"Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 464 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 700 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 25 желтоқсанда № 18017 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 464 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17379 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 21 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларында:

      5-тармақ алынып тасталсын;

      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Оператор әлеуетті өнім берушіден Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтінім келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде тексерудің нәтижелері туралы қорытынды (бұдан әрі - қорытынды) шығара отырып, олардың толықтығы мен дұрыстығына тексеру жүргізеді.

      Әлеуетті өнім беруші Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттар пакеті толық, дұрыс ресімделген өтінішті ұсынған кезде оператор қорытынды шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган, оператор және әлеуетті өнім беруші арасында әлеуетті өнім берушінің жатақханалардағы жаңа орындарды пайдалануға енгізуі көзделген студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы жаңадан енгізілген орындармен қамтамасыз ету жөніндегі алдын ала шартты (бұдан әрі - алдын ала шарт) жасасу рәсімін жүзеге асыру үшін әлеуетті өнім берушінің ұсынған құжаттары қоса тіркелген қорытындыны білім беру саласындағы уәкілетті органға жолдайды.

      Оператор әлеуетті өнім берушінің Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) дұрыс ресімделмеген өтінішті ұсыну фактісін анықтаған жағдайда, оператор қорытынды шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушіге алдын ала шартты жасасудан бас тарту туралы негізделген және дәлелді жауабын жолдайды.

      10. Білім беру саласындағы уәкілетті орган оператордан Қағидалардың 9 және 13-тармақтарында көрсетілген қорытындылар келіп түскен күннен бастап қырық бес күнтізбелік күн ішінде тиісінше:

      1) алдын ала шартты жасасу рәсімін жүзеге асырады;

      2) білім беру саласындағы уәкілетті орган, оператор және өнім беруші арасында шарт жасасу рәсімін жүзеге асырады.";

      13, 14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін әлеуетті өнім беруші операторға жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама мен оның техникалық сипаттамасын қоса бере отырып, жатақханада жаңа орындардың пайдалануға енгізілгенін және жатақхананың нысаналы мақсатын өзгертуге кемінде жиырма жылға құқық ауыртпалығының тіркелгенін растайтын құжаттардың көшірмесін ұсынады.

      Оператор әлеуетті өнім берушіден Қағидалардың осы тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап күнтізбелік он бес күннің ішінде қорытынды шығара отырып, олардың толықтығы мен дұрыстығына тексеру жүргізеді.

      Әлеуетті өнім беруші Қағидалардың осы тармағында көрсетілген құжаттарды дұрыс ресімдеп ұсынған кезде, оператор қорытынды шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушінің шартты жасасу рәсімін жүзеге асыру үшін ұсынған құжаттары қоса тіркелген қорытындыны білім беру саласындағы уәкілетті органға жолдайды.

      Оператор әлеуетті өнім берушінің Қағидалардың осы тармағында көрсетілген құжаттардың дұрыс ресімделмеген түрде ұсыну фактісін анықтаған жағдайда, қорытынды шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушіге шарт жасасудан бас тарту туралы негізделген және дәлелді жауабын жолдайды.

      14. Жатақханадағы жаңа орындарды пайдалануға енгізуді әлеуетті өнім беруші алдын ала шарт жасалған күннен бастап жиырма төрт ай ішінде жүргізеді.

      15. Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру мерзімі тоқсан алты айды құрайды.

      Жатақхананың меншік иесі ауысқан жағдайда студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру мерзімі жатақхананың алдыңғы меншік иесі кезіндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру мерзіміне шамалас азайтылады.";

      16-тармақ алынып тасталсын;

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшаның жиырма алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) апатты (тозығы жеткен) деп танылған. Сондай-ақ, әлеуетті өнім берушіден операторға ғимараттың және құрылыстың беріктігі мен орнықтылығын техникалық тексерудің нәтижелері бойынша техникалық жай-күйі ақаусыз немесе жұмысқа жарамды деп бағаланған ғимараттың жай-күйі туралы қорытынды ұсынылған жағдайларды қоспағанда пайдаланылып жүргеніне немесе пайдалануға енгізілгеніне елу жылдан астам уақыт өткен;";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Бюджеттік жоспарлау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2018 жылғы 2 қазаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 700 бұйрығына
қосымша
  Студенттерді, магистранттар
мен докторанттарды
жатақханалардағы орындармен
қамтамасыз етуге мемлекеттік
тапсырысты орналастыру
қағидаларына
1-1-қосымша

Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханаларда жаңадан енгізілетін орындармен қамтамасыз ету жөніндегі алдын ала шарт

      Астана қ. 20___жылғы "_____"__________

      Бұдан әрі "Тапсырыс беруші" деп аталатын "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" мемлекеттік мекемесі атынан ______ негізінде әрекет етуші ________________ бір тараптан, ___________________________, бұдан әрі "Әлеуетті өнім беруші" деп аталатын, атынан ______ негізінде әрекет етуші ________________ басқа тараптан және ____________________________, бұдан әрі "Оператор" деп аталатын, атынан ______ негізінде әрекет етуші ________________ үшінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар", ал жеке дара "Тарап" деп, немесе жоғарыда көрсетілгендей аталатындар "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 8-бабының 2-2-тармағын және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушысының 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 464 бұйрығымен бекітілген Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын (бұдан әрі - Қағидалар) назарға ала отырып, төмендегілер туралы осы Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханаларда жаңадан енгізілетін орындармен қамтамасыз ету жөніндегі алдын ала шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты:

1. Шарттың мәні

      1.1. Әлеуетті өнім беруші ________ (жаңа жатақхананың құрылысын немесе ғимараттың жатақханаға реконструкциясын көрсеу) _____ арқылы студенттерге, магистранттар мен докторанттарға арналған жатақханада кемінде __ (санын көрсету) __ жаңа орынды енгізу бойынша қызметтерді (бұдан әрі - Қызметтер) көрсетуге, ал Тапсырыс беруші Өнім берушімен Қағидаларда көзделген мерзімде, тәптіпте және шарттарда студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханаларда орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс шарт(-тар)ын (бұдан әрі - Мемлекеттік тапсырыс шарты) жасасуға міндеттенеді.

      1.2. Төменде атап көрсетілген құжаттар мен оларда келісілген шарттар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады, атап айтқанда:

      1) осы Шарт;

      2) техникалық ерекшелік*.

      Ескерту*: құрылыс жағдайында Тараптар Шартқа 1-қосымшаға сәйкес техникалық ерекшелікті толтырады және оған қол қояды. Реконструкция жағдайында Тараптар Шартқа 2-қосымшаға сәйкес техникалық ерекшелікті толтырады және оған қол қояды.

2. Қызметтерді көрсету

      2.1. Әлеуетті өнім беруші Қызметтер көрсетуді мынадай тәртіпті сақтай отырып жүзеге асырады:

      1) ________ (жаңа жатақхананың құрылысын немесе ғимараттың жатақханаға реконструкциясын көрсеу) _______;

      2) жатақхананы пайдалануға енгізу;

      3) Заңның 8-бабының 2-2-тармағына сәйкес құқықтық кадастрда жатақхананың нысаналы мақсатын өзгертуге ауыртпалық құқығын мемлекеттік тіркеу;

      4) Операторға жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) мен оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы қоса тіркей отырып, жатақханадағы жаңа орындардың пайдалануға енгізілуін және кемінде жиырма жылға жатақхананың нысаналы мақсатын өзгертуге ауыртпалық құқығының тіркелуін растайтын құжаттардың көшірмелерін жіберу;

      5) Тараптар арасында Мемлекеттік тапсырыс шартын жасасу;

      6) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде Мемлекеттік тапсырыс шартын тіркеу;

      7) ай сайын Операторға айдың соңғы күніндегі жағдай бойынша жатақханадағы студенттер, магистранттар және докторанттар нақты тұрып жатқан орындар туралы ақпарат беру;

      8) Мемлекеттік тапсырыс шарты шеңберінде студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс (бұдан әрі - мемлекеттік тапсырыс) бойынша төлемдерді алу.

      2.2. Жатақханаларда жаңа орындарды пайдалануға енгізуді Әлеуетті өнім беруші осы Шарт жасалған күннен бастап жиырма төрт айдың ішінде жүргізеді.

3. Шарттың сомасы және ақы төлеу шарттары

      3.1. Осы Шарт мемлекеттік тапсырыс бойынша төлемдердің жүргізілуін көздемейді.

      Мемлекеттік тапсырыс бойынша төлемдер Тапсырыс беруші, Оператор және Әлеуетті өнім беруші арасында жасалатын Мемлекеттік тапсырыс шартының шеңберінде Қағидаларда көзделген шарттарда жүзеге асырылады.

      3.2. Жатақханаларда тұру ақысы мемлекеттік тапсырыстың құрамына кірмейді.

      3.3. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру шеңберінде қаржыландыру көлемі жатақханадағы орындар саны мен жатақханадағы бір орын үшін мемлекеттік тапсырыс мөлшерінің көбейтіндісі ретінде анықталады.

      Жатақханадағы бір орын үшін мемлекеттік тапсырыстың жылдық мөлшері мынаны құрайды:

      1) құрылыс салынатын жағдайда - жатақхананы пайдалануға енгізу жылына сәйкес қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 122 еселенген мөлшері;

      2) реконструкция жасалатын жағдайда - жатақхананы пайдалануға енгізу жылына сәйкес қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 47 еселенген мөлшері.

      3.4. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру мерзімі тоқсан алты айды құрайды.

      Бұл ретте, мемлекеттік тапсырысты орналастырудың алғашқы он екі тізбекті күнтізбелік ай ішінде жатақханадағы қаржыландырылатын орындардың саны мына формула бойынша анықталады:

      ҚОС = ЖНТО × ТК,

      мұндағы:

      ҚОС - максималды мөлшері жатақханадағы орындардың жалпы санынан аспайтын, алғашқы он екі тізбекті күнтізбелік айда қаржыландырылатын орындар саны;

      ЖНТО - жатақханадағы студенттер, магистранттар мен докторанттар нақты тұрып жатқан орындар;

      ТК - мөлшері екіге тең түзету коэффициенті.

      Мемлекеттік тапсырысты орналастырудың алғашқы он екі тізбекті күнтізбелік айы аяқталған соң жатақханалардағы қаржыландырылатын орындардың саны жатақханадағы студенттер, магистранттар мен докторанттар нақты тұрып жатқан орындар бойынша, түзету коэффициентін есепке алусыз анықталады.

      3.5. Егер төлем айы студенттердің, магистранттар мен докторанттардың жазғы немесе қысқы демалысы кезеңіне сәйкес келген жағдайда мемлекеттік тапсырыс бойынша төлемдер студенттердің, магистранттар мен докторанттардың жазғы немесе қысқы демалысы алдындағы соңғы оқу айына жатақханадағы студенттер, магистранттар мен докторанттар нақты тұрып жатқан орындар туралы ақпараттың негізінде жүзеге асырылады.

4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      4.1. Әлеуетті өнім беруші:

      1) Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелердің толық және тиісінше орындалуын қамтамасыз етуге;

      2) Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау барысында көрсететін Қызметтердің осы Шартқа қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес келуін қамтамасыз етуге;

      3) Тапсырыс берушінің немесе Оператордың бірінші талап етуі бойынша Шарт бойынша міндеттемелердің орындалу барысы туралы ақпарат беруге;

      4) Осы Шартқа қол қойылған күннен бастап жиырма төрт айдың ішінде студенттерге, магистранттар мен докторанттарға арналған жатақханада жаңа орындарды пайдалануға енгізуге;

      5) Заңның 8-бабының 2-2-тармағына сәйкес құқықтық кадастрда жатақхананың нысаналы мақсатын өзгертуге ауыртпалық құқығын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен құзырлы органдарға жүгінуге;

      6) Операторға жатақханадағы жаңа орындардың пайдалануға енгізілгенін және жатақхананың нысаналы мақсатын өзгертуге құқық ауыртпалығының тіркелгенін растайтын құжаттарды, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалық) мен оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы, сондай-ақ жатақханаға техникалық паспортты ұсынуға;

      7) Операторға жатақханадағы жаңа орындардың пайдалануға енгізілгенін және жатақхананың нысаналы мақсатын өзгертуге құқық ауыртпалығының тіркелгенін растайтын құжаттар ұсынылған күннен бастап жиырма жыл ішінде жатақхананың нысаналы мақсатын өзгертпеуге, сондай-ақ жатақхананы нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға;

      8) Мемлекеттік тапсырыс шарты жасалған күннен бастап мемлекеттік тапсырыстың орналасу мерзімі ішінде Операторға Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша айдың соңғы күніндегі жағдай бойынша жатақханадағы студенттер, магистранттар және докторанттар нақты тұрып жатқан орындар туралы мәліметтерді қамтитын тізілімді ай сайын беруге;

      9) ағымдағы және (немесе) күрделі жөндеуді уақытында жүзеге асыру арқылы жатақхананы оның нысаналы мақсаты бойынша пайдалану үшін жарамды болатын тиісті күйде ұстауға;

      10) жатақхананы студенттермен, магистранттармен және докторанттармен толтыру үшін жағдай жасауға;

      11) Әлеуетті өнім берушінің орналасқан орны, мекенжайы немесе өзге байланыс деректері өзгерген жағдайда олар өзгерген күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде бұл жөнінде Операторға жазбаша хабарлауға;

      12) Жатақхананың меншік иесі ауысқан жағдайда бес жұмыс күні ішінде бұл жөнінде Тапсырыс берушіге және Операторға хабарлауға міндеттенеді.

      4.2. Тапсырыс беруші мен Оператор Әлеуетті өнім берушімен Қағидаларда көзделген тәртіпте және шарттарда мемлекеттік тапсырыс шартын жасасуға міндеттенеді.

      4.3. Оператор:

      1) Әлеуетті өнім берушіден жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) мен оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама қоса берілген жатақханадағы жаңа орындардың пайдалануға енгізілуін және кемінде жиырма жылға жатақхананың нысаналы мақсатын өзгертуге ауыртпалық құқығының тіркелуін растайтын құжаттарды алған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде олардың толықтығын және дұрыстығын тексеріп, қорытынды шығаруға;

      2) Әлеуетті өнім беруші осы Шарттың 1) тармақшасында көрсетілген, тиісінше ресімделген құжаттарды ұсынған кезде қорытынды шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, бір уақытта Әлеуетті өнім берушіге хабарлай отырып, Әлеуетті өнім берушінің Мемлекеттік тапсырыс шартын жасасу рәсімін жүзеге асыру үшін ұсынған құжаттарын қоса тіркеп, Тапсырыс берушіге жолдауға;

      3) Оператор Әлеуетті өнім берушінің осы Шарттың 1) тармақшасында көрсетілген, дұрыс ресімделмеген құжаттарды ұсыну фактісін анықтаған жағдайда қорытынды шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Әлеуетті өнім берушіге Мемлекеттік тапсырыс шартын жасасудан бас тарту туралы негізделген жауабын жолдауға;

      4) Тапсырыс берушінің талабы бойынша Әлеуетті өнім беруші пайдалануға енгізуді жоспарлаған жатақханалардағы орындардың саны туралы деректерді ұсынуға;

      5) жатақхана оқу орнының аумағында орналасқан жағдайда ай сайын (тоқсан сайын) тұратын студенттердің, магистранттар мен докторанттардың нақты контингенті бойынша Әлеуетті өнім берушімен, қажеттіліктерін жатақхана өтейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымымен және Оператормен арадағы қол қойылған үшжақты салыстыру актісін Тапсырыс берушіге ұсынуға міндеттенеді.

      4.4. Тапсырыс беруші мен Оператор Әлеуетті өнім берушінің жатақханада жаңа орындарды енгізуіне, сондай-ақ жатақханадағы студенттер, магистранттар мен докторанттар нақты тұрып жатқан орындарға мониторинг жүргізуге құқылы.

5. Қызметтердің Шартқа сәйкестігін тексеру

      5.1. Тапсырыс беруші мен Оператор немесе олардың өкілдері көрсетілетін Қызметтердің Шартта көрсетілген талаптарға сәйкес келуіне бақылау және тексеру жүргізеді. Тапсырыс беруші және Оператор осы мақсаттарға тағайындалған өз өкілдері туралы Әлеуетті өнім берушіні уақтылы жазбаша түрде хабардар етеді.

      5.2. Егер көрсетілген Қызметтердің нәтижелері тексеру барысында Шарттың талаптарына сәйкес келмейді деп танылса, Әлеуетті өнім беруші тексерудің нәтижелері туралы хабарлама алған күннен кейін 15 күнтізбелік күн ішінде, Тапсырыс берушінің тарапынан ешқандай қосымша шығындарсыз, талаптарға сәйкессіздіктерді жою бойынша шаралаларды қабылдайды.

6. Кепілдік

      6.1. Әлеуетті өнім беруші Қызметтердің үздіксіз, сапалы және уақытында көрсетілуін қамтамасыз етуге кепілдік береді.

      6.2. Әлеуетті өнім беруші Қызметтердің қателерін, кемшіліктерін және Шарттың талаптарына басқа сәйкесссіздіктерді өтеусіз түзеуге кепілдік береді.

7. Тараптардың жауапкершілігі

      7.1. Тараптар осы Шарттың шеңберіндегі өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.

      7.2. Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптардың жауапкершілігі Шарттың талаптарында және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделеді.

      7.3. Оператор қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

      1) Әлеуетті өнім берушінің пайдалануға енгізуді жоспарлаған жатақханалардағы орындар саны бойынша Тапсырыс берушіге ұсынылған деректердің дұрыстығына;

      2) жатақханалардағы студенттер, магистранттар мен докторанттар тұрып жатқан нақты орындарды тексерудің нәтижелері туралы Тапсырыс берушіге ұсынылған деректердің дұрыстығына жауапты болады.

      7.4. Әлеуетті өнім беруші Операторға берілген жатақханадағы студенттер, магистранттар және докторанттар нақты тұрып жатқан орындар туралы мәліметтерді қамтитын тізілімнің дұрыстығына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.

      7.5. Әлеуетті өнім беруші осы Шарттың 4.1-тармағының 7) тармақшасында және 13.1-тармағында көзделген міндеттерді орындамағаны және тыйымдарды бұзғаны үшін Әлеуетті өнім берушіге мемлекеттік тапсырысты орналастырумен байланысты бюджет қаражаты есебінен келтірілген шығыстарды бюджетке толық өтеу түрінде жауап береді.

      7.6. Тапсырыс беруші және Оператор Шарттың қолданылу мерзімі ішінде Әлеуетті өнім берушіде туындаған Әлеуетті өнім берушінің кез келген ықтимал залалдары мен зияндары үшін, Тапсырыс беруші және/немесе Оператор Әлеуетті өнім беруші және/немесе оның жұмысшылары үшін залалдың пайда болу мүмкіндігі жөнінде ескертілгеннің өзінде жауап бермейді.

      Бұл ретте Әлеуетті өнім берушінің Қызметтерді көрсетуі мүмкін болмаған және/немесе Тапсырыс беруші және/немесе Оператор Әлеуетті өнім берушімен Мемлекеттік тапсырыс шартын жасасудан бас тартқан жағдайда Әлеуетті өнім беруші түгел алынбаған пайданы, залалдарды, жіберіліп алынған және басқадай мүмкіндіктерді (пайда) Тапсырыс берушіден және Оператордан талап ете алмайды.

8. Шарттың қолданылу мерзімі және бұзылу шарттары

      8.1. Шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерді толық орындағанға дейін қолданылады.

      8.2. Тапсырыс беруші:

      1) егер Әлеуетті өнім беруші Шарттарда көзделген мерзімдерде Қызметтерді көрсетпесе;

      2) егер Әлеуетті өнім беруші Шарт бойынша міндеттемелерді орындамаса, Әлеуетті өнім берушіге міндеттемелерді орындамау туралы жазбаша хабарлама жібере отырып, Шарттың талаптарын бұзғаны үшін қандай болса да басқа санкцияларына зиян келтірместен, бір жақты тәртіппен осы Шартты бұзады.

9. Хабарлама

      9.1. Шартқа сәйкес бір Тараптың басқа Тарапқа жіберетін кез келген хабарламасы ақысы төленген тапсырысты хат, факс, не электронды пошта арқылы Шарттың 14-тарауында көрсетілген деректемелерге жөнелтіледі.

      9.2. Хабарлама жеткізілгеннен бастап немесе көрсетілген күшіне ену күні (егер хабарламада көрсетілген болса), осы күндердің қайсысы кешірек болуына байланысты күшіне енеді.

10. Форс-мажор

      10.1. Егер Шарт талаптарының орындалмауы форс-мажорлық жағдайлардың салдары болса, Тараптар оған жауап бермейді.

      10.2. Шарттың мақсаттары үшін "форс-мажор" Тараптардың бақылауына көнбейтін және күтпеген сипаттағы оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғалар әскери іс-қимылдар, табиғи немесе зілзала апаттары және басқаны қамтуы мүмкін, бірақ олармен шектелмейді.

      10.3. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде оларға сілтеме жасаушы Тарап басқа Тараптарға мұндай жағдайлар мен олардың себептері туралы тез арада жазбаша хабарлама жіберуге тиісті. Егер басқа Тараптардан өзге жазбаша нұсқаулықтар түспесе, форс-мажорлық жағдайларға сілтеме жасаушы Тарап, бұл қаншалықты орынды болуына қарай, шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындауды жалғастырады және шартты орындаудың форс-мажор жағдайларға тәуелді емес баламалы тәсілдерін іздестіруді жүргізеді.

11. Даулы мәселелерді шешу

      11.1. Тараптар Шарт бойынша немесе оған байланысты арада туындаған барлық келіспеушіліктер мен дауларды тікелей келіссөздер барысында шешуге бар күш-жігерлерін салады.

      11.2. Егер осындай келіссөздерден кейін Тараптар Шарт бойынша дауларды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.

12. Өзге де шарттар

      12.1. Шартқа кез келген өзгерістер мен толықтырулар Шартты жасасу нысанында жасалады.

      12.2. Жасалған Шартқа өзгерістер енгізуге Тараптардың келісімі бойынша, егер Шартқа енгізілетін өзгерістердің шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмесе, жол беріледі.

      12.3. Шартпен реттелмеген бөлікте Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.

      12.4. Осы Шартқа қол қою арқылы Әлеуетті өнім беруші студенттер, магистранттар мен докторанттар үшін жаңа орындарды жасау жоспарланған жатақхананың Шартты жасасу күніне пайдалануға енгізілмегендігін растайды. Шарттың осы тармағының талабы ғимаратты жатақхана етіп реконструкциялау арқылы студенттер, магистранттар мен докторанттар үшін жатақханада жаңа орындарды енгізуді қамтамасыз ету қызметтерін көрсетуге қолданылмайды.

13. Тыйымдар

      13.1. Әлеуетті өнім берушіге:

      1) Операторға жатақханада жаңа орындардың пайдалануға енгізілгенін және жатақхананың нысаналы мақсатын өзгертуге ауыртпалық құқығының тіркелгенін растайтын құжаттарды тапсырған күннен бастап жиырма жылдың ішінде жатақхананың нысаналы мақсатын өзгертуге;

      2) жатақхананы нысаналы мақсатына сай емес пайдалануға;

      3) осы Шартқа сәйкес студенттер, магистранттар мен докторанттарға арналған жатақханалардағы орындарда студент, магистрант және докторант болып табылмайтын тұлғалардың тұруына жол беруге;

      4) біржақты тәртіппен Шартты бұзуға немесе оны орындаудан бас тартуға тыйым салынады.

14. Тараптардың деректемелері

Тапсырыс беруші
"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" ММ

Әлеуетті өнім беруші
Атауы

Оператор
Атауы

БСН
Мекенжайы
БСК
ЖСК
Телефон
Факс
Электрондық пошта
Лауазымы
______________ ТАӘ
М.О.

БСН
Мекенжайы
БСК
ЖСК
Банк
Телефон
Факс
Электрондық пошта
Лауазымы
______________ ТАӘ
М.О.

БСН
Мекенжайы
БСК
ЖСК
Банк
Телефон
Факс
Электрондық пошта
Лауазымы
______________ ТАӘ
М.О.

  Студенттерді, магистранттар
мен докторанттарды
жатақханаларда жаңадан
енгізілетін орындармен
қамтамасыз ету жөніндегі
алдын ала шартқа
1-қосымша

Көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігі

      1. Көрсетілетін қызметтердің сипаттамасы.

      1.1. Әлеуетті өнім берушінің көрсететін қызметтері жаңа жатақхананы салу арқылы студенттерге, магистранттар мен докторанттарға арналған жатақханаларда ___ (санын көрсету)_____ орынның енгізілуін қамтамасыз етуді қамтиды.

      1.2. Әлеуетті өнім беруші жатақханадағы жаңа орындардың санын, оның өлшемі мен басқадай сипаттамаларын, сондай-ақ жатақхананың құрылысын қаржыландыру көздерін өз бетінше айқындайды.

      1.3. Жатақхананың құрылысын, жабдықталуын және пайдаланылуын Әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасы аумағында қолданыстағы құрылыс, өртке қарсы және санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен талаптарға сәйкес жүзеге асырады.

      2. Жатақхананың құрылысы.

      2.1. Жатақхананың құрылысын Әлеуетті өнім беруші мына кезеңдерде жүзеге асырады:

      1 кезең - ___________ - 20___ жылғы "____"_______ кешікпей;

      2 кезең - ___________ - 20___ жылғы "____"_______ кешікпей;

      3 кезең - ___________ - 20___ жылғы "____"_______ кешікпей;

      4 кезең - ___________ - 20___ жылғы "____"_______ кешікпей.

      2.2. Әлеуетті өнім беруші 20 ___ жылғы "____"_______ кешіктірмей жатақхананы пайдалануға енгізуге кепілдік береді.

      2.3. Салынып жатқан жатақхананың техникалық-экономикалық көрсеткіштері:


р/р

Көрсеткіштің атауы

Өлшем бірлігі

Мәні

1

Студенттер, магистранттар мен докторанттар үшін енгізілетін орындардың саны

орын-жай


2

Жатақхананың қабаттар саны

қабат


3

Жатақхананың жалпы алаңы

м2


4

Тұрғын үй-жайлардың алаңы

м2


5

Тұрғын үй-жайлар саны

дана


      3. Әлеуетті өнім беруші салып жатқан жатақхананың құрылысы орналасқан жер: ________________.

Тапсырыс беруші

Әлеуетті өнім беруші

Оператор

"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" ММ
Лауазымы
______________ ТАӘ
М.О.

Атауы
Лауазымы
______________ ТАӘ
М.О.

Атауы
Лауазымы
_____________ ТАӘ
М.О.

  Студенттерді, магистранттар
мен докторанттарды
жатақханаларда жаңадан
енгізілетін орындармен
қамтамасыз ету жөніндегі
алдын ала шартқа
2-қосымша

Көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігі

      1. Көрсетілетін қызметтердің сипаттамасы.

      1.1. Әлеуетті өнім берушінің көрсететін қызметтері ғимаратты жатақхана етіп реконструкциялау арқылы студенттерге, магистранттар мен докторанттарға арналған жатақханаларда ___ (санын көрсету)_____ жаңа орынның енгізілуін қамтамасыз етуді қамтиды.

      1.2. Әлеуетті өнім беруші жатақхана ретінде реконструкцияланатын ғимараттағы жаңа орындардың санын, оның өлшемі мен басқадай сипаттамаларын, сондай-ақ жатақхананың құрылысын қаржыландыру көздерін өз бетінше айқындайды.

      1.3. Ғимаратты жатақхана етіп реконструкциялауды, сондай-ақ оны жабдықтауды және пайдалануды Әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасы аумағында қолданыстағы құрылыс, өртке қарсы және санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен талаптарға сәйкес жүзеге асырады.

      2. Ғимаратты жатақхана етіп реконструкциялау.

      2.1. Ғимаратты жатақхана етіп реконструкциялауды Әлеуетті өнім беруші мына кезеңдерде жүзеге асырады:

      1 кезең - ___________ - 20___ жылғы "____"_______ кешікпей;

      2 кезең - ___________ - 20___ жылғы "____"_______ кешікпей;

      3 кезең - ___________ - 20___ жылғы "____"_______ кешікпей;

      4 кезең - ___________ - 20___ жылғы "____"_______ кешікпей.

      2.2. Әлеуетті өнім беруші жатақхана етіп реконструкция жасалатын ғимараттың:

      1) ағаш, каркас, қалқанды, қамыс және есепті қызмет ету мерзімі елу жылға дейінгі басқа материалдардан салынған;

      2) апатты (тозығы жеткен) деп танылған. Сондай-ақ, әлеуетті өнім берушіден операторға ғимараттың және құрылыстың беріктігі мен орнықтылығын техникалық тексерудің нәтижелері бойынша "техникалық жай-күйі ақаусыз немесе жұмысқа жарамды" деп бағаланған ғимараттың жай-күйі туралы қорытынды ұсынылған жағдайлардан басқа пайдаланылып жүргеніне немесе пайдалануға енгізілгеніне елу жылдан астам уақыт өткен;

      3) қажеттіліктерін жатақхана өтейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының оқу корпусы қалалық немесе ауылдық елді мекендердің шегінен тыс орналасқан жағдайлардан басқа, өнеркәсіптік (өндірістік) кәсіпорындардың аумағында, сондай-ақ қалалық немесе ауылдық елді мекендер шегінен тыс орналасқан;

      4) өнеркәсіптік (өндірістік) ғимараттар мен қоймалар;

      5) жеке тұрғын үй құрылысы;

      6) мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде тыйым салған, сондай-ақ жылжымайтын мүлікті пайдалануға, оған билік етуге өзге шектеулері (тыйым салулары) бар болып табылмайтындығына кепілдік береді.

      2.3. Әлеуетті өнім беруші 20 ___ жылғы "____"_______ кешіктірмей жатақхананы пайдалануға енгізуге кепілдік береді.

      2.4. Жатақхана етіп реконструкция жасалатын ғимараттың техникалық-экономикалық көрсеткіштері:


р/р

Көрсеткіштің атауы

Өлшем бірлігі

Мәні

1

Студенттер, магистранттар мен докторанттар үшін енгізілетін жаңа орындардың саны

орын-жай


2

Жатақхананың қабаттар саны

қабат


3

Жатақхананың жалпы алаңы

м2


4

Тұрғын үй-жайлардың алаңы

м2


5

Тұрғын үй-жайлар саны

дана


      3. Әлеуетті өнім беруші жатақхана етіп реаконструкция жасап жатқан ғимараттың орналасқан жері: ________________.

Тапсырыс беруші

Әлеуетті өнім беруші

Оператор

"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" ММ
Лауазымы
______________ ТАӘ
М.О.

Атауы
Лауазымы
______________ ТАӘ
М.О.

Атауы
Лауазымы
_____________ ТАӘ
М.О.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады