"Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 13 шілдедегі № 514 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 896 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 12 желтоқсанда № 17922 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 13 шілдедегі № 514 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17281 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 13 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге (бұдан әрі – МеӨҚҚ) аттестаттау жүргізу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) осы қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МеӨҚҚ-тің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында МеӨҚҚ-ны аттестаттау туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш);

      2) "Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 783 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 9942 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 783 бұйрық) бекітілген Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша негізгі өрт сөндіру автомобильдерінің өртті сөндіруге әзірлігін техникалық байқау актісінің электрондық (сканерленген) көшірмесі;

      3) "Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасын, сондай-ақ оларды біргені туралы куәліктің үлгісін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 қаңтардағы № 48 бұйрығының 2-қосымшаға (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 10382 болып тіркелген) сәйкес нысан бойынша мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарын аяқтағаны туралы куәліктердің электрондық (сканерленген) көшірмесі.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу, көлік құралдарының бар-жоғы (көрсетілетін қызметті алушы көлік құралының тіркеу нөмірін және көлік құралы куәлігінің тіркеу нөмірін көрсеткен кезде), жұмыскерлерді, өрт сөндіру құтқару техникасын, жабдық пен құрал-жабдықты орналастыруға арналған объектінің бар-жоғы (көрсетілетін қызметті алушы жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірін көрсеткен кезде), жұмыскерлерде жүргізуші куәліктерінің бар-жоғы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыскерлердің жеке сәйкестендіру нөмірлерін көрсеткен кезде), көлік құралдарының міндетті техникалық байқау (көрсетілетін қызметті алушы көлік құралының тіркеу нөмірін көрсеткен кезде), жұмыскерлердің білімі және еңбек қызметі туралы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыскерлердің жеке сәйкестендіру нөмірлерін көрсеткен кезде), сонымен қатар психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.";

      5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Құжаттарды қабылдау және оларды қарау нәтижесін беру электронды нысанда жүзеге асырылады.";

      6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығы тексеріледі. Ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі анықталған жағдайда көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту беріледі.";

      көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты оны ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі
Қ. Қасымов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

      2018 жылғы "___" _________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      2018 жылғы "___" _________

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 896 бұйрығына
1-қосымша
  "Мемлекеттік емес өртке
қарсы қызметтерді
аттестаттау қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі Төтенше
жағдайлар комитетінің
төрағасына
______________________

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті аттестаттау туралы өтініш

      Сізден қоса беріліп отырған құжаттар тізбесін қарауды және

      ____________________________________________________________________

      мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет атауы

      ____________________________________________________________________

      өртке қарсы қызмет түрі

      ұйымдарда, елді мекендер мен объектілерде өрттің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестат беруіңізді сұраймын.

      Бизнес сәйкестендіру нөмірі: ___________________________________________

      Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет орналасқан жері: _____________________

      Меншік тұрғын үй не озге заңды құқықта көлік құралдарының:

      Мемлекеттік нөмірлік белгінің (тіркеу нөмірі) _____________________________

      Техникалық паспорт сериясы және нөмірінің бар-жоғы туралы мәлімет

      ____________________________________________________________________

      Меншік тұрғын үй не өзге заңды құқығында кезметкерлерді, өрт сөндіру-құтқару техникасын, жабдық пен жарақты орналастыруға арналған объектінің бар-жоғы туралы мәлімет:

      Жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі_______________________________

      Қызметкерлердің жеке басын сәйкестендіру нөмірлер:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін.

      Басшы _________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      __________________

                  күні

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 896 бұйрығына
2-қосымша
  "Мемлекеттік емес өртке
қарсы қызметтерді
аттестаттау қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы Аттестат №__________________ аттестат нөмірі

      Осы аттестат ____________________________________________________

      заңды мекенжайы

      ____________________________________________________________________

      мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет атауы

      Ұйымдарда, елді мекендер мен объектілерде өрттің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына

      ______________________________________________________________ берілді

                              өртке қарсы қызмет түрі

      Төраға ______________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Астана, 20____жылғы "____" ________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады