Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 891 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 25 желтоқсанда № 18021 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамамен белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

      2018 жылғы "____" _____________

  Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 891 бұйрығымен
бекітілді

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің "Авиация персоналы куәліктерін беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 750 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8782 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2014 жылғы 1 ақпанда № 22 (28246) жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиация персоналы куәліктерін беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту қағидаларында:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Құжаттарды қабылдау және Авиациялық персонал куәліктерін беру немесе қолданылу мерзімін ұзарту, сондай-ақ біліктілік туралы және арнайы белгілерді енгізуді "электрондық үкімет" веб-порталы және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы уәкілетті орган жүзеге асырады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Авиациялық персонал куәлігін беру мерзімі немесе қолданылу мерзімін ұзарту 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.";

      14-тармақ алынып тасталсын;

      16-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Ұшу экипажы мүшелерінің куәлігін алу үшін өтініш беруші төмендегі құжаттарды ұсынады:";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (шетел азаматтары үшін Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі "Нотариат туралы" Заңының 80-бабына сәйкес құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі);"

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) ұшу кітапшасының көшірмелері;";

      19-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Ұшу экипажы мүшелерінің куәлігін қолданылу мерзімін ұзарту үшін өтініш беруші төмендегі құжаттарды ұсынады:";

      20-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Әуе қозғалысы диспетчерінің куәлігін алу үшін өтініш беруші тмендегі құжаттарды ұсынады:";

      21-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Әуе қозғалысы диспетчерінің куәлігінің қолданылу мерзімін ұзарту үшін өтініш беруші төмендегі құжаттарды ұсынады:";

      22-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналы куәлігін алу үшін өтініш беруші келесі құжаттарды ұсынады:"

      23-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналы куәліктерінің мерзімін ұзарту үшін өтініш беруші келесі құжаттарды ұсынады:";

      26-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкері/ ұшу диспетчері, авиация станциясы операторы куәлігін алу үшін өтініш беруші келесі құжаттарды ұсынады:";

      27-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкері/ ұшу диспетчері, авиация станциясы операторы куәліктің қолдану мерзімін ұзарту үшін өтініш беруші келесі құжаттарды ұсынады:";

      41-тармақта

      бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Ұшу экипажы мүшелерінің куәлігіне біліктілік және арнайы белгілерді енгізу үшін өтініш беруші мына құжаттарды ұсынады:";

      2) тармақшасы алынып тасталсын.

      44-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Біліктілік белгілері әрекет мерзімі айдың соңына дейін ұзартылады, сол уақытта олардың әрекет ету мерзімдері аяқталады.

      Егер біліктілік белгілерінің әрекет мерзімі 90 күннен 1 (бір) жылға дейінгі мерзім шегінен өтіп кеткен болса, біліктілік белгілерінің әрекетін жаңарту үшін өтініш беруші осы Қағиданың 19-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылады.

      Егер біліктілік белгілерінің әрекет мерзімі 1 (бір) жылдан астам өтіп кеткен болса, олардың әрекетін жаңарту үшін өтініш беруші осы Қағиданың 19-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылады.";

      47-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Куәлігіне біліктілік және арнайы бағаларды енгізу үшін өтініш беруші мына құжаттарды ұсынады:";

      50-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. "В1" немесе "В2" санаттары бойынша Куәлікке біліктілік белгісін "Ratіngs" бағанға енгізу үшін өтініш беруші төмендегі құжаттарды ұсынады:";

      51-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "51. Куәліктің "Ratіngs" біліктілік бағанына "С" санаты белгілерін енгізу үшін өтініш беруші төмендегі құжаттарды ұсынады:".

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының "Азаматтық авиацияның оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 6 ақпандағы № 115 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10486 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық авиацияның оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Сертификаттаудың жалпы мерзімі 27 (жиырма жеті) жұмыс күні.";

      мынадай мазмұндағы 4-1- тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Құжаттарды қабылдау және авиациялық оқу орталығының сертификатын беру "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.";

      5-тармақтың екінші бөлімі алынып тасталсын;

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды он бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды, соның ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тексереді.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Сертификаттық зерттеу аяқталғаннан кейін уәкілетті орган төрт жұмыс күнінен аспайтын мерзімде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес сертификаттық зерттеу актісін (бұдан әрі – Акт) жасайды, ол туралы өтінім берушіге хабарлайды.";

      14, 15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Актіге комиссияның барлық мүшелері қол қояды және оның бір данасы өтініш берушіге жіберіледі.

      Сертификаттық зерттеу процесі кезінде айқындалған сертификаттау талаптарына сәйкес болмаған жағдайда, өтініш беруші актіні алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға түзету іс-қимылдарының жоспарын бекіту үшін ұсынады.

      15. Уәкілетті органның сертификаттық зерттеуді жүргізген комиссиясы өтініш берушіден түзету іс-қимылдарының бекітілген жоспары бойынша сәйкессіздікті жою туралы хабарламаны алғаннан кейін төрт жұмыс күні ішінде бақылау сертификаттық зерттеуді жүргізеді және сәйкессіздікті жою туралы еркін нысандағы актіні жасайды.

      16. Уәкілетті орган үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде авиациялық оқу орталығының сертификатын (бұдан әрі – сертификат) ресімдейді және береді. Авиациялық оқу орталығының сертификаты мерзімсіз болып табылады, оған екі жылдан аспайтын мерзімге белгіленетін және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілетін сертификаттың қолданылу саласы жатпайды.".

      3. Күші жойылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.10.2020 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникация
министрінің және Қазақстан
Республикасы Инвестициялар
және даму министрлігінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
қосымша
  "Авиация персоналы куәліктерін
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
11-қосымша
  Нысан
  (көрсетілетін қызметті
алушының тегі,
аты, әкесінің аты бар болса
(бұдан әрі - Т.А.Ә)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.10.2020 № 527 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады