Өлшемдерді орындау әдістемелерін және өлшемдерді орындаудың референттік әдістемелерін әзірлеу, метрологиялық аттестаттау, бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу және "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшемдер жүйесі тізілімінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін тіркеу" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 932 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 желтоқсанда № 18108 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 11.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 14.09.2020 № 197-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабының 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Өлшемдерді орындау әдістемелерін және өлшемдерді орындаудың референттік әдістемелерін әзірлеу, метрологиялық аттестаттау, бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу және "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшемдер жүйесі тізілімінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін тіркеу" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 14.09.2020 № 197-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада бекітілген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2019 жылғы 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 932 бұйрығымен
бекітілген

Өлшемдерді орындау әдістемелерін және өлшемдерді орындаудың референттік әдістемелерін әзірлеу, метрологиялық аттестаттау, бекіту жәнеөлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Өлшемдерді орындау әдістемелерін (бұдан әрі – ӨОӘ) және референттік ӨОӘ әзірлеу, метрологиялық аттестаттау, бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде (бұдан әрі – МӨЖ тізілімі) тіркеу және "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшемдер жүйесі тізілімінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін тіркеу" мемлекеттік қызметті көрсетудің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-2-бабының 13) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және ӨОӘ және референтті ӨОӘ әзірлеу, метрологиялық аттестаттау, бекіту және тіркеу және "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшемдер жүйесі тізілімінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін тіркеу" мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайды.

      Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар қолданылады:

      1) өлшемдердi орындау әдiстемесi – орындалуы өлшем жүргiзудiң осы әдiстемесiмен белгiленген дәлдiкпен өлшем нәтижелерiнiң алынуын қамтамасыз ететiн операциялар мен ережелер жиынтығы;

      2) өлшемдерді орындаудың референттік әдістемесі – сол біртекті шама өлшемдерін орындаудың басқа әдістемелерінің көмегімен алынған өлшенген шама мәндерінің дұрыстығын бағалау үшін қолданылуы мүмкін өлшем нәтижелерін алу үшін, сондай-ақ өлшем құралдарын калибрлеу үшін немесе стандартты үлгілердің сипаттамаларын айқындау үшін пайдаланылатын өлшемдерді орындау әдістемесі.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Сауда және интеграция министрінің 14.09.2020 № 197-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. ӨОӘ Заңның 8-бабына сәйкес әзірленеді және зерттеу обьектілерін сынау кезінде олардың параметрлерін белгіленген дәлдікпен бағалау мақсатында, сондай-ақ есептік операцияларды жүргізу үшін қолданылады.

      3. Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбесінде және нормативтік құқықтық актілерде метрологиялық талаптар белгіленген өлшеулер кезінде қолданылатын ӨОӘ ҚР МӨЖ тізілімінде тіркелуге жатады.

      3-1. Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттеріне стандарттар тізбесіне енгізілген ӨОӘ метрологиялық аттестаттауға және ҚР МӨЖ тізілімінде тіркеуге жатпайды.

      Ескерту. Қағидалар 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Сауда және интеграция министрінің 21.06.2024 № 263-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. ӨОӘ әзірлеу және бекіту тәртібі

      4. ӨОӘ өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы қызметті жүзеге асыратын Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық (бұдан әрі - МҒМО), жеке және заңды тұлғалар әзірлейді.

      5. Ұлттық стандарт түріндегі ӨОӘ осы ӨОӘ-сінің жалпы талаптарын, әзірлеуді және бекітуді реттейтін стандарттау жөніндегі құжаттарға сәйкес әзірленеді және бекітіледі.

      6. Ұлттық және мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу кезінде халықаралық, мемлекетаралық, ұлттық стандарттар, ӨОӘ айқындайтын ұйымдардың стандарттары немесе осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес стандарттарды әзірлеу процесінде әзірленетін ӨОӘ-нің құжаты пайдаланыла алады.

      7. ӨОӘ-ге құжаттар әзірлеу мынадай:

      1) МЕМСТ 8.010 "Мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Өлшемдерді орындау әдістемелері. Негізгі ережелер" (бұдан әрі – МЕМСТ 8.010) стандартына сәйкес бастапқы деректерді қалыптастыру;

      2) өлшеу есебін тұжырымдау және өлшенетін шаманың сипаттау;

      3) өлшеу есебін шешудің ықтимал әдістерін алдын ала іріктеу;

      4) өлшем әдістерін және құралдарын (оның ішінде стандартты үлгілерді, аттестатталған қоспаларды) қосалқы жабдықтарды, реактивтерді және материалдарды таңдау;

      5) еңбек қауіпсіздігі мен экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды, операторлардың біліктілігіне қойылатын талаптарды қоса алғанда, өлшеулерді дайындау және орындау кезінде операциялардың дәйектілігі мен мазмұнын белгілеу;

      6) әзірленген ӨОӘ-нің дәлдік көрсеткіштерін бағалау бойынша теориялық және эксперименттік зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу, ӨОӘ-ні экспериментальды сынап байқау, дәлдік көрсеткіштерінің бастапқы талаптарға сәйкестігін талдау;

      7) осы ӨОӘ көмегімен алынған өлшемдердің аралық нәтижелерін өңдеу және түпкілікті нәтижелерді есептеу;

      8) өлшемдердің алынатын нәтижелерінің дәлдігін бақылау нормативтерін белгілеу және процедураларын әзірлеу;

      9) ӨОӘ құжатының жобасын әзірлеу;

      10) ӨОӘ аттестаттау;

      11) ӨОӘ бекіту;

      12) ӨОӘ-лерін ҚР МӨЖ тізілімінде тіркеу кезеңдерін көздейді.

      8. Өлшем құралдарының әдістері мен құралдарын таңдау, ӨОӘ өлшеу қателігінің сипаттамаларын анықтау бойынша теориялық және экспериментальдық метрологиялық зерттеулер жүргізу бағдарламасын қалыптастыру және құрылымы, жедел бақылаудың, өлшем қателігінің сипаттамасын ұсыну және бағалау нысаны ГОСТ 8.010 және ҚР СТ 2.18 "Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. Өлшемдерді орындау әдістемесі. Әзірлеу, метрологиялық аттестаттау, тіркеу және қолдану тәртібі" стандартына сәйкес жүзеге асырылады.

3-тарау. ӨОӘ метрологиялық аттестаттауды жүргізу тәртібі

      9. ӨОӘ метрологиялық аттестаттау ӨОӘ-нің оларға қойылатын метрологиялық талаптарға сәйкестігін анықтау (растау) мақсатында жүргізіледі.

      10. ӨОӘ метрологиялық аттестаттауды "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен белгіленген тәртіпте аккредиттелген қызметін өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында жүзеге асыратын МҒМО, заңды тұлғалар жүзеге асырады.

      11. ӨОӘ метрологиялық аттестаттау жүргізу үшін мыналарды:

      1) ӨОӘ қолданылу саласының көрсете отырып ӨОӘ метрологиялық аттестаттау жүргізуге ерікті нысандағы өтінім;

      2) осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес ӨОӘ әзірлеуге бастапқы деректер, бағдарлама және теориялық және эксперименталдық зерттеулердің нәтижелері бойынша есеп;

      3) әзірлеуші-кәсіпорынның басшысы бекіткен ӨОӘ (екі данада);

      4) егер ӨОӘ қауіпсіздік көрсеткіштерін анықтауға арналған болса, қолданылу саласына байланысты, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарымен берілген ӨОӘ келісу (қолдануға рұқсат ету);

      5) егер ӨОӘ коммерциялық есептер үшін пайдаланылатын болса, мүдделі жеке және заңды тұлғалармен келісу;

      6) егер ӨОӘ құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы зиянды қоспалар мен бағалы металдардың, сондай-ақ құрамында бағалы металдар бар зергерлік және басқа да бұйымдардың құрамының мәнін белгілейтін болса, бағалы металдарды өндіруді және бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымын реттеу саласындағы сондай-ақ басшылықты салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті органмен (бұдан әрі – бағалы металдарды реттеу саоасындағы уәкілетті орган) келісуді қамтитын құжаттар жиынтығы ұсынылады.

      12. ӨОӘ метрологиялық аттестаттау ұсынылған құжаттар жиынтығына сараптама жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

      13. Құжаттар жиынтығына сараптама кезінде ӨОӘ-нің белгіленген талаптарға сәйкестігін дұрыстығын (негізділігін) мыналарды:

      1) өлшем үлгілерін;

      2) ӨОӘ-сін әзірлеу кезінде алынған өлшемдер нәтижесі белгісіздігінің бюджетін сипаттау кезінде немесе туындаған қателігінің құрылымында келтірілген мәліметтерді;

      3) сынамаларды іріктеу мен дайындау әдістерін қоса алғанда, экспериментталдық зерттеулердің жоспары мен көлемін;

      4) ӨОӘ-не эксперименталдық зерттеулер жүргізу кезінде пайдаланылатын өлшем құралдарын, шама бірліктерінің эталондарын, стандартты үлгілерді, техникалық құралдарды және материалдарды таңдауды;

      5) ӨОӘ-не эксперименталдық зерттеулер жүргізу талаптарын таңдауды;

      6) ӨОӘ-сін эксперименталдық зерттеу тәсілдерін, оның ішінде бағдарламалық қамтамасыз етуді қоса алғанда, нәтижелерін өңдеу құралдарын таңдауды;

      7) қателік сипаттамаларын ұсыну тәсілдерін немесе белгісіздікті ұсыну тәсілдерін таңдауды;

      8) өлшем нәтижелерінің дәлдігі көрсеткіштерін бақылаудың ұсынылған рәсімдерін таңдауды бағалау арқылы расталады.

      Егер әдіс пен өлшем құралдарының дұрыс таңдалуын, сондай-ақ ӨОӘ-де қамтылған талаптардың толықтығын растау қажет болса, ӨОӘ-ге қосымша эксперименталдық метрологиялық зерттеулер жүргізіледі.

      14. Сараптаманың нәтижелері бойынша тиісті қорытынды жіберіледі.

      15. Метрологиялық сараптаманың оң нәтижелері кезінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ӨОӘ метрологиялық аттестаттау туралы куәлік ресімделеді.

      16. ӨОӘ Еуразиялық экономикалық одақтың мүше мемлекеттері мойындаған жағдайда, ӨОӘ метрологиялық аттестаттау Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2016 жылғы 17 наурыздағы № 21 шешімімен бекітілген "Өлшемдер әдістемесін (әдісін) метрологиялық аттестаттау тәртібіне" сәйкес жүзеге асырылады.

      Егер ӨОӘ ТМД елдерінде танылған болса, онда аттестаттау Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңесі қабылдаған Өлшемдерді орындау әдістемелерін тану тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.

      17. ӨОӘ қайта метрологиялық аттестаттау мына:

      1) ӨОӘ-нің бастапқы деректерінің немесе метрологиялық сипаттамаларын өзгерту;

      2) өлшемдерді жүргізу рәсімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

      3) ӨОӘ метрологиялық аттестаттау туралы куәлігінің қолданылу мерзімі өткен жағдайларда жүргізіледі.

      Қайтадан метрологиялық аттестаттау жүргізу тәртібі осы Қағидалардың 12-18-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.

      18. Сараптаманың теріс нәтижелері кезінде ӨОӘ тиісті қорытындымен пысықтауға кері қайтарылады.

      Пысықтауға қайтарылған себептері жойылғаннан кейін өтініш беруші ӨОӘ метрологиялық аттестаттауға құжаттарды қайта жібере алады.

4-тарау. ӨОӘ тіркеу тәртібі

      19. ӨОӘ белгілейтін өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекетаралық, ұлттық стандарттарды тіркеу ҚР СТ 1.2 "Қазақстан Республикасының техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі. Ұлттық және алдын ала стандарттарды әзірлеу тәртібі" стандартына сәйкес жүзеге асырылады.

      20. Қазақстан Республикасында әзірленген метрологиялық аттестатталған ӨӘЖ ҚР МӨЖ тізілімінде тіркеу - Заңның 6-2-бабының 17) тармақшасына сәйкес бекітілетін өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімін жүргізу ережелеріне сәйкес МҒМО шешімі негізінде жүзеге асырылады.

      21. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 мамырдағы қаулысымен бекітілген "Өлшем құралдарының типін бекіту, метрологиялық аттестаттау, салыстырып тексеру және калибрлеу мақсатында сынау нәтижелерін өзара тану туралы келісімге" (бұдан әрі – Келісім) қатысушы мемлекетте әзірленген метрологиялық аттестатталған ӨОӘ ҚР МӨЖ тізілімінде тіркеу уәкілетті органның шешімі негізінде жүзеге асырылады.

      22. Қазақстан Республикасынад әзірленген ӨОӘ тіркеуді жүргізу үшін ӨОӘ метрологиялық аттестаттау жүргізген заңды тұлға немесе ӨОӘ пайдаланушы МҒМО-ға мыналарды:

      1) қолданылу саласын қамтитын ӨОӘ тіркеуді жүргізуге ерікті өтінімді (өлшем объектісінің атауы, оның ішінде өнімнің және бақыланатын параметрлердің атауы, сондай-ақ ӨОӘ құжатының тарату саласы – бір кәсіпорын шегінде, республика, экономика салалары шегінде); осы ӨОӘ тіркеуді жүргізу қажеттілігінің негіздемесін;

      2) ӨОӘ көшірмесін (екі данада);

      3) ӨОӘ метрологиялық аттестаттау туралы куәліктің көшірмесін;

      4) егер ӨОӘ қауіпсіздік көрсеткіштерін айқындауға арналған жағдайда қолданылу саласына байланысты республиканың мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарымен берілген осы ӨОӘ келісуді (қолдануға рұқсат ету);

      5) егер ӨОӘ коммерциялық есептер үшін пайдаланылатын болса, мүдделі жеке және заңды тұлғалармен келісуді;

      6) бағалы металдарды реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісуді қамтитын құжаттар жиынтығын жібереді.

      23.Келісімге қатысушы мемлекетте әзірленген ҚР МӨЖ тізілімінде тіркеуді жүзеге асыру үшін, Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттеріне стандарттар тізбесіне енгізілген ӨОӘ-ны қоспағанда, өтініш беруші уәкілетті органға мыналарды қамтитын құжаттар жиынтығын ұсынады:

      1) ӨОӘ к тіркеуді жүргізу қажеттілігінің негіздемесімен қолданылу саласын (өлшем объектісінің атауы, оның ішінде өнімнің және бақыланатын параметрлердің атауы, сондай-ақ ӨОӘ құжатының тарату саласы – бір кәсіпорын шегінде, республика, экономика салалары шегінде) қамтитын ӨОӘ тіркеуді жүргізуге өтінімді;

      2) ӨОӘ ескерілген данасын (екі данада);

      3) ӨОӘ аттестаттау туралы куәліктің көшірмесін;

      4) ӨОӘ әзірлеушісінің импорттаушы елдің ұлттық органына танылған ӨОӘ ескерілген данасынан көшірме жасау құқығын беруге келісімді;

      5) ӨОӘ әзірлеушіден алынған пайдаланушының ҚР МӨЖ тізілімінде осы ӨОӘ пайдалану және тіркеу құқығын алғанын растайтын құжатты (түпнұсқа немесе нотариалды куәландырылған көшірме);

      6) егер ӨОӘ қауіпсіздік көрсеткіштерін айқындауға арналған болса, қолданылу саласына байланысты, республиканың мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарымен берілген ӨОӘ келісуді (қолдануға рұқсат ету);

      7) егер ӨОӘ коммерциялық есептер үшін пайдаланылатын болса, мүдделі жеке және заңды тұлғалармен келісуді;

      8) бағалы металдарды реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісуді қамтитын құжаттар жиынтығын жібереді.

      Ұсынылған құжаттар жиынтығы МҒМО-ға сараптама үшін жіберіледі. Оң қорытынды кезінде ӨОӘ ҚР МӨЖ тізілімінде ӨОӘ метрологиялық аттестаттау туралы куәліктің қолданылу мерзіміне тіркеледі.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрі орынбасарының - Сауда және интеграция министрінің м.а. 30.03.2023 № 124-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. "Тіркелген" деген мөртаңба қойылған ӨОӘ бір данасы тіркеу нөмірі, күні және тіркеудің қолданылу мерзімі көрсетіле отырып, ҚР МӨЖ тізіліміндегі істе сақталады және әзірлеушінің ресми рұқсатынсыз жаңартылуға және таратылуға жатпайды, екінші данасы өтініш беруішіге қайтарылады.

      25. ӨОӘ тіркеу мерзімін ұзарту үшін (ӨОӘ метрологиялық аттестаттаудың қолданылу мерзімі өткен жоқ немесе шектелмеген, қайта метрологиялық аттестаттау жүргізілді) мыналар:

      1) ӨОӘ тіркеуінің қолданылу мерзімін ұзартуға өтінімді тіркеу мерзімін ұзарту қажеттілігі туралы тиісті негіздемесі бар (егер ӨОӘ-ге өлшем құралдары және т.б. ұзақ уақыт кезеңінде өзгеріссіз қалатын жағдайда) өтінім;

      2) ӨОӘ ескерілген данасы;

      3) ӨОӘ аттестаттау туралы куәліктің көшірмесі ұсынылады.

      26. Егер ӨОӘ бір кәсіпорынның шегінде пайдалану үшін тіркелген болса, онда басқа кәсіпорындардың ӨОӘ пайдаланушыларының қатарына қосу үшін уәкілетті органға немесе МҒМО-ға мыналар:

      1) ерікті нысандағы өтінім;

      2) ӨОӘ ескерілген данасы;

      3) ӨОӘ аттестаттау туралы куәліктің көшірмесі;

      4) ӨОӘ түпнұсқасын ұстаушысының оны қолдану үшін рұқсаты (түпнұсқа немесе нотариалды куәландырылған көшірме) ұсынылады.

5-тарау. Референттік ӨОӘ әзірлеу, метрологиялық аттестаттау жүргізу, бекіту және тіркеу тәртібі

      27. Бір текті шамалардың ӨОӘ көмегімен алынған шаманың өлшенген мәндерінің дұрыстығын бағалау үшін қолданылатын, сондай-ақ өлшем құралдарын калибрлеу үшін немесе стандарттық үлгілердің сипаттамаларын айқындау үшін өлшем нәтижелерін ең жоғары дәлдікпен алу үшін пайдаланылатын ӨОӘ аттестаттау арқылы референттік қатарына ауыстырылуы мүмкін.

      28. Референттік ӨОӘ әзірлеу осы Қағидалардың 2-бөлімінде белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

      29. Референттік ретінде қабылданатын ӨОӘ метрологиялық аттестаттауды МҒМО және шама бірліктерін жаңарту, сақтау және беруді ең жоғары дәлдікпен жүзеге асыратын "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес аккредиттелген заңды тұлғалармен (бұдан әрі – орындаушы) жүзеге асырылады.

      30. Референттік ӨОӘ метрологиялық аттестаттау ӨОӘ әзірлеушісінің өтініші немесе оның тапсырмасы бойынша ӨОӘ әзірленген адамның (бұдан әрі – өтініш беруші) өтініші бойынша жүргізіледі.

      31. Референттік ретінде ӨОӘ метрологиялық аттестаттауға әзірлеушіден өзге басқа ұйымдар да тартыла алады.

      32. Референттік ӨОӘ метрологиялық аттестаттау барысында теориялық және (немесе) эксперименталдық зерттеулер жүргізіледі және референттік ӨОӘ-ның өлшемге қойылатын метрологиялық талаптарға және бір текті шамалардың басқа ӨОӘ көмегімен алынған өлшенген шама мәндерінің дұрыстығын бағалауға, сондай-ақ өлшем құралдарын калибрлеу үшін немесе стандартты үлгілердің сипаттамаларын айқындау үшін оны пайдалану мүмкіндіктеріне сәйкестігін растау жүзеге асырылады.

      33. Жазылған сипаттамалары өзгермейтін кезде метрологиялық аттестатталған ӨОӘ қатарынан алынған ӨОӘ референттік ретінде метрологиялық аттестатталған жағдайда бұрын жүргізілген зерттеулерге қосымша теориялық және эксперименталдық зерттеулер және сәйкестікті растау жүргізіледі, онда:

      1) бір текті шамалардың басқа ӨОӘ қолданумен алынған өлшем нәтижелерінің дұрыстығын бағалау үшін, сондай-ақ өлшем құралдарын калибрлеу үшін немесе стандартты үлгілердің сипаттамаларын айқындау үшін оны пайдалану мақсатында референттік ӨОӘ дәлдік көрсеткіштерінің сәйкестігін бағалау;

      2) бір текті шамалардың басқа ӨОӘ қолданумен алынған өлшем нәтижелерінің дұрыстығын бағалау үшін референттік ӨОӘ қолдану рәсімін эксперименталдық сынап байқау;

      3) алынған өлшем нәтижелерінің, оның ішінде бір текті шамалардың бастапқы референттік ӨОӘ қолданумен алынған (болған жағдайда) өлшем нәтижелерінің дұрыстығын бағалауды пайдалана отырып метрологиялық бақылап тексеруді құжаттамалық растау;

      4) зертханааралық салғастырулар немесе бір текті шамалардың басқа референттік ӨОӘ қолданумен салғастырулар жүргізу;

      5) алынған өлшем нәтижелерінің белгісіздік бюджетін немесе қателік құрылымын ұсыну;

      6) алынған өлшем нәтижелерінің дәлдік көрсеткіштерін бақылаудың құжатталған рәсімін эксперименталдық сынап байқау жүзеге асырылады.

      34. Референттік қайта әзірленген ӨОӘ ретінде ӨОӘ метрологиялық аттестатталған жағдайда осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес дәлдік көрсеткіштерін анықтау және осы Қағидалардың 15 және 35-тармақтарында келтірілген метрологиялық талаптарға референттік ӨОӘ сәйкестігін растау үшін теориялық және эксперименталдық зерттеулер жүргізіледі.

      35. Өтініш беруші аттестаттауға мынадай құжаттарды:

      1) өтінім (референттік ӨОӘ атауын, өтініш беруші туралы мәліметтерді, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 145 шешімімен бекітілген "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс нәтижелерін өзара тану қағидаларына" сәйкес аттестаттау бойынша жұмыстарды тану қажеттілігін көрсете отырып);

      2) техникалық тапсырманы;

      3) ӨОӘ метрологиялық аттестаттау туралы куәліктің көшірмесін (референттік ӨОӘ аттестатталған ӨОӘ қатарынан аттестаттау кезінде);

      4) референттік ӨОӘ жазылған құжаттың (құжат) жобасын;

      5) осы Қағидалардың 36-37-тармақтары талаптарының орындалуын растайтын бағдарлама және теориялық және эксперименталдық зерттеулер нәтижелерін ұсынады.

      36. Егер аттестаттауға қайта әзірленген ӨОӘ жататын болса, онда 36-тармақ бойынша жұмыстардың оң нәтижелері кезінде орындаушы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша референттік ӨОӘ-ні метрологиялық аттестаттау туралы куәлікті ресімдейді және референттік ӨОӘ бекіткеннен кейін оны өтініш берушіге береді.

      37. Орындаушы референттік ӨОӘ метрологиялық аттестаттау жүргізуді аяқтаған соң оны бекіту үшін уәкілетті органға мына құжаттарды:

      1) референттік ӨОӘ қамтитын құжатты (референттік ӨОӘ сипаттамасы);

      2) референттік ӨОӘ өлшемдерге қойылған метрологиялық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны;

      3) орындаушының басшысымен бекітілген және теориялық және (немесе) эксперименталдық зерттеулердің нәтижелерін қамтитын есепті;

      4) ӨОӘ метрологиялық аттестаттау туралы куәліктің көшірмесін жібереді.

      38. Уәкілетті орган ұсынылған құжаттардың толықтығын және дұрыстығын тексереді, референттік ӨОӘ бекіту немесе бекітуден бас тарту туралы шешім қабылдайды және орындаушыны және өтініш берушіні референттік ӨОӘ бекіту немесе бекітуден негізделген бас тарту туралы хабардар етеді.

      39. Бас тарту себептері жойылғаннан кейін өтініш беруші референттік ӨОӘ бекітуге арналған құжаттарды қайта жібере алады.

      40. Бекітілген референттік ӨОӘ ҚР МӨЖ тізілімінде тіркеледі.

      Референттік ӨОӘ метрологиялық аттестаттау туралы куәлікке: тіркеу нөмірі мен тіркеу күні көрсетіле отырып: "ҚР МӨЖ тізілімінде өлшемдерді орындаудың референттік әдістемесі ретінде тіркелді" деген мөртаңба қойылады.

      41. Референттік ӨОӘ-ға өзгерістерді әзірлеуші енгізеді. Референттік ӨОӘ оған енгізілген өзгерістермен бірге осы Қағидаларға сәйкес аттестаттауға және бекітуге ұсынылады.

      42. Референттік ӨОӘ-ні метрологиялық аттестаттауды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер таныған жағдайда, референттік ӨОӘ-ні метрологиялық аттестаттау Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2006 жылғы 7 маусымдағы № 68 шешімімен бекітілген "Өлшемдердің референттік әдістемесі (әдісі) ретінде қабылданатын өлшемдердің әдістемесін (әдісін) метрологиялық аттестаттау тәртібіне" сәйкес жүзеге асырылады.

6-тарау. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшемдер жүйесі тізілімінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін тіркеу" мемлекеттік қызметті көрсету және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.

      Ескерту. 6-тараумен толықтырылды – ҚР Сауда және интеграция министрінің 14.09.2020 № 197-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      43. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшемдер жүйесі тізілімінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін тіркеу" (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 21.06.2024 № 263-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      44. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде әзірленген және аттестатталған ӨОӘ ҚР МӨЖ тізілімінде тіркеу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүгінеді және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем жүйесінің тізілімінде тіркеу туралы мәліметтерді толтырады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, қызмет көрсету процессінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес баяндалған.

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы мәліметтер көрсетілетін қызметті берушіге тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы беріледі.

      Ескерту. 44-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Сауда және интеграция министрінің 21.06.2024 № 263-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      45. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін мәліметтердің қабылданғаны туралы мәртебе көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып көрсетіледі.

      46. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күні оны қабылдайды және тіркеуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталған соң, демалыс және мереке күндері жүгінген кезінде, электрондық сұрау салуды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      47. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 19-1-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздеме:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған мәліметтердің анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе нақты бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;

      3-1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуы.

      Ескерту. 47-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Сауда және интеграция министрінің 21.06.2024 № 263-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      48. Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" электрондық құжат түрінде жіберілетін және сақталатын ӨОӘ ҚР МӨЖ тізіліміне тіркеу нөмірін беру мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесі болып табылады.

      49. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде оны көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.

      50. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайында, көрсетілетін қызметті беруші техникалық ақаулардың туындауын анықтаған сәттен бастап sd@nitec.kz электрондық поштасы бойынша бірыңғай қолдау қызметіне сұрау салу жолдау арқылы авторизациялау сәтінен бастап қателік туындаған сәтке дейін қателік болған нақты уақытты көрсете отырып, қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы, әкімшілік құжаттың нөмірі және коды немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі, әкімшілік құжаттың нөмірі және коды немесе рұқсат беру құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі, көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі бойынша міндетті түрде ақпарат ұсына отырып, "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның операторын хабардар етеді.

      51. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      52. Көрсетілетін қызметті беруші шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда өтініш беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес шешім нәтижелеріне сот тәртібімен шағымдана алады.

  Өлшемдерді орындау
әдістемелерін және өлшемдерді
орындаудың референттік
әдістемелерін әзірлеу,
метрологиялық аттестаттау,
бекіту және өлшем бірлігін
қамтамасыз ету мемлекеттік
жүйесінің тізілімінде тіркеу
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

___________________________________________________________ ӨОӘ метрологиялық аттестаттауды жүргізген заңды тұлғаның атауы Өлшемдерді орындау әдістемесін метрологиялық аттестаттау туралы КУӘЛІК № _____

      ________________________________________________________________________

      өлшемдерді орындау әдістемесінің атауы, нөмірі және оның белгіленуі

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________,

      әзірленген ______________________________________________________________

      өлшемдерді орындау әдістемесі әзірлеушісінің атауы

      ________________________________________________________________________,

      Өлшемдерді орындау әдістемелерін және өлшемдерді орындаудың референттік әдістемелерін әзірлеу, метрологиялық аттестаттау, бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу қағидаларының талаптарына сәйкес аттестталған_____ жылғы "____" №_____

      Метрологиялық аттестаттау нәтижесінде өлшемдерді орындау әдістемесі оларға қойылатын метрологиялық талаптарға сәйкестігі және мынадай негізгі метрологиялық сипаттамаларға ие екендігі анықталды:

      ________________________________________________________________________

      өлшемдердің диапазоны, өлшем қателігі сипаттамаларының

      ________________________________________________________________________

      (оның құрауыштары) мәні,өлшем белгісіздігі

      ________________________________________________________________________

      Куәліктің берілген күні ________________________________________________

      Қолданылу мерзімі _____________________________________________ дейін.

__________________________________

Заңды тұлғаның басшысының лауазымы

___________

қолы

____________

аты-жөні, тегі

      М.О. (болған жағдайда)

  Өлшемдерді орындау
әдістемелерін және өлшемдерді
орындаудың референттік
әдістемелерін әзірлеу,
метрологиялық аттестаттау,
бекіту және өлшем бірлігін
қамтамасыз ету мемлекеттік
жүйесінің тізілімінде тіркеу
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Өлшемдерді орындаудың референттік әдістемесін метрологиялық аттестаттау туралы КУӘЛІК _____ жылғы "____" №_____

      ________________________________________________________________________

      (өлшемдерді орындау әдістемесіне метрологиялық аттестаттауды жүргізуге уәкілетті ұйымның толық атауы)

      ________________________________________________________________________

      (өлшемдерді орындау әдістемесіне метрологиялық аттестаттауды жүргізуге өкілеттілігін растайтын құжат)

      Өлшемдерді орындау әдістемесі ___________________________________________,

      ______________________________________________________________ әзірленген

      _____________________________________________________________ белгіленген,

      ___________________________________________ талаптарға сәйкес аттестатталды және

      өлшемдерді орындаудың референттік әдістемесі ретінде бекітілген.

      Метрологиялық аттестаттау нәтижесінде өлшемдерді орындаудың референттік әдістемесі

      оларға қойылатын метрологиялық талаптарға сәйкестігі және мынадай негізгі метрологиялық сипаттамаларға ие екендігі анықталды:

      ________________________________________________________________________

      өлшемдердің диапазоны, өлшем қателігі сипаттамаларының

      ________________________________________________________________________

      (оның құрауыштары) мәні,өлшеу белгісіздігі

      ________________________________________________________________________

      Куәліктің берілген күні ____________________________________________________

      Қолданылу мерзімі _________________________________________________ дейін.

___________________________________
Заңды тұлғаның басшысының лауазымы

___________
қолы

____________
аты-жөні, тегі

      М.О. (болған жағдайда)

  Өлшемдерді орындау
әдістемелерін және өлшемдерді
орындаудың референттік
әдістемелерін әзірлеу,
метрологиялық аттестаттау,
бекіту және өлшем бірлігін
қамтамасыз ету мемлекеттік
жүйесінің тізілімінде тіркеу
және
"Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік өлшемдер жүйесі тізілімінде Тәуелсіз
Мемлекеттер Достастығының
елдерінде әзірленген және
аттестатталған өлшемдерді
орындау әдістемесін тіркеу"
мемлекеттік қызметті көрсету
қағидаларына
3-қосымша
  нысаны

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшемдер жүйесі тізілімінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін тіркеу" мемлекеттік қызметін алу үшін мәліметтер

      Ескерту. 3-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 21.06.2024 № 263-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 3-қосымшамен толықтырылды – ҚР Сауда және интеграция министрінің 14.09.2020 № 197-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Өлшемдерді орындау әдістемесінің атауы (орыс тілінде)*:________________________

      Өлшемдерді орындау әдістемесінің атауы (қазақ тілінде)*:_______________________

      Сәйкестендіру нөмірі (ID)*:__________________________________________________

      Ескертпе: * – міндетті толтыруға арналған жол

  Өлшемдерді орындау
әдістемелерін және өлшемдерді
орындаудың референттік
әдістемелерін әзірлеу,
метрологиялық аттестаттау,
бекіту және өлшем бірлігін
қамтамасыз ету мемлекеттік
жүйесінің тізілімінде тіркеу
және
"Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік өлшемдер жүйесі
тізілімінде Тәуелсіз
Мемлекеттер Достастығының
елдерінде әзірленген және
аттестатталған өлшемдерді
орындау әдістемесін тіркеу"
мемлекеттік қызметті көрсету
қағидаларына
4-қосымша

      Ескерту. 4-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 21.06.2024 № 263-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 4-қосымшамен толықтырылды – ҚР Сауда және интеграция министрінің 14.09.2020 № 197-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Сауда және интеграция министрінің 21.06.2024 № 263-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшемдер жүйесі тізілімінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін тіркеу" мемлекеттік қызметті көрсетуге негізгі талаптар тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

"электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1 (бір) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толықтай автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем жүйесі тізілімінде (бұдан әрі – ҚР МӨЖ тізілімі) өлшемді орындау әдістемесіне (бұдан әрі – ӨОӘ) тіркеу нөмірін беру, немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі

7

Жұмыс кестесі

1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған жағдайда мәліметтерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады), тәулік бойы жұмыс істейді.
2) Көрсетілетін қызметті беруші – Кодекске және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден18.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайы Министрліктің www. beta. egov. kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшемдер жүйесі тізілімінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін тіркеу" мемлекеттік қызметті алу үшін порталда Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысанын толтырады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған мәліметтердің анық еместігін анықтау; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе нақты бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
3-1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады; 4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуы.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414,800 080 77 77 арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 75-05-60, 75-05-25.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады