"Тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 352 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 7 қарашадағы № 772 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 21 желтоқсанда № 17990 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 352 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10247 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 сәуірдегі "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Барлық тау-кен және геологиялық барлау жұмыстары қауіпті өндірістік объектілерін салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалық құжаттаманың (бұдан әрі – жоба) және тау-кен жұмыстары жоспарының негізінде жүргізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Тау-кен жұмыстарына техникалық басшылық етуге "Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 201-ө-м бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7755 болып тіркелген) бекітілген Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығында көзделген тұлғаларға рұқсат етіледі.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. АЖЖ өндірістік объектінің техникалық басшысының басшылығымен жасалады, осы қауіпті өндірістік объектіге қызмет көрсететін авариялық-құтқару қызметінің (бұдан әрі – АҚҚ) басшысымен келісіледі және ұйымның басшысымен бекітіледі.

      АЖЖ жедел бөлімді, аварияларды жоюға қатысатын персонал арасындағы міндеттерді бөлуді және оның әрекет ету тәртібін, сондай-ақ авария туралы дереу хабарландырылатын лауазымды тұлғалар мен мекемелердің тізімін қамтиды.

      АЖЖ-да:

      1) адамдарды құтқару жөніндегі іс-шаралар;

      2) шахтадағы аварияларға тап болған адамдарды қауіпті әсер ету аймағынан шығару жолдары;

      3) аварияларды жою және олардың дамуының алдын алу бойынша іс-шаралар;

      4) авариялар туындаған жағдайда мамандардың және жұмысшылардың іс-әрекеті;

      5) авария туындауының бастапқы кезеңінде АҚҚ бөлімшесінің және шахта персоналының іс-әрекеті көзделеді";

      мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2, 4-3 және 4-4-тармақтармен толықтырылсын:

      "4-1. Барлық жұмыстар Нарядтар кітабында жазбаша түрде (немесе электронды түрде) ресімделген наряд-тапсырма бойынша жүзеге асырылады.

      Наряд-тапсырма – наряд-тапсырма кітабында (журналында) ресімделген және жұмыстың мазмұнын, орнын, оның басталу және аяқталу уақытын, оның қауіпсіз орындалу шарттарын, қажетті қауіпсіздік шараларын, жұмыстың қауіпсіз орындалуына жауапты бригадалар мен жұмыскерлердің құрамын айқындайтын жұмыстың қауіпсіз өндірісіне арналған тапсырма және наряд-тапсырманың орындалуы немесе орындалмауы туралы белгі.

      Наряд-тапсырманы ұйымның құрылымдық бөлімшесінің техникалық басшысы жауапты жетекшіге және жұмыстардың жауапты өндірушісіне қол қойғызу арқылы береді.

      Наряд-тапсырма жұмыстарды орындау уақытын, мазмұнын, орнын, жұмыстың нақты көлемін, қауіпсіз орындау тәртібін және жұмыстарды орындау тапсырылған нақты тұлғаларды анықтайды.

      Наряд-тапсырма беретін адам:

      1) жұмыс орнының тәуекелдеріне бағалау және әлеуетті қауіптеріне талдау жүргізеді;

      2) жұмыстарды қауіпсіз жүргізу үшін анықталған тәуекелдерді болдырмауды немесе азайтуды қамтамасыз ететін іс-шараларды айқындайды;

      3) қауіпсіз жұмыс өндірісінің тәртібі бойынша ағымдағы нұсқаулықты өткізеді.

      4-2. Барлық аса қауіпті жұмыстар наряд-рұқсат бойынша орындалады.

      Наряд-рұқсат – жұмыстың мазмұнын, орнын, оның басталу және аяқталу уақытын, оның қауіпсіз орындалу шарттарын, қажетті қауіпсіздік шараларын, жұмыстың қауіпсіз орындалуына жауапты бригадалар мен жұмыскерлердің құрамын айқындайтын қауіптілігі жоғары жұмыстың қауіпсіз өндірісіне арналған құжат.

      Аса қауіпті жұмыстардың тізбесін ұйымның құрылымдық бөлімшесінің техникалық басшысы жыл сайын түзетеді және бекітеді.

      Наряд-рұқсатты беруге құқылы құрылымдық бөлімшелердің инженерлік-техникалық жұмыскерлері ұйымның құрылымдық бөлімшесінің техникалық басшысының бұйрығымен бекітілген жауапты жетекшілер мен аса қауіпті жұмыстардың жауапты өндірушілерін айқындайды.

      Аса қауіпті жұмыстарды ұйымдастыруды және қауіпсіз жүргізуді наряд-рұқсаттарды беретін адамдар, жұмысқа рұқсат берген жауапты жетекші, жұмыстарды өндіруші, бригада мүшелері қамтамасыз етеді.

      Наряд-рұқсат жазбаша түрде рәсімделіп, кейіннен наряд-рұқсаттарды беру Журналына (немесе электронды түрде) тіркеледі. Наряд-рұқсаттардың берілуін тіркеу журналы осы Қағидалардың 1-1-қосымшасына сәйкес екі данада беріледі, біреуі наряд берген адамда болады, екінші данасы жұмыстың жауапты өндірушісіне беріледі.

      4-3. Тау-кен жұмыстарын жүргізетін объектілерде бекітілген жоспарға сәйкес оқу дабылдары және аварияларға қарсы жаттығулар жүргізіледі.

      Оқу дабылдарды және аварияларға қарсы жаттығуларды кәсіпорын, өндіріс, технологиялық процесс шеңберінде әртүрлі процесстерді басқаруға арналған автоматтандырылған (цифрлық) персоналды басқару жүйесі режимінде жүргізуге жол беріледі.

      4-4. Персоналды объектідегі қауіпсіз жұмыс өндірісінің шарттарымен таныстыру үшін объекті иесі "Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, оларға нұсқама беру және білімдерін тексеру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1019 бұйрығымен бекітілген Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, оларға нұсқама беру және білімдерін тексеру қағидалары мен мерзімдерінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12665 болып тіркелген) көзделген нұсқаулықтан өткізуді ұйымдастырады.

      Персоналды автоматтандырылған (цифрлық) басқару жүйесін қолдану арқылы нұсқаулық өткізуге рұқсат етіледі.";

      16-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жерасты қазбаларын желдетудің үрлеу әдісін қолдану;

      23-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын;

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Карьерде жаппай жару жұмысын жүргізу алдында адамдар жерасты қазбаларынан жер бетіне шығарылады.

      Жұмыскерлерді жерасты қазбаларына жіберу АҚҚ тарапынан қазба жағдайын тексергеннен және қалыпты кеніш атмосферасы қалпына келтірілгеннен кейін жүзеге асырылады.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Бұрғылау станоктарын, көтеру механизмдерін, тау-кен үңгілеу жабдықтарын, геофизикалық және зертханалық аппаратураларды басқаруды, қозғалтқыштарға, компрессорларға, электр қондырғыларына, дәнекерлеу жабдықтарына қызмет көрсетуді сәйкес біліктілігі бар, өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша даярлықтан, қайта даярлықтан өткен жұмыскерлер атқарады.";

      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Шахтаның тау-кен қазбаларында өздігінен жүретін көлік құралдарында (тиеу-жеткізу көлігі, автосамосвалдар, жұмыскерлерді жұмыс орындарына дейін жеткізетін жерасты автобустары, жарылғыш материалдарды жеткізетін көлік, бұрғылау қондырғылары, геофизикалық станциялар, шурф-үңгілеу агрегаттары) дайындаушы дәрі-дәрмек қорапшасы бар кассеталарды, ауыз су термосын және өрт сөндіру құралдарын орналастыратын орындар көздейді. Кассеталар және өрт сөндіру құралдары қолжетімді жерге орналастырылады және жылдам алынатын бекітпесі болады.

      Көлік құралдары жеке медициналық дәрі-дәрмек қорапшаларымен және өрт сөндіргіштермен қамтамасыз етіледі.";

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Тау-кен соққылары, көмірдің, жыныстың және газдың кенеттен лақтырындысы, жанғыш және жарылуға қауіпті газдардың суфлярлы бөліну қаупі бар тазалау және дайындау кенжарларында жұмыс істеуге аталмыш жұмыстар бойынша қауіпті шахталарда кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар, тау-кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізу бойынша оқудан өткен жұмысшылар жіберіледі.";

      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Салу, пайдалану және жою кезеңінде барлық шахталарға АҚҚ қызмет көрсетеді.

      АҚҚ бөлімшелерінің қызмет көрсету тәртібі, орналасуы, құрылымы және олардың саны ұйым, АҚҚ басшылығының бірлескен шешімімен айқындалады.";

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Шахта басшыларының жазбаша (немесе электрондық нысанда) наряды немесе рұқсатынсыз адамдардың шахтаға түсуіне және жерасты қазбаларында болуына жол берілмейді.

      Нарядтарды беру және ауысымдық тапсырмаларды орындауды бақылауды жүзеге асыру кезінде автоматтандырылған персоналды басқару жүйесін қолдануға жол беріледі.";

      54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. Жерасты тау-кен жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндіріс объектілері байқау, авариялар туралы хабарлау, персоналды позициялау және іздеу жүйелерімен, объектіге қызмет көрсететін АҚҚ тікелей телефондық және оған қосымша балама байланыспен жабдықталады.

      Бақылау, авариялар туралы хабарлау, персоналды позициялау және іздеу жүйесі:

      1) кен диспетчерінің хабарламасын (кодтық, мәтіндік, дауыстық) жерасты қазбаларындағы әрбір жұмыскеріне шахтаның қай жерінде жүрмесін, апатқа дейін, апат кезінде және апаттан кейін тікелей жеткізуді;

      2) шахтада жүрген персонал мен техниканы позициялауды;

      3) құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде тау-кен массасы үйіндісінің астындағы адамды 2 метрден аспайтын дәлдікпен 2 тәулік ішінде тауып алуды және анықтауды қамтамасыз етуі тиіс.

      Позициялау персонал мен техниканың жерасты қазбаларындағы орнын үздіксіз режимде 10 м дейінгі дәлдікпен анықтауды көздейді.

      Хабарландыру кезіндегі берілетін ақпараттың көлемі персоналдың апаттың сипаты мен эвакуацияның мүмкін жолдарын түсінуіне жеткілікті болуы тиіс.

      Бақылау, авариялар, персоналдың орналасуы және іздестіру туралы хабарлау жүйесі тау-кен қазбаларының барлық аймағын қамтуы тиіс.

      Бақылау, авариялар, персоналдың орналасуы және іздестіру туралы хабарлау жүйесі апатқа дейін, апат кезінде және апатты жойғаннан кейін де жерасты тау-кен жұмыстарын автоматтандырылған диспетчерлеу арқылы үздіксіз жүргізіледі және жұмысқа жарамды болып қала береді.

      Хабарлау уақыты 4-5 минуттан артық емес.";

      58, 59-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. Кенжарды әрбір жару және желдету жұмыстарынан соң өндірістік бақылау адамы кенжардың, төбенің, қазба бүйірінің және бекітпенің қауіпсіз жағдайына, сақтандыру құрылғыларының, желдеткіш қызметінің жарамдылығына көз жеткізеді, жұмысқа қажетті құрал-жабдықтардың, механизмдердің және құрылғылардың ақаусыздығын тексереді. Жұмыстарды бастар алдында кенжардағы жұмыстың қауіпсіздігі жағдайларын жасау бойынша технологиялық регламентті ескеріп, шаралар қабылдайды.

      Егер анықталған кемшіліктерді жою мүмкін болмаған жағдайда, бақылау тұлғасы жұмыс жүргізуге жол бермейді және ол туралы өзінің тікелей бастығына немесе шахта диспетчеріне хабарлайды.

      59. Адамдарға қауіп төндіруі мүмкін немесе жұмыстар уақытша тоқтатылған тау-кен қазбалары, шурф сағалары, опырылу аймақтары жер бетінен қоршалады. Қоршау тәртібі мен түрін шахтаның техникалық басшысы айқындайды.

      Барлық тоқтап тұрған тік және көлбеу қазбалар үстінен және астынан жабылады. Бұл ретте қоршау адамдардың қоршалған қазбаларға кіруін болдырмайды.

      Уақытша тоқтатылған тау-кен қазбаларында жұмыстарды қайта бастау шахтаның (кеніштің) техникалық басшысы басқаратын комиссия жасаған Актіге сәйкес жүзеге асырылады.";

      61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "61. Механизмдердің жұмысы кезінде оларды майлауға және тазалауға жол берілмейді, тек осы жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрылғылар болған жағдайда ғана жол беріледі.

      Қайтадан жөнделген тазалау және үңгілеу кешендерін, энергиямен қамтамасыз ету объектілерін, желдету мен су айдау қондырғыларын, жабдықтарды пайдалануға қабылдау шахтаның техникалық басшысының төрағалығымен комиссиялы түрде, дайындық актілерін жасай отырып жүргізіледі.";

      85-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "85. Тау-кен қазбаларындағы кіре беріс еңісі (баурай) үңгілеу алдында тазаланады және жобаға сәйкес бекітіледі, пайдалану кезінде қиябеттердің қауіпсіз жағдайын қамтамасыз ететін адамдардың бақылауында болады.";

      115-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "115. Әрбір жұмыс істеп тұрған шахтада әрбір деңгейжиектен адамдардың тікелей жер бетіне шығуын (баруын) қамтамасыз ететін және ауа ағынының әр түрлі бағытына ие екіден кем емес жеке шығу есіктері көзделеді. Шахтаның әрбір деңгейжиегі жоғарыда (төменде) орналасқан деңгейжиекке немесе үстіге шығатын, адамдарды тасымалдауға (қозғалысына) арналған екіден кем емес бөлек шығыстармен жабдықталады.

      Қосымша есік ретінде қызмет ететін тік және көлбеу оқпандар механикалық көтергілермен және жүргілермен (сатылық бөлімшелермен) жабдықталады.";

      119-тармақ алып тасталсын;

      122-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "122. Апатты жағдайларда жоғары орналасқан деңгейжиектерге және тікелей жоғарыға шығу үшін қосымша есік ретінде автокөліктік еңістерді келесі шарттарды сақтағанда пайдалануға рұқсат етіледі:

      1) адамдардың шығуы тау-кен жұмыстары жүргізіліп жатқан аймақта орналасқан жабдықталған автокөліктермен жүргізіледі;

      2) төмен орналасқан деңгейжиектердегі еңістерге жақын жерлер жобаға сәйкес апаттық ауамен қамтамасыз ету камераларымен жабдықталады, мұнда ауысымдағы адамдардың санынан 10 пайызға артық өздік құтқарғыштардың қоры сақталады. Жобамен негізделген кезде – қорғаныш-камералармен жабдықталады.";

      126-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "126. Егер жерасты қазбаларынан жер бетіне шығатын екі шығыс ретінде тік шахталық оқпандар қолданылатын болса, олар механикалық көтермеден (оның біреуі торлы) басқа сатылық бөлімшелермен жабдықталады. Екі оқпан (қосымша шығыстар) адамдардың әрбір деңгейжиектен жоғарыға тікелей шығуын қамтамасыз ететін кірістермен (шығыстармен) жабдықталады. Егер оқпанда тәуелсіз электр қуаттарымен қамтамасыз етілген екі механикалық көтермемен жабдықталса, осы оқпанда сатылық бөлімше болмауы мүмкін. Егер екі оқпан да тәуелсіз электрлік қуаттармен қамтамасыз етілген екі – екіден механикалық көтергішпен жабдықталса, тереңдігі 500 метрден асатын оқпандарда сатылық бөлімше болмауына рұқсат етіледі.

      Тереңдігі 70 метрге дейінгі тік оқпандарда екі оқпанда да сатылар болғанда, бір оқпанда механикалық көтергіш болмауына рұқсат етіледі.

      Осы тармақтың талаптары шахта құрылысы немесе реконструкциялау кезеңінде таралмайды.";

      136-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "136. Жанбайтын материалдармен бекіту қажет болған кеңістіктерді ағашпен толтыруға болмайды.";

      138-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "138. Еңіс және тік қазбалардың барлық түйісімдері өзара және көлденең қазбалармен қиылысқанда, көлденең қазбалардың түйісімдері, жер бетіне шығатын қазбалардың сағалары жыныстардың беріктігіне қарамастан бекітілуі тиіс.";

      152-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "152. Төбені, қазба бүйірін және кенжарды қолмен тазалау бойынша жұмыстар бақылаушы тұлғаның немесе осы ауысымға аға тұлға болып тағайындалған жұмыскердің қатысуымен жүргізіледі.";

      224-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "224. Кеніштік газдың сыртқа шығып кету қаупі бар шахта оқпандарын бұрғылау кезінде бақылаушы адам жуу сұйықтықтарын тазалау ғимаратында (ғимарат бар болған жағдайда), бұрғылау сораптары ғимаратында және ұңғыма кенжарларының әрбір қиылысатын қатпарға дейін 10 метр сайын, қатпарларды қайта бұрғылап өткен соң қатпардан 5 метрден төмен қашықтықтарда оқпан аузында метан концентрациясының құрамына өлшеу жүргізеді.

      Өлшеу ауысымда үш реттен сирек болмауы тиіс, ауа температурасы 10 градус Цельсиядан төмен болғанда резеңке ыдыстар қолданып, қыздырудан кейін құрамында газ болуын анықтау үшін санды портативтік газ анықтағыштар арқылы іске асырылады. Өлшеу нәтижелері осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Бұрғылау журналына жазылып, өлшеу жүргізген адамның қолы қойылады.

      Жанғыш газ құрамы 1 пайыздан асқанда бұрғылау қондырғысының жұмысы тоқтатылады, бұрғылау ерітіндісін тазалау ғимаратының ішіндегі электрлік қондырғылар ажыратылады. Әрі қарай жұмысты газдалған орындардағы газ концентрациясын 1 пайыздан төмендетуді қамтамасыз ететін мәжбүрлеп тиімді желдету шартымен жүзеге асыру керек.";

      478-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "478. Теспелерді бұрғылау жұмыстары бұрғылау-жару жұмыстарының паспортына сай жүргізіледі. Паспорттарға кенжардағы геологиялық жағдайлардың өзгеруіне байланысты түзетулер енгізу ұйымның техникалық басшысының рұқсатымен жүргізіледі.

      Бұрғылау-жару жұмыстарының бекітілген паспорттары қол қою арқылы учаске бастығына, бұрғылау жұмысының басшысына, ауысымдық инженерлерге және тау-кен шеберлеріне беріледі, паспорттың бір данасы аталған адамдардың қолы қойылып, ұйымның техникалық бөлімінде сақталады.

      Бұрғылау жұмыстарының паспортымен аталған кенжарда тікелей жұмыс істейтін барлық үңгілеушілер және жарушылар қол қою арқылы танысады.

      Бұрғылау-жару жұмыстары паспортының көшірмесі бұрғылау қондырғысында сақталады. Қол перфораторымен бұрғылаушылар үшін бұрғылау-жару жұмыстарының паспорты жұмыс жүргізу орнынан қолжетімді қашықтықта сақталады.";

      494-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "494. Машинамен тиелетін жыныс кесектері өлшемдері жағынан жобада көзделген шамалардан аспайды.

      Жұмыс аяқталған соң тиеу машинасының (экскаватордың) машинисті машинаны қауіпсіз орынға қояды, машинаның өздігінен жылжуына жол бермейтін шараларды қабылдайды, тиеу органдарын жерге тигенше төменге түсіреді, автоматтарды сөндіреді және қоректендіргіш кабельді ажыратады.

      Тиеу машинасының конвейері немесе конвейер – тиегіш тоқтаған кезде оның түсіру бөлігі ілініп қалған жыныс кесектерінен тазартылады.

      Вагоншалардың жыныс тиегіш машиналарға тіркемеленуіне және ажыратылуына тиеу машиналарының жұмысы және қозғалысы кезінде жол берілмейді.

      Олардың әрекет ету радиусында бөгде тұлғалардың болуына рұқсат етілмейді.";

      592-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "592. Тазалау оймалары жобаға сай жүргізілуі тиіс. Кен орындарына немесе шахта алаңына арналған өндіру жүйесінің өзгерістері (негізгі элементтері), жаңа өндіру жүйесін тәжірибелік өндірістік тексеруге және қолданыстағы өндіру жүйесін және олардың көрсеткіштерін жетілдіруге жоба бойынша рұқсат етіледі.";

      595-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "595. Кентіректерде және төбелерде олардың беріктігін төмендететін кемшіліктер анықталғанда, геомеханикалық қызмет тарапынан кентіректер мен төбелердің беріктігін қамтамасыз ететін шаралар қабылданбайынша және орындалмайынша, тазалау жұмыстары тоқтатылады.";

      640-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "640. Камералық - бағандық өндіру жүйесімен қалыңдығы 18 метрге дейінгі көлденең және жайпақ (шоғырлардың құлау бұрышы 20 градусқа дейін) кен шоғырларын қазымдау үшін кен денелерін ойымдау екі кезеңмен жүргізіледі:

      камералық қорларды ойымдау, одан кейін кентіректерді ойымдау (қайта қазымдау).

      Жұмыс басталғанға дейін технологиялық регламент әзірленеді.

      1) Қалыңдығы 18 метрден астам шоғырларды қазымдау екі кесу қазбасымен – төбе астында және қабат астындағы қалған орта бөліктегі табан бойынша жүргізіледі;

      2) көлбеу (2050 градус) және тік құлама (50 градустан артық) кен денелері қазылған кеңістікті толтырымдау арқылы өндіру немесе толық құлату жүйелерімен қазымдалады. Әрбір өндіру жүйесінің қауіпсіз қазымдау шекаралары жобамен анықталады;

      3) тазаланған кеңістікте адамдар жүрген жағдайда камералық - бағандық жүйемен шоғырларды қазымдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кентіректерді қайтадан ойымдаған кезде қазылған кеңістіктің геомеханикалық жай-күйіне, тау-кен массивінің үздіксіз геомониторингінің негізінде жыныстардың жанасу қалыңдығының сырғуына және опырылуына геомеханикалық қызмет тарапынан бақылау жүргізіледі;

      4) кентіректердің жаппай бұзылған, тау-кен жыныстарының жанасу қалыңдығы опырылған аймақтарға түйісетін учаскелерді қазымдау және опырылу процесінің одан әрі таралуына жол бермеу, төбелерді және қазылған қабаттарды басқару үшін опырылу шекараларында өлшемдері в/һ>1,0 (мұндағы в – кентіректің ені, һ – оның биіктігі) қатты бөлу сызықтарын қалдыра отырып, таспалы кентіректермен жүргізіледі;

      5) тау-кен жұмыстары жүргізілетін кен бөлу шегіндегі жер бетінің сырғу аймағында инженерлік желілер мен коммуникациялардың, ғимараттардың, құрылыстардың болуына жол берілмейді, адамдардың кіруіне жол берілмейді, аумақ қоршалады.";

      726-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "726. Қазбалардағы тау-кен жұмыстары атқылау және іліктастардың пайда болуының қарқындылығы басылғаннан кейін өткізіледі.

      Тазартым кенжарында кенді (жынысты) жинау қашықтан басқарылатын тиеу машиналарымен немесе шөміштің алдыңғы шеткі жағынан немесе тиеуіш органынан 4 метрге жақын емес қылып қорғаныс қоршауымен жабдықталған машинистің кабинасымен жүргізіледі.";

      739-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "739. Тау соққысын болжау және болдырмау қызметінің бастығы болып тау соққыларына бейім және қауіпті шахталарда кем дегенде үш жыл жерасты жұмыс тәжірибесі бар, тау-кен ісінің маманы тағайындалады.";

      753-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "753. Газ режимі жағдайындағы жерасты жұмыстарымен байланысты персонал ұйымның техникалық басшысы бекіткен бағдарлама бойынша шахталық газ анықтағыштардың көмегімен газ өлшемін жүргізуге оқытылады.

      Газ бойынша қауіпті шахталарға жанғыш және улы газдар табылған шахталар жатады.

      Қазбалар мен құрылыстардың жанғыш және улы газдардың кіруі бойынша қауіптілігінің аймағы мен дәрежесін бағалауды, құрамына техникалық басшы, бас маркшейдер, бас геолог, шахтаның шаң-желдету қызметінің басшысы және өнеркәсіп қауіпсіздігі саласында жұмыс жүргізу құқығына аттестацияланған ұйымның мамандары кіретін комиссия, геолого-маркшейдерлік құжаттама негізінде жүргізеді.

      Жанғыш және улы газдардың енуі бойынша қазбалар мен құрылыстардың қауіптілік аумағын және дәрежесін бағалау геологиялық-маркшейдерлік құжаттаманың негізінде құрамында техникалық басшы, бас маркшейдер, бас геолог, шахтаның шаң-желдетіс қызметінің бастығы және ұйымның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыс жүргізу құқығына аттестатталған мамандары бар комиссиямен жыл сайын жүргізіледі.

      Қазбалар мен құрылыстардың газ қауіптілігін бағалаудың қорытындысы он күннің ішінде жобалау және техникалық қызметтердің мәліметіне жеткізіледі.";

      768-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "768. Газ шахтасында шаң-желдетіс қызметін басқаруды газ бойынша қауіпті шахтада жер астында жұмыс істеген өтілі 3 жылдан кем емес адам жүзеге асырады.";

      834-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "834. Тау-кен қазбаларын жалпы жарылысқа дайындау және өткізгеннен кейін желдету жарылыс жұмыстары кезіндегі қолданыстағы қауіпсіздік нормаларының талаптарын қадағалау арқылы жалпы жарылыс жобасына сәйкес жүзеге асырылады.";

      865-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "865. Жаппай жарылысты жүргізу жобасында жаппай жарылыспен уатылатын кеннің көлемдік беріктігі мен пириттік күкірттің құрамы көрсетілген кен денесі учаскесінің геологиялық сипаттамасы келтіріледі.

      Жаппай жарылыс жобасында сульфидті шаң жарылысының алдын алу бойынша шаралар тізімі және қолданылатын техникалық құралдар келтіріледі.";

      1059-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1059. Іштен жану қозғалтқышы орнатылған машинаны пайдалану кезінде оның техникалық жай-күйіне өндірістік бақылау жүзеге асырылады:

      1) ауысым сайын машинаның жұмысы алдында машинист машинаның техникалық жай-күйін тексереді.

      Тексеру нәтижесі журналға жазылады. Егер жұмыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қандай да бір құрылғылар істен шықса, машинаны пайдалануға жол берілмейді;

      2) аптасына кемінде бір рет механик учаскеде жұмыс істейтін әрбір машинаның техникалық жағдайына бақылау жүргізеді. Машиналарды жөндеуді және техникалық жай-күйін бақылауды мердігер ұйымның күшімен жүргізуге болады.

      Апта сайынғы техникалық қараудан өтпеген машинаны пайдалануға жол берілмейді.";

      1425-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1425. Лифтілік қондырғыларға профилактикалық қараулар мен жөндеулер осы Қағидалардағы лифтілердің орнатылуы мен қауіпсіз пайдаланылуына қойылатын талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.";

      1482-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1482. Кенжар машиналары мен механизмдерінің басқару сызбасы:

      1) нөлдік қорғанысты;

      2) машина корпусын жерге қосуды үздіксіз бақылауды;

      3) басқарудың сыртқы тізбектерінде тұйықталу кезіндегі аппараттың өз бетінше қосылуын қорғауды қамтамасыз етуі тиіс.

      Магниттік іске қосушылармен басқару үшін бір батырмалы постарды бұл посттар ажырату үшін қолданылатын жағдайды қоспағанда, қолдануға жол берілмейді.

      Батырмалы посттарды басқару тізбегіндегі кернеу қауіпсіз болуы тиіс, кернеу 42 Вольттан аспауы тиіс.";

      1487-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1487. Электр желісінен қоректендірілетін шырақтармен жер асты қазбалары:

      1) оқпан маңындағы қазбалар;

      2) дайындау және тазарту кенжарлары;

      3) электромашина, шығыр және диспечерлік камералар, орталық жерасты шағын станциялар, локомотивті гараждар, денсаулық пункттері, жарылыс материалдары қоймалары, жерасты жөндеу шеберханалары;

      4) еңістердің қабылдау алаңдары, оқпан маңындағы және учаскелік тасылымдық қазбалардағы шығулар, қазба учаскелері және тиеу-түсіру жүргізілетін орындар, адамдарды көліктерге отырғызу пункттері және оларға апаратын жолдар;

      5) оқпандардың кенжар маңындағы кеңістігі, үңгілеу кезіндегі қиылыстар мен камералар, үңгілемік аспалы сөрелер;

      6) тұрақты қызмет көрсететін электр машина қондырғылары, жылжымалы шағын станциялар мен камера сыртындағы тарату пунктері;

      7) адамдарды тасымалдауға арналған таспалы конвейермен жабдықталған қазбалар;

      8) жүк тасымалдауға және адамдардың қозғалуына арналған көлденең қазбалар.

      9) адамдардың қозғалуына арналған сатылары бар көтерілу қазбалары жарықтандырылады. Тазарту кенжарлары кернеулігі 36 Вольтқа дейінгі жылжымалы шамдармен жарықтандырылады, камера биіктігі 4 метр болатын төбені қарау және камераны жарықтандыру үшін кернеулігі 127 Вольттан артық емес прожекторлық жарықтандыру қолданылады.

      Үңгілеу кешендерін немесе комбайндарын қолдана отырып, жүргізілетін дайындау және тазартушы қазбалардың кенжар маңындағы кеңістігі кешенге немесе комбайнға орнатылған шырақтармен жарықтандырылады.";

      1522-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1522. Тоқ кемуінен қорғау аппаратын бақылау учаскесінің адамы немесе оның тапсырмасы бойынша электр қауіпсіздігі бойынша сәйкес тобы бар электрмен дәнекерлеуші әрбір ауысым алдында жұмыс істеуін тексереді. Ақаулықты өздігінен бақылау құрылғысы бар қорғаныс аппаратын тәулігіне бір рет жөндеу ауысымында тексеруге рұқсат етіледі

      Тексеріс нәтижесі қорғау аппараты орнатылған орындарда тақтаға және кему релесінің жұмыс қабілеттілігін тексеру журналына (электронды журналдар) жазылады.

      Тоқ кемуінен қорғау аппаратының әсерінен желінің ажыратылуының жалпы уақыты кем дегенде 6 айда бір рет тексеріледі. Аппаратты тексеру нәтижесі хаттамамен рәсімделеді немесе журналға жазылады.";

      13-кіші бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-кіші бөлім. Жерасты тау-кен қазбаларында маркшейдерлік және геомеханикалық (геотехникалық) жұмыстарды жүргізу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету.";

      1692-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1692. Шахталарды салу, реконструкциялау және пайдалану кезінде жерасты жұмыстарын маркшейдерлік құжаттардың барлық түрімен қамтамасыз ету және тау-кен жұмыстарының сапалы және қауіпсіз жұмысына бақылау жасау үшін барлық шахталарда маркшейдерлік және геомеханикалық (геотехникалық) қызмет ұйымдастырылады.";

      1694-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1694. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында маркшейдерлік қызмет мынадай жұмыстарды іске асырады:

      1) шахталар, жерасты объектілерінің құрылысы кезінде жобаларды табиғилыққа көшіреді, тау-кен қазбаларына бағыт береді және жобаға сәйкес олардың үңгіленуін маркшейдерлік қамтамасыз етеді, шахталық көтеру құралдарының геометриялық элементтерін, олардың дұрыс орнатылуын және шахта оқпандарының нығайтылуын тексереді, тау-кен кәсіпорындары үшін маркшейдерлік құжаттаманы әзірлейді;

      2) кен орындарын пайдалану кезінде жер бетінің және тау-кен қазбаларының суретін түсіреді, шахталарға қажетті жоспарлы-графикалық материалды жасайды, тау-кен қазбаларына бағыт береді және оларды жүргізу кезінде жобалық бағыттардың, көлденең қималар мен еңістердің қадағалануын бақылайды, геологиялық қызметпен бірлесе отырып, су басып қалу, улы және жанғыш газдардың қауіпті аумақтарының шекараларын белгілеу жобаларын жасайды, осыған сәйкес қауіпті аумақтарды ескереді және графикалық маркшейдерлік құжаттамаға түсіреді, қауіпті аумақтарда тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде су және газ басып қалудың алдын алу жөніндегі шараларды әзірлеуге қатысады және олардың орындалуын бақылайды.";

      мынадай мазмұндағы 1694-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1694-1. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін геомеханикалық қызмет мынадай жұмыстарды орындайды:

      1) кен орындарын пайдалану кезінде тау-кен қазбаларының геомеханикалық жай-күйіне және өндірілетін кен орнының жер бетіне мониторинг жүргізеді, тау жыныстарының сырғуына және тау жыныстары қысымының көріністеріне қадағалау жүргізеді, геологиялық қызметпен бірге судың, улы және жанғыш газдардың шығуы бойынша қауіпті аймақтардың шекараларын белгілеу жобаларын жасайды, қауіпті аймақтарды анықтайды және ескереді, қауіпті аймақтардағы тау-кен жұмыстарында су мен газдардың шығуының алдын-алу шараларын әзірлеуге қатысады және олардың іске асырылуын бақылайды, тау-кен жұмыстарының зиянды әсерінен құрылғыларды, табиғи объектілерді және тау-кен қазбаларын қорғау жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады және олардың орындалуын бақылайды, тау-кен жұмыстарын жоспарлауға және кен орындарын өндірудің негізгі мәселелерін шешуге қатысады;

      2) осы Қағидаларға 43-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Жер бетінің сырғуын, ғимараттар мен жерасты құрылыстарының деформацияларын қадағалауды есепке алу журналын жүргізеді және аспаптық қадағалау жазбаларын жасайды;

      3) тау-кен жұмыстарын жүргізу учаскесіндегі геомеханикалық жағдайды бағалап, тау-кен жұмыстарын жүргізудің қауіпсіз әдістеріне қатысты ұсыныстар береді және олардың іске асырылуын бақылайды;

      4) тау-кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізудің қауіпті аймақтары мен шекараларын (судың шығуы, газ лақтырысы, техногенді өрттердің мүмкіндігі, тау-кен қазбаларында мүмкін болатын опырылу мен сырғулар бойынша), адамдар мен техниканың қауіпсіз қозғалыс жолдарын, тау-кен қазбаларындағы және жер бетіндегі қауіпті аймақтарды қоршау және оқшаулау орындарын көрсететін графикалық құжаттар жиынтығын жүргізеді;

      5) геомеханикалық сырғулардың дамуын болжауды, оның ішінде ғылыми мамандандырылған ұйымдарды тартуды жүзеге асырады;

      6) тау массивiн зерттейді;

      7) таулы массивтер мен тау-кен жұмыстарына мониторинг жүргізеді;

      8) қауіпті геомеханикалық учаскелерді анықтайды;

      9) қауіпті геомеханикалық жағдайларды болжайды;

      10) қауіпті учаскелердің қауіпсіз қазымдалуын ескере отырып, тау-кен жұмыстарын жоспарлайды.

      Өндірілетін кен орнының геомеханикалық жай-күйінің мониторингі үздіксіз режимде көрнекі (егер мүмкін болса), аспаптық және құралдық әдістермен жүргізіледі.

      Тау-кен жұмыстарын геотехникалық қамтамасыз етудің негізгі міндеті кен орнының қауіпсіз қазымдалуын қамтамасыз ету болып табылады.

      Қауіпсіздікке қол жеткізу:

      1) көрнекі бақылау;

      2) аспаптық бақылау;

      3) құралдық бақылау арқылы қамтамасыз етіледі.";

      1695, 1696-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1695. Арнайы әдістерді, саймандар мен техникалық құралдарды пайдалануды талап ететін маркшейдерлік жұмыстарды білікті жұмыскерлер орындайды.

      1696. Тау-кен кәсіпорнының құрылысы, пайдалану және жою бойынша жұмыстарды жүргізетін ұйым Маркшейдерлік, геомеханикалық және геологиялық қызмет нұсқамалары журналын (электронды журналдар) жүргізеді, бұл журналға маркшейдерлік, геомеханикалық және геологиялық қызметтің лауазымды тұлғалары жоба бойынша анықталған ауытқуларды, қауіпті аумақтардың болуын, олардың құзыретіне енетін басқа ескертпелерді жазады.";

      1700, 1701-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1700. Жерасты тау-кен қазбаларында лазерлі аспаптармен жұмыс істеу мынадай талаптар сақталған жағдайда орындалады:

      1) жерасты тау-кен қазбаларын үңгілеген кезде бұзу жұмыстары және бағыттау тапсырмасы үшін қауіптілігі бірінші, екінші және үшінші класты лазерлер қолданылады;

      2) жұмыс орындарындағы қауіпті және зиянды факторлар деңгейі гигиеналық нормалармен белгіленген шамалардан аспайды;

      3) лазерлік шағылысудың әсер ету аймағында лазерлік қауіптілік белгісі орнатылады. Визуалды көрудің оптикалық аспаптарымен жұмыс жасауға және осы аумақта персоналдың болуына жол берілмейді.

      1701. Жер бетінде қауіпті аумақ шегінде және көліктің тынымсыз қозғалысы орындарында, тиеу-түсіру жұмыстары жүргізілетін орындарда, материалдар, конструкциялар қоймаланатын орындарда, электр берілісінің жоғары вольтты желілерінің аумағында геодезиялық желінің тіреуіш пунктін салуға болмайды.

      Қауіпті аймақ шегінде, тау-кен жынысының сырғу орындарында, көліктің тынымсыз қозғалысы орындарында маркшейдерлік тіреуіш желілерін салуға жол берілмейді. Салынған тірек желілерінің тірек пункттері күзетілуі тиіс.";

      мынадай мазмұндағы 1701-1, 1701-2, 1701-3, 1701-4 және 1701-5-тармақтармен толықтырылсын:

      "1701-1. Маркшейдерлік және геомеханикалық жұмыстарды жүргізген кезде қолданылатын өлшеу және өңдеу құралдары тексерілуі тиіс.

      1701-2. Қауіпті сырғу аймақтарында жаңа объектілердің құрылысын салуға жол берілмейді.

      1701-3. Қауiптi аймақтардың шекаралары осы Қағидаларға және (немесе) мамандандырылған және ғылыми ұйымдардың қатысуымен анықталады.

      1701-4. Тау-кен кәсіпорнында тау-кен қазбаларының автоматтандырылған (цифрлық) диспетчерлік жүйені пайдалану арқылы өндірілетін кен орнының тау-кен бөлігінде орналасқан ғимараттарға, құрылыстар мен коммуникацияларға зиянды әсерінің алдын алу шаралары әзірленеді.

      1701-5. Ғимараттар мен құрылыстарды қорғау шаралары әрбір кен орнының геологиялық және тау-кен техникалық сипаттамаларын ескере отырып, мамандандырылған және ғылыми ұйымдардың қатысуымен (қажет болған жағдайда) қорғалатын объектілердің ерекшеліктерін және автоматтандырылған (цифрлық) жүйені қолдану арқылы қауіпсіздік шараларының жобасын әзірлеуді ескере отырып әзірленеді. Қауіпсіздік шаралары қорғалатын объектілердің иелерімен міндетті түрде келісілуі керек.";

      мынадай мазмұндағы 1711-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1711-1. Қатты пайдалы қазбаларды өндіру үшін ашық тау-кен жұмыстарының объектілері позициялық және автоматтандырылған диспетчерлеу жүйесімен, карьерлік экскаваторлардың жұмыс қапталын мониторингілеу және есепке алу, спутниктік навигацияны, радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану арқылы бұрғылау қондырғыларын басқару жүйесімен жабдықталған."

      1712-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1712. Ашық тау-кен жұмыстарының объектілерінде жұмыс орнына дейін жолдың ұзындығы 2,5 километрден асқан кезде және (немесе) жұмыстың тереңдігі 100 метрден асқан кезде жұмысшыларды жұмыс орнына жабдықталған көлікпен жеткізу ұйымдастырылады. Адамдарды тасымалдау маршруттары мен жылдамдығы ұйымның техникалық басшысымен (көлік мердігер ұйымға тиесілі болған жағдайда мердігер ұйымның басшысымен қосымша келісіледі) келісіледі. Адамдарды отырғызу алаңдары көлденең орналасады. Отырғызу алаңдарын жолдың өтетін бөлігіне орнатуға жол берілмейді.";

      мынадай мазмұндағы 1716-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1716-1. Ашық тау-кен жұмыстары жазбаша (немесе электронды нысанда) нарядқа сәйкес жүргізіледі.

      Қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын өндіру кезінде нарядтардың берілуін бақылау және ауысымдық тапсырмаларды орындау автоматтандырылған жүйені пайдалана отырып, нақты уақыт режимінде жүзеге асырылады.";

      1726-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1726. Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде беткейлердің, орлардың кертпештердің, қиябеттер мен үйінділердің жай-күйін бақылау жүзеге асырылады.

      Қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезінде бақылау қауіпті сырғуларды шұғыл мониторингілеу және ертерек хабарлау функциясын орындайтын заманауи радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиілікті құрылғыларды қолдану арқылы үздіксіз автоматтандырылған қадағалау жолымен іске асырылады.

      Жыныстардың сырғу белгілері анықталған жағдайда жұмыстар тоқтатылады және олардың беріктігін қамтамасыз ету шаралары қабылданады. Жұмысты ұйымның техникалық басшысының рұқсатымен оның бекіткен жұмысты ұйымдастыру жобасы бойынша қайта жаңғыртуға болады.

      Ашық тау-кен жұмыстары объектілері беткейлерінің, қиябеттерінің, кертпештері мен үйінділерінің өзгеруін қадағалау бойынша қарау және аспаптық бақылау мерзімділігі технологиялық регламентте белгіленеді."

      1730-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1730. Жерасты қазбаларының немесе карстарының болуы салдарынан құлауы немесе бұзылуы ықтимал аймақтарда жұмыс істеген кезде қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары қабылданады. Бұл ретте беткейлер мен алаңдардың жай-күйіне маркшейдерлік және геотехникалық бақылау жүргізіледі.";

      1777-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1777. Жұмыс басталар немесе машина (тетік) қозғалар алдында машинист бригада мүшелері мен жақын маңдағы тұлғалардың қауіпсіз екеніне көз жеткізеді.

      Тетіктерді іске қосу және машиналар, теміржол құрамдары, автокөліктер, тиеу техникасы қозғалар алдында технологиялық регламентпен белгіленген, оның мақсатымен барлық жұмысшылар қол қою арқылы таныстырылған дыбыс немесе жарық белгілері берілуі тиіс. Бұл ретте сигналдар машиналар (тетіктер) жұмыс істеп тұрған аймақтағы барлық жұмысшыларға естіліп (көрініп) тұруы тиіс.

      Сигналдар кестесі жұмыс істеп тұрған тетікке немесе оның жанында ілінеді. Әрбір дұрыс берілмеген немесе түсініксіз сигнал "Тоқта" деген белгі ретінде қабылданады.";

      1780-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1780. Көп орынды автокөлік кабиналарында, теміржол құрамдары мен локомотив кабиналарында құрамдарға ілесіп жүретін адамдарға, ұйымның техникалық басшысының жазбаша рұқсаты болған жағдайда тұлғаларға жүруге болады.

      Тасымалданатын адамдардың саны көлік құралының техникалық сипаттамасымен белгіленеді.";

      1787-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1787. Көлік-үйінді көпірлерінің, үйінді түзгіштер мен экскаваторлардың құрылымдық элементтері, олардың басқыштары, тұтқалары мен алаңдары тау-кен массасынан, кірден, қардан және мұздан тазартылады.";

      1794-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1794. Экскаваторларда пайдаланылатын арқандар паспортқа сәйкес болады және дайындаушының сертификаты болады. Жебе аспасының арқандары кем дегенде аптасына бір рет тексерілуі тиіс. Есу қадамының ұзындығында арқандағы жалпы санынан 15 пайыздан аспайтын үзілген сымдардың болуына жол беріледі. Үзілген сымдардың салбыраңқы ұштары кесіп алынады.

      Көтергіш, тартқыш және тегеурін арқандар ұйымның техникалық басшысы бекіткен мерзімде тексерілуі тиіс.

      Арқандарды тексеру нәтижелері ұйымның техникалық басшысы белгілеген нысан бойынша Ауысымды қабылдау-тапсыру журналына (электронды журналдар) жазылады, оларды ауыстыру туралы жазбалар орнатылған күні мен жаңадан орнатылған арқанның түрін көрсете отырып, экскаваторда сақталатын арқандарды қарау журналына жазылады.";

      1856, 1857-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1856. Заңның 70-бабымен белгіленген белгілері бар бөлімшелерде (объектілерде, учаскелерде) жүргізілетін жөндеу жұмыстары жыл сайын түзетілетін және ұйымның құрылымдық бөлімшесінің техникалық басшысымен бекітілетін аса қауіпті жұмыстардың тізіміне сәйкес наряд-рұқсат бойынша жүзеге асырылады.

      1857. Карьер жабдығын, экскаваторлар мен бұрғылау станоктарын жөндеуді, олардың опырылуы ықтимал және жарылыс жұмыстарының әсер ету аймағынан тыс орналасқан жағдайда кертпештердің жұмыс алаңдарында жүргізуге болады. Алаңдар жоспарланады және кіреберіс жолдары болады.";

      1978-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) ұштың немесе жылжымалы өзекше басының ені 50 миллиметрден жоғары немесе одан көп болса, көлденең қимада өлшенетін, ұштың рамалық рельске және жылжымалы өзекшеге қатысты 2 миллиметр және одан астам төмендеуі;";

      2004-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2004. Вагондары бар пойыздың алдынан тежегіш алаңы немесе пойыздың құраушысы отыратын жағынан ақауы жоқ табаны бар алдыңғы вагон болған жағдайда жүруіне болады.

      Аралыққа жүктерді тиеу және түсіру тұйығына пойыз құраушысынсыз және дыбыс пен жарық белгісінсіз вагондарымен алдынан жіберілетін шаруашылық пойызын өзек саны 12-ден аспайтын вагондардан (думпкарлардан) құрастыруға болады.";

      2032-тармақ алып тасталсын;

      2078-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) қаптама арматурасын, кернеусіз ажыратқыштардың бактарындағы май көрсету шыныларын және трансформаторлардың ұлғайтқыш бактарын тазарту және ұсақ жөндеу;";

      2080-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2080. Тоқ өткізу бөліктерінің жанында кернеуді алмай-ақ кернеуі 1000 Вольттан жоғары электр қондырғыларында ағымдық пайдалану түрінде мынадай жұмыстар орындалады:

      1) бақылау пунктінде қоршаудан өтпей-ақ құрылымдар мен жабдықты сыртынан байқау, жерге қосатын желілерді қарау, есіктер мен құлыптардың механикалық бұғаттау құрылғыларын тексеру және техникалық қызмет көрсету көлеміндегі жұмыстар;

      2) жиынтық жылжымалы трансформаторлық кіші станцияларда қоршаудан өтпей-ақ құрылымдар мен жабдықты сыртынан байқау, жерге қосатын желілерді қарау, құлыптардың механикалық бұғаттау құрылғыларының ақаусыздығын тексеру және ауысым сайын тексеру көлеміндегі жұмыстар;

      3) экскаваторларда (кешендерде) және электрлендірілген қондырғыларда реттеу құрылғыларын қоса алғанда, қоректендіргіш кабелді, электр машиналарын, түзгіш агрегаттар мен қуаттық трансформаторды сыртынан байқау, трансформатордағы майдың деңгейін тексеру (май көрсеткіштері бойынша көзбен қарап), панелдерді, блоктарды және басқару станцияларын қарау;

      4) стационарлық және жартылай стационарлық таратушы құрылғыларда аумақтар мен үй-жайларды жинау, жарықтандыру аппаратураларын жөндеу және ұяшық камераларынан тыс орналасқан шамдарды ауыстыру, телефон байланысының аппаратурасын жөндеу.

      Көрсетілген жұмысты кемінде екі жұмыскер жүргізеді, олардың біреуінің біліктілік тобы IV төмен емес, қалғандарында – ІІІ төмен емес.";

      2082, 2083-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2082. Кернеуі 1000 Вольтқа дейінгі электр қондырғыларында персоналдың өкімі бойынша мынадай жұмыстарды жүргізуіне болады:

      1) кернеу алынған кезде:

      магниттік қосқыштарды, іске қосу түймелерін, автоматты сөндіргіштерді, ажыратқыштарды, реостаттарды, түйістіргіштерді және ұқсас іске қосатын коммутациялық аппаратураны оларды қалқандар мен жинақтардан тыс орнату шартымен жөндеу;

      жекелеген электр қабылдағыштарды (электр қозғалтқыштарын, тежегіш орамдарын және сол сияқтыларды), бөлек орналасқан магнит станциялары мен басқару блоктарын жөндеу, балқыма ендірмелерді ауыстыру, магнит станцияларын сығылған ауамен үрлеу, шамдар мен лампаларды ауыстырып, жарықтандыру сымдарын жөндеу;

      2) кернеуді алмай:

      реленің жұмысын тексеру;

      қоректендіргіш кабелді, кабель муфтасын сыртынан тексеру;

      станция аппаратурасын, басқару блогын қарау, электрлік өлшегіш құралдардың жұмысын тексеру:

      үй-жайды жинау, қаптама мен корпусты тазарту және сүрту. Тармақта көрсетілген жұмыстарды ағымдық пайдалану тәртібінде тау-кен және көлік машиналарының (кешендерінің) және электрлендірілген қондырғылардың машинистері мен машинист көмекшілері, бірақ кемінде екі адам орындайды.

      Бұл ретте алып жүретін жерге қосқыштарды орнату міндетті. Бұл тізбені ұйымның электр шаруашылығы үшін жауапты тұлғасы кеңейтеді.

      2083. Кернеуі 1000 Вольтқа дейінгі электр қондырғыларында ағымдық пайдалану барысында персоналға:

      1) кернеу алынған кезде:

      байланыстырғыштарды тарту және тазалауға;

      оқшаулағыштарды тазартуға;

      төмен вольтты шығыршық ток қабылдағыштағы және тұрақты ток электр машиналарындағы щеткалар мен щетка ұстағыштарды ауыстыруға;

      электр машиналары мен олардың мойынтіректерін қыздыруды бақылауға;

      электр машиналарының мойынтіректеріне май жағуға (толтыру);

      магнит станциясында орнатылған аппаратураның және басқару блогының жай-күйін тексеруге;

      оларды басуды реттеу, байланыстырғыштардың магнит жүйесін және іске қосқыштарды реттеуге;

      аппаратураны тозаңнан тазартуға;

      жарықтандыруды тексеру және лампаларды ауыстыруға;

      жарықтандыру электр желілерін жөндеуге;

      қосатын муфталардың ауысымдық элементтерін (саусақтар, төрткілшелер және басқалары) ауыстыруға;

      басты және қосалқы жетектерді, басқару тізбектерін оқшаулаудың жай-күйін тексеруге;

      түзеткіштердің бактарындағы, кедергі этажеркасындағы, жарық беру трансформаторындағы, магнит өрістерін трансформаторлық қоректендіргіштердегі байланыстырғыштарды тарту және тазалауға;

      жылу беру электр аспаптарын жөндеуге;

      2) кернеуді алмай:

      үй-жайды қоршағанға дейін тазалауға;

      кернеумен жұмыс істейтін электр жабдығының қаптамасы мен корпустарын тозаң мен қоқыстан тазалауға;

      сынама алу сақтандырғыштарын ауыстыру жұмыстарын жүргізуіне болады.

      Электр шаруашылығы үшін жауапты адам бекіткен жұмыстар тізбесі персоналдың қызмет көрсету аймағы бойынша нақтыланады.";

      2085-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2085. Сорғыдағы әуе қоректендіру желілерінде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасын ұйымдастыру жоғары қуатты желілерді қауіпсіз пайдалану бойынша қолданыстағы талаптарға сәйкес орындалады.";

      2106-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2106. Электр-технологиялық персонал үшін электр қондырғыларындағы бұрынғы топтағы ең аз жұмыс өтілі 3 ай.";

      2120-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) электр жабдығы мен қорғағыш құралдары тізімделген, техникалық сипаттамалары мен берілген түгендеу нөмірлерін көрсете отырып, паспорттар немесе журналдар (паспорттық карталарға немесе журналдарға жабдықты сынау, жөндеу, жүйелеу хаттамалары мен актілері қоса беріледі);";

      2132, 2133-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2132. Дара ауыстырып қосу бекеті ауысым сайын сыртынан қарау кезінде:

      1) корпус құрылымының тұтастығы мен оның жылжыма бөлшектерге берік бекітілуі;

      2) әуе ендірмесі құрылымы қоршауының ақаусыздығы мен беріктігі;

      3) есіктің бекіту құрылғыларының ақаусыздығы;

      4) ендірме құрылғысына кабелді нығыздау және бекіту беріктігі;

      5) корпусты орнату беріктігі мен тік қалпынан ауытқушылығы;

      6) корпусты жерге қосу түйістіргіштерінің тығыздығы мен жерге қосатын сымдарда ақаулардың жоқтығы тексеріледі.

      Егер ауыстырып қосу бекеті жарылыс аумағында орналасса, дәл сондай көлемде ауыстырып қосу бекетін әр жылжытқаннан және жару жұмыстарын жүргізгеннен кейін экскаватор машинисті тексереді. Бұл жағдайда электр-техникалық объектілерге қызмет көрсететін учаске персоналы жерге қосқыш кедергісін өлшейді.

      Ақаулар анықталған жағдайда экскаваторды жұмысқа қосуға болмайды.

      Барлық анықталған ақаулықтар туралы экскаватор машинисті ауысымдағы тау-кен жұмыстарын техникалық басқаруды жүзеге асыратын лауазымды тұлғаға хабарлайды.

      Тексеріс нәтижелері экскаватор ауысымын қабылдау-тапсыру журналына (электронды журналдар) жазылады.

      Экскаваторлар машинистері ауысым энергетигіне (энергодиспетчерге) ауыстырып қосу бекетінің май ажыратқыштарының авариялық ажыратылғандығы туралы хабарлайды.

      2133. Электр техникалық объектілерге қызмет көрсететін учаске персоналы жүзеге асыратын, ауыстырып қосу бекетін ай сайын тексеру көлеміне мыналар жатады:

      1) ауысым сайынғы тексеріспен көзделетін жұмыстар;

      2) электр шынжырларының байланыс қосқыштарын тексеру;

      3) аппаратураның, ток трансформаторларының және кернеудің бекіткішін тексеру;

      4) тірек және өтетін оқшаулағыштардың жай-күйін сыртынан бақылау және бекіту;

      5) ажыратқыш пен кернеу трансформаторын тексеру;

      6) жерге қосқыш кедергісінің ауыспалы кедергісін өлшеу және қарау журналына жазып, аспаптың түрін, зауыт нөмірін көрсете отырып, жерге қосқыштың ауыспалы кедергісінің шамасын тексеру.";

      2162-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2162. Аралықтардағы өткізгіштерді қосқыштар сенімділік пен жеткілікті төзімділікті қамтамасыз ететін тәсіл, бекітілген паспорт бойынша орындалады. Басқа да қолданыстағы ЭБЖ қиылысатын жерлерде байланыс желісі, автомобиль және теміржол жолдары, фазалық өткізгіштер және жерге оқшаулағыш сымдар қосылымдарға ие емес және сымдарды екі рет бекіту арқылы орындалады.";

      2192-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2192. Кернеудегі кабельдің орнын диэлектрлік қолғаптарды немесе оқшауландырылған тұтқалары бар құрылғыларды және диэлектрлік боттарды пайдалана отырып, қолмен ауыстыруға болады.

      Кабельді механикалық тәсілмен жылжытқанда, диэлектрлік сынақтан өткен диэлектрлік материалдардан жасалған құрылғылар қолданылады. Бұл туралы аспапқа аспаптың нөмірін және келесі сынақтың күнін қамтитын таңба салынады.

      Кабельді механикалық тәсілмен жылжытқан кезде, ұйымда кабельдің механикалық тәсілмен қауіпсіз қозғалысы үшін технологиялық регламент әзірленеді.";

      2194-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2194. Карьерлердің жылжымалы электр тұтынушыларын қоректендіретін кабельдерді тексеруді:

      1) экскаваторлардың (тау-кен көлік кешендерінің), бұрғылау станоктарының, машиналардың машинистері (машинист көмекшілері) – ауысым сайын;

      2) тағайындалған лауазымды адамның басшылығымен электр техникалық объектілерін пайдаланушы жұмыскерлер ай сайын жүргізеді.";

      2196-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2196. Ай сайынғы жұмыс көлеміне ауысым сайынғы тексеріспен көзделген жұмыстар мен кабельдің ұшындағы бітеулерді тексеру жұмыстары жатады, бұл кезде ток өткізу сымдарын оқшаулау қабатында озон сызаттарының болуы, шығыр бітеулердің оқшауланған аралықтарының ластану дәрежесі тексеріледі. Ай сайынғы тексеріс нәтижелері карьерді электрмен жабдықтауды жүзеге асыратын персоналдың жедел журналында жазылады.";

      2209-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2209. Егер кабельді сынаған кезде оқшаулағыш бұзылмаса, онда сынақ кабелі пайдалануға жарамды деп саналады. Микроамперметрдің көрсеткіштерін есептеу соңғы сынақ минутында жүргізіледі.";

      2280-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2280. Карьердің жарықтандыру желілері үшін, жылжымалы машиналарды жарықтандыру жүйелері үшін желі кернеуі 220 Вольттан аспаған жағдайда оқшауланған бейтарап электрлік жүйе қолданылады. Басқа жарықтандыру түрлерін пайдалану кезінде 220 Вольттан жоғары кернеуді пайдалануға болады.

      Жылжымалы қол шамдарын қоректендіру үшін ауыспалы токтың 42 Вольттан аспайтын және тұрақты токтың 48 Вольттан аспайтын желі кернеуі қолданылады. Тепловоз тіркемесін пайдалану кезінде жылжымалы қол шамдарын қоректендіру үшін кернеуі 75 Вольтқа дейінгі тұрақты токты қолдануға болады.";

      2341-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2341. Тұрақты және уақытша тұрақты жолдардың рельс шынжырлары қимасы тұрақты ток үшін 70 шаршы миллиметрден және ауыспалы ток үшін 50 шаршы миллиметрден кем емес иілгіш дәнекерленген мыс жік қосқыштарымен жабдықталады. Дәнекерленген жіктің ауданы кемінде 250 шаршы миллиметр.";

      2431-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2431. Тозаңның ықтимал түзілуіне және жуылған еңіс бетінен радиобелсенді аэрозольдардың таралуына жол бермес үшін, гидроүйіндіні және тау-кен үйіндісін пайдалану кезінде аса жоғары радиобелсенді фондағы жыныстарды қоймалау үшін жуу мөлшері бойынша жобалық белгіге дейін қабат қалыңдығы кемінде 0,5 метр таза топырақ себеді.";

      мынадай мазмұндағы 10-1 және 10-2-кіші бөлімдермен толықтырылсын:

      "10-1-кіші бөлім. Ашық тау-кен жұмыстарын маркшейдерлік қамтамасыз ету";

      2447-1. Тау-кен жұмыстарын ашық әдіспен маркшейдерлік құжаттаманың барлық түрлерімен қамтамасыз ету үшін және тау-кен жұмыстарының сапалы және қауіпсіз жүргізілуін өндірістік бақылауды маркшейдерлік және геомеханикалық қызмет ұйымдастырады.

      2447-2. Ашық тау-кен жұмыстарының әрбір кәсіпорнында маркшейдерлік құжаттама жиынтығы (бастапқы, есептік және графикалық) жүргізіледі. Маркшейдерлік құжаттаманың негізгі жиынтығын құрастыру, толықтыру, оның құрамы, есепке алу, сақтау мерзімдері маркшейдерлік жұмыстарды жүргізуге қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарымен реттеледі.

      2447-3. Маркшейдерлік қызмет:

      1) кен орнын ашық тау-кен жұмыстарымен қазымдаған кезде жер бетін және тау-кен жұмыстарына, ұңғымаларға түсірілім жүргізеді; ашық тау-кен жұмыстарына қажетті жоспарлау графикалық құжаттамасын жасайды; тау-кен қазбаларының бағыттарын анықтайды және оларды орындау кезінде жобалау бағыттарының қадағалануын бақылайды; көлденең қималар мен беткейлердің жобалау көрсеткіштерін бақылайды; қауіпті аймақтар шекарасын графикалық-маркшейдерлік құжаттамаға түсіреді.

      2) геометриялық көрсеткіштерді өлшейді (көлбеу бұрышы және тереңдігі) және ұңғыма ауыздарының орналасуын анықтайды;

      3) аршылған жыныстар мен тау-кен массасының көлемін анықтайды;

      4) кен қоймаларындағы пайдалы қазбалардың көлемін анықтайды;

      5) жобадан ауытқумен, келісімсіз бұрғыланған және уатылған ұңғымаларды, тау-кен массасының орындалған көлемдерін ақауға жатқызады.

      Тау-кен жұмыстарының жүргізілуін өндірістік бақылайды, тау-кен жұмыстарын жоспарлауға және кен орнын өндірудің негізгі мәселелерін шешуге қатысады.

      2447-4. Автокөліктер мен басқа да көлік құралдары паспортта көзделген орындардағы үйінділерге, жыныстардың опырылу (көшу) призмасынан тысқары түсіріледі. Призманың өлшемдерін ұйымның маркшейдерлік қызметінің жұмыскерлері белгілейді және үйіндіде жұмыс істейтін адамдардың назарына үнемі жеткізеді.

      2447-5. Бұрғылау жұмыстарын жүргізу үшін жұмыс орнын дайындаған кезде маркшейдерлік қызмет бұрғылау паспорттарын құрастыру үшін тазартылған және жоспарланған жұмыс орнына түсірілім жасайды.

      2447-6. Маркшейдерлік қызмет автомобиль жолдары мен жол пойыздарының өлшемдеріне негізделген, жобамен белгіленген карьерішілік жолдар мен жобаның бойлық беткейлерінің жүру бөлігінің енін өндірістік бақылайды.

      2447-7. Маркшейдерлік қызмет тау жынысы білігіне бақылау жасайды. Автокөлік жолының жүру бөлігіндегі, карьер контурының ішіндегі съездер (ойық жолдарды қоспағанда) жыныс білігінің ықтимал опырылу призмасынан немесе қорғаныс қабырғасынан қоршалған. Жыныс білігінің биіктігі карьерде пайдаланылатын жүккөтергіштігі ең көп автокөлік доңғалағының диаметрінің жартысынан кем емес болып қабылданады.

      2447-8. Жаңадан салынған (қайта құрылған) жылжымалы ЭБЖ трассасы жобаға сәйкес маркшейдермен бөлінеді, ал жұмыстарды орындаушыға трасса жоспары беріледі.

      2447-9. Маркшейдерлік бөлім (қызмет) маркшейдерлік бөлімнің (қызметтің) лауазымды тұлғаларының құзыретіне кіретін ескертулерді, қауіпті аумақтардың болуын, жобадан анықталған ауытқуларды жазатын Нұсқамалар журналын жүргізеді.

      Маркшейдерлік бөлім (қызмет) қауіпті аймаққа 20 метрден кешіктірмей белгіленген шекараларды кесіп өтіп, одан шығу туралы техникалық басшыға және учаскенің бастығына (жұмыс жүргізушіге) жазбаша хабарлама жібереді.";

      2447-10. Ашық тау-кен жұмыстарын жүргізу кенжарларына жақын барлық бөлу және негізгі маркшейдерлік жұмыстарды осы жұмыстардың орындалуы үшін қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ететін тау-кен шеберінің рұқсатымен жүзеге асырылуға тиіс.

      2447-11. Маркшейдерлік қызмет жұмыскерлердің санын айқындауды карьердегі геомеханикалық жағдайды немесе кәсіпорында геомеханикалық қызметтің жоқтығын ескере отырып, Маркшейдерлік жұмыстарды жүргізу нұсқаулығына сәйкес тау-кен геологиялық жағдайлардың күрделілігіне байланысты жүргізсін.

      10-2-кіші бөлім. Ашық тау-кен жұмыстарын геомеханикалық қамсыздандыру

      2447-12. Ашық тау-кен жұмыстарында геомеханикалық қызметтің негізгі жұмыстары:

      1) карьерлер, кертпештер, үйінділер беткейлерінің деформацияларын зерттеу және олардың пайда болу себептерін анықтау;

      2) тау-кен жұмыстары учаскелерінің тиімді қиябет көрсеткіштерін белгілеу;

      3) ашық тау-кен жұмыстарында көшкіндердің және беткейлердің опырылуының алдын-алу, адам өміріне қауіпті деформациялар құбылысына жол бермейтін іс-шараларды әзірлеу және қолдану.

      2447-13. Карьер беткейлерінің және үйінді қиябеттерінің деформацияларына аспаптық бақылауды жүргізу үшін мерзімді түрде аспаптық бақылаулар жүргізілетін арнайы бақылау станциялары салынады.

      2447-14. Геомеханикалық қызмет беріктіктің бұзылуының әртүрлі түрлерінің сипаты мен себептері туралы мәліметтерді жинақтау және жүйелеу мақсатында ашық тау-кен жұмыстарында (опырылым көшкіндері, батпақтар, сүзгілеу деформацияларының көшкіндері) қиябеттердің беріктігінің бұзылуының (деформацияларының) паспорттарын құрастырады. Бұл деректер жалпылама талдау мен талдаудан кейін деформацияларды болжау үшін және көшкінге қарсы шараларды әзірлеу үшін пайдаланылады.

      Ашық тау-кен жұмыстарында қиябет беріктігінің әрбір бұзылуы үшін паспорт жасалады.

      2447-15. Жер асты қазбаларының немесе карстың болуы салдарынан ықтимал опырылым немесе ойылу аудандарында жұмыс істеген кезде жұмыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шаралар (алдын ала барлау бұрғылау, ықтимал опырылу аймағына жақын жерлердегі кенжарлардан жару кезінде тау-кен машиналарын әкету және т.б.) қабылданады. Геомеханикалық қызмет карьер беткейінің және кертпештерінің жағдайын құралдық бақылау жүргізеді.

      Қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезінде бақылау үздіксіз автоматтандырылған қадағалау арқылы жүзеге асырылады.";

      7-қосымшада:

      Қатып қалған станция жұмысын есепке алу журналын жүргізуге түсіндермеде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Журнал нөмірленеді, байланады.";

      26-қосымшада:

      Журналды жүргізуге арналған түсіндірме деген 2-бөлімде:

      3-баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-бағанда анықталған дефектілерді жою жөніндегі шараларды және осы араларды орындауға жауапты тұлғаларды жазады.

      "Көтергіш құралдарды қарау нәтижелерін жазу журналын" жүргізу шахтаның бас механигіне жүктеледі.

      Журнал нөмірленеді, байланады.";

      30-қосымшада:

      Журналды жүргізуге түсіндірмеде:

      12-баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-бағанда канатты алу және оның тозу себептері көрсетіледі. Мысалы, қосу қадамының 5 пайыздан артық сымының үзілуі, канаттың 10 пайыздан артық жіңішкеленуі, қатарлардың тұрып қалуы, "қоңыздың" пайда болуы, және тағы басқа.

      Журнал нөмірленеді, байланады.";

      32-қосымшада:

      Кітапты жүргізуге түсіндірмеде:

      ІІ бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "ІІ бөлім ілмелі қондырғы жарамсыздығының сипатын жазуға, оларды жою шаралары мен мерзімдерін жазуға арналған.

      Журнал нөмірленеді, байланады.";

      Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 1-1 қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамамен белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

      2018 жылғы "____" __________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      2018 жылғы "____" __________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

      2018 жылғы "____" __________

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2018 жылғы 7 қарашадағы
№ 772 бұйрығына
қосымша
  Тау-кен және геологиялық
барлау жұмыстарын жүргізетін
қауіпті өндірістік объектілер
үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті
қамтамасыз ету қағидаларына
1-1-қосымша
  нысан
  ________________________
  ұйым

Наряд-рұқсаттардың берілуін есепке алу журналы (электронды журналдар)

Күні, уақыты

Наряд рұқсаттың нөмірі

Нарядты берген адам

Жұмыстардың атауы





      Ескертпе: Наряд-рұқсаттарды тіркеу наряд рұқсаттың берілген күніне және уақытына қарамастан наряд-рұқсаттардың келіп түсуіне байланысты хронологиялық тәртіпте жүргізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады