"Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 97 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 10 желтоқсанда № 17908 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14778 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 20 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 2015 жылғы 29 қазандағы 124-6-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларында:

      4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Субъект уәкілетті органның ведомствосына баға сараптамасының шеңберінде құжаттарды және мәліметтерді не шекті бағаның өсу себебін растайтын негіздеуші материалдарды қоса бере отырып, Хабарламаны, оның ішінде:

      1) "Жария мүдделі ұйымдардың (қаржы ұйымдарынан басқа) жариялау үшін жылдық қаржылық есептіліктің тізбесі мен нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 404 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15384 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 404 бұйрық) бекітілген нысан бойынша бухгалтерлік балансты;

      2) № 404 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша пайда мен зияндар туралы есепті;

      3) "Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2017 жылғы 14 қарашадағы № 171 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16052 болып тіркелген) 1 және 3-қосымшаларға сәйкес статистикалық нысан бойынша еңбек жөніндегі есепті (коды 251112139, индексі 1-Т, кезеңділігі жылдық, тоқсандық);

      4) "Құрылымдық статистика бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2017 жылғы 10 қарашадағы № 165 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16038 болып тіркелген) 1-қосымшаға сәйкес кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есепті (коды 271112130, индексі 1-ПФ, кезеңділігі жылдық);

      5) № 404 бұйрыққа 3 және 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы есепті;

      6) шығындар баптары бойынша толық жазылған жалпы кәсіпорын және әрбір түрі бойынша жекелеген, бағаларды есептеу үшін қолданылатын кірістер мен шығыстар туралы жиынтық деректерді;

      7) қолданылып отырған еңбекақы төлеу жүйесі туралы мәліметтерді;

      8) шикізат пен материалдар шығысының қолданылатын нормалары, жұмыскерлердің нормативтік саны туралы мәліметтерді;

      9) есепке алу саясатын (болған жағдайда);

      10) инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) (болған жағдайда);

      11) негізгі құралдар құнының өсуіне әкелмейтін ағымдағы және күрделі жөндеулерге және басқа да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына бағытталған шығындардың жылдық сметасын;

      12) болған жағдайда негізгі құралдар құнының ұлғаюына әкелетін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге бағытталған шығындардың жылдық сметасын (болған жағдайда);

      13) негізгі құралдарды пайдалану мерзімдері көрсетілген амортизациялық аударымдардың есептеулерін;

      14) тауарды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізудің жоспарланатын және (немесе) нақты көлемін растайтын құжаттарды – ниет хаттамаларын, шарттарды, өндіру (жеткізу) көлемінің есептеулерін, жобалық қуат және оны іс жүзінде пайдалану туралы деректерді, сондай-ақ өндіру (жеткізу) көлемі төмендеген кезде Субъектілер негіздеме ұсынады;

      15) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электр энергиясына (электр энергетикасы саласындағы субъект үшін) шекті тариф құрылымын;

      16) Субъект Хабарлама берген жағдайда шекті бағаны көтеру себептерін растайтын құжаттарды (шикізат, материалдар, көрсетілетін қызметтер құнының өсуін растайтын тиісті шарттардың (жасалған) көшірмелерін) қоса бере отырып, оны көтерудің орындылығын негіздейтін түсіндірме жазбаны;

      17) Субъект Хабарлама берген жағдайда, әр қызмет түрі бойынша жоспарланатын шекті бағаның жобасын ұсынады;

      18) электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету шығыстары бойынша негіздеуші материалдар ретінде және (немесе) Электр энергиясын бөлшек саудада өткізу саласындағы субъектінің ниет хаттамалары есептемелерімен негізделген жоспарлы шығыстарын;

      19) баға сараптамасы шеңберінде құжаттар ұсынудың не Хабарлама берудің алдындағы төрт тоқсан үшін және алдыңғы күнтізбелік жыл үшін шығындар туралы нақты деректерді ұсынады.

      Субъект қызметін бір жылдан аз уақыт жүзеге асырған жағдайда, қызметті жүзеге асырудың нақты кезеңі үшін деректер ұсынылады.

      5. Субъект уәкілетті орган ведомствосының талабы бойынша баға сараптамасын жүргізу үшін Кодекстің 124-6-бабының 10) тармақшасына сәйкес қажетті ақпарат пен құжаттарды ұсынады. Субъект ақпарат пен құжаттарды күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде ұсынады.

      6. Уәкілетті органның ведомствосы Хабарламаны алған күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімде баға сараптамасын жүргізеді немесе Хабарламаны қарайды.

      Хабарламаны қарау кезеңінде Электр энергиясын бөлшек саудада өткізу саласындағы қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі қуаттылық нарығын және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығын енгізуге және электр қуаты нарығында жүктемені көтеруге электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алу-сатуға байланысты шығындар бойынша қосымша есептік және болжамдық материалдарды тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) шекті бағаның алдағы уақытта көтерілуіне дейін кемінде күнтізбелік 5 (бес) күн бұрын ұсынады.

      Электр қуаты нарығын және (немесе) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығын енгізуге байланысты шығындар уәкілетті органның ведомствосы немесе уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі Хабарламаны қарау кезінде өзгерген жағдайда, электр энергиясын бөлшек саудада өткізу саласындағы қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі Хабарламада көрсетілген шекті бағаның деңгейін өзгертеді.";

      14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Электр энергетикасы саласындағы субъектінің бұрын келісілген шекті бағасында ескерілген электр энергиясын сатып алу және (немесе) беру жөніндегі шығыстар орындалмаған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы бұрын келісілген шекті бағаға қосылған шығыстардың және электр энергиясын сатып алу және (немесе) беру жөніндегі нақты шығыстардың арасында айырманың пайда болу нәтижесінде алынған кірістің сомасына келісілген шекті бағаны электр энергиясына сараланған тарифтерді қолданудан негізсіз алынған кіріс сомасын немесе толық алынбаған кіріс сомасын ескере отырып түзетеді.

      Жеке тұлғалардың электр энергиясын тұтыну көлеміне қарай тұтынушылардың электр энергиясына сараланған тарифтерді қолдануына байланысты, сондай-ақ тұтынушылар топтары бойынша тұтынушылардың сараланған тарифтерді қолдануы кезінде жеке және заңды тұлғалардың жалпы тұтыну көлемінің үлес салмағының өзгеруіне байланысты энергиямен жабдықтаушы ұйым кірісті толық алмаған немесе негізсіз кіріс алған жағдайларда уәкілетті органның ведомствосы немесе уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі негізсіз алынған кіріс сомасына шекті бағаны төмендетеді немесе толық алынбаған кіріс сомасына шекті бағаны түзетеді.

      Уәкілетті органның ведомствосы Электр энергетикасы саласындағы субъектінің Хабарламасын қарау барысында жобаланатын шекті бағаны келісілген шекті бағаға қосылған шығыстардың және электр энергиясын сатып алу және (немесе) беру жөніндегі нақты шығыстардың арасында айырманың пайда болу нәтижесінде алынған кірістің сомасына түзетеді.

      Егер Электр энергетикасы саласындағы субъектіде келісілген шекті бағада ескерілген электр энергиясын сатып алу және (немесе) беру жөніндегі шығыстардың және электр энергиясын сатып алу және (немесе) беру жөніндегі нақты шығыстардың арасындағы айырманың ұлғаюы нәтижесінде шығын пайда болған жағдайда уәкілетті органның ведомствосы Электр энергетикасы саласындағы субъектінің Хабарламасын қарау кезінде туындаған айырмаға шекті бағаны түзетеді.

      Электр қуаты нарығында жүктемені көтеруге электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге байланысты, оның ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығымен бекітілген Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10612 болып тіркелген) сәйкес жоғарылату коэффициенттерін қолдана отырып және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алу-сатуға байланысты шығындар бойынша электр энергиясын бөлшек саудада өткізу саласындағы қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі кірісті толық алмаған немесе негізсіз кіріс алған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы немесе уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі негізсіз алынған кіріс сомасына шекті бағаны төмендетеді немесе шекті бағаны қайта қарау кезінде толық алынбаған кіріс сомасына шекті бағаны түзетеді.

      Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардан, электр қуаты мен теңгерімдеуші нарықтан алынатын электр энергиясының құны (бағасы, тарифі) өзгерген жағдайда, Электр энергиясын бөлшек саудада өткізу саласындағы қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі келісілген баға деңгейін өзгертпестен, электр энергиясына арналған шекті тариф құрылымын қайта қарайды. Бұл ретте Электр энергиясын бөлшек саудада өткізу саласындағы қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі уәкілетті органның ведомствосын немесе уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне электр энергиясына арналған шекті тариф құрылымының өзгеретіні туралы хабардар етеді және оны электр энергиясына арналған шекті тариф құрылымы өзгерген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күннен кешіктірмей ұсынады.

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Шекті бағаны қалыптастыру кезінде өзіндік құнда тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өндіруге (көрсетуге, өткізуге) тікелей қатысты, негіздеуші есептік және болжамдық материалдармен (шарттармен, ниет хаттамалармен, шот-фактуралармен, қаржы құжаттарымен және шығыстарды растайтын өзге де құжаттармен) расталған шығыстар ескеріледі, оның ішінде:

      1) растайтын құжаттарда (шарттарда, шот-фактураларда, төлем тапсырмаларында) көзделген бағаларға және тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бір бірлігін шығаруға арналған шикізат, материалдар, отын, материалдық ресурстар энергиясы шығысының қолданылатын нормаларына және (немесе) материалдық ресурстардың жылдық нормаларына сүйене отырып, материалдық ресурстардың нақты көлеміне негізделіп айқындалатын материалдық шығыстар;

      2) еңбек заңнамасына сәйкес еңбекақы төлеу жүйесінде көзделген еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар мен үстемеақылар төлеуді қоса алғанда, персоналға еңбекақы төлеуге арналған шығыстар шекті бағаларды қалыптастыру кезінде ескеріледі, бұл ретте еңбекақы төлеу шығыстарын айқындау кезінде нормативтік саннан аспайтын (болған кезде) персоналдың (әкімшілік-басқару және өндірістік) нақты саны және инфляция деңгейінің болжамды өзгерісі ескеріліп, қолданыстағы бағада қабылданған орташа айлық жалақы есепке алынады;

      3) негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациялық аударымдары тікжелілік (біркелкі) есептеу әдісі бойынша есептеледі және шекті бағаның шығын бөлігіне қосылады. Амортизациялық аударымдар инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға және (немесе) негізгі құралдардың құнын арттыруға алып келетін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге және (немесе) негізгі құралдары және (немесе) материалдық емес активтерді сатып алуға бағытталады;

      4) Субъект негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін ағымдағы және күрделі жөндеуге және басқа да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына жұмсайтын қаражат осындай жұмыстың қажеттігін растайтын құжаттардың негізінде (осындай жұмыстарды жүргізу қажеттігін құжаттамалық техникалық растау, жиынтық сметалық есептеулер, объектілік, жергілікті және ресурстық сметалар (әрбір объект бойынша жеке), оның ішінде Субъектінің сенімгерлік басқаруындағы объектілер бойынша (егер сенімгерлік басқару шартында негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін осындай жөндеу жүргізу туралы талап қамтылса) шекті бағаның шығын бөлігіне қосылады;

      5) өндірілетін және (немесе) өткізілетін тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) тікелей қатысты өзге өндірістік шығыстар шекті бағаның шығын бөлігіне салалық ерекшеліктер ескеріліп, растайтын құжаттардың негізінде қосылады;

      6) инвестициялық бағдарлама (жоба) болған кезде бағаларында инвестициялық бағдарламаны іске асыруға жұмсалатын қарыз қаражаты үшін сыйақы төлемі ескерілетін шығыстар;

      7) егер көрсетілетін қызметтер үшін ақы төлеу оларды көрсету фактісі бойынша жүргізілген жағдайда қызметті көрсету үшін қажетті айналым қаражатын толтыруға тартылған қарыз қаражаты үшін сыйақы төлеміне арналған шығыстар;

      8) сатып алынатын аудиторлық, маркетингтік көрсетілетін қызметтер;

      9) қоршаған ортаға эмиссия үшін ақы төлеу;

      10) кезең шығыстарында ескерілетін міндетті сақтандыру түрлері, салықтар, алымдар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер шығыстары ескеріледі.

      Электр энергиясын бөлшек саудада өткізу саласындағы қоғамдық маңызы бар нарық субъектілері үшін шекті бағаны қалыптастыру кезінде өзіндік құнда сондай-ақ энергия өндіруші ұйымдармен жасалатын ниет хаттамалары, сонымен қатар:

      қуаттылық нарығы мен электр энергиясының теңгерімдеуші нарығын енгізуге және электр қуаты нарығында электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алу-сатуға байланысты есептік және болжамдық материалдар;

      электр қуаты нарығында электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге арналған шығындар;

      электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтің есептік немесе шартты көлемінің және бірыңғай сатып алу шының тиісті кезеңде жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нақты көрсеткен қызмет көлемінің арасындағы айырмашылық;

      электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алу-сатуға байланысты шығындар;

      электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру және өткізу бойынша орталықтандырылған сауда нарығының операторы көрсететін қызметтерге арналған шығындар ескеріледі.";

      мынадай мазмұндағы 30-1-тармақпен толықтырылсын:

      "30-1. Субъект жаңа объектілерде (маршруттарда) және (немесе) учаскелерде жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау және локомотивтік тартқыш қызметтерін көрсеткен жағдайда және (немесе) жаңа учаскелерде нақты шығындар болмаған жағдайда, персонал санының, шикiзат, материалдар, отын, энергия, жөндеу жұмыстары қажеттіліктерін, осы учаскелердегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге тікелей жатқызылған өзге де шығыстарын есептеу тиісті салада (аяда) қолданылатын үлгілік нормалар мен нормативтер негізінде және бағалар деңгейінің салыстырмалы талдауын қолдана отырып жүргізіледі.";

      34-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Субъектінің инвестициялық бағдарламасының жобасын (жоба);";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясына шекті тарифтің құрылымы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің тауарлық газды бөлшек саудада өткізуінің шекті бағасын есептеу осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің электр энергиясын (электрмен жабдықтауды) бөлшек саудада өткізуінің шекті бағасын есептеу осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 97 бұйрығына
1-қосымша
  Қоғамдық маңызы бар
нарықтарда баға белгілеу
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Электр энергиясына шекті тарифтің құрылымы

      ____________________________________________________________________

      (қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі)

      __________________ қолданысқа енгізе отырып, электрмен жабдықтау

      жөніндегі қызметтерді көрсетуге

Атауы

Көлем (кВтс; МВт)

Бағасы айына
1 кВт/с үшін,
1 МВт үшін

Құны (теңге)

Станция атауы




1 - станция




2 - станция




3 - станция




Электр энергиясын сатып алу үшін орташа өлшенген баға жиыны




Өңірлік электр желілік компанияның және энергия беруші ұйымдардың атауы




Өңірлік электр желілік компания




1 - энергия өндіруші ұйым




2 - энергия өндіруші ұйым




Электр энергиясын берудің орташа өлшенген баға жиыны




Электр қуаты нарығында жүктемені көтеруге электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге арналған шығындар




Жүктемені көтеруге электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтердің есептік немесе шартты көлемі мен осы көрсетілетін қызметтің тиісті кезеңдегі нақты көлемі арасындағы айырмашылық




Теңгерімдеуші нарық бойынша шығындар




"KEGOC" акционерлік қоғамының ұлттық электр желілері арқылы электр энергиясын беру жөніндегі жүйелік көрсетілетін қызметтер құны




"KEGOC" акционерлік қоғамының техникалық диспетчерлендіру жөніндегі жүйелік көрсетілетін қызметтер құны




"KEGOC" акционерлік қоғамының электр энергиясын өндірудің-тұтынудың теңгерілімін ұйымдастыру жөніндегі жүйелік көрсетілетін қызметтер құны




Электр қуатын реттеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер құны




"КОРЭМ" акционерлік қоғамының электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығының операторы көрсететін қызметтер құны (болған жағдайда)




Жабдықтау үстемеақы, барлығы




Оның ішінде пайда




Босату тарифінің барлығы (қосылған құн салығын есепке алмастан)




  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 97 бұйрығына
2-қосымша
  Қоғамдық маңызы бар
нарықтарда баға белгілеу
қағидаларына
12-қосымша

Қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің тауарлық газды бөлшек саудада өткізуінің шекті бағасын есептеу

      1. Субъектілердің тауарлық газды бөлшек саудада өткізуінің шекті бағасын есептеу "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 6-бабы, 7) тармақшасына сәйкес бекітілетін ішкі нарықта тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын саралау арқылы тұтынушылар топтары бойынша тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің бағаларын саралауды ескере отырып (әр облыс, республикалық маңызы бар қала, астана үшін жеке (магистральдық газ құбыры арқылы газды тасымалдау және сақтау жөніндегі тарифті ескере отырып жүзеге асырылады (бұдан әрі – көтерме бағалар).

      2. Тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің шекті бағасын қалыптастыру Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің сараланған шекті бағасын белгілеу мақсатында тұтынушылардың мынадай топтары бөліп көрсетілген:

      Тұтынушылардың І тобы – газ тарату жүйелерінен тауарлық газды бөлшектеп өткізу арқылы алатын тұрмыстық тұтынушылар (халық);

      тұтынушылардың ІІ тобы – халық үшін жылу энергиясын өндіру мақсатында тауарлық газ сатып алатын энергетикалық компаниялар (бұдан әрі – халық үшін ЖЭК);

      тұтынушылардың ІІІ тобы – заңды тұлғалар үшін жылу энергиясын өндіру мақсатында тауарлық газ сатып алатын жылу энергетикалық компаниялар (бұдан әрі – заңды тұлғалар үшін ЖЭК);

      тұтынушылардың IV тобы – электр энергиясын өндіруге тауарлық газды тұтыну көлемдеріндегі ЖЭК;

      тұтынушылардың V тобы – бірінші және төртінші топтарға кірмейтін өзге де тұтынушылар;

      тұтынушылардың VI тобы – бюджет қаражаты есебінен ұсталатын бюджеттік ұйымдар.

      4. Тұтынушылардың әрбір тобы үшін тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің шекті бағасы Қағидаларға сәйкес айқындалады және тұтынушылардың тауарлық газдың газ таратушы жүйелер арқылы тасымалдануын ескерместен және тауарлық газдың газ таратушы жүйелер арқылы тасымалдануын есепке алусыз, тұтынушылардың тауарлық газды сатып алуына байланысты бөлінеді.

      5. Тұтынушылардың ІІ және ІІІ топтары үшін газ таратушы жүйелер арқылы газды тасымалдауға жеке шарт жасалады.

      6. Тұтынушылардың бірінші тобы үшін тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің шекті бағасының құрылымы халық үшін мыналардан:

      тұтынушылардың бірінші тобы үшін оның саралануы ескеріле отырып, тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің көтерме бағасынан;

      тауарлық газды өткізу бойынша газ таратушы ұйымның шығындарынан;

      газ таратушы жүйелер арқылы тауарлық газды тасымалдау тарифінен тұрады.

      7. Тұтынушылардың бірінші және алтыншы тобы үшін тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің шекті бағасының құрылымы мыналардан:

      тұтынушылардың жеке тобы үшін оның саралануы ескеріле отырып тауарлық газды бөлшек саудада өткізуге көтерме бағадан;

      тауарлық газды өткізу бойынша газ таратушы ұйымның шығындарынан;

      газ таратушы жүйелер арқылы тауарлық газды тасымалдау тарифінен тұрады (өнеркәсіптік тұтынушылар және ЖЭК тауарлық газды тарату желілерінен сатып алған жағдайда).

      8. Тауарлық газдың көтерме бағаларын саралау "Газ және газбен жабдықтау туралы" 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес газдың көтерме бағалары өзгерген жағдайда жүзеге асырылады.

      9. Тұтынушылардың бірінші тобы үшін сараланған көтерме бағаларын есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      ЦдифI = (ЦдозI * k)-Н-Т,

      мұндағы:

      ЦдифI – тұтынушылардың бірінші тобы үшін тауарлық газдың есептік сараланған көтерме бағасы (теңге/1000 м3);

      ЦдозI – тұтынушылардың бірінші тобы үшін тауарлық газдың қолданыстағы шекті бағасы (теңге/1000 м3);

      Н – осы Қағидаларға сәйкес айқындалатын газ таратушы ұйымның тауарлық газды өткізу шығындары;

      Т – тарату жүйелері арқылы тауарлық газды тасымалдауға арналған заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген тарифтер;

      k – Қазақстан Республикасының ішкі нарығында баға белгілеудің әлеуметтік-экономикалық факторлары негізінде айқындалатын тұтынушылардың бірінші тобы үшін тауарлық газды өткізудің шекті бағасының өзгеру коэффициенті.

      10. Тұтынушылардың екінші тобы үшін тауарлық газға сараланған көтерме бағаларды есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      Цдиф II = (ЦдозII * k1)-Н-Т,

      мұндағы:

      Цдиф II – тұтынушылардың екінші тобы үшін тауарлық газдың есептік сараланған көтерме бағасы (теңге /1000 м3);

      Цдиф II – тұтынушылардың екінші тобы үшін тауарлық газдың шекті бағасы (теңге /1000 м3);

      Н – осы Қағидаларға сәйкес айқындалатын газ таратушы ұйымның тауарлық газды өткізу шығындары;

      Т – тарату жүйелері арқылы тауарлық газды тасымалдауға арналған заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген тарифтер;

      к1 – Қазақстан Республикасының ішкі нарығында баға белгілеудің әлеуметтік-экономикалық факторлары негізінде айқындалатын тауарлық газды өткізудің шекті бағасының өзгеру коэффициенті.

      11. Тұтынушылардың үшінші тобы үшін сараланған көтерме сатып алу бағаларын есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      ЦдифIII = (ЦдозIII * k2)-Н-Т,

      мұндағы:

      ЦдифIII – тұтынушылардың үшінші тобы үшін тауарлық газдың есептік сараланған көтерме бағасы (теңге/1000 м3);

      ЦдозIII – тұтынушылардың үшінші тобы үшін тауарлық газдың қолданыстағы бағасы (теңге/1000 м3);

      Н – Қағидаларға сәйкес айқындалатын газ таратушы ұйымның тауарлық газды өткізу шығындары;

      Т – тарату жүйелері арқылы тауарлық газды тасымалдауға арналған заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген тарифтер;

      k2 – Қазақстан Республикасының ішкі нарығында баға белгілеудің әлеуметтік-экономикалық факторлары негізінде айқындалатын тауарлық газды өткізудің шекті бағасының өзгеру коэффициенті.

      12. Тұтынушылардың төртінші тобы үшін тауарлық газдың сараланған көтерме бағасының есебі мына формула бойынша жүргізіледі:

      Цдиф IV = (Цдоз IV * k3)-Н-Т,

      мұндағы:

      Цдиф IV – тұтынушылардың төртінші тобы үшін тауарлық газдың есептік сараланған көтерме бағасы (теңге/1000 м3);

      Цдоз IV – тұтынушылардың төртінші тобы үшін тауарлық газдың қолданыстағы шекті бағасы (теңге/1000 м3)

      Н – осы Қағидаларға сәйкес айқындалатын газ таратушы ұйымның тауарлық газды өткізуге арналған шығындары;

      Т – таратушы жүйелер арқылы тауарлық газды тасымалдауға арналған заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген тарифтер;

      к3 – Қазақстан Республикасының ішкі нарығында баға белгілеудің әлеуметтік-экономикалық факторлары негізінде айқындалатын тауарлық газды өткізудің шекті бағасының өзгеру коэффициенті.

      13. Тұтынушылардың бесінші тобы үшін тауарлық газды сараланған көтерме бағасының есебі мына формула бойынша жүргізіледі:

      Цдиф V = (Цдоз IV * k4)-Н-Т,

      мұндағы:

      Цдиф V – тұтынушылардың бесінші тобы үшін тауарлық газдың есептік сараланған көтерме бағасы (теңге/1000 м3);

      Цдоз V – тұтынушылардың бесінші тобы үшін тауарлық газдың қолданыстағы шекті бағасы (теңге/1000 м3)

      Н – осы Қағидаларға сәйкес айқындалатын газ таратушы ұйымның тауарлық газды өткізуге арналған шығындары;

      Т – таратушы жүйелер арқылы тауарлық газды тасымалдауға арналған заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген тарифтер.

      к4 – Қазақстан Республикасының ішкі нарығына баға белгілеудің әлеуметтік-экономикалық факторларының негізінде айқындалатын тауарлық газдың шекті бағасын өзгеру коэффициенті.

      14. Тұтынушылардың алтыншы тобы үшін тауарлық газды сараланған көтерме бағасының есебі мына формула бойынша жүргізіледі:

      ЦдифVI = (Vобщ-год * Цоз - (VI-год * ЦдифI) - (VII-год * Цдиф II) – (VIII-год * Цдиф III) - (VIV-год * Цдиф IV) - (VV-год * Цдиф V)) / VVI,

      мұндағы:

      ЦдифVI – тұтынушылардың алтыншы тобы үшін тауарлық газдың есептік сараланған көтерме бағасы (теңге/1000 м3);

      Vжал-жыл – бір жылға тауарлық газды өткізудің жалпы жоспарланған көлемі (1000м3);

      Цоз – газбен жабдықтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тауарлық газдың көтерме бағасы (теңге/1000 м3);

      ЦдифI – тұтынушылардың бірінші тобы үшін тауарлық газдың есептік сараланған көтерме бағасы (теңге /1000 м3);

      ЦдифII – тұтынушылардың екінші тобы үшін тауарлық газдың есептік сараланған көтерме бағасы (теңге /1000 м3);

      ЦдифIII – тұтынушылардың үшінші тобы үшін тауарлық газдың есептік сараланған көтерме бағасы (теңге /1000 м3);

      ЦдифVI-жыл – тұтынушылардың төртінші тобы үшін тауарлық газды өткізудің жоспарланып отырған көлемі (1000 м3);

      ЦдифV-жыл – тұтынушылардың бесінші тобы үшін тауарлық газды өткізудің жоспарланып отырған көлемі (1000 м3);

      VI-жыл – тұтынушылардың бірінші тобы үшін тауарлық газды өткізудің бір жылға жоспарланған көлемі (1000 м3);

      VII-жыл – тұтынушылардың екінші тобы үшін тауарлық газды өткізудің бір жылға жоспарланған көлемі (1000 м3);

      VIII-жыл – тұтынушылардың үшінші тобы үшін тауарлық газды өткізудің бір жылға жоспарланған көлемі (1000 м3);

      VIV-жыл – тұтынушылардың төртінші тобы үшін тауарлық газды өткізудің бір жылға жоспарланған көлемі (1000 м3);

      VV-жыл – тұтынушылардың бесінші тобы үшін тауарлық газды өткізудің бір жылға жоспарланған көлемі (1000 м3);

      VVI-жыл тұтынушылардың алтыншы тобы үшін тауарлық газды өткізудің – бір жылға жоспарланған көлемі (1000 м3).

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 97 бұйрығына
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 1 ақпандағы
№ 36 бұйрығына
13-қосымша

Қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің электр энергиясын (электрмен жабдықтауды) бөлшек саудада өткізуінің шекті бағасын есептеу

      1. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің электр энергиясын бөлшек саудада өткізуінің шекті бағасын есептеу электр энергиясын тұтынушылар топтары бойынша бөлшек саудада өткізу бағаларын саралауды ескере отырып жүзеге асырылады.

      Жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған тарифтерді энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың саралауы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 20 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5602 болып тіркелген) Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына тарифтерді жеке тұлғалардың оны тұтыну көлеміне қарай саралау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясын бөлшек саудада өткізуінің шекті бағасын қалыптастыру Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясын бөлшек саудада өткізуінің сараланған шекті бағасын белгілеу мақсатында тұтынушылардың мынадай топтары бөлінді:

      тұтынушылардың 1-тобы – электр энергиясын тауарларды, жұмыстарды өндіруге (сатуға) және көрсетілетін қызметтерді өндіруге байланысты емес, өзінің тұрмыстық мұқтаждары үшін пайдаланатын тұрмыстық тұтынушылар;

      тұтынушылардың 2-тобы – электр энергиясын тұрмыстық мұқтаждар үшін пайдаланбайтын тұтынушылар;

      тұтынушылардың 3-тобы – мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар.

      Электр энергиясын тұтынушылар топтары бойынша бөлшек саудада өткізудің сараланған шекті бағаларын есептеу

      4. Тұтынушылардың бірінші тобы үшін электр энергиясына сараланған шекті бағаларды есептеу Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамды индексінің негізінде айқындалатын тұтынушылардың бірінші тобы үшін электр энергиясына шекті бағаның өзгеру коэффициенті ескеріле отырып, жүзеге асырылады және мына формула бойынша айқындалады:

      Цсар1 = Zәрекет. * k , теңге/кВтс (ҚҚС-сыз),

      мұндағы:

      Zәрекет. – бірінші топ үшін қолданыстағы баға, теңге/кВтс (ҚҚС-сыз);

      k – Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамды индексінің негізінде уәкілетті органның ведомствосы немесе уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі айқындайтын тұтынушылардың бірінші тобы үшін электр энергиясына шекті бағаның өзгеру коэффициенті.

      ЦсарI тұтыну көлеміне қарай сараланды. Бұл ретте, тұтынушы ЦсарI бойынша немесе оны тұтыну көлеміне қарай ақы төлеуді жүргізуге құқылы.

      5. Тұтынушылардың екінші тобы үшін электр энергиясына шекті бағаны есептеу (тұтынушылардың үшінші тобы болмаған жағдайда) мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      Цсар2 = ((Zi * Vжалпы жыл.) – (Цсар1 *V1))/V2, теңге/кВт.с (ҚҚС-сыз),

      мұндағы:

      Zi – тұтынушылардың тобы бойынша сараланбаған шекті баға;

      Vжалпы жыл – энергиямен жабдықтаушы ұйымның электр энергиясын өткізудің жоспарланған жылдық көлемі, кВт.с.;

      V1 – тұтынушылардың бірінші тобы үшін электр энергиясының жоспарланған көлемі, кВт.с.;

      V2 – тұтынушылардың екінші тобы үшін электр энергиясының жоспарланған көлемі, кВт.с.;

      6. Тұтынушылардың екінші тобы болмаған жағдайда, тұтынушылардың үшінші тобы үшін электр энергиясына шекті бағаны есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      Цсар 3 = ((Zi * Vжалпы жыл.) – (Цсар1 *V1))/V3 теңге/кВт.с (ҚҚС-сыз),

      мұндағы:

      V3 – тұтынушылардың үшінші тобы жоспарлап отырған электр энергия көлемі, кВт.с.;

      7. Тұтынушылардың екінші және үшінші тобы болған жағдайда, тұтынушылардың екінші және үшінші тобы үшін электр энергиясына шекті бағаны есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      Цсар3 = ((Zi * Vжалпы жыл.) – (Цсар1 * V1) – (Цсар2 * V2))/ V3, теңге/кВт.с (ҚҚС-сыз).

      Қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің электр энергиясын тұтынушылар топтары бойынша бөлшек саудада өткізуінің шекті бағаларын есептеудің бақылау үлгісі

      Мысал:

      Бастапқы деректер:

      Zi = 16,50 теңге/кВтс (ҚҚС-сыз)

      Zәрекет. = 14,00 теңге/кВтс (ҚҚС-сыз)

      K = 1,07

      Vжалпы жыл. = 2 377,8 млн.кВтс., оның ішінде:

      V1 = 750,8 млн.кВтс.

      VIII = 1 627,0 млн.кВтс.

      Тұтынушылардың екінші және үшінші топтары үшін (бар болған жағдайда) электр энергиясына шекті бағаны есептеу үшін қосымша деректер:

      VII = 800,0 млн.кВтс.

      VIII = 827,0 млн.кВтс.

      Цсар III = 15,28 теңге/кВтс (ҚҚС-сыз).

      1. Тұтынушылардың бірінші тобы үшін электр энергиясына шекті бағаны есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      ЦсарI = Zәрекет. * k , теңге/кВтс. (ҚҚС-сыз)

      ЦсарI = 14,0 * 1,07 = 14,98

      2. Тұтынушылардың екінші тобы болмаған жағдайда тұтынушылардың үшінші тобы үшін электр энергиясына шекті бағаны есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      Цсар III = ((Zi * Vжалпы жыл.) – (ЦсарI *VI))/VIII теңге/кВт.с. (ҚҚС-сыз)

      Цсар III = ((16,50 * 2 377,8) – (14,98 * 750,8))/1 627 = 17,20 теңге/кВт.с. (ҚҚС-сыз).

      3. Тұтынушылардың екінші тобы (екі тұтынушылар тобы болған жағдайда) үшін электр энергиясының шекті бағасын есептеу мына формулалар бойынша жүзеге асырылады:

      Цсар2 Zi, теңге/ кВтс

      Цсар216,50 теңге/кВтс (ҚҚС-сыз)

      Цсар3 = ((Zi * Vжалпы жыл. ) – (Цсар1 * VI) – (Цсар2 * V2))/V3

      Цсар3 = ((16,50 * 2 377,8) – (14,98 * 750,8) – (16,50 * 800))/827 = 17,88 теңге/кВтс (ҚҚС-сыз).

      Ескертпе:

      Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына тарифтерді жеке тұлғалардың оны тұтыну көлеміне қарай саралауы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 20 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5602 болып тіркелген) Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына тарифтерді жеке тұлғалардың оны тұтыну көлеміне қарай саралау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады