Тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілерімен электр қуатын құруға үлгілік шартты бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 511 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 20 желтоқсанда № 17977 болып тіркелді

      "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 7-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілерімен электр қуатын құруға үлгілік шарт бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 511 бұйрығымен
бекітілген

Тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілерімен электр қуатын құруға үлгілік шарт

      ____________________________                        20 _____ж. "__" ____________

      (шарт жасасу орны)                                          (шарт жасасу күні)

      ________________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________,

      (Тұлғалар тобының тізіліміне (бұдан әрі - тізбе) енгізілген көтерме сауда нарығы субъектісінің атауы, резиденттілік, құрылған күні, тіркеу туралы анықтама, күні мен нөмірі, кіммен тіркелді)

      атынан, бұдан әрі "Субъект" деп аталатын,

      ________________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________,

      (шартқа қол қоятын адамның лауазымы, Т.А.Ә.)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (20 ___ж. № ___ "__"__________ жарғының, ереженің, сенімхаттың)

      негізінде әрекет ететін

      ________________________________________________________________________________

      және ___________________________________________________________________________

      (электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы)

      атынан _________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________,

      (лауазымы, Т.А.Ә.)

      бұдан әрі "Уәкілетті орган" деп аталатын, төмендегілер туралы осы Шартты жасасты.

1-тарау. Шарттың мәні

      Субъект мынадай әрекеттердің біреуін немесе бірнешеуін жүзеге асыру арқылы өз қаражаты есебінен электр қуатын құруға міндетті:

      1) жаңа электр қуатын салу;

      2) өзінің бұрыннан бар электр қуатын кеңейту;

      3) шығып қалған не алдағы жеті жылдық кезеңде шығып қалуға жататын өзінің бұрыннан бар электр қуатын реконструкциялау немесе жаңғырту; ________________________________________________________________________________

      (объектінің атауы)

      (бұдан әрі – Энергетикалық кешен) талап етілетін техникалық, сапалық және жаңадан пайдалануға енгізілетін генерациялайтын қондырғылардың пайдалану сипаттамаларына, құрылыс нормалары және ережелері (бұдан әрі – ҚНжЕ) және осы Шарттың талаптарына сәйкес әзірленген жобалық құжаттамаға сәйкес Энергетикалық кешенді пайдалануға енгізу.

      Уәкілетті орган өз құзыреті шегінде Субъектіге Энергетикалық кешенді жобалау және салу (кеңейту, реконструкциялау, жаңғырту) кезінде туындайтын проблемалар мен мәселелерді шешуде жәрдемдесуге міндетті.

2-тарау. Мерзімдер

      1. Энергетикалық кешенді салудың (кеңейтудің, реконструкциялаудың, жаңғыртудың) басталу күні осы Шартқа қол қойылған күннен кешіктірмей _____ күн.

      2. Энергетикалық кешенді пайдалануға енгізу күні: 20___ж. "___" ______

      3. Энергетикалық кешенді салу (кеңейтудің, реконструкциялаудың, жаңғыртудың) мерзімінің ұзақтығы Тараптардың қосымша келісімімен өзгертілуі мүмкін.

3-тарау. Шарттың сомасы

      4. Субъект Энергетикалық кешенді салудың (кеңейтудің, реконструкциялаудың, жаңғыртудың) құнын дербес анықтайды.

      5. Субъект Энергетикалық кешенді салудың (кеңейтудің, реконструкциялаудың, жаңғыртудың) қаржыландыру тәртібін дербес анықтайды.

4-тарау. Субъектінің құқықтары мен міндеттері

      6. Субъект:

      1) Уәкілетті органға Энергетикалық кешенді салудың (кеңейтудің, реконструкциялаудың, жаңғыртудың) барлық мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;

      2) осы Шарт бойынша жұмыстарды орындау үшін мердігерлік ұйымдармен шарттар жасасуға құқығылы.

      7. Субъект:

      1) осы шарт бойынша үшінші тұлғаларға талаптар құқықтарын беру кезінде алдын ала уәкілетті органның жазбаша келісімін алуға;

      2) осы Шартта көзделген мерзімдерде жобалық құжаттарға, ҚНжЕ сәйкес жұмыстарды орындауға;

      3) жұмыстарды орындаудың бүкіл уақыты ішінде Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметі туралы заңнамасының талаптарын сақтауға;

      4) Уәкілетті органды мердігерлік ұйымдармен мердігер шарттарын жасасу туралы бес жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлауға міндетті. Хабарламада мердігер шартының мәні, мердігерлік ұйымдардың атауы мен мекенжайы көрсетілуі тиіс;

      5) Уәкілетті органды құрылыстың аяқталу мерзіміне әсер етуі мүмкін факторлар туындау туралы Субъектіге ол туралы белгілі болған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша түрде хабарлауға;

      6) Уәкілетті органға оның сұрау салуы бойынша осы Шарт бойынша жұмыстарды орындау барысы туралы ақпаратты ұсынуға міндетті;

      7) осы шарт жасасқан күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде бірыңғай сатып алушымен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт жасасуға міндетті.

5-тарау. Уәкілетті органның құқықтары

      8. Уәкілетті орған:

      1) құрылыс барысы мен құрылыс-монтаждау жұмыстарының орындалу сапасын, олардың орындалу мерзімдерінің сақталуын мониторингілеуді жүзеге асыруға;

      2) мониторингті өткізу үшін Субъектінің уақытша құрылыстарына, қоймаларына, құрылыстың жұмыс аумағына еркін кіруге құқылы.

6-тарау. Форс-мажор

      9. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалады.

      10. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі еңсерілмейтін күш мән-жайлары, сондай-ақ осы мән-жайлармен туындаған салдарлар әрекет еткен уақытқа сәйкес кейінге шегеріледі.

      11. Егер осы Шарт бойынша Тараптардың міндеттемелерді толық немесе ішінара орындауының мүмкін еместігі еңcерілмейтін күш мән-жайларының басталуына байланысты алты айдан астам орын алатын болса, онда Тараптар осы Шартты қайта қарауға немесе бұзуға құқылы.

7-тарау. Сапа кепілдіктері

      12. Субъект:

      1) пайдаланылатын материалдардың, конструкциялардың, жабдықтар мен жүйелердің тиісінше сапалы болуына, олардың жобалық ерекшеліктерге, ұлттық стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкестігіне, олардың тиісті сертификаттармен, техникалық паспорттармен және олардың сапасын растайтын өзге де құжаттармен қамтамасыз етілгендігіне;

      2) жобалық құжаттамаға және қолданыстағы нормаларға, техникалық шарттарға және ҚНжЕ сәйкес жұмыстардың орындалу сапасына;

      3) Энергетикалық кешенді алдын ала қабылдап алу кезінде анықталған кемшіліктер мен ақауларды уақтылы жоюға кепілдік береді.

8-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

      13. Энергетикалық кешенде еңбек қауіпсіздігі техникасының ережелері бұзылған жағдайда, Субъект мұндай бұзушылықтардың нәтижесінде туындайтын барлық залалдар үшін толық материалдық жауапкершілікте болады.

      14. Субъект құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізген кезде қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікте болады.

      15. Субъект құрылыс-монтаждау жұмыстары кезінде жұмыскерлерді барлық қауіпсіздік құралдарымен қамтамасыз етеді.

      16. Тараптар осы Шарт бойынша өздерінің міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады.

9-тарау. Шартты бұзу

      17. Осы Шарт Тараптардың келісімі бойынша не сот тәртібімен бір жақты тәртіппен бұзылуы мүмкін.

      18. Егер осы Шартты орындау кезінде осы Шартта көзделген мерзім аяқталғаннан кейін күнтізбелік _______ күн ішінде Субъект осы Шартты орындауға кіріспейтіні мәлім болса, Уәкілетті орган сотқа жүгінбей, бір жақты тәртіппен осы Шартты бұзуға және жұмыстарды орындауды үшінші тұлғаға беруге құқылы.

10-тарау. Құпиялылық

      19. Тараптар шартта келіскен кез келген ақпараттың (деректердің), сондай-ақ осы Шартты орындау процесінде Тараптарға белгілі болған кез келген ақпараттың (деректердің) құпиялылығын сақтамағаны үшін Тараптарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен жауапкершілік жүктеледі.

11-тарау. Дауларды шешу тәртібі

      20. Осы Шартты орындау кезінде туындайтын даулар мен келіспеушіліктер мүмкіндігінше тараптар арасындағы келіссөздер жолымен шешіледі.

      21. Дауларды келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаған жағдайда, тараптар оларды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сот органдарының қарауына береді.

12-тарау. Қорытынды ережелер

      22. Осы Шарт оған Тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді.

      23. Тараптардың ешқайсысы екінші Тараптың жазбаша келісімінсіз осы Шарт бойынша өздерінің құқықтары мен міндеттерін үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ.

      24. Осы Шартқа қол қойылғаннан кейін осы Шартқа қатысты тараптар арасындағы барлық алдын ала уағдаластықтар, талқылаулар және хат-хабарлар күшін жояды.

      25. Егер осы Шартта көзделмеген жаңа міндеттемелердің туындауына алып келетін Тараптар арасындағы кез келген уағдаластықты Тараптар осы Шартқа қосымша келісім түрінде жазбаша нысанда растаса, ол жарамды болып есептеледі.

      26. Осы Шартта тікелей көзделмеген барлық жағдайда Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.

      27. Осы Шарт Тараптардың әрқайсысы үшін бірдей заңды күші бар қазақ және орыс тілдерінде _____________ данада жасалды.

      Егер Субъект ретінде шетелдік тұлға әрекет еткен жағдайда, Шарт қазақ тілінде және тараптарға қолайлы тілде жасалады.

13-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, реквизиттері мен қолдары

Субъект
_____________________________
(шарт түрі бойынша заңды тұлға немесе жеке тұлға атауы)

Уәкілетті орган
_____________________________
(электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы)

_____________________________
(орналасқан елі)

____________________________
(орналасқан елі)

_____________________________
(қала, п/б, көше, үй және кеңсе нөмірі, факс және телефон нөмірі)

____________________________
(қала, п/б, көше, үй және кеңсе нөмірі, факс және )

_____________________________
(есептік немесе валюталық шоттың нөмірі, қызмет көрсететін банк атауы, МҚҰ, ЖСН, төлем мақсатының коды)

____________________________
(есептік немесе валюталық шоттың нөмірі, қызмет көрсететін банк атауы, МҚҰ, ЖСН, төлем мақсатының коды)

_____________________________
(шартқа қол қоятын тұлғаның лауазымы, Т.А.Ә., қолы, мөрі, егер жеке тұлға болса, онда ЖСН)

_____________________________
(шартқа қол қоятын тұлғаның лауазымы, Т.А.Ә., қолы, мөрі, егер жеке тұлға болса, онда ЖСН)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады