Көкшетау қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № А-12/2967 "Көкшетау қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 24 сәуірдегі № А-4/774 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 25 сәуірде № 7146 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Көкшетау қаласы әкімдігінің "Көкшетау қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы" 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № А-12/2967 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6978 болып тіркелген, 2019 жылғы 3 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Көкшетау қаласының әкімі А.Смайылов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Ақмола облысының полиция
департаменті Көкшетау
қаласының полиция басқармасы"
мемлекеттік мекемесі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады