Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Астрахан ауданының шекараларындағы пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы

Мерзімі біткен

Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 6С-38-5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 23 шілдеде № 6737 болып тіркелді. Шешім 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болды

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Шешімнің қолданыста болу мерзімі - 01.01.2020 дейін (шешімнің 2-т.).

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы ""Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңынын 50 бабына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Астрахан ауданының шекараларындағы пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
Д.Сағадатов
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
М.Қожахмет

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Астрахан ауданының
әкімі
Н.Сейілов

      29.06.2018 ж

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады