Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
"Уақытша өтемдік тарифті бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2016 жылғы 23 қарашадағы № 484 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14644 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 18 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Уақытша өтемдік тарифті бекіту қағидаларында:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Табиғи монополия субъектісі уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы ақпаратты тұтынушының назарына оны қолданысқа енгізгенге дейін кемінде күнтізбелік 10 күн бұрын жеткізеді.
Уақытша өтемдік тарифтің қолданылуы кезеңінде табиғи монополия субъектісі ай сайын коммуналдық көрсетілетін қызметтерді төлеу туралы төлем құжатындағы реттеліп көрсетілетін қызметтердің құнына ескертпе түрінде берілген тарифтерді төмендету туралы ақпаратты тұтынушылардың назарына жеткізеді.
Реттеліп көрсетілетін қызметтің құнына берілген ескертпеде уәкілетті орган ведомствосының интернет-ресурсында жарияланған, уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы уәкілетті орган ведомствосының шешіміне сілтеме жасалып, тұтынушылардың қаражатын қайтару сомасын көрсетумен бағаны төмендету туралы ақпарат көрсетіледі.".
2. Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі |
Т. Сүлейменов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрлігі