РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабындағы 4-1) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 12 наурыздағы қорытындысы негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақмола облысы Көкшетау қаласының:
Береговая көшесі Жағалау көшесі;
Железнодорожная көшесі Мәжит Жанділдинов көшесі;
Железняк көшесі Өркен көшесі;
Западная көшесі Байдалы би көшесі;
П.М. Капцевич көшесі Бәйкен Әшімов көшесі;
Кленовая көшесі Ақниет көшесі;
В. Куйбышев көшесі Мақтай Сағдиев көшесі;
Л. Мирзоян көшесі Жұмағали Тілеулин көшесі;
Озерная көшесі Серпін көшесі;
Пригородная көшесі Кәусар көшесі;
Светлая көшесі Жарқын көшесі;
Чаглинская көшесі Қоғалы көшесі;
Черемушки көшесі Жемісті көшесі;
№1 ықшам ауданы Сарыарқа шағын ауданы;
Застанционный шағын ауданында:
Заводская көшесі Саққұлақ би көшесі;
50 лет Октября көшесі Тұмар көшесі;
Новая көшесі Бастау көшесі;
Рабочая көшесі Атамұра көшесі;
СМП көшесі Көктерек көшесі;
Трудовая көшесі Қайнар көшесі;
"Бірлік" шағын ауданының:
Ботаническая көшесі Бәйімбет батыр көшесі;
Домостроительная көшесі Бурылтай көшесі;
Дружбы көшесі Ақбұлақ көшесі;
Звездная көшесі Шуақты көшесі;
Новоселов көшесі Бапан би көшесі;
Тихая көшесі Үмбетей жырау көшесі;
Транспортная көшесі Белес көшесі;
Фабричная көшесі Сәулет көшесі деп қайта аталсын.
2. Осы Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі |
М.Мырзалин |
Ақмола облыстық мәслихаты сессиясының төрағасы |
Қ.Сұлтанов |
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы |
Д.Нұрмолдин |