Ақсу кентінде көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігі Ақсу кенті әкімінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 19 желтоқсанда № 6950 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 5 қазандағы қорытындысы негізінде, Ақсу кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақсу кентінде көшелер қайта аталсын:

      Ленин көшесі Достық көшесіне, Фрунзе көшесі Рақымжан Қошқарбаев көшесіне, Молодежная көшесі Жастар көшесіне, Автомобилистов көшесі Жібек жолы көшесіне, Дорожная көшесі Ақжол көшесіне, Мира көшесі Бейбітшілік көшесіне, Крупская көшесі Роза Бағланова көшесіне, Металлургов көшесі Кеншілер көшесіне, Шахтерская көшесі Өндіріс көшесіне, Вокзальная көшесі Алтынтау көшесіне, Титов көшесі Бауыржан Момышұлы көшесіне, Максим Горький көшесі Жеңіс көшесіне, Карл Маркс көшесі Алаш көшесіне, Киров көшесі Сарыарқа көшесіне, Октябрьская көшесі Масалы көшесіне, Школьная көшесі Дина Нұрпейісова көшесіне, Островский көшесі Дінмұхамед Қонаев көшесіне, Степная көшесі Шоқан Уәлиханов көшесіне, Тургенев көшесі Бейімбет Майлин көшесіне, Шевченко көшесі Әл-Фараби көшесіне, Урицкий көшесі Ілияс Жансүгіров көшесіне, Чехов көшесі Нұрғиса Тілендиев көшесіне, Гоголь көшесі Сәбит Мұқанов көшесіне, Гагарин көшесі Ахмет Байтұрсынұлы көшесіне, Чапаев көшесі Кең дала көшесіне, Пушкин көшесі Атамекен көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақсу кентінің әкімі М.Смағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады