"Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 162 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 01-01/77 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 30 қарашада № 17842 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 707 Жарлығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 162 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10184 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Дінтану сараптамасын (бұдан әрі – сараптама) жүргізуді Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитеті (бұдан әрі – уәкілетті орган) қамтамасыз етеді.";

      Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларына қосымша, өтініш нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аталған тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Қоғамдық даму министрі Д. Кәлетаев

  Қазақстан Республикасы
  Қоғамдық даму министрінің
  2018 жылғы 26 қарашадағы
  № 01-01/77 бұйрығына
  қосымша
  Дінтану сараптамасын
  жүргізу қағидаларына
  қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасының
  Қоғамдық даму министрлігі
  Қоғамдық келісім комитетінің төрағасы
  ____________________________
  (тегі, аты-жөнінің бірінші
  әріптері)
  Өтініш беруші
  ____________________________
  (жеке тұлғалар үшін тегі, аты,
  әкесінің аты (ол болған
  жағдайда)
  мекенжайы мен телефоны /
  заңды тұлғалар үшін
  пошталық мекенжайы мен телефоны)

Өтініш

      Сізден төмендегі діни материалдарға дінтану сараптамасын жүргізуді сұраймын:

      ___________________________________________________________

      (авторын (және (немесе) аудармашысын, құрастырушысын), басылым деректерін

      (қала, баспасы, шыққан жылы, парақ саны) көрсете отырып сараптама нысанын тізбелеу)

      Дінтану сараптамасын жүргізу__________________________________

      _________________________________________________________

      байланысты. (себебі көрсетіледі, бұл ретте ұйымның кітапхана қорына түскен жағдайда

      ұйымның атауы мен түскен күнін көрсету қажет, миссионерлерді немесе діни бірлестікті

      тіркеуге өтініш берілген жағдайда, қабылданған күнін және мұндай өтінішті қабылдаған

      органды, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген жағдайда – әкеліну күнін көрсету

      қажет).

      Өтініш берушінің қолы, күні,

      мөр (заңды тұлғалар үшін)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады