Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 26.01.2022 № 7С-15/2 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 509 бабының 5-тармағына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Бұланды ауданының шекараларындағы пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Кезекті 23 – сессияның төрағасы |
Б.Қажақанов |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
Ш.Құсайынов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Бұланды ауданының әкімі |
Ж.Нұркенов |
14 мамыр 2018 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Бұланды ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" республиқалық мемлекеттік мекемесінің басшысы |
А.Есполов |
14 мамыр 2018 жыл