РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Бұланды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген 2018 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Бұланды ауданы әкімінің орынбасары Б.Ш.Тасылбековаға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Аудан әкімінің м.а. | Ә.Рақымжанов |
Бұланды ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 4 қаңтардағы № А-01/01 қаулысымен бекітілген |
2018 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
Мектепке дейінгі ұйымның түрі | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) | Мектепке дейінгі ұйымдардағы айына ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге) | |||
мемлекеттік | жеке меншік | мемлекеттік | жеке меншік | мемлекеттік | жеке меншік | |
Балабақша | 861 | 0 | 30831 | 0 | 8200 | 0 |
Толық күн болатын шағын орталық | 439 | 0 | 21750 | 0 | 8200 | 0 |
Жарты күн болатын шағын орталық | 36 | 0 | 10875 | 0 | 0 | 0 |