Ақмола облысы Ерейментау ауданының Олжабай батыр атындағы ауылдық округінің Новокаменка ауылын қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2018 жылғы 14 маусымдағы № А-6/264 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 маусымдағы № 6С-21-10 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 3 шілдеде № 6709 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес, Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 24 қазандағы қорытындысының, "Тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып, Ақмола облысының әкімдігінің және Ақмола облыстық мәслихатының қарауына Ерейментау ауданы Олжабай батыр атындағы ауылдық округтің Новокаменка ауылының атауын Ынтымақ ауылына өзгерту туралы ұсыныс енгiзу туралы" Ерейментау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № а-12/425 қаулысы мен Ерейментау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 6С-17/6-17 шешімінің негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақмола облысы Ерейментау ауданының Олжабай батыр атындағы ауылдық округінің Новокаменка ауылы Ақмола облысы Ерейментау ауданының Олжабай батыр атындағы ауылдық округінің Ынтымақ ауылы деп қайта аталсын.

      2. Осы Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі М.Мырзалин
      Ақмола облыстық
мәслихаты сессиясының
төрағасы
Қ.Сұлтанов
      Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы
Д.Нұрмолдин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады