РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 140 - бабының 2 - тармағына сәйкес, Аршалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аршалы ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Аршалы ауданы әкімінің орынбасарлары Ә.Т.Ыбыраевқа және А. Байжұмаға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Аршалы ауданының әкімі |
А.Тайжанов |
Аршалы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "07" 06 № А-170 қаулысына қосымша |
Аршалы ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі
Таза кіріс 500000 теңгеге дейін | таза кіріс сомасынан 3 пайыз |
Таза кіріс 1000000 теңгеге дейін | таза кіріс сомасынан 5 пайыз |