Сақтандырушы сақтандырылушыға ассистанс беру туралы шарт жасасатын ассистанс компанияға қойылатын талаптарды, сондай-ақ Сақтандырушының ассистанс компаниямен өзара іс-қимыл жасау және ассистанс компаниямен келісу бойынша сақтандырылушыға медициналық және өзге де мекеме көрсеткен қызметтер құнын төлеу қағидаларын, Туристі сақтандырудың міндетті бағдарламалары бойынша сақтандыру аумағын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 260 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 30 қарашада № 17837 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Туристі міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Сақтандырушы сақтандырылушыға ассистанс беру туралы шарт жасасатын ассистанс компанияға қойылатын талаптар;

      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Сақтандырушының ассистанс компаниямен өзара іс-қимыл жасау және ассистанс компаниямен келісу бойынша сақтандырылушыға медициналық және өзге де мекеме көрсеткен қызметтер құнын төлеу қағидалары;

      3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Туристі сақтандырудың міндетті бағдарламалары бойынша сақтандыру аумағы бекітілсін.

      2. Банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаменті (Көшербаева А.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 29 қазандағы
№ 260 қаулысына
1-қосымша

Сақтандырушы сақтандырылушыға ассистанс беру туралы шарт жасасатын ассистанс компанияға қойылатын талаптар

      1. Осы Сақтандырушы сақтандырылушыға ассистанс беру туралы шарт жасасатын ассистанс компанияға қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) "Туристі міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және Сақтандырушы сақтандырылушыға ассистанс беру туралы шарт (бұдан әрі - шарт) жасасатын ассистанс компанияға қойылатын талаптарды айқындайды.

      2. Сақтандырушы шарт жасау үшін мынадай талаптарға сәйкес келетін:

      1) Қазақстан Республикасының резидент немесе бейрезидент заңды тұлғасы болып табылатын;

      2) кемінде 10 жыл ассистантты ұсынатын;

      3) интернет-ресурсы, көп арналы телефон нөмірі және (немесе) ассистанс ұсыну, іс-әрекеттерді келісу және Заңның 3-қосымшасына сәйкес туристі міндетті сақтандыру бағдарламаларында көзделген шығыстарды жүзеге асыру мақсатында сақтандырылушыдан немесе оның өкілінен сақтандыру жағдайының басталғандығы туралы хабарламаны, сақтандыру сертификаты және (немесе) сақтандыру полисі туралы деректер хабарламасын жедел алуға арналған мобильдік қосымшасы бар;

      4) мыналар:

      сақтандыру жағдайының белгілері бар оқиғалар басталған кезде сақтандырылушылардың іс-әрекеттері және сақтандыру аумағында қажетті қызметтер алу тәртібі туралы ұсынымдар және (немесе) нұсқаулар ұсыну;

      болған оқиғалар және оны сақтандыру жағдайы деп тану туралы ақпарат алған кезде сақтандырылушыға көрсетілген медициналық және өзге де қызметтерді ұйымдастыру;

      сақтандырылушыға көрсетілген медициналық және өзге де қызметтердің құнына ақы төлеуге кепілдік беру, оның ішінде сақтандырушыдан осындай кепілдік сұрату арқылы (медициналық және өзге мекемелерде осындай талаптар болған жағдайда);

      сақтандырылушыға көрсетілген медициналық және өзге де қызметтердің сапасы мен көлемін, сондай-ақ оларды көрсету мерзімін бақылау;

      сақтандырылушыға көрсетілген медициналық және өзге де қызметтердің көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеуге ұсынылған шотқа сәйкестігін, сондай-ақ көрсетілген медициналық және өзге де қызметтер құнының оларды көрсету кезеңінде сақтандыру аумағында қолданылатын бағаларға сәйкестігін бақылау;

      осы қаулымен бекітілген Сақтандырушының ассистанс компаниямен өзара іс-қимыл жасау және ассистанс компаниямен келісу бойынша сақтандырылушыға медициналық және өзге де мекеме көрсеткен қызметтер құнын төлеу қағидаларына сәйкес медициналық және өзге мекемеге көрсетілген қызметтердің құнын төлеу арқылы оның ішінде, қазақ және (немесе) орыс және ағылшын тілдерін меңгерген қызметкерлер интернет-ресурс, көп арналы телефон нөмірі және (немесе) жылына 365 (үш жүз алпыс бес) күндік мобильдік қосымша арқылы сақтандырушыларға қызмет көрсететін;

      5) сақтандырушылардың өтініштерін есепке алуды жүргізуді, сондай-ақ мыналардан:

      ресімделген сақтандыру полистері бойынша сақтандырушыдан;

      сақтандыру жағдайлары ретінде танылатын оқиғалар (телефон сөйлесулері, көріністер, мәтіндік, аудио, бейне хабарлар) туралы сақтандырушылардан немесе оның өкілінен;

      сақтандырылушыға ұсынылатын қызметтер туралы медициналық және өзге де мекемелерден алынған ақпаратты және (немесе) құжаттарды қабылдау және сақтауды қамтамасыз ететін сақтандырылушы уақытша болатын елде (жерде) тәулік бойы жұмыс істейтін көптілді үйлестіру орталығы және өңірлік желісі немесе сақтандырылушыға ұсынылатын қызметтерді көрсетуге лицензиялары бар тасымалдаушылармен, медициналық және өзге де мекемелермен шарттары бар ассистанс компанияны таңдайды.

      3. Ассистанс компания сақтандырушымен шарт жасасқан күні, сондай-ақ шарттың қолданылуының барлық мерзімі ішінде Талаптардың 2-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келеді.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 29 қазандағы
№ 260 қаулысына
2-қосымша

Сақтандырушының ассистанс компаниямен өзара іс-қимыл жасау және ассистанс компаниямен келісу бойынша сақтандырылушыға медициналық және өзге де мекеме көрсеткен қызметтер құнын төлеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сақтандырушының ассистанс компаниямен өзара іс-қимыл жасау және ассистанс компаниямен келісу бойынша сақтандырылушыға медициналық және өзге де мекеме көрсеткен қызметтер құнын төлеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Туристі міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және сақтандырушының ассистанс компаниямен өзара іс-қимыл жасау және ассистанс компаниямен келісу бойынша сақтандырылушыға медициналық және өзге де мекеме көрсеткен қызметтер құнын төлеу тәртібін айқындайды.

      2. Сақтандырушының ассистанс компаниямен Заңның 17-бабының 1-тармағында көрсетілген сақтандыру жағдайлары ретінде танылған оқиғалар салдарынан күтілмеген шығыстар туындаған жағдайда уақытша болатын елде (жерде) сақтандырылушының мүліктік мүдделерін сақтандырып қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі өзара іс-қимылы сақтандырылушыға ассистанс беру туралы шартқа (бұдан әрі - шарт) сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Сақтандырушының ассистанс компаниямен өзара іс-қимылы кезінде тараптардың әрқайсысы төмендегі қағидаттарды басшылыққа алады:

      1) жасалатын іс-қимылдың (көрсетілген қызметтің) заңдылығы;

      2) іс-қимылдың уақтылы жасалуы (қызметтің уақтылы көрсетілуі);

      3) іс-қимылдың толық жасалуы (қызметтің толық көрсетілуі);

      4) жасалатын іс-қимылдың (көрсетілген қызметтің) ашықтығы;

      5) жасалатын іс-қимылды (көрсетілген қызметті) бақылау.

2-тарау. Сақтандырушының ассистанс компаниямен өзара іс-қимыл жасау тәртібі

      4. Сақтандырушы ассистанс компанияға Заңның 17-бабының 1-тармағында көрсетілген сақтандыру жағдайлары басталған кезде сақтандырылушыға ассистанс беруді тапсырады.

      5. Ассистанс компанияға өтініш берген сақтандырылушыға ассистансты жедел тәртіппен ұйымдастыру мақсатында сақтандырушы:

      1) ассистанс компанияға сақтандыру полисі мен сақтандыру сертификатын онлайн режимде ресімделген соң не күн сайынғы және ай сайынғы негізде сақтандыру полисінің нөмірі мен қолданыс мерзімі, сақтандыру аумағы, сақтандыру сомасы, сақтандырылушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болса), туған күні және тұрғылықты жері қамтылған ақпаратты береді;

      2) ассистанс компаниядан сақтандыру жағдайы, сақтандырылушыға қойылған диагноздар, сақтандырылушыға көрсетілген медициналық және өзге қызметтер бойынша шығыстар құны туралы ақпаратты алады;

      3) ассистанс компаниямен жылына 365 (үш жүз алпыс бес) күн тәулік бойы режимде іс-қимыл жасайды;

      4) сақтандыру жағдайының белгісі бар оқиғаларды сақтандыру жағдайлары деп тану туралы шешімді қабылдау тәртібін белгілейді;

      5) сақтандырылушыға көрсетілген медициналық және өзге қызметтердің құнын төлеуге кепілдік береді (медициналық және өзге мекемелерде осындай талаптар болған жағдайда);

      6) шарт шеңберінде берілген ақпарат пен құжаттарды сақтау мерзімін, сондай-ақ оларды жою бойынша талаптарды айқындайды;

      7) ассистанс компанияның сақтандырылушыға ассистансты ұйымдастыру жөніндегі орындалған жұмыстар туралы есеп беру тәртібін және мерзімін айқындайды.

      6. Шарт шеңберінде ұсынылатын ақпарат пен құжаттар, сақтандырылушының мүддесі үшін медициналық және өзге қызметтерді көрсету мақсатында медициналық және өзге мекемелерді қоспағанда, үшінші тұлғаларға жария етуге және (немесе) беруге жатпайды. Бұл ретте Қағидалардың 5-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген сақтандырылушы туралы ақпарат сақтандырылушыға медициналық және өзге қызметтерді көрсету үшін қажетті көлемде ғана беріледі.

      7. Сақтандырушы және ассистанс компания ассистанс компания көрсететін қызметтің құнын, мерзімін, ақы төлеу валютасы мен тәсілін өздігінен айқындайды.

      8. Сақтандырушы сақтанушыға осы қаулымен бекітілген ассистанс ұсыну туралы шарт жасайтын ассистанс компанияның ассистанс компанияға қойылатын Талаптардың 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуін анықтаған кезде, сақтандырушы осы қаулымен бекітілген сақтанушыға ассистанс беру туралы шарт жасайтын Талаптардың 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін осы ассистанс компаниямен өзара әрекеттесуді тоқтатады және ассистанс компаниямен жаңа шарт жасайды.

      9. Сақтандырушы және ассистанс компания сақтандырылушыға ассистанс беру бойынша жедел шаралар қабылдау үшін шарт бойынша міндеттемелерді орындауға кедергі келтіретін кез келген жағдайлар туралы бір-бірін дереу хабардар етеді.

      10. Сақтандырылушының ассистансты алмағаны не толық көлемде алмағаны үшін жауапкершілік сақтандырушыға жүктеледі.

3-тарау. Ассистанс компаниямен келісім бойынша сақтандырылушыға медициналық немесе өзге мекеме көрсеткен қызметтердің құнын төлеу тәртібі

      11. Сақтандырушы сақтандыру төлемін ассистанс компаниямен келісім бойынша сақтандырылушыға медициналық және өзге мекеме көрсеткен қызметтердің құнын төлеу арқылы Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес шетел валютасымен жүзеге асырады.

      12. Оқиға сақтандыру жағдайы деп танылған және сақтандырылушыға ассистанс ұйымдастырылған жағдайда ассистанс компания медициналық және өзге мекемелерге олардың қызметтерінің құнын төлеуге кепілдік береді (медициналық және өзге мекемелерде мұндай талаптар болған жағдайда).

      13. Сақтандырушы және ассистанс компания келісім бойынша ассистанс компания сақтандырған медициналық және өзге мекеме көрсеткен қызметтердің құнын төлеудің келесі бір тәртібін белгілейді:

      1) сақтандырушының сақтандыру төлемін алғаннан кейін;

      2) ассистанс компанияның банк шотындағы сақтандыру жағдайларын шұғыл (кезек күттірмейтін) реттеуге арналған сақтандырушының ақшасының есебінен;

      3) асистанс компанияның ақшасы есебінен (кейіннен сақтандырушыдан сақтандыру төлемін алу есебінен толық көлемде орны толтырылатын).

      14. Сақтандырылушының сақтандыру аумағында мүдделерін уақтылы сақтандыру қорғауды қамтамасыз ету үшін ассистанс компания сақтандырғанға медициналық және өзге мекеме көрсеткен қызметтердің құнын төлеу мерзімдері сақтандырылушыға қызметтерді көрсетуге рұқсаты (лицензиясы) бар немесе сақтандырылушының уақытша болу елінің (жерінің) мемлекеттік мекемелері болып табылатын медициналық және өзге мекемелермен жасалған шарттарда белгіленген мерзімдердің негізінде белгіленеді.

      Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асыру мерзімдерін ассистанс компания сақтандырғанға медициналық және өзге мекеме көрсеткен қызметтердің құнын төлеу тәртібі мен мерзімдеріне байланысты сақтандырушы мен ассистанс компания келісім бойынша белгілейді.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 29 қазандағы
№ 260 қаулысына
3-қосымша
Кесте

Туристі міндетті сақтандыру бағдарламалары бойынша сақтандыру аумағы

1-бағдарлама

2-бағдарлама

3-бағдарлама

Еуропа елдері

Еуропа елдері

Солтүстік және Оңтүстік Америка елдері

Белоруссия (Беларусь Республикасы)

Австрия (Австрия Республикасы)

Америка Құрама Штаттары

Босния және Герцеговина

Албания (Албания Республикасы)

Антигуа және Барбуда

Молдова (Молдова Республикасы)

Андорра (Андорра Князьдігі)

Аргентина (Аргентина Республикасы)

Сербия (Сербия Республикасы)

Бельгия (Бельгия Корольдігі)

Багам аралдары (Багам аралдары достастығы)

Ресей (Ресей Федерациясы)

Болгария (Болгария Республикасы)

Барбадос

Украина

Ватикан

Белиз

Черногория (Черногория Республикасы)

Венгрия

Боливия (Боливия көп ұлтты мемлекеті)

Азия елдері

Германия (Германия Федеративтік Республикасы)

Бразилия (Бразилия Федеративтік Республикасы)

Абхазия

Грекия (Грек Республикасы)

Венесуэла (Венесуэла Боливария Республикасы)

Армения (Армения Республикасы)

Дания (Дания корольдігі)

Гаити (Гаити Республикасы)

Ауғанстан (Ауғанстан Ислам Республикасы)

Ирландия (Ирландия Республикасы)

Гайана (Гайана Кооперативтік Республикасы)

Әзірбайжан (Әзірбайжан Республикасы)

Исландия (Исландия Республикасы)

Гватемала (Гватемала Республикасы)

Бангладеш (Бангладеш Халық Республикасы)

Испания (Испания Корольдігі)

Гондурас (Гондурас Республикасы)

Бахрейн (Бахрейн Корольдігі)

Италия (Италия Республикасы)

Гренада

Бруней (Бурней-Даруссалам мемлекеті)

Латвия (Латвия Республикасы)

Доминика (Доминикан Республикасы)

Бутан (Бутан Республикасы)

Литва (Литва Республикасы)

Канада

Біріккен Араб әмірліктері

Лихтенштейн (Лихтенштейн Князьдығы)

Колумбия (Колумбия Республикасы)

Грузия

Люксембург (Люксембург Ұлы Князьдығы)

Коста-Рика (Коста-Рика Республикасы)

Иордания (Иордан Хашимит Корольдігі)

Македония (Македония Республикасы)

Куба (Куба Республикасы)

Иран (Иран Ислам Республикасы)

Мальта Республикасы

Мексика (Мексика Құрама Штаттары)

Йемен (Йемен Республикасы)

Монако (Монако Князьдығы)

Никарагуа (Никарагуа Республикасы)

Камбоджа (Камбоджа Корольдігі)

Нидерланд (Нидерланд Корольдігі)

Панама (Панама Республикасы)

Катар (Катар мемлекеті)

Норвегия (Норвегия Корольдігі)

Парагвай (Парагвай Республикасы)

Кувейт (Кувейт мемлекеті)

Польша

Перу (Перу Республикасы)

Қырғызстан (Қырғыз Республикасы)

Португалия (Португалия Республикасы)

Сальвадор (Эль-Сальвадор Республикасы)

Қытай (Қытай Халық Республикасы)

Румыния

Сент-Винсент және Гренадиндер

Ливан (Ливан Республикасы)

Сан-Марино (Сан-Марино Республикасы)

Сент-Китс және Невис (Сент-Китс және Невис Федерациясы)

Моңғолия

Словакия (Словак Республикасы)

Сент-Люсия

Мьянма (Мьянм Одағы Республикасы)

Словения (Словения Республикасы)

Суринам (Суринам Республикасы)

Непал (Непал Федеративтік Демократикалық Республикасы)

Финляндия (Финляндия Республикасы)

Тринидад және Тобаго (Тринидад және Тобаго Республикасы)

Оман (Оман Сұлтанаты)

Франция (Франция Республикасы)

Уругвай (Уругвай Шығыс Республикасы)

Оңтүстік Осетия (Оңтүстік Осетия Республикасы)

Чехия (Чех Республикасы)

Чили (Чили Республикасы)

Өзбекстан (Өзбекстан Республикасы)

Швейцария (Швейцария Республикасы)

Эквадор (Эквадор Республикасы)

Пәкістан (Пәкістан Ислам Республикасы)

Швеция (Швеция Корольдігі)

Ямайка

Сауд Аравиясы (Сауд Аравиясы Корольдігі)

Ұлыбритания (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен корольдігі)

Австралия және Океания елдері

Сирия (Сирия Араб Республикасы)

Эстония (Эстония Республикасы)

Австралия (Австралия одағы)

Таиланд (Таиланд Корольдігі)

Азия елдері

Вануату (Вануату Республикасы)

Тәжікстан (Тәжікстан Республикасы)

Вьетнам (Вьетнам Социалистік Республикасы)

Жаңа Зеландия

Түркия (Түрік Республикасы)

Жапония

Кирибати (Кирибати Республикасы)

Түркіменстан

Израиль (Израиль мемлекеті)

Маршал аралдары (Маршал аралдары Республикасы)

Үндістан (Үндістан Республикасы)

Индонезия (Индонезия Республикасы)

Микронезия (Микронезия Федеративтік Штаттары)

Филиппин (Филиппин Республикасы)

Ирак (Ирак Республикасы)

Науру (Науру Республикасы)

Шри-Ланка (Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасы)

Кипр (Кипр Республикасы)

Палау (Палау Республикасы)

Шығыс Тимор

Корея (Корей Халық Демократиялық Республикасы)

Папуа-Жаңа Гвинея (Папуа-Жаңа Гвинея Тәуелсіз Мемлекеті)


Корея (Корея Республикасы)

Самоа (Самоа Тәуелсіз Мемлекеті)


Лаос (Лаос Халық Демократиялық Республикасы)

Соломон аралдары


Малайзия

Тонга (Тонга Корольдігі)


Мальдив аралдары (Мальдив Республикасы)

Тувалу


Палестина (Палестина мемлекеті)

Фиджи (Фиджи аралдары Республикасы)


Сингапур (Сингапур Республикасы)

Африка елдері


Африка елдері

Бенин (Бенин Республикасы)


Алжир (Алжир Халық Демократиялық Республикасы)

Ботсвана (Ботсвана Республикасы)


Ангола (Ангола Республикасы)

Буркина-Фасо


Египет (Египет Араб Республикасы)

Бурунди (Бурунди Республикасы)


Ливия (Ливия мемлекеті)

Габон (Габон Республикасы)



Гамбия (Гамбия Республикасы)



Гана (Гана Республикасы)



Гвинея (Гвинея мемлекеті)



Гвинея-Бисау (Гвинея-Бисау Республикасы)



Джибути (Джибути Республикасы)



Конго (Конго Республикасы)



Замбия (Замбия Республикасы)



Зимбабве (Зимбабве Республикасы)



Кабо-Верде (Кабо-Верде Республикасы)



Камерун (Камерун Республикасы)



Кения (Кения Республикасы)



Комор (Комор аралдары одағы)



Кот-д Ивуар (Кот-д Ивуар Республикасы)



Лесото (Лесото Корольдігі)



Либерия (Либерия Республикасы)



Маврикий (Маврикий Республикасы)



Мавритания (Мавритания Ислам Республикасы)



Мадагаскар (Мадагаскар Республикасы)



Малави (Малави Республикасы)



Мали (Мали Республикасы)



Марокко (Марокко Корольдігі)



Мозамбик (Мозамбик Республикасы)



Намибия (Намибия Республикасы)



Нигер (Нигер Республикасы)



Нигерия (Нигерия Федеративтік Республикасы)



Оңтүстік Африка Республикасы



Оңтүстік Судан (Оңтүстік Судан Республикасы)



Орталық Африка Республикасы



Руанда (Руанда Республикасы)



Сейшелдер (Сейшель аралдары Республикасы)



Сан-Томе және Принсипи (Сан-Томе және Принсипи Демократиялық Республикасы)



Свазиленд (Свазиленд Корольдігі)



Сенегал (Сенегал Республикасы)



Сомали (Сомали Республикасы)



Судан (Судан Республикасы)



Сьерра-Леоне (Сьерра-Леоне Республикасы)



Танзания (Танзания Біріккен Республикасы)



Того (Тоголез Республикасы)



Тунис (Тунис Республикасы)



Уганда (Уганда Республикасы)



Чад (Чад Республикасы)



Экваториалды Гвинея (Экваториалды Гвинея Республикасы)



Эритрея (Эритрея Мемлекеті)



Эфиопия (Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасы)

      Ескертпе:

      Егер турда туристі міндетті сақтандырудың түрлі бағдарламалары бойынша сақтандыру аумағына жататын бірнеше елге сақтандырылушының баруы көзделсе, онда "Туристі міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 31 желтоқсандағы заңына қосымшаға сәйкес Туристі міндетті сақтандыру бағдарламасында көрсетілген сақтандыру сомасы көбірек туристі міндетті сақтандыру бағдарламасы бойынша сақтандыру аумағы таңдап алынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады