РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 4-2/664 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10190 болып тіркелді) сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2018 жылға арналған субсидиялауға жататын нақты сатып алынған және пайдаланылған тұқымдардың шығындарын ішінара өтеу үшін квоталар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.С.Үйсімбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | М.Мырзалин |
Ақмола облысы әкімдігінің 2018 жылғы 10 шілдедегі № А-7/299 қаулысына қосымша |
2018 жылға арналған субсидиялауға жататын нақты сатып алынған және пайдаланылған тұқымдардың шығындарын ішінара өтеу үшін квоталар
Репродукция | Квота (дақылды себу алқабының %-ы) |
бірегей тұқымдар | 5 |
элиталық тұқымдар | 5 |