Астана қаласындағы спорттың басым түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 8 қаңтардағы № 112-9 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2018 жылғы 17 қаңтарда № 1152 болып тіркелді

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 8-бабы 1-тармағының 20-5) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында спорт түрлерін саралау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 216 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15509 болып тіркелген) сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Астана қаласындағы спорттың басым түрлерінің тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының көшірмесін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Астана қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;

      4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласының әкімі Ә. Исекешев

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және спорт министрі

      ________________ А. Мұхамедиұлы

      2017 жылғы 29 желтоқсан

  Астана қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 8 қаңтардағы
№ 112-9 қаулысына
қосымша

Астана қаласындағы спорттың басым түрлерінің тізбесі

Топ атауы

Р/с №

Олимпиадалық емес спорт түрлерінің атауы

Жазғы олимпиадалық спорт түрлерінің атауы

Қысқы олимпиадалық спорт түрлерінің атауы

Ұлттық спорт түрлерінің атауы

1

2

3

4

5

6

"А" тобы

1.

Каратэ-до кекушинкай

Әйелдер күресі

Коньки тебу спорты

Қазақ күресі

2.

Каратэ кекушинкай

Байдарка мен каноэде есу

Шайболы хоккей


3.

Киокушинкай кан каратэ

Баскетбол

Шорт-трек


4.

Спорттық туризм

Бокс



5.

Сурдо жеңіл атлетика

Грек-рим күресі



6.

Сурдо жүзу

Дзюдо



7.

Каратэ шинкиокуншинкай

Еркін күрес



8.


Жүзу



9.


Каратэ-до



10.


Көркем гимнастика



11.


Қазіргі бессайыс



12.


Қол добы



13.


Құзға өрмелеу



14.


Спорттық гимнастика



15.


Стенд ату



16.


Суға секіру



17.


Тректегі велосипед спорты



"В" тобы

1.

Автомотоспорт

Академиялық есу

Конькимен мәнерлеп сырғанау

Асық ату

2.

Бодибилдинг

Волейбол

Шаңғы жарысы

Тоғызқұмалақ

3.

Би спорты

Жеңіл атлетика



4.

Гір спорты

Маунтинбайк



5.

Джиу-джитсу

Оқ ату



6.

Кикбоксинг

Садақ ату



7.

Қол күресі

Семсерлесу



8.

Қоян-қолтық күресі

Су добы



9.

Муайтай

Тасжолдағы велосипед спорты



10.

Пауэрлифтинг

Таеквондо



11.

Радио спорт

Теннис



12.

Самбо және жауынгерлік самбо

Үйлесімді жүзу



13.

Спорттық бағдарлау

Үстел теннисі



14.

Сурдо грек-рим күресі

Футбол



15.

Сурдо еркін күрес




16.

Сурдо футбол




17.

Сурдо шахмат




"С" тобы

1.

Альпинизм

Ауыр атлетика

Керлинг

Көкпар

2.

Аэробты гимнастика

Батутта және акробатикалық жолда секіру


Құсбелгілік

3.

Белбеу күресі




4.

Аралас ұрыс өнері (ММА)




5.

Парашюттік спорт




6.

Сурдо үстел теннисі




7.

Черлидинг және чир спорты





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады