Қостомар ауылының көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Ақмола облысы Аршалы ауданы Бұлақсай ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 16 тамыздағы № 58 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 5 қыркүйекте № 6775 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 24 қазандағы қорытындысы негізінде, Бұлақсай ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостомар ауылының көшелеріне атаулар берілсін:

      1) № 1 көшеге - Есіл;

      2) № 2 көшеге - Қараөткел;

      3) № 3 көшеге - Көкжиек;

      4) № 4 көшеге - Сарыбел;

      5) № 5 көшеге - Тұран;

      6) № 6 көшеге - Жеңіс;

      7) № 7 көшеге - Атамекен;

      8) № 8 көшеге - Қазына;

      9) № 9 көшеге - Шапағат;

      10) № 10 көшеге - Сарыжайлау;

      11) № 11 көшеге - Жаңа дала;

      12) № 12 көшеге - Шымбұлақ;

      13) № 13 көшеге - Тәуелсіздік;

      14) № 15 көшеге - Нұрлы жол;

      15) № 16 көшеге - Өркен;

      16) № 17 көшеге - Арғымақ;

      17) № 18 көшеге - Отырар.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Бұлақсай ауылдық
округі әкімінің
міндетін атқарушы
К.Джандыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады