Көкшетау қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № А-12/2967 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 26 желтоқсанда № 6978 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 24 сәуірдегі № А-4/774 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 24.04.2019 № А-4/774 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Көкшетау қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Б.Әміреноваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Көкшетау қаласының әкімі Е.Маржықпаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі Ақмола
облысының полиция
департаменті Көкшетау
қаласының полиция басқармасы"
мемлекеттік мекемесі

  Көкшетау қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 21 желтоқсандағы
№ А-12/2967 қаулысына
қосымша

Көкшетау қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

1-тарау. Көтермелеудің түрлері

      1. Көкшетау қаласы әкімінің алғыс хаты.

      2. Ақшалай сыйақы.

2-тарау. Көтермелеудің тәртібі

      3. Осы тәртіп Көкшетау қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеуді ұйымдастыру мәселелерін реттейді.

      4. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Көкшетау қаласы әкімдігінің қаулысымен құрылған комиссия (бұдан әрі – комиссия) қарайды.

      5. "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаменті Көкшетау қаласының полиция басқармасы" (бұдан әрі - Көкшетау қаласының ПБ) мемлекеттік мекемесімен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсыныс комиссияның қарауына енгізіледі.

      6. Комиссиямен қабылданған хаттамалық шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.

      7. Ақшалай сыйақыны төлеуді Көкшетау қаласының ПБ облыстық бюджет есебінен жүргізіледі.

      8. Ақшалай сыйақыны төлеу үшін Көкшетау қаласының ПБ бастығының комиссия қабылдаған шешіміне сәйкес қосымша бұйрығы шығарылады.

      9. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға ақшалай сыйақыны беру, Көкшетау қаласы әкімінің алғыс хатын табыстау Көкшетау қаласының ПБ салтанатты жиынында жүзеге асырылады.

3-тарау. Ақшалай сыйақының мөлшері

      10. Ақшалай сыйақы мөлшерін қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін, сонымен қатар онымен немесе оның қатысуымен құқыққа қарсы әрекет нәтижесінде келтірілуі мүмкін залалдың алдын алған көлемін есепке ала отырып, ақшалай сыйақының мөлшері комиссиямен белгіленеді және 10 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады