Ақмола облысы Ақкөл ауданының елді мекендерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № А-12/547 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 6С-27-17 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 29 желтоқсанда № 7007 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес, Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 24 қазандағы қорытындысының, "Ақкөл ауданы ауылдары атауларын қайта атау жөнінде ұсыныс енгізу туралы" Ақкөл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № А-12/343 қаулысының және Ақкөл аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № С17-4 шешімінің негізінде Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақкөл ауданының келесі елді мекендері:

      Қарасай ауылдық округінің Минское ауылы - Сазды бұлақ ауылы;

      Ақкөл қаласының Алексеевский лесхозы - Ақкөл орман шаруашылығы;

      Наумовка ауылдық округінің Виноградовка ауылы - Кемеркөл ауылы;

      Еңбек ауылдық округінің Подлесное ауылы - Табиғат ауылы деп қайта аталсын.

      2. Осы Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының
әкімі
М.Мырзалин
      Ақмола облыстық мәслихаты
сессиясының төрайымы
Б.Наурызбаева
      Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы
Д.Нұрмолдин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады