"Деңгейлес мониторингтің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 1060 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 23 қазандағы № 1119 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 27 қазанда № 33572 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Деңгейлес мониторингтің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 1060 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17914 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 131-бабының 1 және 2-тармақтарына, 133-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Деңгейлес мониторинг туралы келісімнің нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Деңгейлес мониторинг туралы келісімді жасау және бұзу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Деңгейлес мониторинг туралы келісімді жасау және бұзу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 131-бабына сәйкес әзірленген және деңгейлес мониторинг туралы келісімді жасау және бұзу тәртібін айқындайды.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Өтініште:

      салық төлеушінің бухгалтерлік және (немесе) салықтық есепке алуын автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді қолданумен қазақ және (немесе) орыс тілдерінде бухгалтерлік және салықтық есепке алуды;

      салық міндеттемелерінің орындалуын ішкі бақылау жүйесінің болуы туралы мәліметтер көрсетіледі.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Келісімді бұзу салық төлеушіге хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберілген, жазбаша нысанда хабардар ету жолымен жүзеге асырылады. Бұл ретте мұндай бұзу Келісімді бұзуға дейін салық есептілігі жекелеген салықтар және төлемдер бойынша берілген салық кезеңіне деңгейлес мониторинг нәтижелерін жоққа шығармайды.";

      көрсетілген Қағидаларға осы бұйрыққа қосымша 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Деңгейлес мониторингті жүргізу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Деңгейлес мониторингті жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 133-бабына сәйкес әзірленді және деңгейлес мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.";

      көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 3 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 5 және 6-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрі
2023 жылғы 23 қазандағы
№ 1119 Бұйрыққа
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 7 желтоқтоқсандағы
№ 1060 бұйрығына
1-қосымша
  нысан

Деңгейлес мониторинг туралы келісім

      Астана қаласы 20__ жылғы "___" _______

      _________________________________________________________________________,

      бұдан әрі (атауы)

      __________________________________________________________________________

      тұлғасында "Салық төлеуші" деп аталатын, (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      __________________________________________________________________________

      негізінде жұмыс істейтін (құжаттың атауы) бір тараптан, және

      __________________________________________________________________________

                  (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      тұлғасында "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер

      комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі, бұдан әрі "Комитет" деп аталатын,

      ___________________________ _________________________ негізінде жұмыс істейтін,

                  (құжаттың атауы)

      екінші тараптан, бұдан әрі бірлескен түрде "Тараптар" деп аталатын "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (бұдан әрі - Салық кодексі) сәйкес осы Деңгейлес мониторинг туралы келісімді (бұдан әрі - Келісім) жасады.

1-тарау. Келісімнің мәні

      1. Тараптар Комитет Салық төлеушіге қатысты деңгейлес мониоринг өткізу туралы уағдаласады.

      2. Деңгейлес мониторинг Салық кодексінің 133-бабына сәйкес жүргізіледі.

2-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      3. Комитет:

      1) салық төлеушіге қатысты деңгейлес мониторингті Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүргізуге;

      2) деңгейлес мониторинг шеңберінде салық төлеушіге Қазақстан Республикасының салық заңнамасын қолдану жөнінде түсіндірулер, оның ішінде Салық кодексінің 134 және 135-баптарына сәйкес алдын ала түсіндірулер беруге;

      3) деңгейлес мониторинг шеңберінде салық төлеушіден алынған мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз етуге;

      4) деңгейлес мониторинг жүргізу кезінде алынған және жасалған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, салық төлеушінің келісімінсіз олардың мазмұнын жарияламауға;

      5) салық төлеушінің орналасқан жері бойынша деңгейлес мониторинг жүргізу кезеңінде салық төлеушінің белгіленген жұмыс режімін бұзбауға міндетті.

      4. Салық төлеуші:

      1) деңгейлес мониторинг шеңберінде Комитеттің лауазымды тұлғасының талабы бойынша салық төлеушінің орналасқан жері бойынша жүргізілетін деңгейлес мониторинг жүргізу тәртібіне сәйкес және (немесе) салық төлеушінің қатысуынсыз бюдетке төленетін салықтар және төлемдердің дұрыс есептелуін және уақтылы төленуін (ұстап қалудар мен аударымдар), әлеуметтік төлемдердің, ұстап қалулар мен аударымдардың толық және уақтылы есептелуін растайтын құжаттарды, салық төлеушінің (салық агентінің) салық нысандарын, салық төлеушінің (салық агентінің) қаржылық есептілігін, сондай-ақ салық есебін жүргізу бойынша құрастырылған жазбаша түсіндірмелерін беруге;

      2) деңгейлес мониторинг жүргізу барысында Комитеттің лауазымды тұлғаларына салық төлеушінің орналасқан жері бойынша бастапқы есеп құжаттары, бухгалтерлік есеп тіркелімі деректерін, салық салуға байланысты салық салу объектілері және (немесе) салық салумен байланысты объектілері туралы ақпарат бар бухгалтерлік және (немесе) салық есебін, және (немесе) ақпараттық жүйені автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету деректерін қарауға құқық беруге;

      3) деңгейлес мониторинг шеңберінде Комитеттің лауазымды тұлғаларына салық төлеушінің қатысуынсыз бастапқы есеп құжаттары, бухгалтерлік есеп тіркелімі деректерін, салық салуға байланысты салық салу объектілері және (немесе) салық салумен байланысты объектілері туралы ақпарат бар бухгалтерлік және (немесе) салық есебін, және (немесе) ақпараттық жүйені автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуден жүктелген мәліметтерді беруге міндетті.

      5. Тараптар екі жақтың келісімі бойынша осы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.

      6. Тараптар Салық кодексінің 13 және 19-баптарында белгіленген өзге де құқықтары бар және өзге де міндеттерді орындайды.

3-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

      7. Осы Келісімде Тараптардың әрқайсысы осы Келісімнен шығатын міндеттемелерді орындамаған және (немесе) дұрыс орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады.

      8. Осы келісімнен пайда болуы мүмкін кез келген даулар немесе келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.

4-тарау. Құпиялылық

      9. Тараптар осы Келісім шеңберінде алынған кез келген ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделген жағдайларды қоспағанда, басқа тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз жарияламауға міндеттенеді.

      10. Тиісті органдар растаған ұрлық, қарақшылық, тонау, ақпараттық деректер базасын кибер талқандау түрінде берілген үшінші тұлға тарапынан заңға қайшы іс-қимылдары салдарынан алынған мәліметтерді абайсызда тарату құпиялылық туралы талаптарды бұзу болып табылмайды.

5-тарау. Келісімнің әрекет ету мерзімі

      11. Осы Келісім қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және үш жыл бойы қолданыста болады және Салық кодексінің 131-бабы 2-тармағына сәйкес белгіленген деңгейлес мониторинг туралы келісімді жасау және бұзу тәртібіне сәйкес бұзылуы мүмкін.

6-тарау. Келісімді бұзу тәртібі

      12. Комитет осы Келісімді мынадай жағдайларда бұзады:

      1) деңгейлес мониторинг жүргізген Комитеттің лауазымды тұлғасы деңгейлес мониторинг жүргізу барысында Салық төлеушімен дәйексіз мәліметтерді ұсыну фактілерін анықтауы;

      деңгейлес мониторинг жүргізу барысында Салық төлеушімен ұсынылған мәліметтерді деңгейлес мониторинг жүргізілетін Комитеттің лауазымды тұлғасымен деңгейлес мониторинг жүргізу барысында Салық төлеушімен ұсынылған мәліметтерді дәйексіз деп тану;

      2) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу (ұстап қалу), төлеумен (аудару) байланысты Салық төлеушінің құжаттарына (ақпаратқа) деңгейлес мониторинг жүргізу барысында жүйелі түрде (күнтізбелік жыл бойына екі реттен көп) ұсынбау түрінде Салық кодексінің 133-бабына сәйкес бекітілген деңгейлес мониторинг жүргізу тәртібін бұзу;

      3) Салық төлеушінің бірігуі, қосылуы, бөлінуі, бөлініп шығуы жолымен оңалту немесе банкроттық, тарату, қайта ұйымдастыру рәсімдерінің басталуы.

7-тарау. Қорытынды ережелер

      13. Осы Келісімге кез келген өзгерістер мен толықтырулар қосымша келісімдерді құрастыру және қол қою арқылы жасалады.

      14. Тараптарды қайта құру арқылы қайта ұйымдастыру осы Келісімнің қолданысын тоқтата алмайды, және барлық құқықтар мен міндеттер тиісті құқық мирасқорларына ауысады.

      15. Деңгейлес мониторинг шеңберінде ұсынылатын ақпарат алмасу мына электрондық пошта мекенжайларын қолданумен:

      Комитет тарапынан _____________________________________________;

      Салық төлеуші тарапынан ___________________________________ жүзеге асырылады.

      16. Осы Келісім мемлекеттік және орыс тілдерінде Тараптардың әрқайсысы үшін тең заңдық күші бар екі данада жасалған.

8-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары және деректемелері

Комитет:
____________________________
(лауазым)
____________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)
____________________________
(қолы)

Салық төлеуші: ____________________________
(лауазым)
____________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)
____________________________
(қолы)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрі
2023 жылғы 23 қазандағы
№ 1119 Бұйрыққа
2-қосымша
  Деңгейлес мониторинг
туралы келісімді жасау және
бұзу қағидаларына
қосымша
  нысан

      Шығыс № (бар болса)

Деңгейлес мониторинг туралы келісімді жасасу туралы өтініш

      ________________________________ ________________________________________

      тұлғасында (толық атауы және салық төлеушінің бизнес-(лауазымы, тегі, аты,

      сәйкестендіру нөмірі)             әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      _______________________ негізінде жұмыс істейтін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 131-бабының 2-тармағына сәйкес __________ жылғы 1 қаңтардан бастап

      __________________________________________________________________________

                  (толық атауы және салық төлеушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      деңгейлес мониторинг жүргізу туралы мәселені қарастыруды сұраймын.

      Осы өтінішпен мыналарды растаймын:

      кәсіпорында бухгалтерлік және салық есебі ____________________________________

      (қазақ және (немесе) орыс тілінде (тілдерінде) бухгалтерлік және (немесе) салық есебін автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді қолданумен жүргізіледі;

      кәсіпорында салық міндеттемелерін орындаудың ішкі бақылау жүйесі енгізілген және пайдаланылады.

      Деңгейлес мониторинг туралы келісімнің қол қойылған екі данасы қоса беріледі.

      Қосымша _______ парақта.

      ______________________                         _____ жылғы "___" ____________

      (лауазымы, тегі, аты,

      әкесінің аты (болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрі
2023 жылғы 23 қазандағы
№ 1119 Бұйрыққа
3-қосымша
  Деңгейлес мониторинг
жүргізу қағидаларына
1-қосымша
  нысан
  Салық төлеушінің атауы:
____________________________
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі:
____________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы:
____________________________
(заңды мекенжай)

Орналасқан жеріне шығумен деңгейлес мониторинг жүргізу туралы хабарлама

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті"

      республикалық мемлекеттік мекемесі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі - Салық кодексі) 133-бабына сәйкес бекітілген Деңгейлес мониторинг жүргізу қағидаларының

      9-тармағына сәйкес ______ жылғы "____" __________ бастап салық төлеушінің орналасқан

      жеріне шығумен деңгейлес мониторинг жүргізу туралы хабарлайды.

      Көрсетілген күнге Деңгейлес мониторинг жүргізу қағидаларының 11-тармағына сәйкес

      Комитеттің мынадай лауазымдық тұлғаларына:

      _________________________________________________________________________.

                  (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      компьютерлік техникамен жарақтандырылған жұмыс орнын, сондай-ақ бухгалтерлік және

      (немесе) салық есебі ақпараттық жүйелеріне қолжетімділікті қамтамасыз етуіңіз қажет.

      Сіз Салық кодексінің 22-тарауына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының

      лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) мемлекеттік кірістер органының жоғары

      тұрған органына немесе сотқа шағымдануыңызға құқылысыз.

      ___________ ____________ _________________________________________________

      (лауазымы)       (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), мөрі)

      Хабарлама салық төлеушіге табыс етілді (жіберілді):

      __________________________________________________________________________

      (хабарлама табыс еткен Комитеттің лауазымды тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы, күні)

      Хабарлама алынды:

      _________________________________________________________________________

      (салық төлеушінің атауы, салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), алған күні)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрі
2023 жылғы 23 қазандағы
№ 1119 Бұйрыққа
4-қосымша
  Деңгейлес мониторинг
жүргізу қағидаларына
2-қосымша
  нысан
  Салық төлеушінің атауы:
____________________________
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі:
____________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы:
____________________________
(заңды мекенжай)

Деңгейлес мониторинг шеңберінде құжаттар мен түсіндірмелерге сұрау салу

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 133-бабына сәйкес

      бекітілген Деңгейлес мониторинг жүргізу қағидаларының 16-тармағына сәйкес ______ жылғы

      "____" __________ дейінгі мерзімге деңгейлес мониторинг жүргізу мақсатында мынадай құжаттар беруді сұраймын:

      _________________________________________________________________________

      Сондай-ақ, мынадай сұрақтар бойынша түсіндірмелерді:

      __________________________________________________________________________

      Бұл ретте, салық төлеушінің салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті

      төлемдерді есептеумен (ұстап қалумен), төлеумен (аударумен) байланысты құжаттардың

      (ақпараттың) және (немесе) жазбаша түсіндірмелердің деңгейлес мониторингін жүргізу

      барысында жүйелі түрде (күнтізбелік жыл бойына екі реттен көп) ұсынбау деңгейлес

      мониторинг туралы келісімді бұзу үшін негіз болып табылады.

      __________ __________ ____________________________________________________

      (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), мөрі)

      Сұрау салу салық төлеушіге табыс етілді (жіберілді):

      __________________________________________________________________________

      (сұрау салуды табыс еткен Комитеттің лауазымды тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты

      (болған жағдайда), қолы, күні)

      Сұрау салу алынды:

      __________________________________________________________________________

      (салық төлеушінің атауы, салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), алған күні)

      * Хабарлама алынғаны туралы мәліметтер электрондық пошта арқылы табыс етілгенде толтырылмайды

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрі
2023 жылғы 23 қазандағы
№ 1119 Бұйрыққа
5-қосымша
  Деңгейлес мониторинг
жүргізу қағидаларына
4-қосымша
  нысан
  Салық төлеушінің атауы:
____________________________
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі:
____________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы:
____________________________
(заңды мекенжай)

Деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша шешім

      ______ жылғы "___" ________                         №_____________________

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша _____

      жылғы "___" _________ № _____ ұсынымдарға ____ жылғы "___" ________ № _______

      қарсылықтарды қарап, мынаны хабарлайды.

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

                  (қабылданатын шешімнің егжейлі-тегжейлі негіздемесі)

      Деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша шешіммен келіспеген жағдайда Сіз "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 22-тарауына сәйкес жоғары

      тұрған салық органына немесе сотқа шағымдануға құқылысыз.

      ________________ ____________ ____________________________________________

      (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), мөрі)

      Шешім салық төлеушіге табыс етілді (жіберілді):

      __________________________________________________________________________

      (хабарламаны табыс еткен лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты

      (болған жағдайда), қолы, күні)

      Шешім алынды:

      __________________________________________________________________________

      (салық төлеушінің атауы, салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),

      алған күні)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрі
2023 жылғы 23 қазандағы
№ 1119 Бұйрыққа
6-қосымша
  Деңгейлес мониторинг
жүргізу қағидаларына
5-қосымша
  нысан

Деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша хабарлама

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Комитет) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі - Салық кодексі) 114-бабына сәйкес және _____ жылғы "____" _________ №___

      деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша шешім негізінде

      __________________________________________________________________ _______

      (салық төлеушінің (салық агентінің) толық атауы)

      бизнес-сәйкестендіру нөміріне:________________________:

      1) есептелген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасы және өсімпұл:

  теңге

р/с №

Бюджеттік сыныптама коды

Бюджеттік сыныптама кодының атауы

Төлем, салық сомасы

Өсімпұл сомасы

Соманың барлығы







БАРЛЫҒЫ



      2) есептелген әлеуметтік төлемдер сомасы және өсімпұл:

  теңге

р/с №

Бюджеттік сыныптама коды

Бюджеттік сыныптама кодының атауы

Төлем, жарна немесе аударулар сомасы

Өсімпұл сомасы

Соманың барлығы







БАРЛЫҒЫ



      3) азайтылған залал сомасы:

  теңге

Залал сомасы


      Салық кодексінің 115-бабының 5-тармағына сәйкес Сізге осы хабарлама табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күнінің ішінде "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті __________________________ бойынша

      Мемлекеттік кірістер департаментінің (облыс, қала)

      _____________________ ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне _________________ теңге мөлшерінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасын және өсімпұлды төлеуі қажет.

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті" мемлекеттік мекемесінің

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі: ______________ № ______________ шотқа

      ___________ ___________________ ______________________________________

      (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), мөрі)

      Хабарлама салық төлеушіге табыс етілді (жіберілді):

      __________________________________________________________________________

      (хабарламаны табыс еткен Комитеттің лауазымды тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты

      (болған жағдайда), қолы, күні)

      Хабарлама алынды:

      __________________________________________________________________________

      (салық төлеушінің атауы, салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),

      алған күні)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады