"Архивтік анықтамалар беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентiн бекiту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № А-5/219 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2018 жылғы 14 мамырдағы № А-5/213 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 5 маусымда № 6648 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 19 тамыздағы № А-8/391 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 19.08.2019 № А-8/391 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Архивтік анықтамалар беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентiн бекiту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № А-5/219 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4841 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Архивтік анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – әлеуметтік-құқықтық сипаттағы келесі мәліметтерді: жұмыс өтілін, жалақы мөлшерін, жасын, отбасының құрамын, білімін, марапатталғанын, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік төлемдердің аударылуын, ғылыми дәрежелер мен атақтардың берілуін, жазатайым оқиғаны, емделуде немесе қоныс аударуда болуын, қуғын-сүргінге ұшырағанын, жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау, экологиялық апат аймақтарында тұрғанын, бас бостандығынан айыру жерлерінде болғанын, азаматтық хал актілері, құқық белгілеуші және сәйкестендіру құжаттары жөніндегі мәліметтерді растау туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 145 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10127 болып тіркелген) бекітілген Ұлттық архив қорының құжаттарын, басқа да архив құжаттарын мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтермен толықтыру, сақтау, есепке алу және пайдалану қағидаларының 60-қосымшасына сәйкес нысандағы архивтік анықтама немесе олардың болмауы туралы жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны – қағаз немесе электрондық түрде.

      Порталда электрондық архивтік анықтама не сұратылған мәліметтердің болмауы туралы жауап беріледі.".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.Е. Мысырәлімоваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының
әкімі
М.Мырзалин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады