"Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің жіктелімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 24 қаңтардағы № 56 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 4 желтоқсандағы № 845 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 22 желтоқсанда № 18003 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің жіктелімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 24 қаңтардағы № 56 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9176 болып тіркелген, 2014 жылғы 26 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің жіктелімінде:

      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын пайдалануды басқару - бұл автомобиль жолдары мен жол құрылыстарының қажетті техникалық деңгейін және көліктік-пайдалану жай-күйін қамтамасыз ету бойынша ұйымдық және регламенттейтін кешені;";

      3-тармақ мынадай мазмұндағы 13), 14) және 15) тармақшалармен толықтырылсын:

      "13) жол активтерін басқару – автомобиль жолдарын жөндеуге және күтіп-ұстауға бюджет шығыстарын тиімді жоспарлауға бағытталған, жол активтерінің диагностикасы және аспаптық зерттеп-қарап, сондай-ақ жол инфрақұрылымы қауіпсіздігінің мониторингі жөніндегі қызмет;

      14) диагностика (техникалық жай-күйін бағалау) – жөндеу іс-шараларының қажеттілігін анықтау үшін автомобиль жолдарының және жол құрылыстарының параметрлері және конструктивті элементтерінің жай-күйі, көлік ағынының сипаттамалары туралы ақпаратты, қажет болған жағдайда басқа да ақпарттарды зерттеу, жинау және талдау, сондай-ақ автомобиль жолдарын одан әрі пайдалану процесінде автомобиль жолының жай-күйін бағалау және болжау;

      15) автомобиль жолдарын паспорттау – техникалық паспортын жасай отырып және жол дерек қорын қалыптастыра отырып автомобиль жолдарын және жасанды жол құрылыстарын техникалық есепке алу.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Автомобиль жолдары мен ондағы құрылыстарды пайдалануды басқару өзіне келесі ұйымдық және реглементтік іс-шараларды қамтиды:

      1) автомобиль жолдары мен ондағы құрылыстарды сақтауды қамтамасыз ету және оларды уақытынан бұрын тозудан алдын ала сақтау;

      2) жолдарда көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен жайлылығын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      3) автомобиль жолдары мен ондағы құрылыстарды пайдалануды басқару жұмыстарын орындауды ұйымдастыру, үйлестіру, реттеу және бақылау.";

      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. Жол активтерін басқару:

      1) жол активтерін диагностикалау, паспорттау және аспаптық зерттеп қарауды;

      2) жол-жөндеу жұмыстарының стратегиясын негіздеу және қажетті қаржы ресурстарын жоспарлауды;

      3) автомобиль жолдары мен ондағы құрылыстарды жөндеу және күтіп-ұстау технологиясы мен ұйымдастыруды қоса алғанда, оларды жөндеу мен күтіп ұстаудың нормативтік-техникалық базасын жетілдіру, және өзектендіруді қамтиды.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жол активтерін диагностикалау, паспорттау және аспаптық зерттеп қарап жөніндегі жұмыстың құрамына:

      1) жолдар мен жол құрылыстарын оларды күтіп ұстау сапасын бағалау арқылы жүйелі түрде (көктемгі, күзгі және айлық) қарап тексеру;

      2) автомобиль жолдары мен ондағы құрылыстарды диагностикалау және аспаптық зерттеп қарау;

      3) автомобиль жолдары мен ондағы құрылыстарды паспорттау;

      4) жолдардағы көлік қозғалысының қарқындылығы мен құрамын есепке алу;

      5) жол дерек қорын құру, үнемі жаңарту және жұмыс күйінде ұстау;

      6) ғылыми-техникалық сараптама және объектілерді инспекциялау, соның ішінде жедел шешімдер қабылдауды талап ететін төтенше жағдайларда және өзге жағдайларда материалдар мен жұмыстардың сапасын бағалау кіреді.";

      12-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) орналастырылған учаскелерді технологиялық қолдауды ұйымдастырумен және мониторингілеумен автомобиль жолдарын ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу шеңберінде автомобиль жолдары аспапты тәжірибелі учаскелерін ғылыми, техникалық қолдау және мониторингілеу.";

      19-тармақтың 4) және 5) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

      "4) цемент-бетонды жамылғысы бар жүру бөлігі бойынша:

      жүру бөлігін қоқыстан, шаңнан және батпақтан тазарту, бейтаныс заттардан тазалау;

      бетонның үстіңгі қабатын арнайы құрамдармен бекіту;

      жол жабынының үстіңгі қабатын өндеу, қорғаушы қабаттарды және тозу қабаттарын орнату;

      жүру бөлігін белгілеу;

      тігістерді кесу және ойыстарды толтыру;

      ойыстарды бітеу және тігістерді толтыру;

      бетонды шытынату және қабаттандыру;

      отырыңқы жерлерді және шарықшақтарды жою;

      сегменттердің тозған қабаттарын қалпына келтіру, шытынаған және сынған плиталарды жөндеу, қалпына келтіруге жатпайтын плиталарды алмастыру;

      ылғалдың, ауаның, күн радиациясының кіруінен жабындыны тиімді оқшалау үшін жаңартылған сұйықтықты пайдалану, атмосфералық ықпалдың әсерінен бұзылған битумды қалпына келтіру, жамылғының суға төзімділіғін сақтау және қалпына келтіру;

      5) асфальт-бетонды жамылғысы бар жүру бөлігі бойынша:

      жүру бөлігін жуу және қоқыстан, шаңнан және батпақтан тазарту, бейтаныс заттардан тазалау;

      тұтқыр материалдары көп учаскелерді күтіп ұстау;

      жарықшақтарды құю;

      ылғалдың, ауаның, күн радиациясының кіруінен асфальтбетонды жабындыны тиімді оқшалау үшін жаңартылған сұйықтықты пайдалану, атмосфералық ықпалдың әсерінен бұзылған битумды қалпына келтіру, жамылғының суға төзімділіғін сақтау және қалпына келтіру;

      шұңқырларды жою, шарықшақтарды, шұңқырларды, отырыңқы жерлерді бітеу, жол учаскесінің жиектерін тегістеу;

      жүру бөлігін белгілеу;

      апатты-қауіпті учаскелерді бағдарлы тәсілмен жөндеу (иірімдерді жою, негіз және жабындарды жөндеу, шұңқырды жөндеу, жарықтарды бітеу, тегістейтін қабаттарды қондыру, жол жиектерін бекіту, жабындарды үстіртін өңдеу);

      ресайклинг әдісімен учаскелерді жөндеу (иірімді жою, негіз және жабындарды ішінара жөндеу, шұңқырды жөндеу);

      жол жабынының үстіңгі қабатын өндеу, қорғаушы қабаттарды және тозу қабаттарын орнату;

      автомобиль жолдарына бағдарлы тәсілмен жөндеу жүргізу кезінде жолдарды күтіп ұстау, сондай-ақ бағдар бойынша анықталған қозғалыс үшін қауіпті ақаулықтарды жою жұмыстары, жергілікті учаскелерде жол төсемінің тегістілігін қалпына келтіруді қамтитын жөндеу жұмыстары кешені, оның ішінде ресайклинг әдісімен жүргізіледі. Жөндеудің бағдарлы тәсілі кезінде жөндеу жұмыстары аралас бағдардың барлық ұзындығында, жергілікті учаскелердегі жол төсемінің маңызды ақаулықтары мен бұзылулары шоғырланған жерлерде орындалады.

      Жұмыстар ақаулық ведомосы негізінде қолданыстағы ережелерге сәйкес ресімделген тиісті ақаулықтары мен атқару сметаларын жою үшін қабылданған жұмыстардың технологиясы бойынша жолдарды күтіп ұстауды жүргізетін жол ұйымдарының күштерімен орындалады;";

      19-тармақтың 8) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) жолдардың жағдайы және абаттандыру, қозғалысты ұйымдастыру, байланыс, жарықтандыру объектілері бойынша:

      шу жолақтары, шудан қорғау экрандарын салу және жөндеу;

      жол белгілерін, оқшаулайтын, энегрия тартатын және темірбетонды қоршауларды, жол буферлерін орнату, бұзылған жерлерді қалпына келтіріп түзету, жол белгілері мен қоршаулардың қалқандарын толық ауыстыру, панноларды, жол жиектерінің тастарын орнату және жөндеу, жолды жайғастыру элементтерін реставрациялау;

      сәулет безендірулері мен абаттандыру элементтерінің жекелеген бұзылуларын және ақаулықтарын жөндеу;

      автопавильондар, дәретханалар, күркелер, жол белгілері, қоршаулар және автомобиль жолдарының басқа жайғастыру элементтерін жөндеу, сырлау және ақтау, тік және көлденең белгілерді түсіру;

      күркелерді, орындықтарды, дәретханаларды (жарықтандыру және электрмен жабдықтау), бөлінген белдеудің шегінде жаяу жүргіншілер жолақтарын және тротуарлар орнату және жөндеу;

      жаңа материалдар қолданбастан өтпелі, топырақты және топырақты жақсартылған төсемдері бар жол сервис объектілерінің мемлекеттік меншіктегі демалыс алаңдары мен кіреберіс жолдарын кескіндеу;

      қоршауларды, сигнал беру бағандарын, белгілерді, қалқандарды үнемі тексеру, бекіткіштерін тарту, қалқандарды түзету, шаң мен балшықтан тазалау, жуу;

      автобус аялдамаларын, дәретханаларды, күркелерді, автопавильондарды кезеңді тексеру, шаңнан, балшықтан және қоқыстан тазалау, жуу;

      жол сервис нысандарын және павильондарын күту, тазалау, жөндеу;

      қозғалысты ұйымдастыру, байланыс және жарықтандыру құралдарын күтіп ұстау, күту және жарамдылығын қадағалау;

      жүру бөлігін және жиектерді бөтен, жол қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін заттардан тазалау;

      жолдарды, көпірлерді, жол өткізгіштерді, үңгі жолдарды, көлік айрықтарын, паромдық өткелдерді және басқа жол құрылыстарын электрмен жабдықтау желілерін тазалықта және ретке келтіріп ұстау, істен шыққан шамдарды, шамшырақтарды, сымдарды, кабельдерді, трансформаторларды, жарық тіреулерін және басқа электрмен жабдықтау элементтерін ауыстыру және жаңаларын монтаждау, радио байланысын, ақы алу жүйесін, зияткерлік көлік жүйесін (ИТЖ), басқа технологиялық және сигнал беру байланысының басқа құралдарын, кабель желілерін, сондай-ақ, бағдаршам объектілерін, қозғалысты ұйымдастыру құралдарын, олардың қызмет етуі үшін байланыс каналдарын жалға алуды қоса алғанда, қозғалысты диспетчерлік және автоматтандырып басқару құралдарын тазалықта және ретке келтіріп ұстау;

      GPS қондыру және пайдалану;

      қозғалысты ұйымдастыру, байланыс және жарықтандыру объектілерінің құралдарын жеке бұзылулардан және ақаулықтардан жөндеу;

      жол желілік телеграфтық немесе радио байланыс және басқа технологиялық және сигнал-шақыру байланысын қалпына келтіру;

      өлшеу құралдарын, жабдықтарды қондыру, жөндеу және күтіп ұстау, автокөлік құралдарының қозғалысын бақылау және мониторинг үшін бағдарламалық қамтамасыз ету;

      жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау және жөндеуді жүзеге асыратын көлік құралдарының қозғалысын бақылауға арналған навигациялық жүйелерді күтіп ұстау, қондыру және пайдалану;

      жүргіншілер бөлігіне "мысық көз" жол маркерін қондыру (қажет болған жағдайда);

      тиісті сертификаттарды, таразы бақылау аркаларының өлшеу құралдарын алумен жыл сайынғы тексеруді жүргізу;

      бақылау посттарын, аркалар мен басқа металл құрылымдары және/немесе темір-бетон бұйымдарын, ақпараттық (жарықтық диодты) жол белгілері мен өзгеріп тұратын ақпараты бар жеке жобалау табло жабдықтарын орнату және/немесе жөндеу, ауыстыру, оның ішінде оларды жарықтандыру және электрмен жабдықтау, бұл ретте жұмыс көлемдері сметалық құжаттамамен белгіленеді;

      көлік құралдарының қозғалысын бақылау және мониторинг үшін өлшеу құралдарын, жабдықтарды және бағдарламалық қамтамасыз етуді уақтылы жөндеу және жоспарлы алмастыру төлқұжаттағы мәліметтерінің талаптарына сәйкес регламенттелген мерзімде жүргізіледі, соның ішінде:

      дербес жұмыс станциялары, Орталық басқару пунктінің (бұдан әрі - ОБП) ұйымдастыру техникасы және байланыс құралдары;

      жол бойындағы жабдықтар, дербес жұмыс станциялары, ОБП ұйымдастыру техникасы, РТZ басқару жиынтығы, ЛВС коммутаторлары;

      жол бойындағы жабдықтар, байланыс құралдары, ОБП серверлік, жүйелік және бейне құрал-жабдықтары;

      серверлік жүйелі және бейне құрал-жабдықтары, ал нақты: екі серверден тұратын кластер, мәліметтерді сақтаудың дисктік жүйесі, дабыл-шақыру колонкаларының орталық модульдері, орталық шақыру колонкалары диспетчерлерінің консолі;

      жаңа материалдарды қоспау немесе қосу арқылы күрделі, кемелденген, сондай-ақ ауыспалы, топырақты және топырақты жақсартылған төсемі бар жол сервис объектілеріне демалыс алаңдары мен кіреберіс жолдарды салу және/немесе жөндеу;

      қолданыстағы автомобиль жолдарына жол қоршауларын, аялдама павильондарын, жол сервис павильондарын, кіші архитектуралық пішіндер, тікұшақтарға арналған ұшу-қону алаңдары, демалыс алаңдарын және жол қозғалысы қауіпсіздігінің талаптарын ескере отырып, жүргізушілер мен жолаушылардың пайдалануы үшін жайлылықты қамтамасыз ету мақсатында ауыспалы-жылдамдық жолақтарын салу және қажет болған жағдайда оларды жарықтандыру және электрмен жабдықтау, сонымен бірге жұмыс көлемдері техникалық құжаттамамен белгіленеді;

      мал кірмеу үшін қоршауларды орнату және жөндеу, ауыстыру;

      шығу және кіру жолдарын жөндеу;

      жол учаскелеріндегі қолданыстағы тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарын, сондай-ақ жол үстіндегі жол өтпелерін жөндеу;

      автокөлік құралдарының қозғалыс жылдамдығын анықтау үшін ақпараттық (жарықтық диодты) жол белгілері мен өзгеріп тұратын ақпараты бар жеке жобалау табло жабдықтарын орнату, жөндеу және ауыстыру, оның ішінде оларды жарықтандыру және электрмен жабдықтау, бұл ретте жұмыс көлемдері сметалық құжаттамамен белгіленеді;

      жарық шағылыстыратын элементтерді орнату және ауыстыру, сондай-ақ оларды балшықтан және қардан тазарту;

      бүйірлі желбағарды орнату және ауыстыру;

      қираған жол учаскелерін қалпына келтіру кезінде уақытша айналма жолдарын салу;

      9) жасанды құрылыстар бойынша:

      жүру бөлігінің жиектас қоршауларына белгі қою;

      тапсырыс берушінің нұсқамасы бойынша жол қауіпсіздігін негізге ала отырып, сүйеулер мен тосқауыл қоршауларының бұзылуларын түзету және қондыру;

      көпірлердің металды элементтерінің сүйеу қоршауларының бояу қабатын (бояма) жергілікті қалпына келтіру;

      жүру бөлігінің жиектас қоршауларына белгі қою;

      автожолдардың үстіндегі жол өткізгіштерінің маңдай алды арқалықтарының астына тік белгілер қою;

      автожолдардың үстіндегі жол өткізгіштерінің тіректеріне тік белгілер қою;

      жинау техникасы өткеннен кейін жаяу жүргіншілер жолдарының бойындағы жүру бөлігін балшық пен бөтен заттардан тазалау;

      қар тазалайтын техника өткеннен кейін жаяу жүргіншілер жолдарының бойындағы жүру бөлігін қар мен мұздан тазалау;

      су қайтаратын түтіктерді балшықтан, тастардан және қардан тазалау;

      сорғылардан болған деформациялық жіктерінің су қайтаратын науаларын тазалау;

      қабаттарды ашық типті деформациялық жіктерге алмастыруға арналған ойықтарды балшықтан тазалау;

      ашық типті деформациялық жіктердің күрделі құрылыстарының механизмдерін тазалау және майлау;

      жаяу жүргіншілер жолдарын балшықтан, қардан, қоқыстан және бөтен заттардан тазалау;

      суды жіберуге арналған жаяу жүргіншілер жолдары шығырларындағы терезелерді тазарту;

      көпірдің жаяу жүргіншілер жолы мен жүру бөлігінің арасындағы тосқауыл қоршауларының қисық сызықты білеуінің астындағы кеңістікті балшықтан, қардан және мұздан тазалау;

      сүйеніш, тосқауыл қоршауларын, жол белгілерін кір мен қардан тазалау;

      арқалықтардың үстін кірден, жағылған топырақтан, өсімдіктерден тазалау;

      арқалықтардың тірек тораптарын жуу;

      тірек бөліктерін қардан, кірден тазалау;

      тірек бөліктерінің жұмыс істейтін үстіне графитті құрылыстарды жағу;

      темір тірек бөліктері бекіткіштерінің бұрандамаларын тарту;

      тіректердің бастарын және фермалық алаңдарды қоқыс пен кірден, қар мен мұздан тазалау;

      конустар мен еңіс бекіністерін кірден, шөптен және талдардан тазалау;

      тіректердегі мұзды уату және мұзды кесу;

      сең жүру және тасқын суларды өткізуді ұйымдастыру;

      байқау құралдарын (баспалдақтар, арбашалар) тазалау;

      көпір құрылыстарын ағымдағы және кезеңді тексеру;

      қоқыстарды және кесілген ағаштарды пайдаға асыруға тиеу, шығару және беру арқылы көпір және су өткізу құбырлары аймақтарынан арақашықтығы 50 метрге дейін, ағыны бойынша жоғары және төмен бұталы өсімдіктерді жою және ағаштарды шабу, көпір астындағы аймақтарды санитарлық тазалау;

      темір-бетон құбырларының аралықтарын лай мен балшықтан тазалау;

      шағын көпірлер мен құбырлардың аралықтарын күзде жабу және көктемде ашу;

      сел жүруді, тасқын суларды жіберу, жолдар мен құрылыстарды тасқыннан, мұз басудан, орман және дала өрттерінен қорғау бойынша сақтандыру жұмыстары;

      паромдық жолдарды, реттелетін су өткізгіш құрылыстардың шандорлы қалқалағыштарын күтіп ұстау және қызмет көрсету; навигациялық жабдықтар құралдарын орнату жұмыстары, көпір алдындағы учаскеде жүзу, кеме жүзетін құралдарды күтіп ұстау және "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының негізінде автомобиль жолдарының көпір құрылыстарына кіреберістердегі түбін тереңдету және түбін тазарту жұмыстарын жүргізу;

      құрылыстардың жеке элементтерін (тірек бөліктері, сүйеніштер, тосқауыл қоршаулары, төсеніштер, діңгектер, тіреуіштер, дуал қабырғалары, тік құрылыстардың тақталары, шкафты қабырғалар, ашылу есікшелері құрғату құрылғылары және т.б.) қондыру, ауыстыру және жөндеу;

      көпірлердің темір элементтерін жергілікті сырлау;

      көпірлердің, жол өткізгіштердің жүру бөлігіндегі төсемді шұңқырлы жөндеу, төсемдегі жарықшақтарды бітеу;

      деформациялық жіктерді ұсақ жөндеу;

      деформациялық жіктерді ескі шайырдан алдын ала тазалау арқылы шайыр құю;

      деформациялық жіктердің аймағындағы немесе жіктердің алдындағы төсемді алмастыру;

      аяқ жолдардың асфальт-бетон төсемдеріндегі жарықшақтар мен еңістерді бітеу;

      аяқ жолдардың цемент-бетон төсемдеріндегі жарықшақтар мен еңістерді бітеу;

      үйінділердің шайылған жергілікті жерлерін және реттеу құрылыстарын жою;

      үйіндісі бар көпірлердің жанасқан жерлеріндегі шайылуларды себу, осы жерлердегі суды бір уақытта жою;

      тіректердегі шайылу шұңқырларын бітеу;

      құбырлардың гидро оқшаулануын жөндеу және олардың буындары мен бөлiктерi арасындағы жiктердi бiтеу;

      көпірлердің, жол өткізгіштердің жүру бөлігіндегі төсемді шұңқырлы жөндеу, төсемдегі жарықшақтарды бітеу;

      құбырлардың жеке буындарын, бастарын жиектердін қанаттарын, арнаның шығыс және кіріс бекінісін жөндеу және алмастыру және құбырдың науасын түзету, нобайланған тасты қалпына келтіру;

      ағаш көпірлердегі төсемдерін, тақтайларды ауыстыру, элементтерді шірігеннен тазалау;

      болаттан жасалған элементтері бар ақаулық жіктердің бөлшектерін жекелеп алмастыру;

      жерүсті және жерасты жаяу жүргіншілер өтпесін тазалау;

      жерүсті және жерасты жаяу жүргіншілер өтпесінің тіке және қиғаш көтергіш құралдарын тазалау және жөндеу;

      тоннельдің жеке конструкцияларында пайда болған ақауларды жедел жою;

      тоннель конструкцияларының элементтерін шаңнан және кірден тазалау (жүру бөлігі, тротуарлар, бөлгіш қоршаулар, қызметтік өткелдер, камералар, шахталық тіректердің үстіңгі жағы, сервистік штольнилар, су өткізгіш құрылыстары);

      тоннельдердің кірберістеріндегі жиектерін тазалау және күту;

      тоннель конструкциясы элементтерін сырлау және әктеу;

      автомобильдерді және жаяу жүргіншілердің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету (электр жабдықтарға, жарықтандыру және желдету жүйелеріне, өтке қарсы және түтінге қарсы жүйелерге техникалық қызмет көрсету);";

      26-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жол жамылғылары бойынша, соның ішінде цемент-бетонды төсемдері бойынша:

      сегменттердің тозған бетін қалпына келтіру, цемент-бетон төсемдері тақталарының сынықтары мен омыруларын жөндеу, қалпына келтіруге жатпайтын бұзылған тақталарды алмастыру, цемент-бетон төсемдерін беттік бұзылулардан қорғау;

      соның ішінде жиналмалы темір-бетон төсемдері бойынша:

      темір-бетон төсемдеріндегі жіктерді жөндеу және толтыру;

      жеке тақталарды көтеру және тегістеу, тақталардың сынықтарын жөндеу, қалпына келтіруге жатпайтын бұзылған тақталарды алмастыру, төсемдерді беттік бұзылулардан қорғау;

      цемент-бетонды жабындардың көлденең және отырыңқы жарықтарын герметизациялау арқылы жөндеу;

      деформациялық тігістердің геометриясын қалпына келтіру және оларды герметизациялау;

      3) жасанды құрылыстар бойынша:

      аяқ жолдарда ақаулық жіктерді алмастыру;

      үйінділері бар жанасқан шеткі аяқ жолдардың тақталарын алмастыру;

      болаттан жасалған элементтері бар ақаулық жіктердің бөлшектерін жекелеп алмастыру;

      ақаулық жіктердің астындағы су бұрғыш науаларды қалпына келтіру;

      су бұрғыш түтіктерді жөндеу (түтіктерді өсіру немесе қосымша түтіктерді салу);

      жаяу жүргіншілер жолына гидрооқшаулаудың жанасқан жерлеріндегі төсемнің жіктерін салу және оларды шайырмен құю;

      су бұрғыш түтіктердегі оқшаулануды жөндеу;

      аяқ жолдардың блоктарындағы жеке сынықтар мен жарықшақтарды жою;

      аяқ жолдардың тақталарының сынған жерлерін жою;

      оқшау жерлерді салу немесе аяқ жолдарға асфальт-бетон төсеу;

      жаңа анкерлері бар сүйеніштердің тіректеріндегі бекіткіштердің тораптарын алмастыру;

      көпірлерде жеңіл жөндеу жұмыстарын орындау (төсемелерін, арқалық торларын, жеке тораптарын және элементтерін ауыстыру, жер жамылғысымен жанасқан қалауын түзету және т.б.);

      көпірдің жүру бөлігіндегі төсемді қалпына келтіру немесе алмастыру;

      гидрооқшаулауды жөндеу;

      жаяу жүргіншілер жолдарын, сүйеніштерді, жиектастарды жөндеу және алмастыру;

      жарықшақтарды беттік герметизаңиялау, қуыстарды, сынықтарды бітеу, көпірдің темір-бетон элементтерінің қорғау қабатын қалпына келтіру;

      жиектер мен реттеу құрылыстарының шұңқырларын жою;

      аса төзімді бұрандамалардағы тойтармаларды алмастыру;

      қаптау жіктерін сөгу, жарықшақтарға ерітінділерді егу;

      құрылғылардағы жарықшақтарды бiтеу, қаландыларды, сылақтарды жөндеу, тойтармаларды жекелеп алмастыру;

      орлар арқылы өтпелi және көшпелi көпiрлердi ауыстыру және түзету;

      аспалы көпiрлердiң, паромдық өтпелердiң және айлақ құрылғыларын (тығындау, қаптаманы жөндеу, такелажды және соған ұқсастарды түзету);

      өтпелi тақталардың жанасу тораптарын герметизациялау;

      деформациялық жiктердiң ағуын бұрандамаларды тарту арқылы жою;

      сырғанау тақталарының деформациялық жiктерiн дәнекерлеу (олар жұлынып қалған жағдайда), жетiспейтiн серiппелердi орнату;

      деформациялық жiктердiң механизмдерi мен құрылғыларын ұсақ жөндеу;

      құбырлардың гидро оқшаулануын жөндеу және олардың буындары мен бөлiктерi арасындағы жiктердi бiтеу;

      жеке тойтармаларды алмастыру, темiр аралық құрылыстар элементтерiнiң ұсақ ақаулықтарын түзету;

      су өткізгіш құбырларды жөндеу;

      көпірлер мен су өткізгіш құбырларды жөндеу кезінде, қажет болған жағдайда ұзақтығы бір километрден аспайтын айналма жолын салу;

      тоннельдің конструкцияларындағы жеке ақауларды жою (раковиналарды, жарықтарды, ойықтарды, қатпарланған жерін, штукатурканы дұрыстау);

      тоннель гидроизоляциясын түзету (блоктардың қиылыстарын және тюбингтерді жабыстыру);";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Қауіпті ақаулықтарды және елеулі өзгерістерді және жергілікті учаскелердегі жол төсемінің бұзылуларын жою кезінде негiздiң қабаты үшiн алынған материалды кейiннен пайдалану және төсемнiң жаңа қабатын салу арқылы қауiптi ақаулықтар мен бұзылуларды жою мақсатында төсемнiң енi бойынша жергiлiктi жерлердi қайлау немесе ресайкілеу.";

      30-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жол жамылғылары бойынша, соның ішінде:

      цемент-бетонды жабындысы бар жабынды автожолдар бойынша:

      плиталардың тесіктерін және сынықтарын жөндеу;

      жабындардың бетін тегістеу, отырыңқы жерлерді жою, плиталардың жеке учаскелерін алмастыру;

      цемент-бетонды жабындарда компенсациялық тігістерді орнату;

      цемент-бетонды жабындардың беткі қабатын жөндеу;

      цемент-бетонды жабындарды асфальтбетонды қоспаларды қолдана отырып жөндеу;

      цемент-бетон төсемдерін қалпына келтіруге жатпайтын тозған тақталарын алмастыру, цемент-бетон төсемдеріндегі бойлық және көлдеңен жыртылған жерлерді ою;

      тозған тақталарды алмастыру, темір-бетон төсемдерінің жеке тақталарын көтеру немесе тегістеу;

      қорғау қабатын салу, үлкен ұзақтықтағы темір-бетон тақталарының және цемент-бетон төсемдерінің жапсарларын жөндеу, жеке учаскелерде асфальт-бетон қабатын салу;

      жол жабынының үстіңгі өңдеу қабатын, соның ішінде жетілдірілген қоспаларды қолдана отырып қабатын орнату;

      жаңа материалдарды және жұмыс өндірісінің технологияларын қолдану арқылы сыналған учаскелерді салу және оларға мониторинг жүргізу;

      асфальт-бетонды және өтпелі жабынды автожолдар бойынша:

      жетілдірілген қоспаларды қолданумен үстіңгі қабатты өндеу;

      жетілдірілген төсемнің тозған жоғарғы қабатын қалпына келтіру және қолданыстағы жол жамылғысын бөлшектеу және қажетті жағдайда қабатты тегістейтін және үстіңгі қабатқа немесе жөнделетін учаскенің барлық ұзындығына тозу қабатына өндеу жүргізу арқылы жеке және иірімді учаскелерде жол жамылғысын салу;

      асфальт-бетон қоспасының қажетті мөлшерін қосу арқылы шорлары, сораптары, жоталары және басқа да өзгерістері мен ақаулары бар жетілдірілген төсемді қалпына келтіру;

      жаңа материалдардың қажетті мөлшерін қосу арқылы және жол жабындарының негізін салу үшін алынған материалдарды, оның үстіне асфальтты-бетон қабатын немесе тозу қабатын төсеу арқылы шорлары, сораптары, жоталары және басқа да өзгерістері мен ақаулары бар жетілдірілген төсемді қайлау және қалпына келтіру;

      жаңа материалдарды және жұмыс өндірісінің технологияларын қолдану арқылы сыналған учаскелерді салу және оларға мониторинг жүргізу;

      шағылтасты және қиыршықтасты төсемдердің қапталдарын, сондай-ақ материалдар қолдану арқылы топырақты жолдарды қалпына келтіру;

      қиыршықтасты және топырақты жолдардың жүру бөлігін тұтқыр және шаңсыздандыратын материалдармен жақсарту;

      вираждарды салу және қозғалыс үшін қауіпті қисық көрінулерді қамтамасыз ету;

      жөнделетін учаскелердің жүру бөлігін белгілеу;

      цементбетонды жабынның құрылғысы немесе асфальтбетонды жабынның ұзындығы 500 метрден аспайтын негізгі құрылғысы бар цементбетонды жабынға ауыстыру;

      жолдың техникалық санатын өзгертпей, ұзақтығы 15 километрден аспайтын ұсақтасты және қиыршықтасты жабынды асфальт-бетонды жабынға ауыстыру;

      3) жасанды құрылыстар бойынша:

      ақаулық жіктердің астындағы су бұрғыш науаларды қалпына келтіру;

      су бұрғыш түтіктерді жөндеу (түтіктерді өсіру немесе қосымша түтіктерді салу);

      жаяу жүргіншілер жолына гидрооқшаулаудың жанасқан жерлеріндегі төсемнің жіктерін салу және оларды шайырмен құю;

      су бұрғыш түтіктердегі оқшаулануды жөндеу;

      10 сантиметрден асатын отыру кезінде үйінділері бар көпірмен жанасқан тораптарды жөндеу (шағылтасты себу арқылы қосымша төсемнің есебінен тегістеу);

      үйінділері бар жанасқан шеткі аяқ жолдардың тақталарын алмастыру;

      жол жамылғысын қалпына келтіру арқылы ауыспалы тақталардың жеке ығысуын жою;

      тақталарды ашу арқылы оларды жуу кезінде ауыспалы тақталардың астына топырақ себу;

      болаттан жасалған элементтері бар ақаулық жіктердің бөлшектерін жекелеп алмастыру;

      жұмыстар жол жамылғысы деңгейінде орындалған кезде шайырлы және резеңке толтыратындары бар жабық типті ақаулық жіктерді алмастыру;

      аяқ жолдардың ақаулық жіктерді алмастыру;

      аяқ жолдардың төсемдерін тегістеу, жаңа төсемді салу;

      аяқ жолдардың блоктарындағы жалпақ саңылаулардың шұңқырларын бітеу, аяқ жолдардың алдын қорғау төсемімен өндеу;

      аяқ жолдардың блоктарындағы жеке сынықтар мен жарықшақтарды жою;

      аяқ жолдардың блоктарындағы жапсарларды басу және оқшаулау;

      аяқ жолдардың қалпына келтіру, жеке бұзылған блоктарды күшейту немесе алмастыру;

      аяқ жолдардың тақталарының сынған жерлерін жою;

      оқшау жерлерді салу немесе аяқ жолдарға асфальт-бетон төсеу;

      жеке секцияларды жөндеу, сүйеніштердің жеке тіректерінің анкерлерін күшейту;

      барлық ұзындығында немесе көпір құрылысы ұзындығының бөлігінде сүйеніштерді алмастыру;

      барлық ұзындығында сүйеніштерді сырлау;

      жаңа анкерлері бар сүйеніштердің тіректеріндегі бекіткіштердің тораптарын алмастыру;

      бетон құрылымының барлық үстіңгі бетін (тақталар, қабырғалар, аралықтар және басқа элементтер) гидрофобизациялау немесе сырлау;

      диафрагманың жапсарларын жөндеу;

      көпірлер мен жол өткізгіштерді жартылай қайта жасау немесе жөндеу, сондай-ақ техникалық құжаттамамен бекітілген жөнделетін жол үшін белгіленген техникалық санатқа сәйкес келетін нормаларға габариттері мен есептік салмақтарын жеткізу арқылы су өткізгіш құбырларды толық немесе жартылай қайта құру;

      көпірлерде жеңіл жөндеу жұмыстарын орындау (төсемелерін, арқалық торларын, жеке тораптарын және элементтерін ауыстыру, жер жамылғысымен жанасқан қалауын түзету және т.б.);

      алдын ала-кернеулі темір-бетон және темір аралық құрылыстардың құрылыс көтермесін бақылау;

      көпірдің жүру бөлігіндегі төсемді қалпына келтіру немесе алмастыру;

      жаяу жүргіншілер жолдарының блоктарындағы жіктерді басу, жаяу жүргіншілер жолдарында төсемдер салу;

      қоршауларды жөндеу немесе қайта жаңарту;

      материалдар мен құрылымдарды алмастыру арқылы ақаулық жіктерді жөндеу;

      гидрооқшаулауды жөндеу;

      жаяу жүргіншілер жолдарын, сүйеніштерді, жиектастарды жөндеу және алмастыру;

      көпірдің жүру бөлігіндегі судың бұрылуын жақсарту, су бұрғыш түтіктер мен терезелерді алмастыру;

      темір-бетон құрылымдарының алдыңғы бетін гидрооқшаулауды, басты арқалықтардың бетін сырлау;

      жарықшақтарды беттік герметизациялау, қуыстарды, сынықтарды бітеу, көпірдің темір-бетон элементтерінің қорғау қабатын қалпына келтіру;

      темір аралық құрылыстарды тегіс сырлау;

      арқалықтардың бір-бірімен байланысуын қалпына келтіру;

      құрғатқыш пен су бұрғышты, өтпелі тақталарды алмастыру арқылы көпірдің үйіндімен жанасқан жерін жөндеу;

      жер төсемі және реттеу құрылыстары жиектерінің бекіткіштерін жөндеу;

      жиектер мен реттеу құрылыстарының шұңқырларын жою;

      темір аралық құрылыстардың жеке элементтерін күшейту, алмаспайтын фермалары бар көпірлерде торлардың элементтерін түзету;

      аса төзімді бұрандамалардағы тойтармаларды алмастыру;

      тірек бөліктерінің жобалық қалпын жөндеу және қалпына келтіру;

      тіреу алаңдарындағы ағындыларды жөндеу және қалпына келтіру;

      қаптау жіктерін сөгу, жарықшақтарға ерітінділерді егу;

      аралық құрылыстар мен тіректердің көру құрылғыларын жөндеу және қалпына келтіру;

      тіректерді жөндеу;

      темір-бетон аралық құрылыстардың шығып тұрған жерлеріндегі тірек бөліктерін күшейту;

      құбырлардың жеке буындары мен бастарын алмастыру немесе жөндеу, оқшаулануы мен жапсарларын түзету;

      сүйеу қабырғаларын, бекіту және реттеу құрылыстарын жөндеу, галереялар мен бастырмаларды, сондай-ақ, олардың жеке элементтерін алмастыру;

      көпірлер мен су өткізгіш құбырларды жөндеу кезінде, қажет болған жағдайда ұзындығы бір километрден аспайтын айналма жолдың құрылғысын орындау;

      жерүсті және жерасты жаяу жүргіншілер өтпесінің бөлігін қайта салу немесе жөндеу;

      тоннельдің жарақтарын және гидроизоляциясын қалпына келтіру (тігістерді жабыстыру, қоспаларды жағу, бетонның қорғаныс қабатын қалпына келтіру, оларды тазалау және ашылып қалған арматураларды тозудан сақтау, бетонның әлсіз қабаттарын жою);

      тоннель конструкциясының элементтерін бояу;

      тоннельде жүру бөлігін және тротуарларды қалпына келтіру (жабындардың кішігірім деформациясын және зақымдарын жою, ойықтарды толтыру, тесіктерді, отырып қалған жерлерді, қиғаштарды дұрыстау, деформациялық тігістерді және бордюрлерді қалпына келтіру);

      тоннельде және кіреберістердегі су бұрғыштарды қалпына келтіру;

      тоннельдің кіреберісін және төбесіндегі шайылып кеткен учаскелерді қалпына келтіру;

      инженерлік жүйелердің учаскелерін немесе жеке бөліктерін қалпына келтіру немесе алмастыру (жарықтандыру және желдету жүйелері);";

      35-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жер төсемі және су бұрғыш бойынша:

      жер төсемін жөнделетін жол (кеңейту, көтеру, топырақты ауыстыру, көрінуді қамтамасыз ету, дөңгелету радиусын ұлғайту, бойлық еңістерін жұмсарту, тік иіндерін және жалтарыстарын құру) үшін белгіленген техникалық санатқа сәйкес нормаларға дейінгі оның геометриялық параметрлеріне жеткізумен түзету, жекелеген жол учаскелерін жіктеу;

      жер төсемінің нығаюын қамтамасыз ететін шоқталған, шөккінделген және опырылған учаскелерді жою, кәріздерді, оңашаланған қабатшаларын жабдықтау және басқа жұмыстар;

      қолданыстағыны қалпына келтіру және қайта құру, сондай-ақ субұрғыш жабдықтарға қажетті жаңа құрылыстар, жаңалық қорғау және эрозияға қарсы құрылыстар;

      автомобиль жолдарының кесіп өту мен жанасуларында жер төсемдері мен субұрғыш жүйесін құру, сондай-ақ автомобильдерге аялдама, тұрақтар үшін алаңды жайластыру бойынша жұмыстарды орындау, оларға өту-жылдамдық жолағы жабдығымен автомобиль жолдарының өтетін бөлігінен тысқары демалу алаңын, аялдамалық павильондар мен аялдамалық қалташықтар орнату;

      жолдың күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстар аймағында орналасқан жол учаскелерін жоятын жол бойындағы қорларды қалпына келтіру;

      су тасқыны, сел, нөсерлік және басқа табиғат апаттарын жою;

      су басып кеткен және қар басқан учаскелерде жер жамылғысын көтеру, автомобиль жолдарының және ондағы құрылыстардың жарылған, шайылып кеткен және майысқан учаскелерін қайта жабдықтау;

      2) жол жамылғысы бойынша:

      ұзақтығы 5 километрден аспайтын жол жамылғысын нығайту (қалыңдату), кеңейту және регенирациялық және қолданыстағы жол жамылғыларын негізі ретінде қолдану арқылы ең жетілдірілген жол жамылғысы түрлерін жабдықтау, сондай-ақ қайта құрылып жатқан (жіктелетін) жол учаскелерінде және тұрғылықты пункттерін айналма және оларға кіреберісте жаңадан жол жамылғысын құру, көліктік айырығы, инженерлік құрылғыда, тротуарда, өту және велосипед жолында, автобус аялдамасында және аялдау қалташаларында, демалу алаңында және автокөлік тұрағында, сондай-ақ олардың өту-жылдамдық жолағында жол жамылғысын жабдықтау;

      цемент-бетон жамылғысы бойынша:

      ескі цемент-бетон жамылғысының үстіне, оның тұтастығын бұзбастан асфальт-бетон қоспасын нығайту қабатын құру;

      ескі цемент-бетон жамылғысын алдын-ала ұсақтаумен және осындай түрде алынған негіз болатын материалды ұқыптылықпен тығыздаумен ескі цемент-бетон жамылғысының үстіне, оның тұтастығын бұзбастан асфальт-бетон қоспасын нығайту қабатын құру;

      нығайту қоспасын цемент-бетоннан, армобетоннан, фибробетоннан, түрлендірілген цемент-бетоннан жабдықтау;

      шағылтас пен қиыршық тас жамылғысын, сондай-ақ топырақ жолды жаңа материалдарды қосу арқылы түзету, байланыстыратын материалдармен өту бөлігін жақсарту;

      жасанды және табиғи материалдардан жасалған тозған бордюрлерді, жетілдірілген жамылғысымен жиектерге бекітілетін жолақтар, соның ішінде негізгі жол жамылғысының түрі бойынша ауыстыру және жаңасын жабдықтау;

      жол жамылғыларының, жаңа материалдар мен жұмыс өндірісі технологияларының жаңа құрылымын қолдану арқылы сыналған учаскелерді салу және оларға мониторинг жүргізу;

      көтерілетін және төмен түсетін жерлерде апаттық-тежеуіш еңіс алаңдарын орнату;".

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады