"Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 30 маусымдағы Заңының 37-бабының 6) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 33-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы №13 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16299 болып тіркелген) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса тіркеліп отырған Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесі бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары, мекемелері және білім беру ұйымының "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 28 наурыздағы №50 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13622 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 12 мамырда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрлық дамыту департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында осы бұйрықты орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрларды дамыту департаментіне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры |
Қ. Қожамжаров |
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 145 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесінің "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің (бұдан әрі – "Б" корпусының қызметшілері) қызметін бағалау тәртібін айқындайды.
2. Осы Әдістемеде қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) тікелей басшы – дербес бағынысында болып табылатын бағаланушы қызметшіге қатысты тұлға;
2) жоғары тұрған басшы – дербес бағынысты болып табылатын, бағаланушы қызметшінің тікелей басшысына қатысты тұлға;
3) нысаналы мақсатты индикаторлар (бұдан әрі – НМИ) – "Б" корпусы қызметшісінің қызметінің ерекшелігіне сәйкес (процестік жұмысты қоспағанда) белгіленетін, "Б" корпусы қызметшілері қол жеткізген жағдайда олардың қызметінің тиімділігін дәлелдейтін көрсеткіштер;
4) жеке жұмыс жоспары – "Б" корпусы қызметшісінің бағалау кезеңіне НМИ-де қарастырылған және тікелей басшымен бірлесіп құрылатын, жоғары тұрған басшы бекітетін құжат;
5) құзыреттер – нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың жиынтығы;
6) мінез-құлық индикаторлары – "Б" корпусы қызметшісінің мінез-құлық және құзыреттер деңгейі көрінісінің сипаттамасы.
3. "Б" корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмысының сапасы мен тиімділігін айқындау үшін өткізіледі.
4 "Б" корпусы қызметшісінің нақты лауазымға орналасу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда, соның ішінде әлеуметтік демалыстан шыққаннан немесе оқуды аяқтағаннан кейін, сондай-ақ сынақ мерзімінде бағалау жүргізілмейді.
Бағалауды өткізу кезінде "Б" корпусы қызметшілері еңбек демалысында, жалақысы сақталмайтын демалыста, уақытша еңбекке жарамсыздығы кезеңінде, іссапарда немесе тағылымдамада болғанда, сондай-ақ қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберілгенде жұмысына қайта кіріскеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде бағалаудан өтеді.
5. "Б" корпусының қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлға (бұдан әрі - уәкілетті тұлға) бағалауды өткізу үшін Бағалау жөніндегі комиссияны (бұдан әрі - Комиссия) құрады, оның жұмысшы органы кадр қызметі болып табылады.
Комиссия құрамын уәкілетті тұлға анықтайды. Комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.
6. Бағалау екі жеке бағыт бойынша жүргізіледі:
1) НМИ-дің жетістіктерін бағалау;
2) "Б" корпусы қызметшілерінің құзыреттерін бағалау.
7. НМИ-дің орындалуын бағалау нәтижелері бонустар төлеу, көтермелеу, ротациялау, мемлекеттік лауазымдардан төмендету немесе босату үшін шешім қабылдауға негіз болып табылады.
Құзыреттерді бағалау нәтижелері "Б" корпусы қызметшісінің қажетті құзыреттерін дамытуға негіз болып табылады. Бұл ретте, құзыреттерді бағалау нәтижелері бонустар төлеуге, көтермелеуге, ротациялауға, мемлекеттік лауазымдардан төмендетуге немесе босатуға әсер етпейді.
8. Бағалауға байланысты құжаттар кадр қызметінде бағалау аяқталғаннан кейін үш жыл бойы сақталады.
2-тарау. НМИ-ді анықтау тәртібі
9. НМИ-ді осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, бағалаудың басталу мерзімінен кейін 10 жұмыс күні ішінде құрылатын "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшісінің жеке жұмыс жоспарындағы тікелей басшы анықтайды.
10. Жеке жұмыс жоспары тиісті НМИ әзірленген соң, ол бекіту үшін жоғары тұрған басшының қарауына енгізіледі.
11. "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы прокуратура органының бірінші басшысы немесе прокуратура органының уәкілетті басшысы болған жағдайда жеке жұмыс жоспарын осы лауазымды тұлға бекітеді.
12. НМИ осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе жоғары тұрған басшы жеке жұмыс жоспарын түзетуге қайтарады.
Жеке жұмыс жоспарын жоғары тұрған басшының қарауына қайта енгізу, түзетуге жолданған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
13. НМИ:
1) нақты (күтілетін оң өзгерістер көрсетіле отырып, қол жеткізуге тиісті нәтиже анық белгіленеді);
2) өлшемді (НМИ-ді өлшеу үшін нақты критерийлер белгіленеді);
3) қолжетімді (НМИ қолда бар ресурстарды, құзыреттер мен шектеулерді ескере отырып белгіленеді);
4) уақытпен шектеулі (бағалау кезеңі ішінде НМИ-ге қол жеткізу мерзімі белгіленеді) болып табылады.
14. НМИ саны 4 бірлікті құрайды.
15. Жеке жұмыс жоспары кадр қызметінде сақталады.
3-тарау. НМИ жетістігін бағалау тәртібі
16. Жеке жұмыс жоспарында көрсетілген НМИ жетістігіне бақылау жүргізу мақсатында тікелей басшы НМИ-да белгіленген жетістіктерге тоқсан сайын мониторинг жүргізеді.
Тоқсан сайынғы мониторинг қортындысы бойынша тікелей басшы бағалауға жататын "Б" корпусы қызметшісіне НМИ-ге жету және сол үшін қажетті шаралар бойынша жазбаша ұсыныстар береді.
17. Бағалауды өткізу үшін "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысанда НМИ бойынша бағалау парағын толтырады және оған қол қояды.
18. Жеке жұмыс жоспарының жүзеге асырылуын бағалау жеке жұмыс жоспары құрылған жыл қорытындысы бойынша НМИ бағалау негізінде келесі тәртіпте жүзеге асырылады.
НМИ-дің барлығы орындалған жағдайда "өте жақсы" баға қойылады.
НМИ санының 4-нің 3-і орындалған жағдайда "тиімді" баға қойылады.
НМИ санының 4-нің 2-і орындалған жағдайда "қанағаттанарлық" баға қойылады.
НМИ санының 4-нің 2-нен азы орындалған жағдайда "қанағаттанарлықсыз" баға қойылады.
НМИ-дің орындалуы жеке жоспарда қарастырылған барлық көрсеткіштердің толық орындалуын көздейді.
19. Бағалау парағы тікелей басшымен толтырылғаннан кейін, ол жоғары тұрған басшының қарауына енгізіледі.
20. "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы прокуратура органының бірінші басшысы немесе прокуратура органының уәкілетті басшысы болған жағдайда мемлекеттік органның бірінші басшысы болған жағдайда бағалау парағы оның қарауына енгізіледі.
21. "Б" корпусы қызметшісінің бағалау парағын қарау қорытындысы бойынша жоғары тұрған басшымен келесі шешімдердің бірі қабылданады:
1) бағалаумен келісу;
2) түзетуге жіберу.
22. Бағалау парағы НМИ-ге қол жеткізуін дәлелдейтін фактілердің жеткіліксіздігі немесе дәйексіздігі болған жағдайда түзетуге жолданады.
23. Бағалау парағын жоғары тұрған басшының қарауына қайта енгізу, оны түзетуге жолдағаннан кейін екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
24. Жоғары тұрған басшы бағалау парағына қол қойғаннан кейін кадр қызметі екі жұмыс күнінен кешіктірмей, оны Комиссияның қарауына ұсынады.
4-тарау. Құзыреттерді бағалау тәртібі
25. Құзыреттерді бағалауды тікелей басшы жүргізеді және оның нәтижесі бойынша осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес құзыреттер бойынша бағалау парағы толтырылады.
26. Бағалау парағын толтыру барысында әр құзырет бойынша "Б" корпусы мемлекеттік лауазымдар санаттары үшін осы Әдістеменің 4-қосымшасымен көзделген мінез-құлық индикторларының жиынтығын басшылыққа алу қажет. Бір құзырет бойынша мінез-құлық индикаторларының саны 10-нан аспайды.
27. Қызметші құзыретінің даму деңгейі бағалау кезеңінде оның қызметінде көрінген мінез-құлық индикторларының санымен келесі тәртіпте анықталады:
1) қызметшінің қызметінде белгілі бір құзыретпен көзделген мінез-құлық индикторларының 3/4 немесе одан көбі байқалған жағдайда "күтілген нәтижеге сәйкес" бағасы қойылады.
2) қызметшінің қызметі нақты құзыретпен көзделген мінез-құлық индикторларының 3/4-нен кеміне сәйкес келмесе, бағаланатын құзырет бойынша "күтілген нәтижеге сәйкес емес" бағасы қойылады.
28. Тікелей басшы бағалау парағына қол қойғаннан кейін кадр қызметі екі жұмыс күнінен кешіктірмей, оны Комиссияның қарауына ұсынады.
5-тарау. Бағалау нәтижелерін Комиссияның қарауы және бағалау нәтижесіне шағымдану
29. Кадр қызметі Комиссия төрағасының келісімімен бағалауды өткізу кестесін қалыптастырады және бағалауды өткізуге дейін жеті жұмыс күні аралығында бағалауды жүргізетін тұлғаларға бағалауды жүргізу туралы хабарлайды.
30. Комиссияның отырысы оның құрамының кем дегенде үштен екісі қатысқан жағдайда өкілетті болып есептеледі.
31. Комиссияның төрағасын не мүшесін алмастыру комиссияны құру туралы бұйрыққа өзгертулер енгізу арқылы уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
32. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
33. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, бағалау жөніндегі комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
34. Комиссияның хатшысы кадр қызметінің қызметшісі болып табылады. Комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
35. Кадр қызметі Комиссия төрағасымен келісілген мерзімдерге Комиссия отырысының өткізілуін қамтамасыз етеді.
36. Кадр қызметі Комиссияның отырысына келесі құжаттарды:
1) толтырылған бағалау парақтарын;
2) осы Әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес Комиссия отырысының хаттамасының жобасын (бұдан әрі - Хатттама) ұсынады.
37. Комиссия бағалау нәтижелерін қарайды және келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:
1) бағалау нәтижелерін бекіту;
2) бағалау нәтижелерін қайта қарау.
38. Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылданған жағдайда Комиссия бағалау нәтижесін түзетіп, оны хаттаманың "Бағалау нәтижелерін Комиссияның түзетуі (бар болған жағдайда)" графасында көрсетіледі.
39. Бағалаудың нәтижелерін уәкілетті тұлға бекітеді және осы Әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасына тіркеледі.
40. Кадр қызметі "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде таныстырады.
41. "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, персоналды басқару қызметімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
42. "Б" корпусы қызметшісінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі болмайды. Бұл жағдайда кадр қызметі "Б" корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесін "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдардың интранет-порталы" ақпараттық жүйесі арқылы жібереді.
43. "Б" корпусы қызметшісінің Комиссия шешіміне шағымдануы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда немесе оның аумақтық департаментінде шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Шағымдарды қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:
1) мемлекеттік органға Комиссия шешімін жойып, "Б" корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесін қайта қарау бойынша ұсыныс беру;
2) "Б" корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесін қайта қараусыз қалдыру.
44. "Б" корпусы қызметшісі бағалау нәтижелеріне сот тәртібінде шағымдануға құқылы.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс жоспары
__________________________________ жыл
(жеке жоспар құрастырылатын кезең)
Қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))___________________________
Қызметшінің лауазымы: _____________________________________________________
Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:_________________________________ _____________________________________________________________________________
№ п/п | НМИ-дің атауы | Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжатының қай көрсеткішінен түйінделеді | Өлшем бірлігі | Жоспарлы мәні | Қол жеткізу мерзімдері | Түйінді нәтиже* |
* Нысаналы мақсатты индикаторға қол жеткізуден күтілетін оң өзгерістер
Қызметші |
Тікелей басшы |
НМИ бойынша бағалау парағы
____________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),бағаланатын тұлғаның лауазымы)
___________________________________
(бағаланатын кезең)
№ п/п | НМИ-дің атауы | Өлшем бірлігі | Жоспарлы мәні | Нақты мәні | Көрсеткішке қол жетті/көрсеткішке қол жетпеді |
Бағалау нәтижесі __________________________________________________
(қанағаттанарлықсыз, қанағаттанарлық, тиімді, өте жақсы)
Қызметші |
Тікелей басшы |
Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне 3-қосымша |
|
нысан |
Құзыреттер бойынша бағалау парағы
_________________жыл
(бағаланатын жыл)
Бағаланатын қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
_________________________________________________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: __________________________________
Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
__________________________________________________________________
№ р/с | Құзыреттер атауы | Бағалау нәтижелері (күтілетін нәтижеге сәйкес/күтілетін нәтижеге сәйкес емес) | Қызметшіде байқамалған мінез-құлық индикаторларының атауы ("күтілетін нәтижеге сәйкес емес" бағасын алған жағдайда) |
1 | Қызметті басқару | ||
2 | Ынтымақтастық | ||
3 | Шешім қабылдау | ||
4 | Жеделділік | ||
5 | Өздігінен даму | ||
6 | Қызметті тұтынушыға бағдарлану * | ||
7 | Қызметті тұтынушыларды хабарландыру * | ||
8 | Адалдық | ||
9 | Жауапкершілік | ||
10 | Бастамашылдық | ||
11 | Стресске орнықтылық |
*Лауазымдық міндеттеріне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жатпайтын "Б" корпусының мемлекеттік қызметшілері "Қызметті тұтынушыға бағдарлану" және "Қызметті тұтынушыларды хабарландыру" құзыреттері бойынша бағаланбайды.
Қызметші |
Тікелей басшы |
Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне 4-қосымша |
|
нысан |
Құзыреттердің мінез-құлық индикаторлары
Құзыреттер атауы | Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар санаты | Тиімді мінез-құлық индикаторлары | Тиімсіз мінез-құлық индикаторлары |
|
C-1; |
● Бөлімшенің берілген міндеттерді сапалы және уақтылы орындауына ұжымды бағыттайды және жағдай жасайды; |
● Берілген міндеттерді сапалы және уақтылы орындауына ұжымды бағыттамайды және жағдай жасамайды |
C-2 (департамент директорының орынбасары); |
● Бөлімшенің қызметін жоспарлау мен қамтамасыз етуге қажетті ақпараттарды жинақтап, талдайды және басшылыққа енгізеді; |
● Бөлімшенің қызметін жоспарлау мен қамтамасыз етуге қажетті ақпараттарды жинақтап, талдамайды және басшылыққа енгізбейді; | |
C-2; * |
● Басымдылығына қарай тапсырмаларды маңыздылығы ретімен қояды; |
● Тапсырмаларды жүйесіз орындайды; | |
|
C-1; |
● Өз құзыреті шегінде қызметкерлерді мемлекеттік органдармен және ұйымдармен тиімді қарым-қатынасқа бағдарлайды ; |
● Өз құзыреті шегінде қызметкерлерді мемлекеттік органдармен және ұйымдармен тиімді қарым-қатынасқа бағдарламайды ; |
C-2 (департамент директорының орынбасары); |
● Ұжымда сенімді қарым-қатынас орнатады; |
● Ұжымда өзара сенімсіз қарым-қатынас орнатады; | |
C-2; * |
● Ұжымның жұмысына үлесін қосады және қажет болған жағдайда түсіндірме үшін аса тәжірибелі әріптестеріне жүгінеді; |
● Жұмыста тұйықтық ұстанымын білдіреді және түсіндірме үшін аса тәжірибелі әріптестеріне жүгінбейді; | |
|
C-1; |
● Міндеттерді дұрыс бөле алады; |
● Бөлімшеде міндеттерді дұрыс бөле алмайды; |
C-2 (департамент директорының орынбасары); |
● Шешім қабылдауда қажетті ақпараттарды жинауды ұйымдастырады; |
● Шешім қабылдауда қажетті ақпараттарды жинауды сирек ұйымдастырады; | |
C-2; * |
● Қажетті мәліметтерді таба алады; |
● Қажетті мәліметтерді таба алмайды; | |
|
C-1; |
● Стратегиялық мақсаттар мен басымдылықтарды ескеріп, нақты міндеттер қоя алады; |
● Стратегиялық мақсаттар мен басымдылықтарды ескермей, анық емес міндеттер қоя алады; |
C-2 (департамент директорының орынбасары); |
● Сапалы қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады және туындаған мәселелерді шешеді; |
● Сапалы қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырмайды және туындаған мәселелерді шешпейді; | |
C-2; * |
● Сыпайы және тілектестікпен қызмет көрсетеді; |
● Қызмет алушыға дөрекілік және немқұрайлылық білдіреді; | |
ҚЫЗМЕТТІ ТҰТЫНУШЫҒА АҚПАРАТТАНДЫРУ |
C-1; |
● Ұжымға қызмет алушы тұтынушылар арасында көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттарды жеткізу қажеттілігі туралы үнемі түсіндіреді; |
● Ұжымға қызмет алушы тұтынушылар арасында көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттарды жеткізу қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізбейді; |
C-2 (департамент директорының орынбасары); |
● Бағыныстағыларды қызмет алушыларды қолжетімді ақпараттандыруға бағдарлайды; |
● Бағыныстағылармен қызмет алушыларды ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізбейді; | |
C-2; * |
● Қызмет алушыларды ақпараттандырудың тиімді тәсілдерін қолданады; |
● Қызмет алушыларды ақпараттандырудың тиімсіз тәсілдерін қолданады; | |
|
C-1; |
● Ұжымға жаңа басымдықтарды уақытылы жеткізеді; |
● Ұжымға жаңа басымдықтарды жеткізбейді немесе мерзімнен кеш жеткізеді; |
C-2 (департамент директорының орынбасары); |
● Жұмыстың жаңа бағыттарын пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қарайды және басшылыққа енгізеді; |
● Жұмыстың жаңа бағыттарын пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қарамайды және басшылыққа енгізбейді; | |
C-2; * |
● Жұмысты жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізеді; |
● Жұмыстың қолданыстағы рәсімдері мен әдістерін ұстанады; | |
|
C-1; |
● Үлгілі қызметкерлерді жоғарылату туралы ұсыныстарды қарастырып, енгізеді. |
● Үлгілі қызметкерлерді анықтамайды және оларды жоғарылату туралы ұсыныстарды қарастырмайды; |
C-2 (департамент директорының орынбасары); |
● Бағыныстылардың құзыреттер деңгейін жоғарылату бойынша іс-шаралар ұсынады; |
● Бағыныстылардың құзыреттер деңгейінің жоғарылауына қызығушылық танытпайды; | |
C-2; * |
● Жаңа білімдер мен технологияларға қызығушылық танытады; |
● Жаңа білімдер мен технологияларға қызығушылық танытпайды; | |
|
C-1; |
● Жұмыскерлермен әдептілік нормалары мен стандарттарының сақталуын қамтамасыз етеді; |
● Жұмыскерлермен әдептілік нормалары мен стандарттарының сақталуын қамтамасыз етпейді; |
C-2 (департамент директорының орынбасары); |
● Белгіленген стандарттар мен нормалардың, шектеулер мен тыйымдардың сақталуын бақылайды; |
● Ұжымда белгіленген стандарттар мен нормалардың, шектеулер мен тыйымдардың орын алуына жол береді; | |
C-2; * |
● Белгіленген әдептілік нормалары мен стандарттарына сүйенеді; |
● Белгіленген әдептілік нормалары мен стандарттарына сай келмейтін мінез-құлықтар танытады; | |
|
C-1; | ● Сынға сабырлықпен қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды. | ● Сынға сабырсыз қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдамайды. |
C-2 (департамент директорының орынбасары); | ● Сынға сабырлықпен қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды. | ● Сынға сабырсыз қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдамайды. | |
C-2; * | ● Сынға сабырлықпен қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды. | ● Сынға сабырсыз қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдамайды. | |
|
C-1; | ● Құрылымдық бөлімшенің қызметін ұйымдастыруды жеке жауапкершілігіне алады. | ● Құрылымдық бөлімшенің қызметін ұйымдастыру жауапкершілігін басқа лауазымды тұлғаға артады. |
C-2 (департамент директорының орынбасары); | ● Құрылымдық бөлімше қызметін ұйымдастыруды жеке жауапкершілігіне алады. | ● Құрылымдық бөлімшенің қызметін ұйымдастыру жауапкершілігін басқа лауазымды тұлғаға артады. | |
C-2; * | ● Өз ісі мен нәтижелері үшін жауаптылықта болады. | ● Өз ісі мен нәтижелері үшін жауаптылықты басқа тұлғаға артады. | |
|
C-1; | ● Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдер мен шешімдер енгізу жөніндегі ұсыныстарды түзеді және қарастырады. | ● Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдер мен шешімдер енгізу жөніндегі ұсыныстарды әзірлемейді және қарастырмайды. |
C-2 (департамент директорының орынбасары); | ● Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдерін және шешімдерін ендіру бойынша ұсыныстарды талдайды және енгізеді. | ● Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдерін және шешімдерін ендіру бойынша ұсыныстарды талдамайды және енгізбейді. | |
C-2; * | ● Ұсыныстар мен бастамаларын енгізеді және өзінің негізгі міндеттерінен басқа қосымша жұмыстарды орындайды. | ● Ұсыныстар мен бастамаларын енгізбейді және өзінің негізгі міндеттерінен басқа қосымша жұмыстарды орындамайды. |
Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
_________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
_________________________________________________________________
(бағалау мерзімі жыл)
Бағалау нәтижелері
№ р/с | Қызметшілердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Бағалау нәтижелері туралы мәлімет | Бағалау нәтижелерін комиссияның түзетуі (бар болған жағдайда) | Комиссияның ұсыныстары |
1. | ||||
2. | ||||
... |
Комиссияның қорытындысы:
__________________________________________________________________________
Тексерілді:
Комиссияның хатшысы: __________________________________ Күні: _____________
(тегі, аты-жөні, қолы)
Комиссияның төрағасы: __________________________________ Күні: _____________
(тегі, аты-жөні, қолы)
Комиссияның мүшесі: ____________________________________ Күні: _____________
(тегі, аты-жөні, қолы)