2018 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № а-2/66 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 19 ақпанда № 6419 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілген 2018 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Г.М. Әбіловаға жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2018 жылдың 01 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Степногорск қаласының
әкімі
Ә.Күмпекеев

  Степногорск қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 08.02.
№ а-2/66 қаулысымен
бекітілген

2018 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Ұйымның атауы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны

Айына ата-ана төлемақысының мөлшері
(теңге)

Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны
теңге)

1

Степногорск қаласы білім бөлімінің жанындағы "Нұршуақ" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

280

10000

25541

2

"Степногорск қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі жанындағы инклюзивті білім беретін "Балауса" бөбекжай-балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

220

10000

25541

3

"Дарын" жеке балабақшасы
"ДС-Дарын" ЖШС

200

15000

25541

4

"Сказка" жеке балабақшасы
ДК Лагута Светлана Васильевна

165

17000

25541

5

"Асыл" жеке балабақшасы
ДК "Бексултан"

75

18000

25541

6

"Алтын" жеке балабақшасы
ДК Жетписова Ж.А.

75

18000

25541

7

"Айлана" жеке шағын орталығы
ДК Есжанова Фарида Буташевна

30

20000

18106

8

Степногорск қаласының білім бөлімінің "Ақсу кентінің № 2 орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Балдаурен" шағын орталығы

40

10000

18106

9

Степногорск қаласының білім бөлімінің "Степногор ауылының орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Қарлығаш" шағын орталығы

20

10000

18106

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ДК - дара кәсіпкер;

      ЖШС - жауапкершілігі шектеулі серіктестік.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады