Ақкөл аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № С 17-1 "2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 қарашадағы № С 31-1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 21 қарашада № 6844 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңынын 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақкөл аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № С 17-1 "2018 - 2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6245 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 10 қаңтарда жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "1. 2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2018 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

      1) кірістер – 4 450 225,7 мың теңге, соның ішінде:

      салықтық түсімдер – 691 255,2 мың теңге;

      салықтық емес түсімдер – 16 732,6 мың теңге;

      негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер – 112 364,0 мың теңге;

      трансферттердің түсімдері – 3 629 873,9 мың теңге;

      2) шығындар – 4 470 368,0 мың теңге;

      3) таза бюджеттік кредит беру – - 517,8 мың теңге, соның ішінде:

      бюджеттік кредиттер – 7 000,0 мың теңге;

      бюджеттік кредиттерді өтеу – 7 517,8 мың теңге;

      4) қаржылық активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 1 186,4 мың теңге, соның ішінде:

      қаржы активтерiн сатып алу – 1 186,4 мың теңге;

      5) бюджеттің тапшылығы (профициті) – - 20 810,9 мың теңге;

      6) бюджеттің тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 20 810,9 мың теңге.";

      көрсетілген шешімнің 1, 4, 5 қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес, жаңа редакцияда баяндалсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақкөл аудандық
мәслихат сессиясының
төрайымы
Н.Калашникова
      Ақкөл аудандық
мәслихат хатшысы
Ж.Салыбекова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ақкөл ауданының
әкімі
Т.Қ.Едігенов

      20 қараша 2018 жыл

  Ақкөл аудандық мәслихаттың
2018 жылғы 20 қарашадағы
№ С 31 - 1 шешіміне
1-қосымша
  Ақкөл аудандық мәслихаттың
2017 жылғы 22 желтоқсандағы
№ С 17 - 1 шешіміне
1-қосымша

2018 жылға арналған аудандық бюджет

Санаты

Сома мың теңге


Сыныбы



Ішкі сыныбы




Атаулар

1

2

3

4

5




I. КІРІСТЕР

4 450 225,7

1



Салықтық түсімдер

691 255,2


01


Табыс салығы

7 076,0



2

Жеке табыс салығы

7 076,0


03


Әлеуметтiк салық

402 562,2



1

Әлеуметтiк салық

402 562,2


04


Меншiкке салынатын салықтар

221 049,0



1

Мүлікке салынатын салықтар

209 514,0



3

Жер салығы

1 755,0



4

Көлiк құралдарына салынатын салық

7 622,0



5

Бірыңғай жер салығы

2 158,0


05


Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын iшкi салықтар

55 861,0



2

Акциздер

3 721,0



3

Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн түсiмдер

36 403,0



4

Кәсiпкерлiк және кәсiби қызметтi жүргiзгенi үшiн алынатын алымдар

15 505,0



5

Ойын бизнесіне салық

232,0


07


Басқа да салықтар

600,0



1

Басқа да салықтар

600,0


08


Заңдық маңызы бар әрекеттерді жасағаны және (немесе) оған уәкілеттігі бар мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар бергені үшін алынатын міндетті төлемдер

4 107,0



1

Мемлекеттік баж

4 107,0

2



Салықтық емес түсiмдер

16 732,6


01


Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер

6 750,6



1

Мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері

213,0



5

Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер

6 407,0



7

Мемлекеттік бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар

8,6



9

Мемлекет меншігінен түсетін басқа да кірістер

122,0


02


Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер

1 047,0



1

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді ) өткізуінен түсетін түсімдер

1 047,0


04


Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қамтылатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

55,0



1

Мұнай секторы ұйымдарынан және Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қамтылатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

55,0


06


Басқа да салықтық емес түсiмдер

8 880,0



1

Басқа да салықтық емес түсiмдер

8 880,0

3



Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

112 364,0


01


Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сату

43 752,8



1

Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сату

43 752,8


03


Жердi және материалдық емес активтердi сату

68 611,2



1

Жерді сату

68 611,2

4



Трансферттердің түсімдері

3 629 873,9


01


Төмен тұрған мемлекеттiк басқару органдарынан трансферттер

79 027,0



3

Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, аулдық округтардың бюджеттерінен трансферттер

79 027,0


02


Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер

3 550 846,9



2

Облыстық бюджеттен түсетiн трансферттер

3 550 846,9


Функционалдық топ

Сома


Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі



Бағдарлама




Атауы

1

2

3

4

5




II. Шығындар

4 470 368,0

01



Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

616 751,1


112


Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының аппараты

22 035,7



001

Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

22 035,7


122


Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аппараты

134 362,5



001

Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

128 994,5



003

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

5 368,0


123


Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің аппараты

74 463,9



001

Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қаланың, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

74 463,9


459


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі

27 845,3



001

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономикалық саясаттын қалыптастыру мен дамыту, мемлекеттік жоспарлау, бюджеттік атқару және коммуналдық меншігін басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

26 706,4



003

Салық салу мақсатында мүлікті бағалауды жүргізу

917,9



028

Коммуналдық меншікке мүлікті сатып алу

221,0


492


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі

350 283,0



001

Жергілікті деңгейде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

14 910,4



113

Жергілікті бюджеттерден берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

335 372,6


494


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі

7 760,7



001

Жергілікті деңгейде кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

7 760,7

02



Қорғаныс

9 262,0


122


Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аппараты

9 262,0



005

Жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар

2 204,0



006

Аудан (облыстық маңызы бар қала) ауқымындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою

6 133,0



007

Аудандық (қалалық) ауқымдағы дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елдi мекендерде өрттердің алдын алу және оларды сөндіру жөніндегі іс-шаралар

925,0

03



Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

8 220,0


492


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі

8 220,0



021

Елдi мекендерде жол қозғалысы қауiпсiздiгін қамтамасыз ету

8 220,0

04



Бiлiм беру

2 069 430,0


123


Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің аппараты

760,0



005

Ауылдық жерлерде балаларды мектепке дейін тегін алып баруды және кері алып келуді ұйымдастыру

760,0


464


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімі

2 034 205,2



001

Жергілікті деңгейде білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

7 349,9



003

Жалпы білім беру

1 628 948,0



004

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік білім беру мекемелерінде білім беру жүйесін ақпараттандыру

1 000,0



005

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік білім беру мекемелер үшін оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерді сатып алу және жеткізу

35 958,0



006

Балаларға қосымша білім беру

57 251,0



009

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету

117 200,0



015

Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-ұстауға қамқоршыларға (қорғаншыларға) ай сайынға ақшалай қаражат төлемі

13 384,7



018

Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру

26 790,0



040

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға

129 353,7



067

Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары

16 969,9


465


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) дене шынықтыру және спорт бөлімі

34 464,8



017

Балалар мен жасөспірімдерге спорт бойынша қосымша білім беру

34 464,8

06



Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру

228 706,8


451


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

215 948,0



001

Жергілікті деңгейде халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

28 333,3



002

Жұмыспен қамту бағдарламасы

62 002,1



005

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек

11 033,0



006

Тұрғын үйге көмек көрсету

573,3



007

Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек

24 131,1



010

Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету

766,8



011

Жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу

411,0



014

Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтiк көмек көрсету

34 882,1



017

Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектердi мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, қозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектерге қолмен көрсететiн тіл маманының қызметтерін ұсыну

10 767,6



023

Жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз ету

30 697,5



050

Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 - 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру

7 483,0



054

Үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру

4 267,2



067

Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары

600,0


464


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімі

12 696,4



030

Патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап бағу

12 696,4


492


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі

62,4



050

Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 - 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру

62,4

07



Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

822 944,8


123


Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің аппараты

4 009,0



014

Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру

4 009,0


467


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі

646 131,8



004

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру

480 846,6



005

Коммуналдық шаруашылығын дамыту

15 285,2



058

Елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту

150 000,0


492


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі

172 804,0



011

Шағын қалаларды жылумен жабдықтауды үздіксіз қамтамасыз ету

166 602,4



012

Сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің жұмыс істеуі

5 945,6



016

Елдi мекендердiң санитариясын қамтамасыз ету

256,0

08



Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

244 482,7


455


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

164 079,4



001

Жергілікті деңгейде тілдерді және мәдениетті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

6 910,0



003

Мәдени-демалыс жұмысын қолдау

72 458,1



006

Аудандық (қалалық) кiтапханалардың жұмыс iстеуi

69 020,3



007

Мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан халқының басқа да тiлдерін дамыту

9 013,7



032

Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары

6 677,3


456


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ішкі саясат бөлімі

33 526,3



001

Жергілікті деңгейде ақпарат, мемлекеттілікті нығайту және азаматтардың әлеуметтік сенімділігін қалыптастыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

10 580,2



002

Мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер

9 200,0



003

Жастар саясаты саласында іс-шараларды іске асыру

13 746,1


465


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) дене шынықтыру және спорт бөлімі

46 877,0



001

Жергілікті деңгейде дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

6 156,0



006

Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейде спорттық жарыстар өткiзу

2 100,0



007

Әртүрлi спорт түрлерi бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) құрама командаларының мүшелерiн дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуы

38 621,0

10



Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

99 848,5


459


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі

4 351,0



099

Мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі шараларды іске асыру

4 351,0


462


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы бөлімі

23 186,7



001

Жергілікті деңгейде ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

23 186,7


463


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары бөлімі

11 643,3



001

Аудан (облыстық маңызы бар қала) аумағында жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

8 563,9



003

Елдi мекендердi жер-шаруашылық орналастыру

189,4



006

Аудандардың, облыстық маңызы бар, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң шекарасын белгiлеу кезiнде жүргiзiлетiн жерге орналастыру

2 890,0


473


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ветеринария бөлімі

60 667,5



001

Жергілікті деңгейде ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

10 995,5



006

Ауру жануарларды санитарлық союды ұйымдастыру

333,0



007

Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру

1 135,0



010

Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жөніндегі іс-шараларды өткізу

3 240,3



011

Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу

38 502,3



047

Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу

6 461,4

11



Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

16 781,6


467


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі

10 235,4



001

Жергілікті деңгейде құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

10 235,4


468


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сәулет және қала құрылысы бөлімі

6 546,2



001

Жергілікті деңгейде сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

5 546,2



003

Аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын және елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу

1 000,0

12



Көлiк және коммуникация

233 348,0


492


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі

233 348,0



023

Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

221 348,0



024

Кентiшiлiк (қалаiшiлiк), қала маңындағы ауданiшiлiк қоғамдық жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыру

12 000,0

13



Басқалар

8 159,0


123


Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің аппараты

4 218,1



040

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыру

4 218,1


455


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

1 232,0



040

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыру

1 232,0


464


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімі

2 708,9



041

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыру

2 708,9

14



Борышқа қызмет көрсету

8,6


459


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі

8,6



021

Жергілікті атқарушы органдардың облыстық бюджеттен қарыздар бойынша сыйақылар мен өзге де төлемдерді төлеу бойынша борышына қызмет көрсету

8,6

15



Трансферттер

112 424,9


459


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі

112 424,9



006

Пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару

428,7



024

Заңнаманы өзгертуге байланысты жоғары тұрған бюджеттің шығындарын өтеуге төменгі тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер

100 090,2



038

Субвенциялар

7 349,0



051

Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер

4 557,0




III. Таза бюджеттiк кредит беру

-302,8




Бюджеттiк кредиттер

7 215,0

10



Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

7 000,0


459


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі

7 000,0



018

Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бюджеттік кредиттер

7 000,0




Бюджеттiк кредиттерді өтеу

7 517,8

5



Бюджеттiк кредиттерді өтеу

7 517,8


1


Бюджеттiк кредиттерді өтеу

7 517,8



1

Мемлекеттік бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу

7 517,8




IV. Қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо

1 186,4




Қаржы активтерiн сатып алу

1 186,4

13



Басқалар

1 186,4


492


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі

1 186,4



065

Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту

1 186,4




V. Бюджеттің тапшылығы (профициті)

-20 810,9




VI. Бюджеттің тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану)

20 810,9

 
  Ақкөл аудандық мәслихаттың
2018 жылғы 20 қарашадағы
№ С 31 - 1 шешіміне
2-қосымша
  Ақкөл аудандық мәслихаттың
2017 жылғы 22 желтоқсандағы
№ С 17-1 шешіміне
4-қосымша

2018 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер

Атауы

Сома мың теңге

1

2

Барлығы

842 145,6

Ағымдағы нысаналы трансферттер

237 185,6

оның iшiнде:


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі

24,0

Мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға

24,0

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімі

185 209,0

Тілдік курстар бойынша тағылымдамадан өткен мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге

8 540,0

Оқу кезеңінде негізгі қызметкерді алмастырғаны үшін мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге

26 952,0

Ұлттық біліктілік тестінен өткен және бастауыш, негізгі және жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мұғалімдерге педагогикалық шеберлік біліктілігі үшін қосымша ақы төлеуге

4 880,0

Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша бастауыш, негізгі және жалпы орта білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне қосымша ақы төлеуге және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен шығыстардың осы бағыт бойынша төленген сомаларын өтеуге

144 837,0

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

51 952,6

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жұмыс берушінің шығындарын субсидиялауға

275,0

Мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға

5 179,0

Ымдау тілі маманының қызмет көрсетуге

509,0

Техникалық көмекшi (компенсаторлық) құралдар Тiзбесiн кеңейтуге

1 795,0

Үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға

3 180,0

Еңбек нарығын дамытуға, оның iшiнде:

22 650,5

жалақыны ішінара субсидиялауға және жастар практикасына

15 038,0

Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге ерікті түрде қоныс аударатын адамдарға және қоныс аударуға жәрдемдесетін жұмыс берушілерге мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге

1 600,0

жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру

6 012,5

Халықты жұмыспен қамту орталықтарына әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар мен ассистенттерді енгізуге

8 331,1

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеміне

10 033,0

Дамытуға арналған нысаналы трансферттер

597 960,0

оның iшiнде:


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі

597 960,0

"Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға және (немесе) жайластыруға

447 960,0

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға

150 000,0

Бюджеттік кредиттер

7 000,0

оның iшiнде:


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі

7 000,0

Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін

7 000,0

 
  Ақкөл аудандық мәслихаттың
2018 жылғы 20 қарашадағы
№ С 31-1 шешіміне
3-қосымша
  Ақкөл аудандық мәслихаттың
2017 жылғы 22 желтоқсандағы
№ С 17-1 шешіміне
5-қосымша

2018 жылға арналған облыстық бюджеттен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiне нысаналы трансферттер

Атауы

Сома мың теңге

1

2

Барлығы

761 065,3

Ағымдағы нысаналы трансферттер

717 973,7

оның iшiнде:


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімі

32 156,4

"Денсаулық пен тіршілік дағдыларын қалыптастыру, сонымен қатар кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу" бағдарламасын енгізуге берілген

1 800,0

Бiлiм беру объектілеріне мектеп автобустарын сатып алуға

14 281,0

Мектептерге арналған оқулықтарды сатып алу және жеткізуге берілетін

14 718,0

Аудандық және қалалық мектептерді Wi-Fi желілерімен жабдықтауға берілетін

3 157,4

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

14 565,2

Қыска мерзімдік кәсіби оқытуды іске асыруына берілетін

8 523,2

Еңбек нарығын дамытуға, оның iшiнде:

6 042,0

қоғамдық жұмысқа

6 042,0

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ветеринария бөлімі

44 666,7

Бруцелезбен ауыратын санитариялық союға жіберілетін ауыл шаруашылығы малдарының (ірі қара және ұсақ малдың) құнын өтеуге

6 164,4

ірі қара малдың нодулярлы дерматитіне қарсы екпе жұмыстарын жүргізуге берілген

2 100,0

Эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге

36 402,3

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі

624 785,4

Ақкөл ауданы Ақкөл қаласы көше-жол желісінің ағымдағы жөндеуі

107 982,0

Ақкөл ауданы Ақкөл қаласы жолдарының ағымдағы жөндеуі

94 816,0

Жылумен жабдықтайтын кәсіпорындардың жылу беру мезгілінің аяқталуға

2 824,0

Жылумен жабдықтайтын кәсіпорындардың жылу беру мезгіліне дайындалуға

104 278,4

Ақкөл қаласы абаттандыру

314 885,0

Нысаналы даму трансферттерi

43 091,6

оның iшiнде:


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі

43 091,6

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытуға

10 205,0

"Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға және (немесе) жайластыруға

32 886,60


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады