РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, ауыл халқының пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 18 сәуірдегі қорытындысы негізінде, Жалтыр ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Астрахан ауданы Жалтыр ауылының құрамдас бөліктері қайта аталсын:
1) Линейная 1 көшесін - Ілияс Есенберлин көшесіне;
2) Казарма 685 көшесін - Бостандық көшесіне;
3) Карл Маркс көшесін - Ақан сері көшесіне;
4) Новая көшесін - Шоқан Уәлиханов көшесіне;
5) Грейдерная көшесін - Ақ жол көшесіне;
6) Астраханская көшесін - Құрманғазы көшесіне;
7) Нефтебазовская көшесін - Ынтымақ көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жалтыр ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы |
Н.Лушкина |