Астана қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 206-401 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2018 жылғы 19 наурызда № 1165 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі заңдарына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 қазандағы № 637 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 115202 болып тіркелген) қаулысына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 24 шілдедегі № 113-1260 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 939 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 99 (3304) "Астана ақшамы", 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 99 (3322) "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған);

      2) "Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 24 шілдедегі № 113-1260 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № 10-602 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1008 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 44 (3396) "Астана ақшамы", 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 44 (3414) "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).

      2. "Астана қаласының Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының көшірмесін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Астана қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;

      4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.К. Амринге жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласының әкімі Ә. Исекешев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады