БҰЙЫРАМЫН:
1. "Республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесінің сыныптауышын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 25 мамырдағы № 215 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 5702 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесінің сыныптауышында:
Мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
"
Бiлiм беру саласындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары ұсынатын қызметтер | |||||||||
РБ |
04 |
1 |
208 |
011 |
000 | 047 | Оқу-әдістемелік, баспа және полиграфиялық өнімдерді әзірлеу және (немесе) өткізу |
1) барлық салықтарды және бюджетке басқа да міндетті төлемдерді төлеуді қоса алғанда, ғылыми зерттеуді жүргізуге қатысатын зерттеу тобы жетекшісінің және мүшелерінің еңбегіне сыйақы беру; | "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабының 3-тармағы, "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери оқу орындарының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің 2018 жылдың 3 қарашадағы № 751 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17730 болып тіркелген). |
РБ |
04 |
1 |
208 |
011 |
000 | 048 | Ақылы негізде функционалдық тағайындалуы бойынша ғылыми-эксперименттік, оқу-материалдық, спорттық базаны, сондай-ақ конференц-залдарды, брифинг-залдарды, акт залдарын және дәрісханаларды ұсыну | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ |
04 |
1 |
208 |
011 |
000 | 049 | Білікті кадрлар мен орта буынның мамандарын қайта даярлау және біліктілігін арттыру | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ |
04 |
1 |
208 |
011 |
000 | 050 | Ғылыми және қорғаныстық зерттеулерді жүргізу | Сол сияқты | Қазақстан Республикасының "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 63-бабының 3-тармағы, Қазақстан Республикасы-ның 2005 жылғы 7 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Заңының 17-бабы. |
". |
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Ә. Смайылов |