Целиноград ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № А-12/555 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 6С-27-25 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 29 желтоқсанда № 7005 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес, "Целиноград ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы ұсыныс енгізу туралы" Целиноград ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 12 маусымдағы № А-2/241 қаулысының және Целиноград аудандық мәслихатының 2018 жылғы 12 маусымдағы № 216/30-6 шешімінің негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақмола облысы Целиноград ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      Рахымжан Қошкарбаев ауылдық округінің Ағанас ауылы таратылсын және есептік көрсеткіштерден шығарылсын.

      2. Осы Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі М.Мырзалин
      Ақмола облыстық
мәслихаты сессиясының
төрайымы
Б.Наурызбаева
      Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы
Д.Нұрмолдин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады