"Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 227 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 1106 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 желтоқсанда № 18141 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 227 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10813 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасында:

      4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мүліктің мынадай түрлерін: бағалы қағаздар, қара және түсті металдардың сынықтары, шикі мұнай, жануарлар, жануарлардан алынатын шикізаттар, алкоголь өнімдері, темекі және темекі өнімдері, сондай-ақ жойылуға жататын немесе үлестік меншіктегі мүлікті қоспағанда, тізілімге енгізілетін мүлік оны сатуға дейін веб-портал арқылы мемлекеттік заңды тұлғаларға, оның ішінде әлеуметтік қызмет субъектілеріне олардың теңгеріміне беру үшін ұсынылуға жатады.";

      25, 26 және 27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Сауда-саттыққа қатысуға өтінім (бұдан әрі – өтінім) беру үшін қатысушылар кепiлдiк жарнаны бірыңғай оператордың хабарламада көрсетілген банктік деректемелеріне енгізеді. Кепiлдiк жарнаны қатысушы не оның атынан кез келген басқа жеке немесе заңды тұлға енгізеді.

      Кепілдік жарнаны енгізген кезде төлем құжатында төлем мақсатында қатысушының жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН) немесе бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН) көрсету қажет.

      26. Сауда-саттықта жеңген және сатып алу-сату шартын жасасқан қатысушының кепiлдiк жарнасы сатып алу-сату шарты бойынша тиесілі төлемдер есебіне жатқызылады.

      Егер кепілдік жарна сомасы сату бағасынан асатын жағдайда, бірыңғай оператор сатушы мен сатып алушы сатып алу-сату шартын жасасқан күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жеңімпазға айырмасын қайтарады.

      27. Сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына қол қойылмаған жағдайда, жеңімпазға кепiлдiк жарна қайтарылмайды.

      Барлық қалған жағдайда кепiлдiк жарна қатысушы бірыңғай операторға электрондық өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзiмде қайтарылады.

      Кепілдік жарна сауда-саттыққа қатысушы, жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға кепілдік жарнаны қайтару туралы өтініште көрсеткен деректемелерге қайтарылады.";

      29-тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жеке тұлғалар үшін: ЖСН-ін, тегін, атын және әкесінің атын (бар болған жағдайда);

      2) заңды тұлғалар үшін: БСН-ін, толық атауын, бірінші басшының тегін, атын және әкесінің атын (бар болған жағдайда);";

      33-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына кепілдік жарнаның түскені туралы мәліметтер болған жағдайда, тізілімнің веб-порталы өтінім қабылдауды және мүлік бойынша сауда-саттық нәтижелерін айқындағанға дейін кепілдік жарна сомасын бұғаттауды жүзеге асырады, сондай-ақ қатысушыны сауда-саттыққа жіберуді жүргізеді. Тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына кепілдік жарнаның түскені туралы мәліметтер болмаған жағдайда, тізілімнің веб-порталы қатысушының өтінімін кері қайтарады.";

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Аукцион екі әдіспен өткізіледі: бағаны көтеру және бағаны төмендету арқылы.

      Бағаны көтеруге арналған аукционды өткізген кезде бастапқы баға мүліктің алғашқы бағасына тең болады, бағаны төмендетуге арналған аукцион өткізілген жағдайда, бастапқы баға алғашқы бағаны 3-ке тең болатын арттыру коэффициентіне көбейту жолымен айқындалады.

      Мүліктің алғашқы бағасы нарықтық құнның негізінде айқындалады және оны комиссия белгілейді.

      Бірінші сауда-саттыққа мүлік аукционға бағаны көтеру әдісі қолданыла отырып шығарылады.

      Екінші сауда-саттыққа мүлік аукционға бағаны төмендету әдiсi қолданыла отырып, алғашқы бағаның елу пайызы мөлшеріндегі ең төмен баға белгіленіп шығарылады.

      Егер мүлік екінші сауда-саттықта өткізілмеген жағдайда, онда ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес айқындалған сауда ұйымына ол болған кезде алғашқы бағадан елу пайыз мөлшеріндегі баға бойынша сатуға беріледі.";

      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. Жеңімпаз сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына осы Қағиданың 43 және 45-тармақтарында көрсетілген мерзімдерде қол қоймаған жағдайда, сатушы тізілімнің веб-порталы қалыптастыратын сауда-саттық нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды және аталған мүлік күшін жойған сауда-саттық талаптарымен сауда-саттыққа қайта шығарылады.";

      47-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ-ны пайдалана отырып сатушы қол қойған кепілдік жарнаны аударуға өтініштің негізінде сауда-саттықта жеңген қатысушының кепілдік жарнасын тиісті бюджетке үш жұмыс күні ішінде аударады;";

      53 және 54-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. Сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысулар сатушы мен сатып алушы арасында жүргiзiледi, бұл ретте сатып алушы есеп айырысуларды мынадай тәртiппен жүргiзедi:

      1) аванстық төлем мүліктің сату бағасының кемiнде он бес пайызы мөлшерiнде сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешiктiрілмейтін мерзімде тиісті бюджетке енгiзiледi. Кепiлдiк жарна тиесiлi аванстық төлем есебiне есептеледi;

      2) қалған сома тараптардың уағдаластығы бойынша, бiрақ сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрілмей тиісті бюджетке енгiзiледі.

      54. Аванстық немесе түпкiлiктi төлемнiң мерзiмi өткен не белгіленген мерзімде қабылдап алу-беру актісіне жеңімпаз қол қоймаған жағдайда, сатушы сатып алу-сату шартын сатып алушыға тиісті хабарлама жібергеннен кейін бiржақты тәртiппен бұзады. Бұл ретте сатушы тізілімнің веб-порталында қалыптастырылатын сауда-саттық нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды, содан кейін мүлік күшін жойған сауда-саттық талаптарымен сауда-саттыққа қайта шығарылады.";

      55-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;

      66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "66. Мүлікті сатудан алынған қаражат, сондай-ақ осы Қағиданың 27-тармағында көрсетілген негіздер бойынша қайтарылмаған кепілдік жарналар сомасы туралы және қазынашылықтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінен алынған мәліметтерді сатушы сатып алу-сату шарты бойынша сату бағасын сатып алушы төлеген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тізілімге енгізеді.";

      70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "70. Ең төменгі бағамен сатылмаған және әлеуметтік қызмет субъектілері талап етпеген мүлік уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жойылады.

      Жою рәсімі мүліктің әрбір түрінің атауын, санын (салмағын), орны мен басқа да параметрлерін нақтылаумен уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган өкілдерінің қатысуы кезінде фототүсірілім және бейнежазба қолданыла отырып тіркеледі.";

      көрсетілген Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (Б.К. Тәшенов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Ә. Смайылов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Әділет министрлігі

      __________________

      _____ жылғы "___"__________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      __________________

      _____ жылғы "___"__________

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы
24 желтоқсандағы
№ 1106 бұйрығына
қосымша
  Мүлікті тәркілеу бөлігінде
қылмыстық іс бойынша сот
үкімі негізінде не мүлікті
мемлекетке беру туралы шешім
негізінде тыйым салынған
мүлікті өткізу немесе пайдалану
қағидасына
1-қосымша
  Нысан

      Мүлікті сату бойынша ___________________________ қатысуға (аукцион әдісі көрсетіледі)

ӨТІНІМ

      1. Мүліктің сатылуы туралы жарияланған хабарламаны қарап және Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасымен танысып, ________________________________________________________________________________________________ (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (бұдан әрі - Т.А.Ә.) немесе заңды тұлғаның атауы және заңды тұлғаның басшысының немесе заңды тұлғаның сенімхат негізінде әрекет ететін өкілінің Т.А.Ә.) ___________ 20 ___ жылғы "___" _______ ____________ мына мекенжай бойынша ________________________ болатын аукционға қатысуға ниет білдіреді.

      2. Мен (біз) сауда-саттыққа қатысу үшін мүлік бойынша сауда-саттық нәтижелері айқындалғанға дейін тізілімнің веб-порталы бұғаттайтын кепілдік жарнаны енгіздім(дік):


р/с

Мүліктің атауы

Мүлік үшін кепілдік жарнаның сомасы, теңге

1



2




Жиыны


      3. Қатысушыға қойылатын талаптарға мен (біз) сәйкес емес екенім(із) анықталған жағдайда мен (біз) аукционға қатысу құқығынан айырылатынымен, мен (біз) қол қойған аукцион нәтижелері туралы хаттама және сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылатынымен келісемін(з).

      4. Егер мен (біз) аукцион жеңімпаз(дар)ы деп танылған жағдайда өзімізге сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға өткізілген күні қол қоюды және ол өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде сатып алу-сату шартына қол қоюды міндетім(ізг)е аламын(з).

      5. Мынадай:

      1) сауда-саттық өткізілетін күні оның нәтижелері туралы хаттамаға қол қоймаған;

      2) белгіленген мерзімдерде сатып алу-сату шартына қол қоймаған жағдайларда, мен (біз) енгізген кепілдік жарнаның сомасы қайтарылмайтынына және сатушыда қалатынына келісемін(з).

      6. Осы өтінім сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамамен бірге сатып алу-сату шарты жасалғанға дейін қолданылатын шарттың күшіне ие.

      7. Өзім(із) туралы мынадай:

      Заңды тұлғалар үшін:

      Атауы ________________________________________________________

      БСН __________________________________________________________

      Басшының Т.А.Ә. _______________________________________________

      Мекенжайы:___________________________________________________

      Телефон (факс) нөмірі: __________________________________________

      Кепілдік жарнасын қайтару үшін банк деректемелері:

      Жеке сәйкестендіру коды (бұдан әрі – ЖСК) ________________________

      Банктік сәйкестендіру коды (бұдан әрі – БСК) _______________________

      Банктің атауы _________________________________________________

      Бенефициар коды (бұдан әрі – Кбе) _______________________________

      Кепілдік жарнасын төлеген тұлғаның ЖСН/БСН: ____________________

      Өтінімге мыналар қоса беріледі (аукционға өтінім бергенде толтырылмайды):

      1) _________________________________

      2) _________________________________

      3) _________________________________

      4) _________________________________

      Жеке тұлға үшін:

      Т.А.Ә. ________________________________________________________

      ЖСН _________________________________________________________

      Паспорт деректері _____________________________________________

      Мекенжайы: __________________________________________________

      Телефон (факс) нөмірі: _________________________________________

      Кепілдік жарнасын қайтару үшін банк деректемелері:

      ЖСК ________________________________________________________

      БСК ________________________________________________________

      Банктің атауы ________________________________________________

      Кбе ________________________________________________________

      Кепілдік жарнасын төлеген тұлғаның ЖСН/БСН: ___________________

      Өтінімге мыналар қоса беріледі (аукционға өтінім бергенде толтырылмайды):

      1) __________________________________

      2) __________________________________

      3) __________________________________

      4) __________________________________

      (қолы) (жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы және заңды тұлғаның басшысының немесе заңды тұлғаның сенімхат негізінде әрекет ететін өкілінің Т.А.Ә.)

      20 __ жылғы "___" ____________

      Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы 20__ жылғы "___" ______ _____ сағат ___ минутта қабылдады.

      Қатысушының аукцион нөмірі ______________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады