"Ауылдық елдi мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентiн бекiту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № А-6/236 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2018 жылғы 1 наурыздағы № А-3/105 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 26 наурызда № 6475 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 4 наурыздағы № А-3/108 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 04.03.2020 № А-3/108 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентiн бекiту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № А-6/236 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4850 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 15 шілдесінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентi осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары О.А.Бектеновке жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының
әкімі
М.Мырзалин

  Ақмола облысы әкімдігінің
2018 жылғы 1 наурыздағы
№ А-3/105 қаулысына
қосымша
  Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 27 мамырдағы
№ А-6/236 қаулысымен
бекітілген

"Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

      1. "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Ақмола облысы аудандарының және облыстық маңызы бар қалаларының жергілікті атқарушы органдардың ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкiлеттi органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      2. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 275 бұйрығымен бекітілген "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10805 болып тіркелген) ауылдық елдi мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) жасасу немесе "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 19-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту немесе есепке және кезектілікке қою туралы дәлелді жазбаша жауап болып табылады;

      2) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге (мекенжайы және байланыс деректері көрсетілген) Келісім жасасу үшін жүгінуі қажет екені туралы хабарлама немесе Заңның 19-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту немесе есепке және кезектілікке қою туралы дәлелді жазбаша жауап болып табылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар қабылдауды іске асырады, олардың тіркелуін жүргізеді – 15 минут.

      Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрстеліген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда және (немесе) қолданыс мерзімі жойылған құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы хат-хабармен танысады және жауапты атқарушыны тағайындайды – 15 минут;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты атқарушысы құжаттардың дұрыстығын тексереді, тұрақты жұмыс істейтін комиссияға (бұдан әрі – комиссия) қарастыру үшін ұсынады немесе бас тарту туралы себептемелі жауап дайындайды – 3 жұмыс күні;

      4) комиссия құжаттарды қарастырады және әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну немесе ұсынудан бас тарту туралы шешім қабылдайды – 7 жұмыс күні;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты атқарушысы аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің (бұдан әрі – әкімдік) әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы қаулысының жобасын әзірлейді немесе бас тарту туралы себептемелі жауап дайындайды – 3 жұмыс күні;

      6) әкімдік әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы қаулыны қабылдайды – 4 жұмыс күні;

      7) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты атқарушысы Келісімнің жобасын әзірлейді – 2 жұмыс күні;

      8) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушысымен және (немесе) сенiм бiлдiрiлген өкiлмен (агентпен) қосылып Келісімге қол қояды – 3 жұмыс күні.

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі:

      1) құжаттарды қабылдау және оларды тіркеу;

      2) жауапты атқарушыны айқындау;

      3) комиссияның қарауына құжаттарды ұсыну;

      4) комиссияның хаттамасы;

      5) әкімдік қаулысының жобасы;

      6) әкімдіктің қаулысы;

      7) Келісімнің жобасы;

      8) Келісімге қол қою.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын қызмет берушілердің, құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты атқарушысы;

      4) комиссия;

      5) әкімдік.

      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) сипаттамасы:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар қабылдауды іске асырады, оларды тіркеуді жүргізеді – 15 минут.

      Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрстеліген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда және (немесе) қолданыс мерзімі жойылған құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы хат-хабармен танысады және жауапты атқарушыны тағайындайды – 15 минут;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты атқарушысы құжаттардың дұрыстығын тексереді, тұрақты жұмыс істейтін комиссияға (бұдан әрі – комиссия) қарастыру үшін ұсынады немесе бас тарту туралы себептемелі жауап дайындайды – 3 жұмыс күні;

      4) комиссия құжаттарды қарастырады және әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну немесе ұсынудан бас тарту туралы шешім қабылдайды – 7 жұмыс күні;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты атқарушысы аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің (бұдан әрі – әкімдік) әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы қаулысының жобасын әзірлейді немесе бас тарту туралы себептемелі жауап дайындайды – 3 жұмыс күні;

      6) әкімдік әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы қаулыны қабылдайды – 4 жұмыс күні;

      7) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты атқарушысы Келісімнің жобасын әзірлейді – 2 жұмыс күні;

      8) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушысымен және (немесе) сенiм бiлдiрiлген өкiлмен (агентпен) қосылып Келісімге қол қояды – 3 жұмыс күні.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      9. Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібін, көрсетілетін қызметті алушының өтінішін өңдеу ұзақтығын сипаттау:

      1-процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкері ұсынылған құжаттарды тексереді, көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қабылдайды және тіркейді, құжаттарды қабылдаған күні мен уақыты көрсетілген құжаттарды қабылдау туралы қолхат береді;

      1-шарт – көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;

      2-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің осы регламенттің 5-тармағында қаралған рәсімдері (іс-қимылдары);

      3-процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкерi тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхатта көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің дайын нәтижесін береді.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжат (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің) ұсынылған кезде тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорацияға өтініш білдіру кезінде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;

      қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының (немесе оның уәкілетті өкілінің: өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлғаның; нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлғаның) өтініш білдіру кезінде қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көтерме жәрдемақы алған кезде:

      көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

      жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;

      бiлiмi туралы дипломның көшiрмесi;

      көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер;

      2) көтерме жәрдемақыны және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:

      көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

      жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;

      бiлiмi туралы дипломның көшiрмесi;

      сатып алатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісі;

      көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер;

      неке туралы куәліктің көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін) (2008 жылға дейін некеге тұрған жағдайда);

      3) көтерме жәрдемақы және тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде:

      көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

      жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;

      бiлiмi туралы дипломның көшiрмесi;

      көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер;

      неке туралы куәліктің көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін) (2008 жылға дейін некеге тұрған жағдайда);

      маманның атына тұрғын үй салу үшін берілген жер учаскесін пайдалану құқығына акт;

      кепілге қойылған мүлікті бағалау актісі;

      кепілге қойылған мүлікті сақтандыру шарты;

      берілетін кредит мөлшерінен асатын тұрғын үй құрылысы бөлігін бірлесіп қаржыландыруға жазбаша келісім.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы, неке туралы куәлік (2008 жылға дейін некеге тұрған жағдайда), көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы, аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтаманың мәліметтерін Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері және көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзы арқылы алады.

      10. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл рәсімдер (іс-қимылдар) кезеңділігінің толық сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.


  "Ауылдық елдi мекендерге
жұмыс iстеу және тұру үшін
келген денсаулық сақтау, бiлiм
беру, әлеуметтiк
қамсыздандыру, мәдениет, спорт
және агроөнеркәсіптік кешен
саласындағы мамандарға
әлеуметтiк қолдау шараларын
ұсыну" мемлекеттiк көрсетілетін
қызмет регламентіне қосымша

"Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады