Ескерту. Күші жойылды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 23.08.2019 № 418/54-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі 55-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабының 2-3-тармағына, "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 8-бабының 3) тармақшасына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 72682 болып тіркелген) сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қосымшаға сәйкес Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшелерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы бекітілсін.
2. Осы шешiм әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы мәслихаты сессиясының төрағасы |
Е. Сыдықов |
Астана қаласы мәслихатының хатшысы |
Ж. Нұрпейісов |
Астана қаласы мәслихатінің 2018 жылғы 9 қарашадағы № 323/41-VI шешіміне қосымша |
Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшелерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі 55-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабының 2-3-тармағына, "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 8-бабының 3) тармақшасына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 72682 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.
2. Қағидада мынадай түсініктер қолданылады:
1) әлеуметтiк көмек – мұқтаж азаматтардың (бұдан әрi – алушылар) жекелеген санаттарына мереке күндерiне, тұрғын үйдi сатып алуға жергілікті атқарушы органмен берілетін ақша түріндегі төлемдер;
2) мереке күндері – Қазақстан Республикасының мемлекеттік мереке күндері.
3. Астана қаласының бюджеті әлеуметтік көмекті қаржыландыру көзі болып табылады.
4. Әлеуметтік көмекті "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Жергілікті өкілдік органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету" бюджеттік бағдарламасына сәйкес осы мақсаттар үшін тиісті қаржы жылына Астана қаласының бюджетінде көзделген көлемде береді.
5. Әлеуметтік көмек "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамымен (бұдан әрі – ҚТҚЖБ) немесе оның Астана қаласындағы филиалымен келісілген тиісті мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың уәкілетті органдарының ұсынысы бойынша Астана қаласының әкімдігі (бұдан әрі – әкімдік) бекіткен тізім бойынша көрсетіледі.
6. Әлеуметтік көмек қаражатын пайдаланумен, тұрғын үйді сатып алу үшін алушылар тізімін қалыптастыру тәртібі ҚТҚЖБ мен әкімдік арасындағы келісіммен анықталады.
2. Әлеуметтік көмек алуға құқығы бар алушылар санаттары
7. Әлеуметтік көмек алуға құқығы бар азаматтардың жекелеген санаттарына әкімдікке ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындарда қызметін жүзеге асыратын білім беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлер, денсаулық сақтау ұйымдарындағы медицина қызметкерлері, арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге қатысатын әлеуметтік қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлері және "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астана қаласының Полиция департаменті" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері жатады".
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 06.03.2019 № 358/45-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).8. Осы қағилардың 7-тармағында көрсетілген, осы елді мекенде тұрғын үйі жоқ және соңғы бес жыл ішінде оларға меншік құқығында тиесілі, тұруға жарамды тұрғын үйді иеліктен шығармаған азаматтар әлеуметтік көмек алуға құқылы.
9. Әлеуметтік көмек Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын азаматтарға көрсетіледі.
3. Әлеуметтік көмекті көрсету тәртібі
10. Әлеуметтік көмек бір ғана уақытта мынандай мереке күндеріне 1 (бір) миллион теңге мөлшерінде ақша түрінде көрсетіледі:
1) 1-2 қаңтар – Жаңа жыл;
2) 21-23 наурыз – Наурыз мейрамы;
3) 6 шілде – Астана күні;
4) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні;
5) 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.
11. Әлеуметтік көмек ҚТҚЖБ-да ашылған алушының банктік шотына аударылады.
12. Әлеуметтік көмек төленген күннен бастап үш ай ішінде алушылар тұрғын үйді сатып алады. Алушы берілген әлеуметтік көмекті пайдаланбаған жағдайда, ақшалай қаражат Астана қаласының бюджетке қайтарылуға жатады.