Ескерту. Күші жойылды – ҚР Сауда және интеграция министрінің 27.05.2021 № 368-НҚ (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 11.04.2020 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
"Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы бірінші бөлігінің 3-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Көлік құралын жасаушыға халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы куәліктің нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2019 жылы 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының | |
Инвестициялар және даму министрі | Ж. Қасымбек |
Қазақстан Республикасы | |
Инвестициялар және даму министрінің | |
2018 жылғы 14 желтоқсан | |
№ 877 бұйрығымен бекітілген | |
Нысан |
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті "Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Көлік құралын жасаушыға халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы куәлік
Жасаушы | |
Жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес сәйкестендіру нөмірі | |
Жасаушының заңды мекенжайы | |
көлік құралын жасаушыға халықаралық сәйкестендіру коды (WMI)* берілді | |
Басшы _________________________ | |
Берілген күні 20___ ж. "___" ____________ |
Ескерту: Егер жасаушының атауы, мекенжайы, жылдық өндіріс көлемі өзгерген жағдайда бұл куәлік күшін жояды және қайта ресімдеуге жатады * World manufacturer identifier (WMI) - жасаушының халықаралық сәйкестендіру коды