Степногорск қаласының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 6С-25/14 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 26 наурызда № 6483 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 6С-50/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 17.04.2020 № 6С-50/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Степногорск қаласының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі бекітілсін.

      2. Қоса беріліп отырған Степногорск қаласының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау бекітілсін.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат
сессиясының төрағасы
А.Гетманов
      Калалық мәслихатың
хатшысы
Ғ.Көпеева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Степногорск қаласының
әкімі
Ә.Күмпекеев

      27.02.2018 ж.

  Степногорск қалалық
мәслихатының
2018 жылғы 27 ақпандағы
№ 6С-25/14 шешімімен
бекітілген

Степногорск қаласының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Степногорск қаласының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3 бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленеді және ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Степногорск қаласының елді мекендері аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2-тарау. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды кентінің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі шақырады.

      Степногорск қаласының әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы қалалық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді кентінің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды кентінің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Кентінің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Степногорск қалалық мәслихатымен бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны кентінің, ауылдың, ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.

  Степногорск қалалық
мәслихатының 2018 жылғы
27 ақпандағы № 6С-25/14
шешімімен бекітілген

Степногорск қаласының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау

Р/с №

Степногорск қаласының елді мекенінің атауы

Степногорск қаласының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

1

Ақсу кенті

26

2

Бестөбе кенті

25

3

Заводской кенті

17

4

Шаңтөбе кенті

21

5

Изобильное ауылы

5

6

Қарабұлақ ауылы

10

7

Қырық кұдық ауылы

10

8

Новокронштадка ауылы

5


Бөгенбай ауылдық округі

9

Степногорское ауылы

5

10

Бөгенбай ауылы

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады