режимі

Жаңартылуына қарай

Заңды тұлға мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде

Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның толық атауы, орналасқан жері, қаланың коды көрсетілген байланыс телефондарының, факстарының нөмірлері (бар болса), жұмыс режимі

2.

Акционерлер (қатысушылар) туралы мәліметтер

Акционерлер (қатысушылар) құрамының өзгеруіне қарай

Акт шығарылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде

Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізіліміне сәйкес акционерлер (қатысушылар) туралы мәліметтер (заңды тұлғаға тиесілі бағалы қағаздар санының эмитенттің бағалы қағаздар (орналастырылған және (немесе) дауыс беретін) санына пайызбен арақатынасы көрсетілген заңды тұлғаның толық атауы мен орналасқан жері)

3.

Басшылар туралы мәліметтер

Басшылар құрамының өзгеруіне қарай

Тағайындалған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), атқаратын лауазымының атауы, директорлар кеңесінің басшы лауазымына тағайындау туралы шешім шығарған күні және оның нөмірі

4.

Мемлекеттік тіркеу нөмірі және бизнес-сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтер

Жаңартылуына қарай

Заңды тұлға мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (*pdf форматтағы құжат)

5.

Жүзеге асырылатын қызмет түрлері туралы мәліметтер

Жаңартылуына қарай

Қызметті жүзеге асырған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде

Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасының және сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің негізінде міндетті және ерікті сақтандыру түрлері бойынша дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі қызметті; сақтандыру агенттерінің бірыңғай тізілімін жүргізу жөніндегі қызметті; сақтандыру шарттарын электрондық нысанда жасау үшін пайдаланылатын сақтандыру ұйымдарының интернет-ресурстарының тізбесін қамтитын мәліметтер

6.

Алдыңғы есепті 3 (үш) жыл ішіндегі қызмет қорытындылары туралы есептер (бар болса)

Жыл сайын

Бір мезгілде мерзімді баспа басылымдарында жариялай отырып, есепті жылдан кейінгі жылғы 31 тамыздан кешіктірмей

Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның қызметін және оның аяқталған қаржы жылының қорытындылары бойынша маңызды оқиғаларын сипаттайтын негізгі көрсеткіштерге талдауды қамтитын есеп (*pdf форматтағы құжат)

7.

Қауымдастықтарға (одақтарға), оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) брокерлері филиалдарының бірлестігіне қатысу туралы мәліметтер (бар болса)

Кіруіне қарай

Кірген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде

Қауымдастық (одақ) нысанында құрылған бірлестіктің толық атауы, орналасқан жері және оған кірген күні


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады