Атбасар ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 17 шілдедегі № а-7/267 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 31 шілдеде № 6745 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № а-4/140 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 15.04.2019 № а-4/140 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Атбасар ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Х.Тажденоваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А.Қалжанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасының Ішкі істер
министрлігі Ақмола облысының Ішкі
істер департаменті Атбасар ауданының
ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығының міндетін атқарушы
Е.Айтқожынов

      "17" 07 2018 жылы

  Атбасар ауданы әкімдігінің
2018 жылғы "17" 07
№ а-7/267 қаулысына
қосымша

Атбасар ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

1-тарау. Көтермелеудің түрлері

      1. Атбасар ауданы әкімінің алғыс хаты.

      2. Ақшалай сыйақы.

2-тарау. Көтермелеудің тәртібі

      3. Осы тәртіп Атбасар ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеуді ұйымдастырудың мәселелерін реттейді.

      4. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Атбасар ауданы әкімдігінің қаулысымен құрылған комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайды.

      5. "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының Ішкi iстер департаментi Атбасар ауданының ішкі істер бөлімі" (бұдан әрi – ІІБ) мемлекеттiк мекемесiмен қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсыныс комиссияның қарауына енгізіледі.

      6. Комиссиямен қабылданған хаттамалық шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.

      7. Ақшалай сыйақыны төлеуді ІІБ облыстық бюджет есебінен жүргізіледі.

      8. Ақшалай сыйақыны төлеу үшін ІІБ бастығының комиссия қабылдаған шешіміне сәйкес қосымша бұйрығы шығарылады.

      9. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға ақшалай сыйақыны беру, Атбасар ауданы әкімінің алғыс хатын табыстау ІІБ салтанатты жиынында жүзеге асырылады.

3-тарау. Ақшалай сыйақының мөлшері

      10. Ақшалай сыйақы мөлшерiн қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн, сонымен қатар онымен оның қатысуымен құқыққа қарсы әрекет нәтижесінде келтірілуі мүмкін залалдың алдын алған көлемін есепке ала отырып, ақшалай сыйақының мөлшері комиссиямен белгіленеді және 20 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады